
QR code of document
>80
Ш 17
Шайекенов, Ж. Ж.
Абайды оқы, тағырқан, басың шайқа!... [Текст] / Ж. Ж. Шайекенов> // Өркен. - 2024. - 29 тамыз. - №7. - Б. 12.
Рубрики: Филология
Кл.слова (ненормированные):
Қазақ өлеңі -- Абай -- филология -- ұлы абай -- қазақ әдебиеті
Аннотация: Қазақ өлеңінің сұңғыла сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осылай “Абайды оқы, таңырқа” деп, ұлағатты ұран көтергелі де жүз жылдан асып кетті. Данышпан, ғ ұлама ақынның яғни Хакім Абайдың туғанына биыл 179 жыл, ал дүниеден озғанына 120 жыл. Өзі өлсе де сөзі өлмеген ұлы ақынның ұлағаты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға ұласып, туған халқымен бірге жасасып келеді. Осы орайда алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың мына бір сөзі ойға оралады: “Зəредей шүбə етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп халық жиі-жиі зират етер, халық пенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді, біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар”. Иə, дəл солай жылда Абай ескерткіші басына барып, гүл шоқтарын қойып, ақын өлеңдерін оқып, ақын рухына тағзым ететініміз айнымас шындық. Ал, енді екінші мəселе – осы ғұлама ақынның шығармаларын қаншалық ұғынып, данышпанның өсиет ұлағатын қаншалықты орындап жүрміз.
Держатели документа:
ЗКУ
Similar publications by classification