Choice of metadata Художественная литература
Page 7, Results: 67

М 75
Жұбан Молдағалиев [Текст] : естеліктер. Тарихи-ғұмырдеректік анықтамалық / Ред. Б. Д. Қоспаев. - Орал : Полиграфсервис, 2020. - 432 б. - ISBN 9786017935870 : 8000.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
жұбан молдағалиев -- естеліктер -- тарихи-ғұмырдеректік анықтамалық -- жыр-толғаулар
Аннотация: Даңқты қаламгер Жұбан Молдағалиевтың ғасырлық мерейжасына орай оқырманға ұсынылып отырған бұл басылымда ұлы тұлғаның кесек бітім-болмысы тың деректермен, естеліктермен, бұрын-соңды жарияланбаған фотосуреттермен толыға түскен.
Держатели документа:
БҚУ
Доп.точки доступа:
Қоспаев, Б.Д. \ред.\
Экземпляры всего: 1
кх (1)
Свободны: кх (1)

М 91
Мұртаза, Ш.
Қызыл жебе [Текст] : роман. . Т.1. / Ш. Мұртаза. - Астана : Фолиант, 2024. - 508 б. - (Сөз-маржан). - ISBN 9786012716689 : 5185.60 тг.
Рубрики: Художественная литература (романы, повести, рассказы)
Кл.слова (ненормированные):
шерхан мұртаза -- қызыл жебе -- роман -- сөз-маржан -- рысқұл -- тұрар
Аннотация: Бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе» романы — Шерхан Мұртазаның тарихи негізде жазылған еңбектерінің бірі. І томда «Рысқұл» және «Тұрар» атты кітаптары беріліп отыр. Мұнда Рысқұлдың басына түскен әділетсіздік, әлсіздің күштіден көрген қорлығы, тентіреген тұтас рудың зар-мұңы, әкесімен бірге қараңғы түрмеде өскен Тұрардың тағдыры, әке мен баланың қиындыққа толы ғұмыры, ішкі күйініші мен сағынышы асқан шеберлікпен суреттелген. Кітапта 1916 жылғы көтерілістің ащы шындығы да бүкпесіз баяндалады.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (3)

Н 90
Нұршайыков, Ә.
Мәңгілік махаббат жыры [Текст] : поэма / Ә. Нұршайыков. - Астана : Фолиант, 2024. - 304 б. - (Сөз-маржан). - ISBN 9786011100724 : 3348.80 тг.
Кл.слова (ненормированные):
әзілхан нұршайықов -- мәңгілік махаббат жыры -- поэма -- жиырма сөз -- мінәжат -- сұхбат -- сұраққа жауап -- аппақ қардай ақ махаббат болсын -- баян сұлуға арналған монолог немесе сөйленбеген сөз -- әскери жинаққа арналған анықтама -- соңғы хаттар -- халимаға хат
Аннотация: Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың бұл туындысы өзінің жан жары, әдеби серігі, қазақ халқының тамаша қызы Халима апамызға арналған. Ұлттық тәлім-тәрбиелік мәні зор шығарма қара сөз және ақ өлеңмен жазылған. Сенім, адамгершілік, ізеттілік, мөлдір махаббаттың сырын кеңінен қамтыған шығармада отбасылық өмір, ер адам мен әйел адам арасындағы берік байланыс пен сыйластық, махаббат пен өзара түсіністік мәселесі қозғалады.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 4
чз1 (1), ах (3)
Свободны: чз1 (1), ах (3)

Н 90
Нұрахмет, Е.
Таусылмас түн [Текст] : новеллалар мен хикаят / Е. Нұрахмет. - Астана : Фолиант, 2024. - 188 б. - (Бүгінгі проза). - ISBN 9786011101141 : 2363.20 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
нұрахмет есбол -- таусылмас түн -- новеллалар -- хикаят -- жар басындағы алтын тақ -- қайыршы -- жаңа жыл түні -- журналист, молда, киллер және жезөкше -- тарақандар -- табақ бет, таңқы танау -- таусылмас түн -- әтір иісі -- неке -- алқа-моншақ -- арманның ағасы -- дұға -- жазушының өлімі -- қабір басында -- пенде -- түс -- мейірім -- күздің салқын кешінде -- жарты бөлке -- алма -- ит -- сәукеле -- өлген адам туралы хикая -- жаңбыр басылғанша -- аңғардан табылған мүрде
Аннотация: Жас жазушы Есбол Нұрахметтің бұл кітабына новеллалары мен хикаяты еніп отыр. Автор шағын туындыларында кейіпкерлердің мінез-құлқы мен ішкі дүниесінде болып жатқан өзгерістерді ұтымды детальдар арқылы ашады. Тақырып таңдау болмысының еректігі жазушының жаңаша ізденісін танытады. Новеллаларында адам жан дүниесінің арпалысын нанымды суреттей отырып, автор шағын шығармаларының шешімін оқырманның өзіне қалдырады, сөйтіп, оны толғанысқа түсіріп, ойлануға жетелейді.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 4
чз1 (1), ах (3)
Свободны: чз1 (1), ах (3)

