Терроризмге қарсы күрес - мемлекеттің діни саясатының құрамдас бір бөлшегі /Біләл, Қ.

 

QR code of document

Ratings: 0

80
Б 11

Біләл, Қ.
    Терроризмге қарсы күрес - мемлекеттің діни саясатының құрамдас бір бөлшегі [Текст] / Қ. Біләл // Жалын . - 2020. - №3. - Б. 45-62
ББК 80

Рубрики: Филологические науки

Кл.слова (ненормированные):
терроризм -- мемлекет -- саясат -- қоғам
Аннотация: Біз діни құндылықтар туралы білмейінше, халықтың мәдени тұтастығын, құндылықтар рөлін анықтай алмаймыз. Діни құндылықтар – ұлт үшін немесе жеке адам үшін қасиетті сенімдер жүйесі. Дін – бүгінгі күні жалпы адамзат өркениеті мен мәдениетінің дамуына үлкен әсер етіп отырған әлеуметтік феномен деп айтуға толық негіз бар. Біздің еліміздің ерекшелігі біз көпэтностық, көп-тілді және көпконфессионалды болғандықтан, бүкіл посткеңестік кеңістікте сияқты, исламмен қатар басқа діндер де жаңғырып, дами бастады. Сондықтан қазіргі таңдағы дәстүрлі діндер мемлекеттің, елдің тұрақтылығын сақтауына негіз бола отырып, діни конфессиялары арасында рухани келісімді, халықтар арасындағы бірлікті нығайтуға себеп болады. Қазіргі әлемнің, оның ішінде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылық құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалог-ты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің негізгі прин-циптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін, сан алуан этностары мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды. Сондықтан мәселені ұлттық тұрғыда саралағанда «қысқа жіп күрмеуге келмейді.» Оны білеміз. Білген соң ғой «Әттең тонның келтесі-ай» деген әнді өмірге әкелгеніміз. Келтенің аты келте. Олай тарт, бұлай тарт, бәрібір жетпейді. Жетпеген соң… Иә. Тағдырыңа налисың. Жауабы жоқ сансыз сауалдар жаныңды мазалайды. Ол сауалдардың дені «Ол неге олай, бұл неге бұлай?» деген сияқты болып келеді. Әлгіндей сауалдарды қоймасқа тағы да лажың жоқ. Өйткені… Иә. Айналамызда болып жатқан нәрсенің бәрі әділетсіз сияқты көріне береді дә. Егер бәрі әділетті болса ғой… Сол біз күткен күн келді делік. Біз сан сауалдармен мазасын алған Алла (Бұрын бізді мазалаған сауалдардың бәрі Аллаға жолданатын) ақыры әділеттілігін орнатты. Бәрі жауап беруде. Кезек бізге де жетті. Біздікі сол баяғы «қысқа жіп» қой. Қысқа болған соң, жауабы да жеңіл. Ал Алла біз сұраған нәрсенің бәрін бере бергенде не болар еді? Мынандай бір тәмсіл бар. Бір өте кедей кісі Мұса пайғамбарға: «Кедейліктен өлуге айналдым. Қанша ғибадат жасасам да дүние-мүлкім көбеймей-ақ қойды. Сондықтан Аллаға маған көп дүние-мүлік берсін деп дұға жаса» дейді. Мұса (ғс) Тур тауына барып дұға жасайды. Алла Мұсаға: «Ол құлымнан байлықты осы дүниеде берейін бе, жоқ әлде аxиретте берейін бе?» деп сұра дейді. Мұса кедейге келіп, Алланың қалауды өзіне қалдырғанын айтқанда, кедей: «Мен байлықты осы дүниеде қалаймын» деп жауап береді. Мұса оған: «Үш күндік байлықты не қыласың? Бір күні барлығын тастап кетесің ғой. Сен байлықты аxиретте сұра» деп кеңес береді. Кедей: «Таңдау маған берілді, мен байлықты осы дүниеде қалаймын» дейді. Мұса Тур тауына қайта барып, Аллаға кедейдің өтінішін жеткізеді. Алла: «Қалауы сол болса, онда сұраған байлығын осы дүниеде бердім» дейді. Кедей тез-байып шыға келеді. Алайда ол дүниесін мұқтаж адамдарға үлестірумен болады. Кедей-кепшіктерге өзі іздеп барып, қажетті бұйымдарын алып беріп, қарыздарын төлеп, жетімдерге қамқорлық жасайды. Қанша жұмсаса да дүниесі еселеніп көбейе береді. Ал ол өзгелерге қамқорлық қолын созумен болады. Уақыты жетіп, әлгі адам қайтыс болады. Мұса оның жәннатта зәулім сарайлар ішінде жүргенін көріп, оның себебін сұрағанда, Алла: «Ол байлықты дүниеде қалағанымен ол байлыққа дүниеде өзіне сарай салдырған жоқ. Бар байлығын менің ризашылығымды алу үшін кедей-кепшікке таратып, жәннат сарайларын сатып алды» дейді. Білген жөн. Біз қиялымыз арқылы иелік ететін байлықты әлгі кедей тәрізді ойша өзгелерге таратып берсек, сол сауапқа біз де қауышамыз. Себебі, сараң адам қиялындағы байлықтан да бөгде біреуге бір сабақ жіп ұстатпайды. Діндер адамзат тарихында ізгіліктің құралы болғаны анық. Бірақ саяси күштер дінді саясаттың құралы етіп алып, қатыгез саяси мақсаттарын жүзеге асырады. Технология мен ғылым дамыған кезде діни экстремизм деген ұғым жиі қолданылуда. Діни экстремизм дегеніміз – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Соған орай дініміз өтірік айтқанды қоштамайды.
Держатели документа:
БҚУ

Similar publications by classification