
QR code of document
>
К 11
Қыдыршаев, А.
Көркем шығарма - ұлттық құндылықтар көзі [Текст] / А. Қыдыршаев, О. Қыдыршаев> // Өркен. - 2025. - 30 мамыр. - №5. - Б. 15.
Рубрики: Литературоведение
Кл.слова (ненормированные):
Көркем шығарма -- ұлттық құндылықтар -- эстетика -- көркем әдебиет
Аннотация: Белгілі бір көркем әдеби шығарманың қоғамдық, тәрбиелік маңыздылығына, оқырманын эстетикалық сезімге бөлей алатынына шүбә жоқ! Демек, әдебиеттің құдіретін, әлеуметтік мәнін, күллі қоғамды өзгертушілік күшін осы тұрғыдан тану шарт. Шынайы әдебиет ескірмейді. Өз кезеңінде атақты Аристотель әдебиетті өмірді танудың, тәлім-тәрбие берудің негізгі нысанасы тұрғысында пайымдаған. Әйгілі Әуезов әдебиеттің зор міндетінің бірі ретінде елдің мінезін түзеу тұрғысында түйіндеген. Бүгінгі кезеңдегі зерттеуші ғалымдардың бірі профессор Кит Оутли көркем әдебиетті «сананың пилотажды жаттығуы» үлгісінде таниды. Бұл ұшқыштардың жерде тұрып-ақ әуе лайнерін басқаруды үйренуі деген сөз. Көркем әдебиетке жиі назар аударатындар өз бетінше әлеуметтік дағдыларын да жақсартпақ. Бұл үдерісті әдеби персонажбен өзімізді ұқсастыруымыз, психикалық жағдайды модельдеу, таным формасы қабілетіне ие болу десек те болады. Нәтижеде кейіпкер басындағы ойдың оқырман тарапынан айқын ажыратылуы, оқырман санасында осы іс-әрекетке жауап берер қызметтердің іске қосылуы жүзеге аспақ. Қысқасы, қандай туынды болмасын адамның ой-санасына белгілі бір деңгейде әсер етері даусыз.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Қыдыршаев, О.
Similar publications by classification