
QR code of document
>
Т 49
Тлебалдиева , М.Д.
Ұлы Түрік қағанаты кезеңіндегі шекаралық және кедендік қатынастардың дереккөздердегі сипаттамасы [Текст] / М.Д. Тлебалдиева > // ULY DALA MURASY. - 2026. - №1. - Б. 34-44
Рубрики: тарих
Кл.слова (ненормированные):
Түрік қағанаты -- мемлекеттілік -- саяси-құқықтық жүйе -- шекаралық саясат -- кедендік саясат -- тамға -- тархан
Аннотация: Ұлы Түрік қағанаты б.з. І мыңжылдықтарының ортасында мемлекеттілік құрылымы мен басқару тәжірибесінің ең жоғарғы деңгейіне жетіп, саяси-құқықтық жүйесі мен экономикалық институттары арқылы Еуразия кеңістігіндегі ірі мемлекеттермен тең дәрежеде дамығанын тарихи деректер негізінде көрсетті. Қағанат шекаралық, кедендік және салық саясатын тиімді ұйымдастырып,халықаралық сауда жолдарын қадағалау арқылы Ұлы Жібек жолы бойындағы экономикалық байланыстардың қалыптасуына және тұрақты дамуына ықпал етті. Тархандар секілді жоғары лауазымды тұлғалар мемлекеттік әкімшілік, сауда-саттық және дипломатиялық іс-қимылдарды үйлестіріп, қағанаттың әскери және экономикалық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарды. Түркілердің мәдени мұрасы, тілі және мемлекеттілік тәжірибесі Тынық мұхитынан Римге дейінгі ұлан-ғайыр даланы қамтып, олардың ықпалы кей деректерде Америка құрлығына дейін созылғаны көрсетіледі. Осылайша, Ұлы Түрік қағанаты көне түркі мемлекетінің саяси тұрақтылығы, экономикалық өркендеуі және халықаралық сауда-саяси қатынастардың дамуы тұрғысынан тарихи зерттеулерде ерекше маңызға ие, типологиялық әрі салыстырмалы талдауға тұрарлық мемлекет ретінде қарастырылады.
Держатели документа:
БҚУ
Similar publications by classification