
QR code of document
>
М 36
Махан, Н.
Созақ - қазақтың алғашқы астанасы [Текст] / Н. Махан> // EGEMEN QAZAQSTAN . - 2023. - 19 қаңтар. - №12. - Б. 10.
Рубрики: Археология
Кл.слова (ненормированные):
Созақ -- Қазақ хандығы -- тарихының бір парасы -- Мұхаммед-Хайдар Дулати -- жеке мемлекет -- археолог -- сұлтандар
Аннотация: Созақ – Қазақ хандығының алғашқы астанасы деген сөзді бастамас бұрын, Қазақ хандығының өз алдына жеке мемлекет болып, Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан алғашқы дәуірінен бірер сөз айтуға тура келіп тұр. Себебі орта ғасырлық Созақ қаласы тарихының бір парасы – Қазақ хандығының құрылуының алғашқы дәуірімен тікелей байланысты. Ал Қазақ хандығының алғаш құрылған уақыты жөнінде тарихшылардың пікірі әртүрлі. А.П.Чулошников «Очерки по историй казак-киргизского народа» атты еңбегінде Қазақ хандығы XV-XVI ғасыр шеңберінде құрылды десе, тарихшы-ғалым С.К.Ибрагимов «К историй Казахстана» еңбегінде Қазақ мемлекеті XVI ғасырдың 30-40 жылдарында қалыптасты дейді. Орта ғасырлар тарихының маманы, тарихшы ғалымдар Т.И.Султанов және С.Г.Кляшторный «Казахстан, Летопись трех тысячелетий» еңбегінің «О первом Казахском государстве» бөлімінде: «Қазақ хандығы бір мезгілде жүзеге асатын акты емес», – дей келіп: «Қазақ хандығы XV ғасырдың 70 жылдарында құрылды», дейді. Ал археолог-ғалым Мадияр Елеуов «Шу өңірі: Аңыз бен тарих» (Алматы, «Қазақ университеті», 1996) атты ғылыми еңбегінде: «Қазақ хандығы Шу өңірінде қой жылы құрылды», дейді. Қазақша жыл санаудың 12 жылда 1 рет қайталанып келетінін ескерсек, М.Елеуов жазған қой жылы 1456 жылғы, одан кейін келетін қой жылы 1468 жылға тура келеді екен.
Держатели документа:
БҚУ
Similar publications by classification