
QR code of document
>
Ж 11
Жүніс , Е.
Шеше, сен бақыттысың, жыламағын [Текст] / Е. Жүніс , М. Асан, М. Әбіш> // ЕGEMEN QAZAQSTAN. - 2020. - №46. - 6 наурыз. - Б. 6-7
Рубрики: Литератроведение
Кл.слова (ненормированные):
Нағиман ана -- Жібек ана -- Жаңылғаным ана -- Мағыраш ана -- Айтоты ана -- Айсәуле ана -- Айша ана
Аннотация: Қадірлі оқырман! Сіз айқара ашып отырған газеттің осы беті ананың айқара ашылған құшағы деп біліңіз. Өз құшағына дәуірлер мен заманаларды, ұрпақтар мен шеру тартқан тарих көшін сыйдырған даланың құшағы секілді. Ана құшағы... Қазақ халқының тарихындағы тар жол, тайғақ кешулі күрделі кезеңдерді, тағдыршешті сәттерді – ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, колхоздастыру, кәмпеске, соғыс, тың игеру жылдарындағы ана тарихы, аналардың көз жасымен жазылған тарихты ақындардың аналарына арнаған жырларымен, сол аналардың тағдыры арқылы ашып көрсеткіміз келеді. Осы аналар ғасырды арқалаған, аманат арқалаған аналар. Сондай кезеңнің өзінде көз жасын жеңімен сүрте жүріп ұлдарын, ұлтын, қазақ әйелінің қастерлі бейнесін, ақ жаулықтың киесін сақтап қалды. Олар ұлты үшін, ұрпағы үшін үлкен құрбандықтарға да барды. Ашаршылық жылдары бүгінгі академик, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының анасы ұлын қалай сақтап қалғаны туралы жантүршігерлік оқиғасын бүгінгі ұрпақ біле ме екен?!. Ұлды бауырына қысып, қызды қолынан жетелеп жапан түзде жол кешіп келе жатқан ана қаумалаған қалың қасқырдан аман шығу үшін екінің бірін, ұлды – ұрпақты сақтап қалу үшін балдырған қызды бөрілердің аузына тастап, ұлды қапсыра құшақтап ұзай берген. Ана құшағы, Ана шешімі, Ана құрбандығы. Бізді бүгінгі күнге жеткізген де сол аналар. Қазақ поэзиясындағы ана жайлы ең үздік жырларды, сол жырларға кейіпкер болған аналар тағдырын қабыл алыңыздар.
Держатели документа:
БҚМУ
Доп.точки доступа:
Асан, М.
Әбіш, М.
Similar publications by classification