Choice of metadata Художественная литература
Page 17, Results: 170

А 14
Әбдіқадыров, Қ.
Қажымұқан [Текст] : повесть және әңгімелер / Қ. Әбдіқадыров. - Алматы : Атамұра, 2007. - 240 б. - (Атамұра кітапханасы). - ISBN 9965346402 : 2397.92 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
қалмақан әбдіқадыров -- қажымұқан -- атақты палуан -- күрес -- чемпион -- қажымұқан мұңайтпасов -- повесть -- әңгімелер -- ақтұяқ -- амантай -- колхоз шалы -- тау елінің данышпан баласы -- тапқыш
Аннотация: «Қажымұқан» повесінде қазақ халқының атақты палуаны, классикалық күрестің дүниежүзілік чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы қызықты, тартымды баяндалған.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 1
ах (1)
Свободны: ах (1)

А 36
Айтматов, Ш.
Қош бол, Гүлсары. Ғасырдан да ұзақ күн [Текст] : роман, хикаят / Ш. Айтматов ; Ауд. Ш. Мұртаза. - Астана : Фолиант, 2024. - 488 б. - (Әлемдік классика). - ISBN 9786011101097 : 4144.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
шыңғыс айтматов -- қош бол гүлсары -- ғасырдан да ұзақ күн -- роман -- хикаят -- әлемдік классика
Аннотация: Бұл кітапқа Шыңғыс Айтматовтың екі туындысы енгізіліп отыр. Әйгілі жазушының шығармаларында өмірдің ащы шындығы, адамның ішкі арпалысы, сезім күйлері, табиғат пен адам арасындағы көзге көрінбейтін байланыс шебер суреттеледі. Колхозшылардың соғыстан кейінгі өмірін арқау еткен «Қош бол, Гүлсары» хикаятында автор жүйрік жылқының тағдыры арқылы аумалы-төкпелі қиын кезеңнің көрінісін көз алдымызға әкеледі. Ал «Ғасырдан да ұзақ күн» романы қоғам қасіреті мен ұлттық рухани құлдырау мәселесіне жұрт назарын аударады. Тілін, тегін, дінін ұмыта бастаған мәңгүрттердің әрекетін баяндау арқылы оқырманға ой салады.
Держатели документа:
БҚУ
Доп.точки доступа:
Мұртаза, Ш. \ауд.\
Экземпляры всего: 4
чз1 (1), ах (3)
Свободны: чз1 (1), ах (3)

О-80
Отарбаев, Р.
Қыз Данайдың қырғыны [Текст] : роман, хикаяттар / Р. Отарбаев. - Астана : Фолиант, 2024. - 184 б. - (Сөз-маржан). - ISBN 9786011100090 : 3124.80 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
рахымжан отарбаев -- қыз данайдың қырғыны -- роман -- хикаяттар -- шыңғыс ханның көз жасы -- дүние ғайып -- бесқасқа беріштің хикаясы -- төрттаған -- сөз-маржан
Аннотация: Қазақ прозасының көрнекті өкілі, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың бұл кітабына «Қыз Данайдың қырғыны» романы және «Шыңғыс ханның көз жасы», «Дүние ғайып», «Бесқасқа Беріштің хикаясы», «Төрттаған» хикаяттары еніп отыр. Қаламгер шығармаларында өмірдегі қайшылықтар мен күрестерді рухани ішкі қайшылықтармен астастырып береді. Тарихи һәм бүгінгі заман кейіпкерлерінің табиғатын, мінезін шебер суреттей отырып, бәріне ортақ «мәңгілік мәселелер» жайлы терең ой қозғайды.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 4
чз1 (1), ах (3)
Свободны: чз1 (1), ах (3)

М 91
Мұртаза, Ш.
Қызыл жебе [Текст] : роман. . Т.2. / Ш. Мұртаза. - Астана : Фолиант, 2024. - 740 б. - (Сөз-маржан). - ISBN 9786012716672 : 5185.60 тг.
Рубрики: Художественная литература (романы, повести, рассказы)
Кл.слова (ненормированные):
шерхан мұртаза -- қызыл жебе -- роман -- сөз-маржан -- жұлдыз көпір -- қыл көпір -- тамұқ
Аннотация: Бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе» романы — Шерхан Мұртазаның тарихи негізде жазылған еңбектерінің бірі. ІІ томда "Жұлдыз көпір", "Қыл көпір", және "Тамұқ" атты кітаптары беріліп отыр. Мұнда ержеткен, білімді Тұрардың біртіндеп қоғам ісіне араласа бастағаннан қайраткерлік жолының шыңына дейінгі алмағайып аласапыран ғұмыры баяндалады. Жастайынан әділетсіздікті көріп өскен ол теңдік орнаған бейбіт қоғам құру жолында аянбай тер төгеді. Бұл томда Тұрардың революциялық, қайраткерлік бейнесі ашылған. Сталиндік саясаттың қармағына ілінген, шиеленіске толы өмір әсерлі суреттеледі.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (4)

