Choice of metadata Художественная литература
Page 15, Results: 170

Б 78
Бөкей, О.
Мұзтау. Қар қызы [Текст] : хикаяттар / О. Бөкей. - Астана : Фолиант, 2023. - 240 б. - ISBN 9786012716344 : 3186.40 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
оралхан бөкей -- мұзтау -- қар қызы -- хикаяттар
Аннотация: Оралхан Бөкей өр Алтайдың тамылжыған тұмса табиғатын, ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын, олардың қилы тағдырын өзінің үлкенді-кішілі шығармаларына өзек етті. Қандай әңгімесін қолыңызға алмасаңыз да, оның әр парағынан ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады. Жазушының әңгімелері өмірді сүюге, табиғат әдемілігін көре білуге үйретеді. Әр шығармасының түбінде терең түйін, астарлы ой бұғып жататындықтан, оны бірден түсіну қиын. Алайда арманшыл, қиялшыл болғанымен, ойшыл, мұңшыл, жан дүниелері сағыныш пен ынтығуға, күрсініс пен өкінішке, шексіз ынтызарлық пен құпияға толы кейіпкерлері ә дегеннен қызықтырып әкетеді. Кітапқа жазушының шоқтығы биік шығармалары — «Мұзтау» және «Қар қызы» хикаяттары еніп отыр.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

П 15
Памук, О.
Менің атым Қырмызы [Текст] : роман / О. Памук ; Түрік тілінен ауд. А. Құрмет. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2021. - 640 б. - ISBN 9786013386195 : 2138.08 тг.
Рубрики: Художественная литература (романы, повести, рассказы)
Кл.слова (ненормированные):
Орхан Памук -- нобель сыйлығының иегері -- менің атым қырмызы -- роман -- махаббат -- сопылық тариқаттар -- көркем жазу -- тарихи тұлғалар -- отырықшы түркілер -- көшпенділер дүниетанымы
Аннотация: Бұл кітап тек махаббат тақырыбына құрылған шығарма емес. Сопылық тариқаттар, көркем жазу, миниатюра, кітап безендіру, сәулет өнерінің мұсылман жұртшылығына тән ерекшеліктері, сондай-ақ тарихи тұлғалардың өмірі жайындағы хикаяттар сөз болады. Автор отырықшы түркілер мен көшпенділердің дүниетанымындағы айырмашылықты сурет өнерін сипаттай отырып, әдемі баяндайды.
Держатели документа:
БҚУ
Доп.точки доступа:
Құрмет, А. \түрік тілінен ауд.\
Экземпляры всего: 2
чз1 (1), ах (1)
Свободны: чз1 (1), ах (1)

Н 90
Нұршайықов, Ә.
Махаббат, қызық мол жылдар [Текст] : роман / Ә. Нұршайықов. - Астана : Фолиант, 2022. - 424 б. - ISBN 9786012714968 : 3617.60 тг.
Рубрики: Художественная литература (романы, повести, рассказы)
Кл.слова (ненормированные):
Әзілхан Нұршайықов -- Махаббат, қызық мол жылдар -- роман -- махаббат
Аннотация: Әзілхан Нұршайықовтың бұл романына «Қызыл көрпе» атты ауызша әңгімесі негіз болған. Кейінірек «Махаббат жыры» повесі аталып, 1964 жылы жеке кітап болып жарық көрген. Ал 1970 жылы баспадан тұңғыш рет «Махаббат, қызық мол жылдар» романы болып шықты. Оқиға Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі ұрпақтардың жүрегін әлі күнге дейін толқытып келеді. Роман кейіпкерлері – өмірдің қиын жолдарынан өтіп, өздерінің асыл мұраттарына дақ түсірмей, кіршіксіз сақтай білген адал жандар.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

