Choice of metadata Статьи ППС
Page 9, Results: 141
Report on unfulfilled requests: 0
81.

Подробнее
81.2 Каз.яз
А 45
Алдашева, К. С.
Қазақстандағы тіл саясаты және заңнамалық тұжырымдамалардағы қазақыландырылған лексикалық жаңалықтар мәселесі [Текст] / К. С. Алдашева, И. С. Султаниязова // БҚМУ хабаршысы. - Орал, 2020. - №3. - Б. 93-102
ББК 81.2
Каз.яз
Рубрики: Казахский язык
Кл.слова (ненормированные):
қазіргі қазақ әдеби тілі -- сөздік қор -- лексикалық жаңалықтар -- тіл саясаты -- заңнамалық құжаттар -- қазақыландыру -- норма
Аннотация: Қазақстан Республикасында бұдан ширек ғасыр бұрын басталған үйлесімді тіл саясатының кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістікті орнықтырды. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде қазақ тілінің қолданысына реттеуші ықпал ету бұрынғыша тіл саясатының назарында; ең алдымен бұл – «қазақ әдеби тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу; мемлекеттік тілге сұранысты ұлғайту». Қазақстандағы тіл стратегиясы арқылы тілдің даму барысына сындарлы ықпал етудің нәтижесінде қазіргі кезеңде қазақ тілінің құрылымын (корпусты жоспарлау) және тілдің қолданылуын (мәртебелік тұрғыдан жоспарлау) оңтайландыру бойынша нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл бағыттар өзара тығыз байланыста: тілдің қолданылуы басқа да факторлармен қатар сөздік қорды байытуды қамтиды; корпусты жоспарлау мәселелері қазақ тілінің төлиелерінің тілдік практикасына тікелей қатысты. Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі лексикалық жаңалықтар, ұлт тілінің лексикалық қорын қазақыландыру Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі ретінде талданады. Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі Ғылым комитеті тарапынан қаржыландырылды (Грант №AP08855684).
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Султаниязова, И.С.

82.

Подробнее
28
А 56
Альжанова, Б. С.
Биология сабақтарында квест технологияны қолдану [Текст] / Б. С. Альжанова, А. А. Өтегенова // БҚУ хабаршысы. - Орал, 2021. - №1. - Б. 37-48
ББК 28
Рубрики: Биология
Кл.слова (ненормированные):
білім беру технологиялары -- ақпараттық технологиялар -- квест -- веб-квест -- рольдік ойын -- проблемалық оқыту -- танымдық қызығушылық -- логикалық ойлау -- пәндік құзіреттіліктер -- шығармашылық қабілет
Аннотация: Қазіргі заманғы білім беруді дамытуда жеке тұлғаға бағытталған білім беру мәселесін шешу негізгі міндеттердің бірі болып табылады, онда мұғалімнің басты назарында оқушының танымдық, іздеу және зерттеу қызметін жандандыру болуы керек. Бұл оқытудың жаңа нысандары, әдістері мен технологияларын енгізуді талап етеді. Осындай жаңа технологиялардың бірі – квест технологиясы. Квест-сабақ технологиясының негізгі мақсаты сабақты ұйымдастырудың үйреншікті стереотиптерін өзгерту болып табылады. Бұл мақалада квест технологиясының пайда болу тарихы, оның білім беруді жаңарту факторларының бірі ретіндегі іс-әрекетіндегі маңыздылығы және оны қолдану әдістемесі келтірілген. Биология сабақтарында квест технологияны пайдалану білім алушылардың қажетті ақпаратты іздеу дағдыларын жетілдіруге және оны одан әрі жүйелі талдауға, қойылған міндеттерді кәсіби тұрғыдан шеше білуге бағытталған құзіреттілікті қалыптастыруға көмектеседі. Осы технологияны қолдану арқылы білім алушылар материалды өз бетінше таңдап құрылымдауға, алынған ақпаратты талдауға, тақырып таңдауда және сабақта талқылау үшін оны ұсынуда өз бетінше шешім қабылдауға үйренуге мүмкіндік алады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Өтегенова, А.А.

83.

