
QR code of document
>
О-82
Өтен, А.
Жүзге дейін жүрегі жыр деп соққан [Текст] / А. Өтен> // EGEMEN QAZAQSTAN. - 2024. - 17 қыркүйек. - №179. - Б. 11.
Рубрики: Персоналии государственных и общественно-политических деятелей
MeSH-не главная:
Кл.слова (ненормированные):
Кенен Әзірбаев -- атақты әнші -- композитор -- ақын
Аннотация: Жүзге дейін жүрегі жыр деп соққан... «Арыстанның артында терісі қалады, ақынның артында асыл сөзі қалады» демей ме дана халқымыз? Жетісудан шыққан атақты әнші, композитор, ақын Кенен Әзірбаев кезінде белгілі жыршы да болғаны мәлім. Кененнің жыршылық репертуарында Орта Азия халықтарына ежелден әйгілі болған «Ер Төстік», қырғыздың атақты эпосы «Манас» («Көкетайдың асы») жырлары ерекше орын алып келді, оларды асқан шабытпен жырлады. Біздің дәуірімізге ақын идеялық-көркемдік мәні күшті «Қырғызбай», «Әли батыр», «Кенебай – Кербез», «Жамбыл – жыр» жырларын жеткізді. Өзге жыршылар секілді Кенен де бұрынғы эпостың ең тартымды, асыл нұсқаларын халыққа тарату жолында аса пайдалы еңбек етті. Қазақтың «Ұлы жүз жайында аңыз», «Жалғыз қаз», «Қырғызбай», «Әли батыр», «Кенебай – Кербез», «Жамбыл – жыр» секілді ондаған эпикалық жырын Кенен жыршы насихаттап отырды. Ал тамаша қаһармандық жыр – «Бұрынғы өткен батырлар» («Көкетайдың асы») атты қырғыздың атақты эпосы «Манастың» бір бөлімі, біздің дәуірімізге жетуі жыршылық дәстүрдің баға жетпес қызметін сипаттай алады.
Держатели документа:
БҚУ
Similar publications by classification