Choice of metadata Статьи ППС
Page 35, Results: 363
Report on unfulfilled requests: 0
341.

Подробнее
32.81
М 52
Мергенбаева, А. Х.
Ашық онлайн курстардың информатика мұғалімдерін даярлаудағы артықшылықтары [Текст] / А. Х. Мергенбаева, А. Е. Елтаев // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 19-28.
ББК 32.81
Рубрики: Информатика
Кл.слова (ненормированные):
ашық онлайн курстар -- информатика мұғалімдері -- кәсіби құзыреттілік -- оқу процесі -- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар -- білім беру -- оқу бағдарламасы -- әдістемелік тәсілдер
Аннотация: Болашақ информатика мұғалімдерін даярлау жүйесінде ашық онлайн курстарды қолдану қазіргі білім беру процестерінің тиімділігін арттыруға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Мұндай курстардың мүмкіндіктері оқу бағдарламасына инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуге, оқытудың сапасын көтеруге және студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға ықпал етеді. Ашық онлайн курстарды болашақ информатика мұғалімдерін даярлау жүйесінде қолданудың тиімділігі мен артықшылықтары туралы зерттеу барысында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің физика-математика факультетінің студенттеріне онлайн сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 115 студент қатысып, олардың пікірлері мен тәжірибелері жинақталды. Студенттер ашық онлайн курстардың білім алуға мүмкіндік беретінін, уақытты тиімді пайдалануға және жаңа ақпараттық технологияларды игеруге ықпал ететінін атап өтті. Онлайн курстарды оқу барысында өз бетімен жұмыс істеу дағдылары дамиды, оқу мотивациясы артады және теория мен практиканың үйлесімі жақсарады деген пікірлер білдірілді. Дегенмен, курстарды пайдалану барысында техникалық қиындықтар мен интернет байланысының төмендігі студенттер үшін маңызды кедергі болып табылатындығы анықталды
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Елтаев, А.Е.

342.

Подробнее
74
Д 42
Джонисова, Г. К.
Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың инновациялық бағыттары [Текст] / Г. К. Джонисова // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 38-49.
ББК 74
Рубрики: Педагогика
Кл.слова (ненормированные):
ұлттық құндылық -- мектепке дейінгі ұйым -- ұлттық дүниетаным -- білім мазмұны -- үлгілік оқу бағдарламсы -- инновациялық моделі
Аннотация: Мақалада ұлттық мазмұндағы мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың инновациялық бағыттары қарастырылған. Этнопедагог ғалымдарының ұлттық құндылық туралы тұжырымдары негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың үлестік дүниетанымын қалыптастырудағы құндылықтардың маңызы көрсетілген. Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру стандарттарын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік оқу бағдарламаларын талдай отырып, балалардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін материалдар қандай көлемде екендігі анықталады. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбие процесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың инновациялық моделі ұсынылады. Сондай-ақ, Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық құндылықты қалыптастыруға бағытталған ата-аналармен бірлескен қызметтің инновациялық нысандары туралы айтылады. Ата-әжелер мектебінің, ата-әжелер мектебінің, аналар мен әкелер мектебінің жұмысын жаңа форматта ұйымдастыру бойынша ізденістер баяндалды

343.