Ж 27
Жансүгіров, І.
Құлагер [Текст] : поэмалар / І. Жансүгіров. - Астана : Фолиант, 2023. - 168 б. - ISBN 9786012716108 : 1458.24 тг.
Рубрики: Художественная литература (Стихотворные жанры)
Кл.слова (ненормированные):
Ілияс Жансүгіров -- құлагер -- поэмалар -- күйші -- күй -- еркіндік -- құлдық -- махаббат -- зұлымдық -- өлім -- өмір -- пәни тіршілік -- мәңгілік өнер
Аннотация: Бұл кітапқа қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, көркем сөздің хас шебері Ілияс Жансүгіровтің романтикалық сарында шалқыған шабытпен, поэзиялық құдіретті қуатпен жазылған ең таңдаулы поэмалары енді. «Қазақ поэзиясының Құлагері» атанған дүлдүл ақынның «Күй», «Күйші» және «Құлагер» поэмалары қазақ поэзиясын өзгеше үлгілермен байытты. Жинаққа енген жыр-дастандарында еркіндік пен құлдық, махаббат пен зұлымдық, өлім мен өмір, пәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі. Ақынның сюжетті жырлары өмір шындығының қат-қабат шытырман күйлерін тереңдей барлайтын ойшылдыққа құрылған.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

А 14
Әбдіқадыров, Қ.
Қажымұқан [Текст] : хикаят / Қ. Әбдіқадыров. - Астана : Фолиант, 2023. - 288 б. - ISBN 9786012717181 : 2397.92 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
қалқаман әбдіқадыров -- қажымұқан -- хикаят -- қар күреген бала -- жаяу сүйреген шана -- көптің көмегі -- халықтың ескертулері -- қабанкөлдегі күрес -- батрак-акмолинский -- ұлы петрдің қаласында -- парижде -- алыпсоқ шидем-купінский -- жиб-жица күресі -- мырза -- балуан шолақпен кездесу -- құдалық -- үйлену -- арбакеш -- оңтүстікке сапар -- мінәйім жеңгей -- отан соғысының бір күні -- қазығұрттың баурайында -- қайғысы мен қуанышы -- ұзақ сапарға -- қажымұқан мұайтпасов -- атақты палуан -- классикалық күрестің дүниежүзілік чемпионы
Аннотация: «Қажымұқан» хикаятында қазақ халқының атақты палуаны, классикалық күрестің дүниежүзілік чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы қызықты, тартымды баяндалған. Бұл — жаратылысынан күшті болған, оған өзінің қайсар мінезі қосылып, үнемі алға ұмтыла бергенінің арқасында әлемге танылып, талай мықтылардың жауырынын жер иіскеткен әйгілі палуан Қажымұқан Мұңайтпасов туралы шығарма. Авторы — Қажымұқанның өз аузынан 23 күн бойы бар оқиғасын арнайы тыңдап, жазып алған қазақтың көрнекті жазушысы Қалмақан Әбдіқадыров.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 2
чз1 (1), ах (1)
Свободны: чз1 (1), ах (1)

А 45
Алдар көсе [Текст] : қазақ халық ертегілері / Құраст. Г. Ақжолова. - Астана : Фолиант, 2023. - 144 б. - ISBN 9786012717983 : 2505.44 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
алдар көсе -- алдардың тууы -- көсе атануы -- алдар косенің әкесінен бата алуы -- алдардың білгір құс тапқаны -- алдар көсе мен қу жауырын -- алдар көсе мен егінші бай -- алдардың ұрыдан ат алуы -- байды алдаған алдар -- жиренше мен алдар -- алдар көсе мен молда -- алты жігітті алдауы -- қазақ халық ертегілері
Аннотация: Алдар көсе- қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз-әңгімелерде өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Алдар көсе қазақтың нанымында халықтың қамқоршысы ретінде белгілі. Оның әр қараекеті бай, менменсоқ, зорлықшыл адамдардың тәубесін есіне түсіріп, ақылмен алдап, ел алдында масқаралап, халық қошеметіне бөленген. Ол сараңдығы үшін халық Шықбермес шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагерлердің алдынан өгіздерін айдап кетеді. Алдар көсе- түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен т.б) әдебиетіне ортақ тұлға. Бұл Алдар көсе жайындағы аңыз-әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді.Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ.
Держатели документа:
БҚУ
Доп.точки доступа:
Ақжолова, Г. \құраст.\
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

