Ақмола облысындағы мұсылман білім беру жүйесіндегі жәдидтік мектептердің статистикалық талдауы/Сабиев , К.Ж.

 

QR code of document

Ratings: 0

74
Ж 83

Сабиев , К. Ж.
    Ақмола облысындағы мұсылман білім беру жүйесіндегі жәдидтік мектептердің статистикалық талдауы [Текст] / К. Ж. Сабиев // ULY DALA MURASY. - 2026. - №1. - Б. 83-97
ББК 74

Рубрики: педагогика

Кл.слова (ненормированные):
Дала өлкесі -- Ақмола облысы -- мұсылман мектептері -- медреселер -- жәдидшілдік -- статистикалық динамика
Аннотация: Бұл мақалада ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Дала өлкесінің құрамында болған Ақмола облысындағы мұсылман дәстүрлі білім беру жүйесінің дамуы, оның құрылымы және жәдидшілдік қозғалысының таралуы жан-жақты қарастырылады. Зерттеу қазақ жерлерінде ұлттық сана-сезімнің оянуы мен мәдени-ағартушылық үрдістерін тарихи контекстте бағалауға бағытталған. Мақалада мұсылман мектептер мен медреселердің саны мен оқушылар санының өзгерісі талданып, 1883-1908 жылдар аралығындағы статистикалық көрсеткіштер арқылы патша үкіметінің орыстандыру және миссионерлік саясаты тұсындағы дәстүрлі оқыту жүйесінің жағдайы айқын көрсетіледі. Мәліметтерді??саралау нәтижелері дәстүрлі мұсылмандық білім беру жүйесінің экономикалық, саяси және әлеуметтік факторларға тәуелділігін, сондай-ақ жәдидшілдік қозғалысының пайда болуына себепші алғышарттарды айқын ашады: мектептердің қысқаруы, ұлттық оқытудың шектелуі, жаңаша оқу әдістеріне қажеттілік сияқты мәселелерге зер салады. Зерттеу жұмысы Дала өлкесінің Ақмола облысындағы білім беру құрылымының, түрлі сипаттағы мектептердің дамуының ерекшеліктерін көрсетіп, қазақ қоғамының ұлттық рухани жаңғыруындағы рөлін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мақала жәдидшілдік қозғалысының әр аймақтағы дербес дамуын, жергілікті қоғамдағы қолдау деңгейін талдай отырып, оның әлеуметтік және мәдени ықпалын сипаттайды. Мақала оқырманға ХІХ-ХХ ғасырдағы дәстүрлі білім беру жүйесінің құрылымы мен динамикасын, сондай-ақ жәдидшілдік қозғалысының тарихи, әлеуметтік және мәдени аспектілерін жалпылай емес, аймақтық тұрғыда тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Держатели документа:
БҚУ

Similar publications by classification