Подробнее
82
П 16
Пангереев, А. Ш.
Топонимдік фольклордың қалыптасуы және жанрлық ерекшеліктері [Текст] / А. Ш. Пангереев, Ю. Г. Пыхтина // БҚУ хабаршысы. - Орал, 2021. - №1. - Б. 142-151
ББК 82
Рубрики: Фольклор
Кл.слова (ненормированные):
фольклор -- топоним -- жанр -- сюжет -- таным -- поэтика -- функция
Аннотация: Мақалада фольклор мен топонимиканың тығыз байланысты екендігі дәлелденеді.Фольклор сюжеттерінен орын алған топонимдік атаулардың танымдық, деректілік, ақпараттық сипаты зерделеніп топонимдік фольклор жанрының қалыптасуы негізделеді. Сонымен бірге топонимдік фольклордың жанрлық түрлері сараланып көрсетіледі. Әрине, топонимика фольклортанудың қасында кенже дамыған сала. Жиналу, зерттелу жұмыстары кенжелеу болғанымен халық санасымен бірге туып, бірге жасасып келе жатырған фольклордың сюжеттерінен о бастан-ақ тұрақты орын алып, алайда ол ерекшелігі еленбей келе жатырған жер-су атауларының да тарихы әріде. Бұл жағынан алғанда ол фольклор құрамында қарастырылуы тиіс. Фольклорлық туындыларда топонимдік атаулардың мол кезігіп отыратындығы, олардың сюжетке әсері, қолданылу ерекшеліктері, кейіпкерлерге қатысы еріксіз назар аудартып, зерттеу нысанасына алуға сұранып тұрған факторлардың бірі болып табылады. Осылайша фольклор үлгілерінің бойынан табылып, өзі де халықтың шығармашылық өнімі түрінде поэтикалық сипатқа, танымдық мәнге ие жер-су атаулары топонимдік фольклор жанрының туып, қалыптасуына негіз бола алады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Пыхтина, Ю.Г.

84.

Подробнее
40.3
А 56
Альжанова, Б. С.
Пирогенді факторлардың құрғақ дала аймағының күңгірт қара қоңыр топырақтарының кейбір қасиеттеріне әсері [Текст] / Б. С. Альжанова, С. С. Джубатырова, А. А. Беркалиева // БҚУ хабаршысы. - Орал, 2021. - №1. - Б. 437-447
ББК 40.3
Рубрики: Почвоведение
Кл.слова (ненормированные):
пирогенді фактор -- күңгірт қызыл топырақ -- құрғақ дала аймағы -- экологиялық жағдай -- дала өрттері -- постпирогенді сукцессия -- топырақ қасиеттері -- топырақ құнарлығы -- органикалық зат -- деградация
Аннотация: Мақалада пирогенді факторлардың құрғақ дала аймағының қара қоңыр топырақтарының кейбір қасиеттеріне әсері қарастырылады. Дала өрттері орман өрттеріне қарағанда жиі кездеседі, үлкен аумақты қамтиды және тез таралуымен сипатталады. Құрғақ дала аймағында жауын-шашынның төмен мөлшері, жазғы маусымдарда жоғары температура, қатты жел, аңызақ, бірнеше жыл қатарынан құрғақшылық болуы дала өрттерінің пайда болуы мен таралуына қолайлы жағдай жасайды. Өрттен кейінгі алғашқы жылдары өсімдік жамылғысы біртіндеп қалпына келе бастайды, алдымен қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделген бір жылдықтар пайда болады, олар біртіндеп, көпжылдық түрлермен алмастырылады. Зерттеулер астықты-ақ жусанды және әр түрлі шөпті – астықты – ақ жусанды өсімдіктері бар қара қоңыр топырақтары бар ұзақ жылдар бойы игерілмеген тыңайған танаптарда жүргізілді. Өрттен 3 жыл өткен соң қайта зерттеу жүргізілді. 3 жыл өткеннен кейінгі өртенген топырақтың морфологиялық сипаттамасы топырақ қабатының жоғарғы бөлігіне және дала киізіне ғана өрт әсері байқалғанын көрсетті. Қара қоңыр топырақтардың физикалық және химиялық қасиеттерін талдау нәтижелері өрттің әсерінен топырақтың негізгі қасиеттері өзгеретінін көрсетеді. Өрттен кейінгі бірінші жылы топырақ ерітіндісінің реакциясының жоғарылауы және қара қоңыр топырақтың жоғарғы қабаттарының құрылымдық жағдайының нашарлауы байқалды. 3 жыл өткеннен кейін осы көрсеткіштердің жақсару үрдісі байқалады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Джубатырова, С.С.
Беркалиева, А.А.

