
QR code of document
>81.2-3
М 12
Маңғыстау топонимдері – деректі ақпарат-ұлттық сана [Текст] / Б. Ә., Көшімова, Ш. С. Әбішева, Б. А. Каримсакова, А. Т. Жеткизгенова> // БҚУ хабаршысы. - Орал, 2021. - №1. - Б. 211-216
Рубрики: Лексикология
Кл.слова (ненормированные):
топономика -- ономастикалы -- жер су-аттары -- тау атаулары -- тілдік бейнесі -- тілдік сана -- ұғым
Аннотация: Мақалада жер-су атаулары тілді тұтынатын халықтың санасымен, дүниетанымымен, дәстүрімен, менталитетімен, құндылықтарымен, ойлау жүйесімен тығыз байланыста қарастырылады. Ата-бабамыз бізге хатталған құжат, басылған кітап тастаған жоқ. Бізге бір сөздің бойына сидырып, ұғым, өзінің дүниені тануын, тарихын, тарихи мәтінін тастады. Бүгінгі ұрпаққа сол таңбалардың кілтін тауып, кодын ашу қалды. Адамның саналы әрекетінің ең соңғы нәтижесі, қорытынды түйіні шиыршықталып келіп (универбтеліп келіп) оның тілінде ғана көрініс тапқан. Сондықтан әсіресе жер-су атаулары жай ғана салынған белгі емес, немесе уәжінен қол үзген бос таңба емес, ол ұлтымыздың тарихынан, танымынан, мәдениетінен, құндылықтарынан маңызды ақпарат беретін ерекше семиотикалық таңба болып табылады. Тіл деректерінің ішінде жалқы есімдердің таңбалық сипаты жалпы есімдерге қарағанда басым екені көрінеді, себебі олар мәдени контекспен етене жақын. Топонимдерде жалпыадамзаттық құндылықтарға қарағанда ұлттық құндылықтар айқын көрінеді. Жер-су атауларында ұлт, ұлттың рухани өмірі, әрекеті, бағалауы, жады, өзінікі-өзгенікі семантикалық өрістері бар. Сондықтан топонимдер этномәдени бірлік болып табылады. Топонимдер – өзге халық үшін жабық таңбалар, өз халқы үшін ашық таңбалар жүйесі. Топонимдер ‒ ашуға, оқуға болатын таңбалар мен символдар жүйесі.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Көшімова, Б.Ә.,
Әбішева, Ш.С.
Каримсакова, Б.А.
Жеткизгенова, А.Т.
Similar publications by classification