
QR code of document
>
Ш 98
Шығыс Қазақстандағы шашыранды алтын кен орындарының ашылу тарихы [Текст] / Қ. Ш. Аубакирова, Н. Е. Сайлаубаева, Д. Ж. Жайлыбай [и др.]> // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №4. - Б. 275-288.
Рубрики: История Казахстана
Кл.слова (ненормированные):
Шығыс Қазақстан -- шашыранды алтын кен орындары -- алтын өндіру тарихы -- геологиялық барлау -- Алтай өңірі -- XIX–XX ғасыр -- тау-кен өндірісі
Аннотация: Мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шығыс Қазақстан өлкесіндегі шашыранды алтын кен орындарын ашылу тарихы патша үкіметінің алтын өндірісіне қатысты саясатымен байланысты екендігі көрсетіледі. Өлкедегі алтын кен орындарын іздеуге, барлауға жəне өндіру жұмыстарын жүргізуге үкіметтен рұқсат алған тұлғалар мен алтын іздеуші партияларға қатысты деректер келтіріледі. Мұрағат деректеріне сүйене отырып еліміздің шығысында ашылған шашыранды алтын кен орындарының географиялық жағынан орналасуы, алтынды жүйелерге бөлінуі қарастырылады. Сонымен қатар, кен орындардағы жуылған құм мен алынған алтын мөлшеріне қатысты статистикалық деректер де сараланады. Алтын кен орындарынның техникалық жағынан жабдықталуы сипатталады. Зерттеу жұмысының барысында қысқа мерзімде бұл өлкеде шашыранды алтын кен орындарының көп мөлшерде ашылғандығы жəне олардың үш ірі алтын жүйелерге бөлінгендігі, кен орындарындағы алтынның сипаты бірдей болғанымен, алтын қорының шоғырлануы жəне сынамасы жағынан əр түрлі болғандығы көрсетіледі. Сонымен қатар, кен орындарын ірі елді-мекендермен байланыстыратын қалыптасқан жолдардың болуы, кен орындарына жүк тасымалдаудың арзандығы сияқты факторлар да бұл өлкедегі кен орындарының жұмысына ықпалын тигізгендігі қарастырылады. Кейбір аудандарда алтын кен орындарының нашар жұмыс істеуі табиғи-климаттық жағдайлардың қаталдығымен жəне алтынды жауып жатқан беткі жыныстық қабаттың қалың болуы сияқты факторлармен байланысты болғандығы айқындалады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Аубакирова, Қ.Ш.
Сайлаубаева, Н.Е.
Жайлыбай, Д.Ж.
Адельчанов, Қ.С.
Жармұхаметов, Д.А.
Байгапанова, А.Б.
Similar publications by classification