85.

Подробнее
81
Т 23
Таусоғарова, А. Қ.
Мәдениетаралық коммуникация табыстылығының тілдік факторлары [Текст] / А. Қ. Таусоғарова, С. Т. Базарбек // БҚУ хабаршысы. - Орал, 2021. - №2. - Б. 176-183
ББК 81
Рубрики: языкознание
Кл.слова (ненормированные):
лингвомәдени ерекшеліктер -- тілдік кедергілер -- коммуникация -- мәдениетаралық коммуникация -- стилистикалық коннотациялар -- лексикалық сәйкестіктер -- грамматикалық сәйкестіктер -- интернационал сөздер -- мәдени-тілдік кедергілер -- мәдени-әлеуметтік коннотациялар
Аннотация: Қазіргі жаһандану үдерісіне орай түрлі мәдениеттер өкілдері арасындағы қарым-қатынастың сәтті жүзеге асуы, өзара түсіністігінің орнауы олардың шетел тілін меңгеру деңгейлеріне, лингвоелтанымдық біліктілігіне тікелей байланысты. Мәдениетаралық коммуникация - бұл әр түрлі мәдениетті тасымалдаушылар арасындағы байланыс. Бұл мәдениеттер арасындағы айырмашылық қарым-қатынас кезінде белгілі бір қиындықтарға әкеледі. Бұл қиындықтар әр адамға тән, әрине, әр түрлі мәдениетте ерекшеленетін күту мен алшақтықтың айырмашылығына байланысты. Әр түрлі мәдениеттің өкілдері алынған ақпаратты әртүрлі тәсілдермен ашады. Бұл түсінбеушілікке, шиеленіске және қарым-қатынас қиындықтарына әкеледі. Мақалада әлем тілдерінің бірі – ағылшын тілін дәнекер тіл ретінде коммуникацияда қолдану барысында туындауы мүмкін тілдік кедергілер қарастырылады. Мәдениетаралық коммуникация үдерісіндегі тілдік кедергілерді тұлғаның ұлттық ерекшелігі, сөйлеу әдеби, ұлттық менталитет, әлемнің тілдік бейнесі, ұлттық ойлау ерекшелігінің грамматикалық формалармен байланысты зерттеу мақсаты көзделеді. Сонымен қатар мақалада мәдениетаралық коммуникация барысында көрініс беретін тілдік кедергілердің алдын алу немесе оларды еңсеру жолдары ұсынылады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Базарбек, С.Т.

86.

Подробнее
63
К 88
Кужабергенова, К. И.
ХХ-ХV ғғ. батыс еуропаның аграрлық дамуы (франция, англия, германия, италия, испания). [Текст] / К. И. Кужабергенова, Б. М. Мырзабаева // БҚУ хабаршысы. - 2021. - №4. - Б. 124-151
ББК 63
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
Батыс Европа -- феодализм -- жер иеленушілік -- шаруалар; басыбайлылық -- феод; барщина -- тауар-ақша қатынастары -- феодалдық иерархия -- феодалдық шаруашылық -- вассал.
Аннотация: Бұл мақалада Х-ХV ғғ. арасындағы Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи үрдістің негізгі мазмұны болған – феодализм генезисінің даму қарқындары мен ерекшеліктері қарастырылады. Феодализм генезисін қамтамасыз еткен екі процесс: феодалдық типтегі жер иеленушіліктің қалыптасуы және шаруалар басыбайлылығының қалыптасуы зерттеледі.Аталған мақалада салыстырмалы талдау әдісі арқылы ХІ-ХV ғғ. Францияның, Англияның, Германия және Италияның аграрлық қатынастар тарихы зерттеледі. ХІ-ХV ғғ. Батыс Еуропа елдеріндегі ортағасырлық феодалдық қатынастардың алғышарттары, жағдайы, факторлары және даму эволюциясы сарапталады. Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер және тауар-ақша қатынастарының даму факторлары қарастырылады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Мырзабаева, Б.М.

87.

