Сырбаз сөздің серкесі /Пармашқызы , Ұ.

 

QR code of document

Ratings: 0

80(5каз)
П 18

Пармашқызы , Ұ.
    Сырбаз сөздің серкесі [Текст] / Ұ. Пармашқызы // AQIQAT. - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 90-94
ББК 80(5каз)

Рубрики: Филологические науки в целом

Кл.слова (ненормированные):
бақыт құшағында -- итен ақсақал -- жақсының жақсылығын айт -- торғай тағы газеті -- ақиқат журналы -- Пармашқызы.Ұ
Аннотация: Итен ақсақал столының үстінде жатқан бір құшақ газетті сырттай қарап-ақ айырды. Олардың бәрін түрлері мен тақырыптарынан бірден таниды. Өйткені, жаңадан шыға бастағандары бір көргеннен одағайлап, әдемі әспеті әрі өзіне тартымдылығымен еліктіре түсер еді. Шіркін, еліктіре тартатындары аз ғой, көбі түрлі-түсті суреттерге көңіл аударып отырады-ау деймін. Негізгі мазмұнға көңіл бөлсе ғой деп ойлайды. Газеттің әдемілігіне көз үйретіп алған соң, тақырып мәнісі, айтар ойы бар, тартымдылығы жүректі баурайтын, қызықтылығы мен зерттеу мәнері ой тастап ерекше еліктіре түссе дейсің. Алдағы күндері мына жайттарды қаузап жазса деп елеңдеп отыратыны бар. Газеттің дүниесі ойыңдағыны дөп басып жатса орынды көтерген екен деп, іштей ризашылығын кімге айтарын білмей, мақалаға көңілі толған сезімін жасыра алмай қайта-қайта көз тоқтатып шығатынын қайтерсіз. Осыған кәдімгідей бір еңсесі көтеріліп қалады. Алдындағы көп газетті саралай қарап отырып, мына ғұмырында өзіне берілген тағдырдың жақсылығы мен қиындығына бас иіп, соған шүкіршілік етеді. Жаратқанына мың сан тәубесін айтып, іштей күбірлеп қояды.Итен ақсақал газеттерді қобырата отырып, өзінің қай санында жарияланғаны белгісіз, алғаш мақала жазған газет тігіндісін ақтара берді. Құдай-ау, қай мезгіл еді, есіне түсіре алмай отыр, ауылда көгілдір көктемнің молынан шығып жайдары жазға ұласқан кезеңі болатын-ды. Онда жетіншіні аяқтап қалған еді. Мектепте де жазғы каникулға шығамыз деп, «Қайталау – оқу Анасы!» деп жатқан кез, «әнеки, көрдіңіз бе, ол түгілі оқу екеш оқудың да анасы болады» деп жатқан сәт. Гүлге көмкерілген ауылдың жасарып, жайнаған, бояуы құлпырған әдемі қоңырқай шағы. Ауылдағы нағыз қарбалас уақыт. Иекеңнің төргі бөлмедегі бір бұрышта жатқан аудандық газеттің бір нөмірі көзіне түсті.Неге екенін қайдам, өзінен-өзі жайғасып отырып газетті асығыс ақтара бастады. Бір кезде таныс көршісі туралы жазылған мақаланы байқап қалды. Таныс кісі болған соң ба, әйтеуір, мақаланы басынан аяғына дейін бір әрпін қалдырмай оқып шықты. Оқып шықты да ойға берілді, сонда, «Мақала дегеніңіз осы ма?» деп қояды. Өзі танитын диқан туралы, оның қам-қарекеті жайлы, атқарған істері жөнінде, яғни, еңбек жолын жазыпты. Мақаланы оқып отырып, өзінің балаң көңілмен қызығушылығы ма, еңбек етіп жатқан көршілері жайында жазғысы келді. «Мен де қалам тербесем болады екен. Тек білетін адам туралы, білетін мәселені ғана айтайын. Ауылдағы проблеманы сол кейіпкердің аузына салайын» деп ой түйді.
Держатели документа:
БҚМУ

Similar publications by classification