Сезімдік әлем: бақи мен фәни/Жұртбай, Т.

 

QR code of document

Ratings: 0

83
Ж 91

Жұртбай, Т.
    Сезімдік әлем: бақи мен фәни [Текст] / Т. Жұртбай // EGEMEN QAZAQSTAN. - 2023. - 4 тамыз. - №146. - С. 9.
ББК 83

Рубрики: Әдебиеттану

Кл.слова (ненормированные):
Абайдың жұмбағы -- Абай шығар­ма­лары -- философия -- Бастаудың рухани əлемі
Аннотация: «Абайдың жұмбағының» шешуі қазіргі дүниеауи ғылымның барлық саласы үшін «жұмбақ» болып саналатын Хақ пен Бірлік, Әуелгі себеп, Әуелгі Қозғалыс, Мәңгілік (Бақи), Уақыт (Фәни), Кулли ақыл мен Кулли Жан, Сезімдік әлем, затиялық, субутиялық және фиғыли себеп сияқты тағы да басқа аса тылсым ұғымдардан және ол туралы тарқатыла тарамдалған сан қилы қисындардан тамыр тартады. Хасс әл-хасс дейгейлі даналардың ой ұшқындарына назар салсақ, зады Алланың Жаратуы мен Хикметін (міндетін) бөлісуі туралы оқымыстылардың арасында ілгері дәуірде әлдебір пікір сызаты болған сияқты. Сондай күрделі бақастыққа барған (пікір таласы, дискуссия) пікірдің ұшығы Абайдың шығармаларынан да аңғарылып қалады. Ол Хақ туралы қағидаларды ойында екшей келе, сырттай қарағанда Жаратушының хикметіне күмәндәнғандай күфірлік боп көрінетін: «Алла Тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білерге мүмкін болмайды. Біз Алла Тағала «Бір» дейміз, «Бар» дейміз, ол «Бір» демектік те – ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса, ол: «Бір» демектік те Алла Тағалаға лайықты келмейді» деген, немесе: «Жә, енді ақылды еркіне жібермесек, Құдай Тағаланың: «Ақылы бар кісіге иман парыз» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды(ға) оны ойлама дегенімізге, пенде бола ма (көне ме)? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады?» деген тосын сұрақтар қояды.
Держатели документа:
БҚУ

Similar publications by classification