Н 90
Нұршайыков, Ә.
Мәңгілік махаббат жыры [Текст] : поэма / Ә. Нұршайыков. - Астана : Фолиант, 2024. - 304 б. - (Сөз-маржан). - ISBN 9786011100724 : 3348.80 тг.
Кл.слова (ненормированные):
әзілхан нұршайықов -- мәңгілік махаббат жыры -- поэма -- жиырма сөз -- мінәжат -- сұхбат -- сұраққа жауап -- аппақ қардай ақ махаббат болсын -- баян сұлуға арналған монолог немесе сөйленбеген сөз -- әскери жинаққа арналған анықтама -- соңғы хаттар -- халимаға хат
Аннотация: Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың бұл туындысы өзінің жан жары, әдеби серігі, қазақ халқының тамаша қызы Халима апамызға арналған. Ұлттық тәлім-тәрбиелік мәні зор шығарма қара сөз және ақ өлеңмен жазылған. Сенім, адамгершілік, ізеттілік, мөлдір махаббаттың сырын кеңінен қамтыған шығармада отбасылық өмір, ер адам мен әйел адам арасындағы берік байланыс пен сыйластық, махаббат пен өзара түсіністік мәселесі қозғалады.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 4
чз1 (1), ах (3)
Свободны: чз1 (1), ах (3)

Т 51
Тоқаев, К.
Түнде атылған оқ [Текст] : хикаяттар, деректі жазбалар / К. Тоқаев. - Астана : Фолиант, 2024. - 352 б. - (Алтын тамыр). - ISBN 9786011102315 : 2844.80 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
кемел тоқаев -- түнде атылған оқ -- хикаяттар -- деректі жазбалар -- таудағы жаңғырық -- замандастар жыры -- алғашқы кездесу -- қасиетті қала -- жұмбақ қыз -- ала киімді адамдар -- алғашқы адам -- біздің жетекшіміз -- арнаулы тапсырма -- кек алушылар -- қар үстіндегі қан -- ирина операциясы -- жағадағы жалау -- партизандар соқпағымен -- сыр бойында -- асудан асқанда -- тоқты-ака -- болашақ туралы ойлар
Аннотация: Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған көрнекті қаламгер Кемел Тоқаев шытырман оқиғалы көптеген роман-хикаятымен оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Бұл жинаққа жазушының «Таудағы жаңғырық», «Түнде атылған оқ», «Замандастар сыры» деген туындылары енгізіліп отыр. Алдыңғы екі шығармада тәртіп сақшыларының қылмыскерлерді ашудағы табанды қимылдары, ерен істері суреттелсе, «Замандастар сыры» деректі хикаятында сұрапыл соғыс жылдарында Украина жерінде ерлік көрсеткен партизандардың өмірі мен түрлі ұлт өкілдерінің достығы баяндалады. Өз дәуірінің болмысын көркем сөзбен кестелеген қаламгер кейіпкерлерін өмірдің өзінен алады. Шым-шытырық оқиғалар мен ширыққан сюжетке құрылған шығармалардың тілі жатық, оқиғасы тартымды.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (4)

Б 75
Бөдешұлы, Ж.
Жұлдызтас [Текст] : өлеңдер мен дастандар / Ж. Бөдешұлы. - Астана : Фолиант, 2025. - 400 б. - (Алтын тамыр). - ISBN 9786011103077 : 3617.60 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
бөдешұлы жәркен -- жұлдызтас -- өлеңдер -- дастандар -- замандар мен адамдар -- сары көбелек сағыныш -- аудармалар -- ән -- сөз -- елес -- отан -- ақ қайыңда неліктен қара дақ бар -- мәңгілік сызық -- мен сені өлеңіме қосып алдым -- өмір керуен -- жер-ананың ұлысың -- жақсы ит -- күзет -- оралу -- азу тіс -- күн мен жырдың тұғыры -- күту -- жыр-жорық -- ғасырлар сарыны
Аннотация: Бұл кітапқа Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері — ақын Жәркен Бөдешұлының өлең-дастандары еніп отыр. Бірінші бөлімде шайырдың адам, қоғам туралы толғаныстары берілсе, екінші бөлімде сағыныш жырлары қамтылған. Ал үшінші бөлім өзге ел ақындарынан аударған тәржімалары. Ақынның ағынды толғаулары мен сырлы сезімдері заман тынысымен астасып жатыр.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (4)