М 90
Мұқанов, С.
Аққан жұлдыз [Текст] : роман. 1-кітап. / С. Мұқанов. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2021. - 448 б. - ISBN 9786013388915 : 3348.24 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
сәбит мұқанов -- аққан жұлдыз -- роман -- шоқан уәлиханов -- құсмұрынның қырқасында -- қара шаңырақ -- шарасыз шыңғыс -- есенейдің ерегісі -- шалдуар шоқан -- оқу жолында -- қарашылар -- балықшылар арасында -- жәмшік жолымен -- кадет корпусында
Аннотация: Сәбит Мұқанов қазақтың ХІХ ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Романды жазу барысында Қытайдың Шыңжан өлкесіне барып, Шоқан басып өткен елді мекендерді аралап, бастан кешірген оқиғаларына терең үңіліп, зерттеу жасады. Омбы мен Ленинград қаласындағы мұрағаттар мен кітапханаларды ақтарып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. «Тұманды дәуірде» өмір сүріп, өз халқының алдында «болу не болмау» мәселесінің тұрғанын бүкіл болмысымен, жан дүниесімен ұғынған Шоқан Уәлиханов ұрпақтары үшін жарық жұлдыз екенін Сәбит Мұқанов тағы бір дәлелдеді. Ол өз халқын жан-тәнімен сүйген Шоқанды «тамаша ойшыл» ретінде суреттейді.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

М 90
Мұқанов, С.
Аққан жұлдыз [Текст] : роман. 2-кітап / С. Мұқанов. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2021. - 528 б. - ISBN 9786013388908 : 3348.24 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
сәбит мұқанов -- аққан жұлдыз -- роман -- сәтті сапар -- сібірдегі сабақтар -- алысқа аттанарда -- шоқан уәлиханов
Аннотация: Сәбит Мұқанов қазақтың ХІХ ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Романды жазу барысында Қытайдың Шыңжан өлкесіне барып, Шоқан басып өткен елді мекендерді аралап, бастан кешірген оқиғаларына терең үңіліп, зерттеу жасады. Омбы мен Ленинград қаласындағы мұрағаттар мен кітапханаларды ақтарып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. «Тұманды дәуірде» өмір сүріп, өз халқының алдында «болу не болмау» мәселесінің тұрғанын бүкіл болмысымен, жан дүниесімен ұғынған Шоқан Уәлиханов ұрпақтары үшін жарық жұлдыз екенін Сәбит Мұқанов тағы бір дәлелдеді. Ол өз халқын жан-тәнімен сүйген Шоқанды «тамаша ойшыл» ретінде суреттейді.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

Н 90
Нұршайықов, Ә.
Ақиқат пен аңыз [Текст] : роман-диалог / Ә. Нұршайықов. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2022. - 480 б. - ISBN 9786012712810 : 3456.32 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
әзілхан нұршайықов -- ақиқат пен аңыз -- роман-диалог -- ұлы отан соғысы -- бауыржан момышұлы
Аннотация: Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының және А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогында Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының сонау балауса шағынан бастап, аты аңызға айналған қолбасшы, атақты жазушы, алты алашқа ардақты ұлы перзент боп тұлғалануына дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

А 13
Абай. Қара сөздер [Текст]. - Астана : Фолиант, 2023. - 120 б. - ISBN 9786012716122 : 778.40 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
абай -- қара сөздер
Аннотация: Абайдың қара сөздері — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын, өмірде түйген көзқарасын саралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы, көркем әдебиеттегі ерекше қадамы, жаңашыл бастамасы. Қара сөз қалың оқырманды ізгілікке шақырар, адамгершілікке баулып, санаға сілкініс, ойға қозғау салатын, жүрекке жігер беретін сипатымен құнды, ақынның сыншылдық, ойшылдық, адамгершілік мәселелеріне арналған, ой еркіндігімен жеткізген өсиет, нақылының, ойтолғауының жиынтығы. Барлығы 45 сөзден тұратын ерекше туынды болашаққа бағыт-бағдар сілтейтін бағдаршам ретінде әр адамның айнасы болып, ғұмырлық ұстанымын қалыптастырары сөзсіз.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (3)
Свободны: чз1 (3)
Page 15, Results: 170