Информатика саласына қатысты мектеп оқулықтарында терминдердің қолданылуы/Кеңес, Б. Е.

 

QR code of document

Ratings: 0

32.973
К 33

Кеңес, Б. Е.
    Информатика саласына қатысты мектеп оқулықтарында терминдердің қолданылуы [Текст] / Б. Е. Кеңес, М. Кочак, Ж. Е. Есполова // Білім. - 2024. - №1. - Б. 19-28.
ББК 32.973

Рубрики: Информатика

Кл.слова (ненормированные):
термин -- терминология -- оқулық -- білім сапасы -- информатика
Аннотация: Білім беру саласындағы мұғалімдердің негізгі құралы – оқулық. Оқу- лықтардың мазмұнына қойылатын талаптардың бірі – терминдердің жүйелі қолда- нылуы. Мақаланың мақсаты – мемлекеттік терминологиялық коммиссия бекіткен терминдердің оқулықтарда қолданылу деңгейін анықтау. Осы мақсатқа сәйкес мақалада «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 4-сынып, «Информати- ка» 5-сынып, «Информатика» 6-сынып, «Информатика» 7-сынып (Алматыкітап бас- пасы), «Информатика» 7-сынып (Атамұра баспасы), «Информатика» 7-сынып (Арман – ПВ баспасы) мектеп оқулықтарының негізгі терминдері termincom.kz сайтын- дағы, терминдермен салыстырылды. Салыстыру нәтижесінде мынадай мәселелер анықталды: termincom.kz қорындағы информатика саласына қатысты бекітілген терминдердің оқулықтарда қолданылмай, басқа нұсқаларының қолданылуы, ин- форматика саласына қатысты оқулықтардағы кейбір терминдердің termincom.kz қорында қамтылмауы, оқулықтарда орыс тіліндегі терминдер бірінші жазылып, қа- зақ тіліндегі терминдердің жақша ішінде жазылуы, орыс тіліндегі әртүрлі ұғымды білдіретін екі терминнің орнына қазақ тілінде бір терминнің қолданылуы. Осындай мәселелер туындамас үшін терминолог мамандар мен сала мамандары бірлесіп жұмыстар атқарып терминдерді бекітуі керек. Оқулық жазу барысында авторлар бекітілген терминдерге назар аударып, соларды қолдану дағдысын қалыптастыру- лары қажет. Термин ұғым мен мағынаны толық сипаттай алмайтын жағдай болса, авторлар өздерінің ұсыныстарын мемлекеттік терминологиялық комиссияға ұсы- нулары қажет. Жазылған оқулықтарға сараптама жасалған кезде пән бойынша ба- залық ғылыми мазмұнның сақталуы үшін терминдерге баса назар аударылуы қажет
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Кочак, М.
Есполова, Ж. Е.

Similar publications by classification