Шерхан мен Шыңғыс/Нысаналин , А.

 

QR code of document

Ratings: 0

83
Н 91

Нысаналин , А.
    Шерхан мен Шыңғыс [Текст] / А. Нысаналин // Ana tili . - 2022. - №39.- 29 қыркүйек - 5 қазан. - Б. 4
ББК 83

Рубрики: әдебиеттану

Кл.слова (ненормированные):
Бауырластар -- Шерхан мен Шыңғыс -- Қалжан Нұрмаханов -- Соғыстың сұрапыл кезінде
Аннотация: Бауырластар төс қағысып қауышқандай ұзақ уақыт салмағынан қыңбай Шығыстың алтын шуағын зілмауыр тас керуенімен жеткізіп жатқан Тәңіртаулармен сағынысып ұшырасқан Алатау мен Қаратау Сарыарқа самалымен аймаласып, Ортақтау тұсында түйіседі. Тескентау да осы төңіректе. Жердегі жәннаттай Мыңбұлақ, ботакөз бұлақтары сырлы иінағашпен суға келген сұлу қыздай мың бұрала бұлқынып, қойнауларды жайнатып, тек тәкаппар таулармен тілдеседі. Тіршілік бояуларға тұнып тұр. Қызыл, жасыл, сары, ақ, түрлі-түрлі. Гүлдердің хош иісі бұрқырайды. Түстік жағы Сусамыр, қапталда – Ақсу-Жабағылы, теріскейі ұшы-қиырсыз сағым құшқан қазақ даласы. Тескентаудан өткеннен кейін, пойыздар арқырап жер танабын қуырып, Шығыс пен Батысқа тартады. Теріс өзені кесе көлденеңдеп түстікке қарай ақса, Шекер тау-тас бұғағынан босанып, жалбыз жағасына күміс шашып солтүстікке сілтейді. Адамдар түгілі құстар екеш құстар да тылсым табиғаттың тарту күшін сезінгендей, терең аңғармен көктем мен күзде қанатты керуендер ілгері-кейін үздіксіз ағылып жатады. Бұл Жуалы төрі – Шерхан Мұртазаның туған топырағы, қозыкөш жерде Шыңғыс Айтматов айылы. Ақша бұлттарға жан бітіп, бір-біріне қимастықпен қол бұлғайтындай. Төсекте жандары, төскейде малдары қосылып, ауылы аралас, қойы қоралас қатарласып қоныстанып жатқан ел.
Держатели документа:
БҚУ

Similar publications by classification