Подробнее
26
Т 82
Тулегенов, Е. А.
Жер беті тұщы су қоймаларының өздігінен тазаруы заңдылықтарына негізделудің маңыздылығы. [Текст] / Е. А. Тулегенов, Е. С. Нуркеев, Н. Е. Усенов // БҚУ хабаршысы. - 2021. - №4. - Б. 215-221
ББК 26
Рубрики: География
Кл.слова (ненормированные):
Гидробионт -- ксенобиотик -- седиментатор -- гетеротрофты бактерия -- макрофиттер -- метаболит -- су тоғандары -- су флорасы мен фаунасы
Аннотация: Мақалада су ресурстарын интеграцияланған басқару принциптері, ландшафттың негізгі көрсеткіштері бойынша ақпарат жинау; су қоймаларында поллютанттардың шоғырлануын бағалау; су жинау алаңы аумағындағы қоқыстардың сипатын анықтау, экотоксиканттардың әлеуетті көздерін анықтау; су қоймаларының өзін-өзі тазарту процестерін бағалау; су қоймаларының өзін-өзі тазарту және сапасын жақсарту процестерін қолдау үшін су қоймаларын қорғау және оңалту әдістерін таңдау бойынша зерттеу нәтижелері қарастырылған. Мақалада су объектілерінің қауіпсіздік стратегиясы экожүйенің табиғи жағдайда дамуының факторлары болып табылуы негізінде судағы ерітілген оттегі мөлшері мен оттегіні биологиялық тұтынудың арақатынасы бойынша су қоймаларының өздігінен тазарту қабілетіне баға берілді. Су қоймаларының түбіндегі шөгінділерден анықталған тұрақты органикалық ластағыштарға жүргізілген зерттеудің және жер беті су ресурстарын тұрақты органикалық ластаушылар бойынша олардың жиынтық үлесіне жүргізілген салыстырмалы талдаудың қорытындыларының ұсыныстары берілді.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Нуркеев, Е.С.
Усенов, Н.Е.

88.

Подробнее
66
И 50
Имашев, Э. Ж.
Батыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз етілу деңгейін аумақтық саралау [Текст] / Э. Ж. Имашев, Н. С. Ақболат // БҚУ хабаршысы. - 2022. - №1. . - Б. 159-169. - (Педагогика, филология,тарих, экология, география сериясы)
ББК 66
Рубрики: Политика
Кл.слова (ненормированные):
мектепке дейінгі ұйымдар -- аумақтық саралау -- қамтамасыз етілу деңгейі -- әкімшілік аудандар -- факторлар -- Батыс Қазақстан облысы -- үрдіс -- өсу -- типология -- аумақтық орналасуы
Аннотация: Мақалада Абай өлеңдері синтаксистік поэтика тұрғысынан сарапталады. Абай өлеңдерінің синтаксистік тұрғыдан зерттелу жайына тоқтала отырып, өлеңді нормативтік синтаксис бойынша және синтаксистік поэтика тұрғысынан зерттеудің екі түрлі мәселе екендігіне және соңғысы бойынша Абай өлеңдері әлі де зерттеу нысанына ілінбегендігіне назар аударылады. Поэтикалық синтаксистің құралы синтаксистік фигуралар болып табылады және ақынның тек өзіне тән стилистикалық ерекшелігін тануға септігін тигізеді, өйткені троптар өзге ортада да «өмір сүре алатын» болса, синтаксистік фигуралар көбінесе түрлі қатынастардағы бір реттік қолданыс ретінде көрініс табады. Сонымен қатар өткен ғасырдың ортасынан постмодернистік бағыттың үстемдік құра бастауына байланысты «жеке шығармашыл тұлға» деген ұғымның маңыздылығы төмендеп, бұл мәселеге аса мән берілмей келгендігі сөз болады. Ал соңғы кезде тіл ғылымының өз зерттеу нысанын өзіне қайтару мәселесі көтеріле бастағандықтан, шығармадағы синтаксистік фигураларды танып, талдаудың өзектілігі арта түсті. Автордың пікірінше, Абай өлеңдерінің негізінде жасалған бұл талдау қазақ филологиясында назардан тыс қалған мәселені толықтыруға септігін тигізеді. Және де автор синтаксистік фигураларды топтастыруда бірізділіктің жоқ екендігін баяндай отырып, оны ретке келтіру мәселесі бойынша өз ұсынысын білдіреді.
Держатели документа:
БҚУ
Доп.точки доступа:
Ақболат, Н.С.

89.

