Повседневная жизнь женщин в советском Казахстане (1970-1990гг.): историографический анализ/Ахметова М.Ж.

 

QR code of document

Ratings: 0

63
А 95

Ахметова М.Ж.
    Повседневная жизнь женщин в советском Казахстане (1970-1990гг.): историографический анализ [Текст] / Ахметова М.Ж. // ULY DALA MURASY. - 2026. - №1. - Б. 70-82
ББК 63

Рубрики: история

Кл.слова (ненормированные):
әйелдер тарихы -- әйелдер -- күнделікті өмір -- Қазақстан -- тарихнама -- гендер -- әлеуметтік трансформация -- тұрмыс
Аннотация: Бұл жұмыс 1970–1990 жылдар аралығындағы Қазақстандағы әйелдердің күнделікті өмірін тарихнамалық тұрғыдан талдауға арналған. Негізгі назар әйелдер тұрмысының тарихи зерттеулерден тыс қалу мәселесіне аударылған. Жұмыстың негізгі мақсаты — дәстүрлі тарихи нарративтерде тиісті деңгейде көрініс таппаған әйелдер өмірінің аспектілерін анықтау және талдау. Бұл тарихи ғылымда әйелдер тәжірибесінің жеткіліксіз көрсетілу мәселесін айқындайды. Зерттеу әдістемесі тарихнамалық талдауға, кешенді тәсілге және гендерлік тарих әдістеріне негізделген. Мерзімді баспасөз бен естеліктерді сыни тұрғыдан талдауға ерекше көңіл бөлінеді, бұл ресми дискурс пен әйелдердің шынайы өмірлік стратегияларын салыстыруға мүмкіндік береді. Ғылыми жаңалығы 1980–1990 жылдар тоғысында отандық ғылымдағы тұжырымдамалық бетбұрысты анықтау болып табылады, бұл кезеңде әйел мемлекеттік қамқорлық нысаны ретінде қарастырылудан шығып, тарихтың белсенді субъектісіне айналады. Ғылыми айналымға әйелдер кәсіпкерлігі мен тұрмысы туралы деректер тарихи зерттеу нысаны ретінде енгізіледі. Зерттеу нәтижесінде ХХ ғасырдың соңындағы дереккөздер базасының әлеуеті антропологиялық тәсілді кеңейту арқылы ұлттық тарихтағы «ақтаңдақтардың» орнын толтыруға мүмкіндік беретіні дәлелденді. Жұмыс қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің әлеуметтік мәртебесінің эволюциясы мен мәдени сабақтастығын түсінуге үлес қосады.
Держатели документа:
ЗКУ