
QR code of document
>
О-58
Омаров , Д.
Білім алу сырлары [Текст] / Д. Омаров > // AQIQAT. - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 60-63
Рубрики: Образование
Кл.слова (ненормированные):
білім алу сырлары -- абай ақын -- ақиқат журналы -- жаратушы -- рухани құндылық -- білімнің түрлері -- білім алу сырлары -- білімді жадқа бекіту -- білім алу әдісі -- Омаров.Д
Аннотация: Әрненің ақиқатына тек қана білім арқылы жетуге болады. Ақиқат жан құмары. Ендеше, білім алудың қажеттілігі мен маңызы жаннан шығады. Жан мәңгілікті ғана емес, сонымен бірге, білімге және ләззатқа толы. Фәни әлемде жан материямен қапталып, былғанғандықтан, ол өзінің алғашқы табиғи қасиетіне ұмтылады. Сондықтан, әркім ұзақ, білімі мол және бақытты өмірді армандайды. Бұлардың барлығы жан құмары. Білімге ұмтылудың жан құмары екенін Абай жиі жазады. Жетінші сөзінде ол «Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» деп анық жазады. Жан құмарын қанағаттандыруы үшін білім алу керек. Білім алу екі дүние үшін де маңызды. Мұны ойшыл оныншы қара сөзiнде былай деп түсіндіреді: «Сол малды сарп қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң балаң тапсын, ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды». Ғылымсыз екі дүниеде де ешқандай жетістікке жетуге болмайды. Ғылым, білім әр істің мән-мәнісін біліп, дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу және дұрыс әрекет етуге мүмкіндік беріп, жетілуге жол ашады. Абай осылай екі дүниеде де ғылымның маңызы зор екенін ескертіп отыр. Дәулетке жету үшін ғана емес, рухани жаңғыру да білімсіз болмайды. Рухани жаңғырудың негізгі жолы – Құдайға құлшылық. Бұл туралы Абай жиырма жетінші сөзінде жазады: «Ей, Аристодим! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екендігіңе де ұстаз керек пе? – деді. Аристодим айтты: «Ол менің қамымды жейтұғынын мен қайдан білем?» – деді. «Жә, олай болса һәмма мақұлыққа да қара, өзіңе де қара, жанды бәрімізге де беріпті». Әрі қарай ойшыл Жаратушының адамды басқа жан иелерінен артық жаратқаны туралы дәлел келтіріп, «Ол дәлел болса, адам баласын артық көріп, қамын әуелден Алланың өзі ойлап жасағанына да дәлел емес пе? Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма? – депті». Абай, осылай, Алла тағаланың адамды басқа хайуанаттардан артық және махаббатпенен жаратқанына дәлел келтіру арқылы адамның парызы – Жаратушы Иеге құлшылық жасау екенін көрсетеді.
Держатели документа:
БҚМУ
Similar publications by classification