
QR code of document
>
А 95
Ахмет, Аққали
Түркістан легионы қатарында [Текст] / Аққали Ахмет> // AQIQAT. - 2021. - №12. - б. 77-78
Рубрики: Тарих
Кл.слова (ненормированные):
түркістан легионы -- Жұмажан Дәуітов -- жауынгер
Аннотация: Екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түскен түркістандықтардың еврейлермен парапар қорлық, сұмдық пен азапты бастан кешкендігін архив деректері айғақтайды. Адамзат тарихындағы алапат соғыс үлкен зардаптарға ұшыратып, көп адамдарды отанынан ажыратып, миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Тарихымыздағы ақтаңдақтардың бірі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тұтқындар жөнінде және Түркістан легионында қызмет еткен жерлестеріміз жөнінде өте аз мәліметтер білеміз. Олар немістің концлагерінде болып, жаудан бір жапа шексе, одан келіп алып кеңестік лагерьлерде қорлық көрсе, осы кеңес тұтқынының тағдыры туралы лайықты сөз болмай келе жатыр. Әр адамның тағдыры үлкен хикая, ол ойыншық емес, оның ұрпағына, бала-шағасына әсер етті. Сондай адамдардың айтылмай жатқан тағдыры қаншама. Олардың тарихтағы лайықты орнын беру әділеттілік болмақ. Шетелдік ғылыми орталықтар әскери тұтқындардың тағдыры туралы тақырыпты зерттеумен жеткілікті айналысады, қоғамдық ұйымдар түрлі жұмыстар жүргізіп жатқаны белгілі. Тұтқындардың ағайын-туыстары архивтерге хабарласып, өлген, жерленген жері туралы ақпарат, оның тағдырын анықтау үшін қандай да бір дерек іздеп жатуы соғыс жаңғырығының әлі толық жойылмаған қабаттары жетіп артылатынын байқатса керек.
Держатели документа:
М. Өтемісов атындағы БҚУ
Similar publications by classification