
QR code of document
>
Ш 80
Шотбайқызы, А.
Зерттеу университеті: Жаңа мәртебе ғылымды дамыта ма? [Текст] / А. Шотбайқызы> // EGEMEN QAZAQSTAN. - 2024. - 29 қараша. - №228. - Б. 1, 8.
Рубрики: білім
Кл.слова (ненормированные):
университет -- жоғары оқу орындарын -- Массачусетс технологиялар институты -- Кембридж университеті, Оксфорд университеті -- отандық ғылыми зерттеулер -- агротехникалық зерттеу -- білім мен ғылым
Аннотация: Шетелдерде ғылым негізінен университеттерде жасалады. Массачусетс технологиялар институты, Кембридж университеті, Оксфорд университеті секілді жоғары оқу орындарында жүргізілген зерттеулер соны айғақтайды. Ал біздің университеттерде ғылым шетелдердегідей дамуы үшін қандай қадам жасалды? Қазір еліміздегі бірнеше жоғары оқу орны зерттеу университеті мәртебесін алды. Мұндай мәртебе университеттегі ғылымды, жалпы отандық ғылымды дамытуға шынымен де ықпал ете ала ма? Ғылымы да, соған сай экономикасы да дамыған елдерде ғылымды дамытудың әбден дәлелденген, нәтижелі бағыттары қалыптасқан, нақты жолға қойылған. Мұның бәрі, әлбетте, көпжылдық тәжірибемен келеді. Өйткені жоғарыда аталған, болмаса аты аталмаған небір мықты университеттердің басым бөлігі көп жыл бұрын, тіпті кейбірі бір ғасыр бұрын құрылған. Ал біздің осыншама көп жылды жүріп өтуімізді күн сайын қарыштап дамып жатқан технология заманы, заманның талабы күтіп тұра алмайды. Сол себепті қалыптасқан шетелдік, халықаралық ұйымдардың тәжірибесін алу, еліміздің жағдайына қарай бейімдеу өте маңызды. Осының маңызын қалай ұғып, іс жүзінде қаншалықты жүзеге асыра алып жүрміз?
Держатели документа:
БҚУ
Similar publications by classification