
QR code of document
>
А 93
Аупбаев , Ж.
Ақынның қызы ... Аягөз! [Текст] / Ж. Аупбаев > // Ana tili. - 2022. - №44.- 3-9 қараша. - Б. 1,6
Рубрики: Әдебиеттану
Кл.слова (ненормированные):
Ақын Асқар Тоқмағамбетов -- Қызылорда қаласы -- облыстық өлкетану музейі -- Асқар Тоқмағамбетовке арналған стенд -- Роза, Ботагөз және Аягөз атты қыздары -- Аягөз Асқарқызы
Аннотация: Ақын Асқар Тоқмағамбетов! 60-жылдарғы арманшыл жастар – біз бұл есіімді ең алғаш рет мектеп қабырғасында жүргенде естіп, білгеніміз бар. Әдебиет оқулығы беттерінде ол кісінің кең маңдайлы, жылы жүзді суреті тұратын. Ал хрестоматияда: «Тауды тіліп, тасты бұзып, Тамшылатып ащы тер! Жан жүрмеген, жан баспаған, Жан көрмеген тасты жер. Қырдан асып, белді басып, Жолды салған қандай ер?! Ол қайратты, ол қажырлы, қайтпас, қайсар жұмыскер!» деген өлең жолдары сол кездегі еңбек адамының құдіретті гимні секілді әсер қалдыратын. Кейін мектеп бітіріп, университетке оқуға түскенімізде, өзіміз міндетті түрде оқуға тиіс «Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті» пәнінен бұл тұлғаның тарихи адам екеніне көз жеткізе бастадық. Олай дейтініміз, Асқар Тоқмағамбетов жасөспірім кезінде атақты Ғани Мұратбаевтың алдын көрген. Жеткіншек жасында ауыл-аймақты таңғалдырып, «Еңбекші қазақ» газетінде тырнақалды өлеңі шыққан. Жігіттік шағында тегеурінді таланттар Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіровпен бірге Мәскеудегі КСРО жазушыларының І съезіне қатысып, атақты Максим Горькийдің қолынан одақ мүшелігінің куәлігін алған. Сондай-ақ бізге дәріс берген ғалымдарымыз ол кісінің ақын ретінде лирикалық, азаматтық өлеңдер ғана емес, поэзиядағы поэма, прозадағы роман, драматургиядағы пьеса, скетч жанрларын да қажырлылықпен игерген жан-жақты шығармашылық иесі болғандығынан хабардар еткені бар.
Держатели документа:
БҚУ
Similar publications by classification