
QR code of document
>
С 21
Саулембеков, А. Р.
Білім сапасын арттыру контекстінде мектептерді кешенді қолдау: «50 сәтті мектеп» жобасы [Текст] / А. Р. Саулембеков, Е. Б. Аубакиров, Е. Ә. Жұмашов> // Білім. - 2023. - №4. - Б. 10-26.
Рубрики: Образование
Кл.слова (ненормированные):
білім беру -- орта білім -- педагог -- педагогтерді қолдау -- білім сапасы
Аннотация: Мемлекеттің дамуына, қоғамның өркендеуіне, азаматтардың бақуат- тылығына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі сапалы білім. Академиялық зерттеулердің нәтижесі білім беру сапасына ықпал ететін ең маңызды фактор педагог екенін дәлелдеді. Педагогтердің білім сапасына ықпалы инфрақұрылым, білім беру стандарттары мен бағдарламалары, оқу құралдары мен ресурстары, білім алушылардың әлеуметтік-экономикалық ахуалы т.б. факторларға қарағанда жоғары. Білім сапасын арттыруда мектеп әкімшілігінің де үлесі жоғары, сындарлы басшысыз білім сапасы төмен мектептерде оң өзгеріс болмайтындығын зерттеу нәтижелерімен қуаттайды. Сондықтан білім саласына бағытталған инвестиция алдымен педагогтердің және менеджерлердің әлеуетін арттыруға бағытталуы маңызды. Мақалада Алматы облысында іске асып жатқан «50 сәтті мектеп» жоба- сының тиімділігін зерттеу және бағалаудың әдіснамасы ұсынылды. Жобаларды бағалау, оның ішінде әлеуметтік және білім саласындағы жобаларды зерттеу бойынша әдебиеттерді зерделеу нәтижесінде әзірленген әдіснама «50 сәтті мектеп» аясындағы жұмыстардың сапасын ғана емес, сонымен қатар білім саласына қа- тысты басқа да жобаларды зерттеуде үлгі ретінде қолдану контекстінде пайдалы. Сондықтан мақалада білім беру саласындағы жобалардың тиімділігін қарапайым тәсілмен бағалауға мүмкіндік беретін жаңа модель жазылған.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Аубакиров, Е.Б.
Жұмашов, Е.Ә.
Similar publications by classification