Өмірімнің кредосы - шеңберден шығу/Жұмабай, Н.

 

QR code of document

Ratings: 0

85
Ж 88

Жұмабай, Н.
    Өмірімнің кредосы - шеңберден шығу [Текст] / Н. Жұмабай // Егемен Қазақстан. - 2022. - 28 қараша. - №227. - Б. 13
ББК 85

Рубрики: Искусство

Кл.слова (ненормированные):
Сахна -- театр -- Нұр­қанат Жақыпбай -- Шекспир драматургиясы -- «Ромео мен Жульетта" -- премьера -- спектакль
Аннотация: Астананың тағы бір ақ таңы атты. Таңғажайып театр таңы. Сахнада мүлгіген тыныштық. Жастар театрының ат шаптырым залында ноқаттай ғана қарайған бейне көзге шалынды. Оңашаға оқшауланып алған жалқы сұлба алысқа, тым-тым алысқа көз тігеді. Өзі осында болғанымен, ойы қиянда. Маңайында тіршілік барын әлдеқашан ұмытқан. Тіпті жанына жақындап барсаң да, селт етер емес. Иығына түскен ұзын шашын салалап қойып, терең ойдың құшағында отыр. Тіпті біздің қасына қалай келгенімізді де сезбеді білем, тосыннан шыққан үніміз ойын үркіткендей, сәл тосырқап қалды да, лезде өзін жинап ала қойды. Күлімсірей амандасып, бірден: «Жаңа қойылымның премьерасына дайындалып жатырмыз. У.Шекспирдің «Ромео-Жульеттасы». Бұл қойылым менің Шекспир драматургиясына жасаған тәжірибе-триптихымның түйіні десем де болады. Осыған дейін «Асауға тұсауы» мен «Гамлетін» сараптасам, ендігі кезек «Ромео мен Жульеттаға» келді. Көптен бері көңіл түкпірінде толғантып жүр еді, міне, енді көрерменімен қауышатын да сәт жақындап қалды. Бұйырса, ертең премьера. Спектакльдің сахнаға шығар күні жақындаған сайын менде де маза жоқ. Осылай елден бұрын келіп әуелі дайындық алдында өзім оңаша қалып ойланамын, бұған дейін жасалған жұмыстарға қайтадан көз жүгіртіп, ойша артық-кем тұсын екшеп аламын да, содан кейін актерлерімді шақырамын. Сөйтіп, өзімнің ойым мен олардың түнімен ізденіп дайындалған ізденісін бір арнаға тоғыстырып, содан ортақ шешімге келеміз» деп әңгімесін бастаған режиссер тағы да сахнадан көз алмай, үнсіз қалды. Премьераалды толғаныс һәм толқыныс екенін түсіндік. Санада сайрап тұрған сансыз сауалымызбен килігіп, ойын бөлгіміз келмеді.
Держатели документа:
БҚУ