Подробнее
42.113
Б 11
Бұршақ тұқымдастарының топырақтағы маңыздылығы және оны зақымдайтын зиянкес бунақденелілер [Текст] / С. М. Кабаева, А. К. Кафизова, Е. Ж. Куанышкалиев, А. Е. Сабитова // БҚУ хабаршысы. - 2022. - №2. - Б. 213-218
ББК 42.113
Рубрики: Зерновые бобовые культуры
Кл.слова (ненормированные):
Бұршақ тұқымдас -- егістік алқабы -- топырақ және өсімдік жамылғысы -- топырақты азотпен байыту
Аннотация: Биoлoгиялық ғылыми тұжырымдaрғa негізделген биoлoгия сабaқтарындaғы прaктикaлық жәнe зертхaнaлық жұмыcтaр тaбиғи ныcaндармен жұмыc іcтeу дaғдылaры мeн оқытудың көрнекі құралдары ғылымға бағыттайды. Осы тұрғыдан, бұршақ тұқымдастардың зиянкес бунақденелері коллекциясы көрнекі табиғи оқыту құралы ретінде пайдаланады. Осыған орай, бұршақ тұқымдастарды зақымдайтын бунақденелілер жергілікті аймақтың фитосанитариялық жағдайы көптеген адамды қызықтырары сөзсіз. Бұршақ тұқымдастар жер бетінде қурап қалған соң, өсімдіктегі азот топыраққа қайта оралады, онда ыдырайтын (бактериялар мен саңырауқұлақтар) органикалық заттар басқа өсімдіктер пайдалана алатын нитрат сияқты бос азот иондарына айналады. Осылайша, бұршақ дақылдары топырақты азотпен байытады. Топырақтың физикалық-химиялық құрамы жақсарады.Топырақ пен өсімдік жамылғысының арақатынасында заңдылық бар. Сол үлгі бойынша топырақтың физикалық және химиялық құрамына да назар аудару керек. Жоғарыда атап өткеніміздей, топырақта заттардың жетіспеушілігі дәнді және бұршақ дақылдарының өнімін де, сапасын да төмендететіні сөзсіз. Топырақ құрамының нашарлау себептерінің бірі зиянкестердің шоғырлануы болып табылады. Әрине, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығыны тек зиянкестерге ғана емес, өсімдiктердің зaқымдaлуына, олардың төзімділігіне, ауа - райына, ауылшаруашылық технология деңгейіне, ауыспалы егістегі орны мен басқа да агробиологиялық факторларға бaйлaныcты. Бұpшaқ тұқымдac өсiмдiктeрдiң шaруaшылық мәнi зoр. Бaғaлы aзық - түлiк жәнe жeмшөптiк дaқыл рeтiндe өсiрiлeдi. Қaзақстaндa егicтiк жәнe көкөнicтiк мәдeни бұршaқ және астық тұқымдac өсмдiктeрдeн жоңышқа еркекшөп
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Кабаева, С.М.
Кафизова, А.К.
Куанышкалиев, Е.Ж.
Сабитова, А.Е.

90.

Подробнее
35.514
Ж 49
Жексенов, А.
Батыс Қазақстандағы мұнай кен орындары [Текст] / А. Жексенов // «Кушаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. - Орал, 2022. - Б. 46-50
ББК 35.514
Рубрики: Переработка нефти и нефтяных газов. Производство нефтепродуктов
Кл.слова (ненормированные):
Мұнай -- газ -- сирек -- экспорт -- Өндіріс факторлар -- әскери-өнеркәсіптік көрсеткіштері -- Экономика -- Халықаралық валюта қоры -- банк -- геология -- Гурьевмұнайгазгеология -- Оралмұнайгазгеология -- Ақтөбемұнайгазгеология -- Қазгеофизика -- Оңтүстікказгеология
Аннотация: ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстан халқының меншігінде, әлемдегі ең бай жер қойнауы бар. Мұнай, газ, сирек кездесетін қымбат рудалар мен минералдар, орман, құстар, балық т.б. - бүкіл қоғамға және әрбір адамға жұмыс істеу тиіс. Қазіргі Қазақстан экономикасының негізі және еліміздің экспорттық түсірілімдерінің бастысы мұнай мен газ болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанның мұнай өндірісіне бес миллиард доллардан астам ақша аударылды, бұл республикамызға түскен тікелей инвестицияның үлкен бөлігін құрайды