
83.7
К 11
Қыдыршаев, А. С.
Кәсіби маманның шаршы топ алды сөз сөйлеуінің әдістемелік- тәжірибелік қағидалары [Текст] / А. С. Қыдыршаев, М. Қ. Әжіғалиев // А.С. Қыдыршаевтың 60 жас мерейтойына арналған «Қазіргі қоғамдағы және білім беру саласындағы шешендіктанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Орал, 2023. - Т.1. - 17 қараша. - Б. 79-82.
Рубрики: Ораторское искусство
Кл.слова (ненормированные):
сөйлеу мәдениеті -- тәрбиелеу -- хабарлау -- Жалпы сөз -- Әзірлік кезінде айнаны қолданбау -- Бірер әзірлік мезетімізді дискіге жазу
Аннотация: «Небір өнер не даналық шыңына оларды оқып-үйренбей жету әсте мүмкін емес» (Демокрит). Бұл орайда ұйымдастыра білгеннің қашан да ұтары даусыз. Кәсіби маман іс-әрекетінің алдын ала ұйымдастырылуы -түсінікті де нақты, логикалық тұрғыда ойлануға және тиімді қалыпта хабарлама жасауға бастар жол [1,28]. Сөз сөйлеудің қандай формасын (сөйленер сөздің сұлбасы, тірек сөздер не толық конспект) қолдансақ та, бұл орайдағы алғашқы әрбір қадамымыз бастапқы жоспар ретінде қабылданады. Бұлар әрқилы. Олар сан алуан жаңа дағдыларды талап етеді. Олар өте нәзік қимылды қажетсінеді. Десек те, олар түпкілікті мақсатқа қызмет етері даусыз. Бұл орайда баса ескереріміз - сөйленер сөздің көру үшін емес, тыңдар құлақ үшін екендігі. Сөз сөйлеу мәдениетін дамыту үшін, дауыстап сөйлеу бірден-бір маңызды. Бұл ретте өлең, жаңылтпаштар, алдын ала сөйленер сөздің жобалы нұсқаларын оқудың ешбір артық-кемі жоқ. Керісінше, өте пайдалы. Көпшілік алдында өзіңізді өз дауыс ырғағыңызбен қалай ашып шығарарыңызды алдын ала көріп-біліп болжағанға не жетсін. Мейілінше аз жазып, көбірек сөйлеуге, өз-өзіңе көбірек сұрақтар бере отырып, динамикалы қалыпта сөз сөйлеудің техникасын дамытуға ұмтылу орынды
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Әжіғалиев, М.Қ.
Similar publications by classification