
QR code of document
>
Д 79
Дукенбаева , З. О
Ұлы дала мұрасындағы Алтай өңірі: тарихи және мәдени зерттелу қырлары [Текст] / З.О Дукенбаева > // ULY DALA MURASY. - 2026. - №1. - Б. 7-18
Рубрики: тарих
Кл.слова (ненормированные):
Алтай өңірі -- түркі әлемі -- археологиялық мұра -- тарихи жады -- этномәдени үдерістер
Аннотация: Бұл мақалада Ұлы Дала мұрасының құрамдас бөлігі ретіндегі Алтай өңірінің тарихи және мәдени зерттелу қырлары кешенді түрде қарастырылады. Алтай кеңістігінің ежелгі дәуірлерден бастап түркі кезеңіне дейінгі этномәдени үдерістердегі орны археологиялық, жазба және тарихнамалық деректер негізінде талданады. Мақалада Алтай өңірі Еуразия кеңістігіндегі көші-қон жолдарының, мәдени өзара ықпалдастықтардың және тарихи сабақтастықтың маңызды орталығы ретінде сипатталады. XIX ғасырдан бастап қалыптасқан Алтайды зерттеу дәстүрінің негізгі кезеңдері мен ғылыми бағыттары айқындалып, кеңестік және тәуелсіздік кезеңдеріндегі методологиялық ұстанымдар салыстырмалы түрде талданады. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі пәнаралық зерттеулер аясында Алтай мұрасын мәдени код және тарихи жады феномені ретінде қарастыру үрдістеріне назар аударылады. Мақаланың мақсаты: Алтай өңірінің Ұлы Дала өркениетіндегі тарихи-мәдени маңызын ашып көрсету және оны зерттеу тәжірибесінің эволюциясын жүйелеу. Ұлы Дала мұрасындағы Алтай кеңістігінің орны мен рөлін ғылыми тұрғыда пайымдауға мүмкіндік береді.
Держатели документа:
БҚУ
Similar publications by classification