Қазақ және қырғыз тілдеріндегі нағашы жұртқа қатысты туыстық атаулардың лингвомәдени ерекшеліктері және олардың білім беру үдерісінде қолданылу әлеуеті/Рахимова , Д.Б.

 

QR code of document

Ratings: 0

81
Р 27

Рахимова , Д.Б.
    Қазақ және қырғыз тілдеріндегі нағашы жұртқа қатысты туыстық атаулардың лингвомәдени ерекшеліктері және олардың білім беру үдерісінде қолданылу әлеуеті [Текст] / Д.Б. Рахимова , Б. Ахмер, Ж. А. Акимишева // Білім ғылым-педагогикалық журнал. - 2026. - №1. - Б. 184-197
ББК 81

Рубрики: тіл білімі

Кл.слова (ненормированные):
нағашы жұрт -- туыстық атаулар -- этнолингвистика -- салыстырмалы тіл білімі -- мақал - мәтелдер -- білім беру -- этнопедагогика
Аннотация: Қазіргі білім беру үдерісінде ұлттық құндылықтарды тіл арқылы меңгерту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, туыстық атаулардың лингвомәдени мазмұнын оқыту олардың тәрбиелік және танымдық әлеуетін айқындауды қажет етеді. Мақаланың мақсаты – қазақ және қырғыз тілдеріндегі «нағашы» жұртқа қатысты туыстық атаулардың лингвомәдени ерекшеліктерін анықтау және оларды орта білім беру мазмұнында қолдану мүмкіндіктерін көрсету. Зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи, лексика-семантикалық, этнолингвистикалық және паремиологиялық талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде екі тілдегі туыстық атаулардың ортақ түркілік негізден бастау алатыны, алайда олардың семантикалық және функционалдық ерекшеліктері бар екені анықталды: қазақ тілінде «нағашы» ұғымы жинақтаушы сипатқа ие болса, қырғыз тілінде «тай» компоненті арқылы нақтыланған жүйе қалыптасқан. Сонымен қатар бұл атауларды мектеп бағдарламасында қолдану білім алушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететіні негізделді. Қорытындысында туыстық атауларды метатанымдық тұрғыдан оқытуға негізделген модель ұсынылып, оны орта білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары айқындалды.
Держатели документа:
БҚУ
Доп.точки доступа:
Ахмер, Б.
Акимишева, Ж.А.

Similar publications by classification