
74
К 14
Казбекова, Г. Н.
Болашақ мамандарды дайындауда практикалық-бағытталған тәсілді іске асыру жолдары [Текст] / Г. Н. Казбекова, З. Ж. Турсымбекова, А. Р. Сүндетова // БҚУ хабаршысы. - Орал, 2021. - №2. - Б. 55-65
Рубрики: Педагогика
Кл.слова (ненормированные):
оқыту технологиялары -- дуалды білім -- кәсіби маман -- құзіреттілік -- оқыту әдіснамасы -- оқу-тәрбие процесі
Аннотация: Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды. Болашақ мамандардың кәсіби түрде қалыптасуы үшін белгілі бір кәсіби қызмет аясында кәсіби қызмет тәжірибесін игеру көздеу туралы жазылған. Олардың кәсіби түрде қалыптасуына қатысты мәселені шешудің әдіснамалық негізі оларды дайындау процесінде тәжірибеге бағытталған тәсіл болып табылады. Ол үшін оқытудың дуалды жүйесіне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Дуалды оқыту жүйесі білім алушыны оқыту мен оның өндірістегі кәсіби қалыптасуы арасындағы тығыз байланысты білдіреді. Қоғамға қажетті мамандардың санына әлеуметтік-экономикалық сұраныс ұсынылады және оларды даярлаудың сандық және сапалық көрсеткіштері анықталады. Бұл студенттердің танымдық белсенділікті, олардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттыруға деген ынтасын арттыруға қызмет етеді.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Турсымбекова, З.Ж.
Сүндетова, А.Р.
Similar publications by classification