Анар Фазылжан: ағартушылық идеясы әлі де өзекті/Батыр , Н.

 

QR code of document

Ratings: 0

83 (5каз)
Б 28

Батыр , Н.
    Анар Фазылжан: ағартушылық идеясы әлі де өзекті [Текст] / Н. Батыр // Ana tili. - 2022. - №36.- 8-14 қыркүйек. - Б. 5
ББК 83 (5каз)

Рубрики: Әдебиеттану

Кл.слова (ненормированные):
Ұлт ұстазы -- Ахмет Байтұрсынұлы -- 150 жыл -- Ахмет жолы -- Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы -- киелі Торғай топырағы -- Ақкөл ауылы -- Сұхбат -- Зиялы
Аннотация: Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы биыл әлемдік деңгейде тойланатын болды. Руханият алыбының әрбір ісі ұрпаққа үлгі. Өткен мен бүгінді жалғайтын тарихи тұлғаның өнегелі өмір жолына зер салғанда, келешектің де сәулелі сағымы алдан бұлдырайтын сияқтанады. Ол сағымды қуып жетпегеніңмен, тура жолда екеніңді сезінгенде көңіл демденетіні бар. Ахмет жолы – болашаққа тура бастайтын ғибратты жол. Өмірі күреспен өткен тұлғаның тағдыр талайы аз болмапты. Азаттықтың ақ таңына жетпегенімен, жеткізетін соқпақты анық көрсетіп кеткен жанға ұрпақтары алғыспен тағзым етеді. Тіл мен әдебиет, адамның екі аяғы секілді, руханиятты алға бастайтын күш екенін білген ғалым сол екі саланың мұнарасын тұрғызып кетіпті. Әліппе құрап тіл ашса, «Әдебиет танытқышпен» сөз өнерінің теориясын бекітіпті. Оқыған жанға жеңіл, ұғынықты болатындай әр сөзін шебер үйлестіріпті. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін түсінікті екені содан болса керек. Ахмет биігі Тянь-Шань секілді. Алыс­тан көзге анық көрінгенімен, қол жетпес биік. Жұрт оған тамсанып қарап, еңсесін тіктейді, еліктейді. Аспанмен таласқан аппақ шыңнан Ахметке жарасатын айбынды байқайсың. Ұсақталмайтын, ірі болмысты көресің. Сөзі мен ісі жарасқан абыройлы тағдырға тамсанасың. Жүз елу жыл өтсе де, Ахмет рухы қазақпен бірге жасасып келеді. Нар жүгін иығына салып арқалаған алыптың мерейтойы қарсаңында аталмыш тұлғаның есімін иеленген институт директоры Анар Фазылжановамен сұхбаты берілген.
Держатели документа:
БҚУ

Similar publications by classification