
QR code of document
>
Ақбай, Ж.
Көргені жақсы көш бастар [Текст] / Ж. Ақбай> // Oral oniri. - 11 қаңтар. - 2019. - №2. - Б. 10.
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
Көргені жақсы көш бастар -- Дінмұхаммед Қонаев -- Ақбай.Ж -- Естелік
Аннотация: Дінмұхаммед Қонаев ағамыз көзінің тірісінде еңсесі түспей, еңкеймей отырған жағдайда, тәңірі сыйға тартқан біраз жас өмір сүріп, халқының қаперіне мына сөздерді арнапты: "Өзің үшін еңбек қылсаң, оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың" деген Абай атамның түйіндісін басшылыққа алып, халқыма қызмет еттім. Бұл сөздер жарты ғасырға жуық қазақ елін басқарған, 25 жылдай сол кездегі дүниенің тең жартысына үстемдік құрып, дегенін істеткен КСРО коммунистік партиясы саяси бюросының мүшесі болған адамның аузынан шықты. "Көргені жақсы көш бастар" дегендей, Димекең тіршіліктің түзу жолдарының болмайтындығын жақсы біліп, елін, халқын ойлы-қырлы, бұралаң бұлтарасы көп өмір өткелдерінен сүріндірмей өткізуге ынта-ықыласын аямай жұмсаған кісі. Әсіресе, Димаш ағамыздың өнерге, білімге деген қамқорлығы өшпес із қалдырды. Рухани байлықты ол кісіге көсегені көгертетін, халқымызды басқа жұртпен тең сөйлесіп, терезе теңестіруге жеткізетін негізгі қуатты күші деп есептеді. Осындай қамқорлықтың арқасында біздің екі дүркін 100 және 150 адамнан тұратын өнерпаздармен Мәскеуге барып, қазақтың қос ішекті домбырасының құдіреттілігін, ұлттық билері мен жанға әсерлі әндерін паш етті. Дінмұхаммед Қонаев: "Сайып келгенде айтарым, ең алдымен, үйдей үрейден аулақ болсақ. Ертеңге деген сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес, жұмыла көтерейік! Тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе бекем бол! Өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!" - деп өсиет қалдырды. Қадірлі ағаның, айтулы тұлғаның өсиетін орындайық, ағайын!
Держатели документа:
БҚМУ
Similar publications by classification