А 36
Айымбетов, М.
Бопай ханым [Текст] : тарихи роман / М. Айымбетов. - Астана : Фолиант, 2024. - 224 б. - (Алтын тамыр). - ISBN 9786012719550 : 2139.20 тг.
Рубрики: Художественная литература (романы, повести, рассказы)
Кл.слова (ненормированные):
мәди айымбетов -- бопай ханым -- тарихи роман -- алтын тамыр -- бибәтима бәтима -- бопай ханша
Аннотация: Аталған тарихи роман он сегізінші ғасырда өмір сүрген қазақтың бас ханы Әбілқайырдың жары Бопай Сүйіндікқызының өмірнамасына арналған. Сол кезеңде қазақ халқын неше түрлі жаугершілік амалымен өзіне тәуелді етуге жанталасқан орыс билігіне қарсы тұрған хан ордасының әскери-саяси өмірі — шығарманың негізгі арқауы. Бодан болып жан сақтауды емес, теріскей көршімен келісім жасау арқылы ынтымақтаса отырып өз елінің бүтіндігін сақтауды көздеген Әбілқайыр ханның тағдырындағы Бопай ханымның орны шынайы да әсерлі бейнеленген. Романның басты көркемдік қағидасы – төл тарихымыздың қалтарысында күні бүгінге дейін бұрмаланып келген шындық пен ақиқатты көрсету.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (4)

Д 15
Дәлейұлы, Ұ.
Жошы хан [Текст] : тарихи роман / Ұ. Дәлейұлы. - Астана : Фолиант, 2024. - 480 б. - ISBN 9786011101660 : 5364.80 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
дәлейұлы ұларбек -- жошы хан -- тарихи роман
Аннотация: Жазушы Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» тарихи романы Шыңғыс заманы мен оның тұңғыш ұлы Жошы хан жорықтарын сөз етеді. Жошының қым-қиғаш күндерде ғұмыр есігін ашуы, өскен ортасы мен жастық шағы, алғашқы жорық жолы мен өмірінің соңына дейінгі оқиғалар барынша толық баяндалады. Романның құндылығы – сол дәуірге қатысты жазылған ең сенімді дереккөздерді пайдалана отырып, оқиғалар өрісін шынайы фактілермен түйіндеуінде. Таңғұт, шүршіт соғыстары, ғалам тарихында елеулі орны бар Хорезм жорықтары, шайқас орындары сол қалпы көркем тілде хатқа түскен. Жошы хан Хорезм жорығынан қайтып, Шыңғыс қағанның арнайы жарлығымен Дәшті-Қыпшақ даласында «Жошы ұлысын» құрады. Бүгінгі Қазақ Елі сол Жошы ұлысының жерінде Алтын Орданың қарашаңырағын ұстап отыр. Бұл – Жошы хан жайында жазылған тұңғыш роман.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (4)

Т 51
Тоқтаров, Р.
Абайдың жұмбағы [Текст] : роман / Р. Тоқтаров. - Астана : Фолиант, 2024. - 856 б. - (Сөз-маржан). - ISBN 9786011100953 : 5824.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
тоқтаров рамазан -- абайдың жұмбағы -- роман -- толғақ -- жұлдыз құрбандық -- қызғаныш -- хақиқат мекені -- нұрсипат
Аннотация: Танымал жазушы Рамазан Тоқтаров өзінің «Абайдың жұмбағы» атты романында ұлы ақынның туғанынан бастап дүниеден өткеніне дейінгі тұтас бір дәуір панорамасын жасауды мақсат еткен. Романда Абай өмірінің сан салалы қоғамдық, әлеуметтік көріністері кең қамтылып, айшықты көркем тілмен бейнеленген. Автор ұлы Абайдың әдеби бейнесін толымдырақ етіп жеткізу үшін қамтылмай келе жатқан жайттарға, ақын өмірінің әлі ашылмаған қырларына бойлап, уақыт тасалаған шындыққа бүгінгі заман көкжиегінен көз жібереді. Романда оның әйгілі тұстастары, қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов пен ғұлама жазушы Ф.М. Достоевскийдің Семей қаласында бас қосқан жылдары, сондай-ақ Абайдың өз ақын шәкірттерін тәрбиелеу бағытында сіңірген ғибратты істері де баяндалады. Қалың оқырман жылы қабылдаған бұл туындыны зерттеушілер жаңа дәуірдегі әдебиетімізге қосылған сүбелі үлес деп таниды. Шынайы суреткердің шеберлігін танытқан шығарманың көркемдік дәрежесі жоғары, тілі бай.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 4
чз1 (1), ах (3)
Свободны: чз1 (1), ах (3)
Page 17, Results: 170