
QR code of document
>
Х 69
Ходжанова, Б. Х.
Тəуелсіздік жылдарындағы Эстония мемлекетінің əлеуметтік-экономикалық дамуы [Текст] / Б. Х. Ходжанова, Н. С. Жармаганбетова> // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №4. - Б. 369-383.
Рубрики: Экономическая география
Кл.слова (ненормированные):
Эстония Республикасы -- физикалық-географиялық орналасу -- ауыл шаруашылығы -- халықтың орналасуы -- өнеркəсіп орындары -- көлік кешені
Аннотация: Аталған мақалада Эстония мемлекетінің кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі, яғни қазіргі таңдағы əлеуметтік-экономикалық даму жағдайына сипаттама беріледі. Мақала барысында елдің физика-географиялық орналасуы, елдің экономикалық дамуының басты факторы болып саналатын, ТТК кешендері (жер бедері, климаты, су жүйелерінің таралуы, топырағы жəне өсімдіктер мен жануарлар əлемі) жайлы мəліметтер берілген. Мақаланың мақсаты эстон халқының орналасуы, өзіндік этностық белгілері – тілі мен ділі, таным-түсінігі, ой-санасы, мінез-құлқы, салт-дəстүрі, əдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі сияқты т.б. Ауыл жəне қала халқының орналасу заңдылықтары жайлы айтылған. Сонымен қатар пайдалы қазбаларының табиғи ерекшелігіне байланысты қалыптасуы жəне осыған орай өнеркəсіп орындарының орналасуы, шығарылған өнімдерінің ел экономикасындағы маңыздылығы жайлы мəлімет берілген. Импорт пен экспорт үлесінің ел экономикасының дамуындағы маңыздылығына тоқталған. Табиғи ерекшелігіне байланысты өнеркісіп орындарының орналасуы да ерекше, Эстония мемлекеті сирек жəне жерде сирек кездесетін металдарды Еуропадағы ірі өндірушілердің бірі болып табылатын Silmet зауыты жұмыс жасауда. Ол 1946 жылы уран оксидін алу мақсатында диктионемді тақтатасты қайта өңдеу бойынша металлургиялық зауыт болатын. 1997 жылы кəсіпорын жекешелендірілді жəне 2011 жылдан бастап американдық Molycorp Silmet концернінің меншігі болып табылады. Қазіргі уақытта SILMET тантал мен ниобий өндірісі бойынша əлемде жетекші орында, ал неодим өндірісі бойынша - Қытайдан кейін əлемде екінші орында тұр.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Жармаганбетова, Н.С.
Similar publications by classification