
QR code of document
>
С 12
Сабақты бақылау парағының қазақстандық үлгісі [Текст] / Г. Б. Мырзақұлова, Г. К. Дарипбаева, И. И. Адиханов, К. А. Бейсембаева> // Білім. - 2023. - №4. - Б. 27-36.
Рубрики: Образование
Кл.слова (ненормированные):
жаңартылған оқыту бағдарламасы -- сабақты бақылау парағы -- KTOP -- STEM білім беру
Аннотация: Қазақстан мемлекеті 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақ- сатында білім беру саласын жаңғыртуға бағытталған бірнеше реформалар енгізу- де. Соның бірі - жаңартылған білім беру бағдарламасы. Бұл оқушылардың оқу про- цесіндегі рөлі мен мұғалімдердің сабақтағы іс-әрекетіне елеулі өзгерістер әкелді. Оқушылар енді өз білім алу жолында үлкен рөл атқарады. Дегенмен, білім беруді дамытуға бағытталған бірнеше реформалар жүзеге асырылып жатса да, аталмыш реформалардың енгізілу деңгейін анықтауға, олардың беріп жатқан мүмкіндік- терін түсінуге және сыныптағы іс-әрекеттердің реформалар мақсатымен сәйкесті- гіне көз жеткізуге мүмкіндік беретін стандартты сабақты бақылау парағының қа- жеттілігі бар. Сондықтан оқушылардың оқуын тиімді ұйымдастыру мақсатында мұғалімдердің тәжірибесін жақсарту үшін қазақстандық сабақты бақылау парағы (KTOP) құрастырылды. Аталмыш сабақты бақылау құралының алғашқы нұсқасы (KTOP) «Инклюзивті білім беру», «Цифрлы білім беру», «STEM-жаратылыстану пән- дері», «Химия және математика пәндері», «Компьютерлік программалау», «Үштіл- ділік және лингвистика» бағыттары бойынша профессор-оқытушылар тарапынан дайындалды. Алғашқы дайындалған (KTOP) нұсқасын Қазақстан білім жүйесінде- гі контекстке сәйкестігін тексеру үшін зерттеушілер сапалық зерттеу әдісін яғни сабақтарды бақылау және мұғалімдермен интервью өткізу әдістерін қолданып, (KTOP) инструментін апробациядан өткізді. Бұл құрал 5 жоғары және 10 орта оқу орындарындағы мұғалімдердің 175 сабағында сынақтан өтті. Нәтижесінде жаңар- тылған білім беру бағдарламасына сәйкес ғылым (STEM) сабақтарын жан-жақты талдауға және бағалауға арналған бақылау парағы ұсынылады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Мырзақұлова, Г. Б.
Дарипбаева, Г. К.
Адиханов, И. И.
Бейсембаева, К.А.
Similar publications by classification