
QR code of document
>
К 23
Кәрібекова, А. Ж.
Ақтөбе қалашығының қалалық құрылымының қалыптасуы мен мәдени қабаттарының археологиялық ерекшеліктері [Текст] / А. Ж. Кәрібекова> // ULY DALA MURASY. - 2026. - №1. - Б. 98-108
Рубрики: Археология
Кл.слова (ненормированные):
Ақтөбе қалашығы -- Баласағұн -- мәдени қабаттар -- цитадель,
Аннотация: Аңдатпа. Мақала Шу өңіріндегі ірі ортағасырлық қала орталығы – Ақтөбе (Баласағұн) қалашығының қалалық құрылымының қалыптасуы мен мәдени қабаттарының археологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты – қалашықтың құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін анықтау арқылы тарихи Баласағұн қаласымен сәйкестігін дәлелдеу. Жұмыста қалашықтың табиғи-географиялық орналасуы, жоспарлық құрылымы, қорғаныс жүйесі, цитадель, шахристан және рабад аумақтарында жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижелері кешенді түрде талданады. Зерттеу барысында стратиграфиялық талдау, материалдық деректерді салыстырмалы бағалау, қыш өндірісі мен ақша соғу орындарын, инженерлік су жүйелері мен сәулет кешендерін зерттеу сияқты әдістер қолданылды. Стратиграфиялық деректер негізінде қаланың VI-XIII ғасырлар аралығындағы даму кезеңдері айқындалып, әр дәуірдегі саяси, экономикалық және мәдени функциялары көрсетіледі. Зерттеудің жаңалығы Ақтөбе қалашығы мен тарихи Баласағұн арасындағы байланысқа археологиялық дәлелдер келтірілуі, сондай-ақ ортағасырлық урбанизация үрдістерін кешенді зерттеу арқылы өңірлік мәдени даму ерекшеліктерін анықтау мүмкіндігі болып табылады. Зерттеу нәтижелері өңірдегі әлеуметтік-экономиалық құрылымдарды реконструкциялауға және тарихи Баласағұнды ғылыми айналымға қайта енгізуге мүмкіндік береді.
Similar publications by classification