Т 51
Тоқаев, К.
Ұясынан безген құс [Текст] : роман / К. Тоқаев. - Астана : Фолиант, 2024. - 248 б. - (Алтын тамыр). - ISBN 9786011102278 : 2475.20 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
кемел тоқаев -- ұясынан безген құс -- роман
Аннотация: Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған қаламы қарымды жазушы Кемел Тоқаевтың «Ұясынан безген құс» романы шытырман оқиғаға құрылғанымен, онда моральдық мәселелер де алдыңғы орынға шығады. Түрлі шым-шытырық ситуациялар барысында кейіпкерлердің ішкі психологиялық-моральдық тартысы шеберлікпен ашылады. Шығармада жазушы ағайын арасының татулығына дақ түсіретін қызғаныш, көреалмаушылық, маскүнемдік, зинақорлық секілді қылықтарды әшкерелеп, құқық қорғау қызметкерлерінің ауыр еңбегін көркем тілмен сипаттайды. Ізгілік пен адалдықты ұстаным ететін туындының идеялық түйіні ұясынан безген оңбайтынын астарлы түрде меңзеп, оқырманға ой салады.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (4)

Д 15
Дәлейұлы, Ұ.
Жошы хан [Текст] : тарихи роман / Ұ. Дәлейұлы. - Астана : Фолиант, 2024. - 480 б. - ISBN 9786011101660 : 5364.80 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
дәлейұлы ұларбек -- жошы хан -- тарихи роман
Аннотация: Жазушы Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» тарихи романы Шыңғыс заманы мен оның тұңғыш ұлы Жошы хан жорықтарын сөз етеді. Жошының қым-қиғаш күндерде ғұмыр есігін ашуы, өскен ортасы мен жастық шағы, алғашқы жорық жолы мен өмірінің соңына дейінгі оқиғалар барынша толық баяндалады. Романның құндылығы – сол дәуірге қатысты жазылған ең сенімді дереккөздерді пайдалана отырып, оқиғалар өрісін шынайы фактілермен түйіндеуінде. Таңғұт, шүршіт соғыстары, ғалам тарихында елеулі орны бар Хорезм жорықтары, шайқас орындары сол қалпы көркем тілде хатқа түскен. Жошы хан Хорезм жорығынан қайтып, Шыңғыс қағанның арнайы жарлығымен Дәшті-Қыпшақ даласында «Жошы ұлысын» құрады. Бүгінгі Қазақ Елі сол Жошы ұлысының жерінде Алтын Орданың қарашаңырағын ұстап отыр. Бұл – Жошы хан жайында жазылған тұңғыш роман.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (4)

М 90
Мұқаев, Б.
Дүние кезек [Текст] : повестер мен әңгімелер / Б. Мұқаев. - Алматы : Жазушы , 1992. - 448 б. - ISBN 5605012843 : 2000.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
баққожа мұқаев -- дүние кезек -- повестер -- бір түп арша -- құлдық ғұмыр -- түнемел -- әңгімелер -- ақ волга -- қара талқан -- тіршіліктің жүрегі -- жезде -- жаяу жарыс -- біссімілә -- ашко
Аннотация: Жазушының жаңа жинағына соңғы жылдары жазылған повестері мен әңгімелері енді. "Бір түп арша" және "Құлдық ғұмыр" повестеріне сталиндік заманда ғұмыр кешкен, тағдырдың талқысына түсіп, небір ауыр жылдарды басынан өткізген шал мен кемпірдің бүгінгі өмірі арқау болған. Адамның қоғам, заман алдындағы парызы, өмірдегі орны мен міндеті хақында ой толғайтын "Дүние кезек", "Ақ волга", "Қара талқан", "Тіршіліктің жүрегі" сияқты шығармалардың оқырманға сабырмен айтар сыры мол.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
ах (3)
Свободны: ах (3)
Page 7, Results: 67