Қандай кітап оқып жүрсіз?

 

Scan me!
QR code of document

Ratings: 0

76.1
A10


    Қандай кітап оқып жүрсіз? [Текст] // Oral oniri. - 11 қаңтар. - 2019. - №2. - Б. 12.

ББК 76.1

Рубрики: Книжное дело.Книговедение

Кл.слова (ненормированные):
БҚМУ -- Тотықұс Әлімбекерова -- Ғылыми кітапхана -- Қандай кітап оқып жүрсіз? -- Жастар
Аннотация: - Жиналған кітабы жоқ үйді жаны жоқ денеге теңеген екен бір абыз. Расында, кітабы көп үй өзгеше сәнімен көз қызықтырмай ма?! Бала кезімізде ата-анамыз кітапты көп оқитын. Сәйкесінше үйде өздерінің жеке кітапханалары болды. Түрлі жанрдағы мыңға жуық кітаптың шетінен алып, біз де кеміретінбіз. Әсіресе, Александр Дюманың "Үш ноян", "Граф Монте-Кристо", "Мадам де Монсоро" сынды жауһар дүниелерін және "Алпамыс батыр" жырын ерекше ықыласпен оқыдық. Ал жасөспірім шағымызда Жорж Санд, Маргарет Митчелл сынды классик жазушыларды оқып тауысқанша асығатынбыз. Кітап жинауды дәстүрге айналдырған ата-анам кейінірек кітаптарды ауылдағы мәдениет үйі мен мектептің кітапханаларына тапсырды. Осылайша ата-анам жинаған кітаптар ауыл-аймақтың ортақ рухани игілігіне айналды. Кітапқа деген қызығушылығымның арқасында кітапхана саласында қызмет етіп келемін. Әрине, компьютерлік технологияларға тәуелділігіміз артқан заманда жастардың зейінін кітапқа аудару оңай емес. Дегенмен классик жазушылардың шығармаларын іздеп жүріп оқитын жастар әлі де көп. Оқуды бір парызым деп білемін. Рухани жұтаңдықтың алдын алу мақсатында жылына бірнеше кітап оқып шығуды әдетке айналдырдым. Бүгіндері Немат Келімбетовтің "Үміт үзгім келмейді" атты шығармасын оқудамын.
Держатели документа:
БҚМУ

Similar publications by classification