Подробнее
32.81
К 71
Қосмырза, Ж. Т.
Электрондық ақпараттық ресурстардың пайда болуының тарихи және теориялық-практикалық негіздері [Текст] / Ж. Т. Қосмырза, Г. Е. Сабденова // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 50-63.
ББК 32.81
Рубрики: Информатика
Кл.слова (ненормированные):
Ақпарат -- ақпараттық ресурс -- ақпараттық технология -- электронды қызмет -- электронды кітапхана -- цифрлық ақпараттық ресурстар -- инновациялық инфрақұрылым -- шетелдік ақпараттық жүйелер -- ақпараттық қоғам -- қоғамның эволюциялық дамуы
Аннотация: Тарихи дереккөздер қатарына электронды ақпараттық ресурстар да кіреді. Сол себепті бұл мақаланың мақсаты – электрондық ақпараттық ресурстардың пайда болуы мен дамуына ықпал еткен теориялық негіздер мен практикалық факторларды зерттеу болып табылады. Мақалада шетелдік ғалымдардың тақырыпқа қатысты жазылған еңбектеріне теориялық тұрғыда сараптамалар жасалынды. Ғалымдардың еңбектерін қарастыра келе мақалада сипаттамалық әдістер кеңінен қолданылды. «Ақпарат» және «ресурс» терминдеріне анықтамалар беріліп, ақпараттық ресурстың қалыптасуы қарастырылды. Сонымен қатар мақалада ішінара ақпараттық ресурстардың эволюциясы ежелгі өркениеттен бастап бүгінгі таңға дейінгі кезеңдеріне шолу жасалынды. Ақпараттық ресурстардың эволюциясына әсер еткен негізгі жаңалықтар кезеңдер арқылы бөліп көрсетілді. Тарих бойынша ақпараттық ресурстардың дамуының қоғам мен мәдениетке қалай әсер еткені талқыланды. Соның ішінде ақпараттық мәдени салалардың бірі болып табылатын кітапхана қызметіне ақпараттық технологияның еніп, ақпараттық ресурстардың сақталуы, жинақталуы бойынша жұмыстары қаралды. Көптеген шетелдік авторлардың тақырыпқа қатысты еңбектеріне салыстырмалы түрде талдау жасаланып, сараптамалар жасалынды. Зерттеу жұмыстары бойынша бүгінгі таңда кез келген мекемелер дамуға ұмтылса өз қызметтеріне жаңашылдық енгізіп, күнделікті қаракеті мен іс тәжірибелерін қайта қарастыруы керек. Бұл зерттеу электронды ақпараттық ресурстардың пайда болуын анықтау арқылы тұжырымдар жасалып, теориялық негіздер мен практикалық әзірлемелер туралы түсінік береді.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Сабденова, Г.Е.

344.

Подробнее
81.2
А 52
Алтай, А. А.
Қазіргі ғылым парадигмасындағы «лингвистикалық интеллект» ұғымы [Текст] / А. А. Алтай, А. М. Абызова, Б. Ж. Каримова // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 87-100.
ББК 81.2
Рубрики: Языкознание
Кл.слова (ненормированные):
интеллект -- лингвистикалық интеллект -- вербалды интеллект -- тілдік операциялар -- коммуникация -- риторика -- металингвистикалық аспект
Аннотация: Ғылыми мақалада «лингвистикалық интеллект» ұғымының қазіргі ғылым кеңістігіндегі орны мен зерттелу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «лингвистикалық интеллект» терминінің ерекшеліктері, қалыптасуы және оның ішкі құрамдас компоненттерін айқындау болып табылады. Жаһандану мен цифрлық өркениет ықпалының артуына байланысты жеке тұлғаның лингвистикалық әлеуетін арттыру өзекті мәселеге айналды. Адамның ақыл-ой қабілетінің айқын көрінісі саналатын бұл ұғымды түбегейлі зерттеп, лингвистикалық интеллектіні қалыптастыру және дамыту, жүзеге асу формаларын белгілеу, басты тілдік операцияларға сипаттама беру арқылы негізгі ғылыми міндет жүзеге асады. Зерттеу әдістемесіне лингвистикалық интеллект ұғымын нақты айқындауға мүмкіндік беретін лексикографиялық анализ, концептуалды саралау мен құрылымдық модельдеу тәсілдері кіреді. Зерттеліп отырған құбылысқа отандық және шетелдік ғалымдардың берген тұжырымдамалары мен бақылауларына сүйеніп оның басты белгілері анықталды. Сондай-ақ соңғы зерттеулер қорытындысы лингвистикалық интеллектінің дербес ерекшеліктерін көрсетіп отыр. Ұсынылған модельдер мен сызбалар нақты ғылыми дәлелдемелерді саралау нәтижесінде қалыптасты. Негізгі тұжырымдар лингвистикалық интеллектінің қазіргі уақытта жіті зерделеуді қажет ететін тұжырым екендігін дәлелдеді. Зерттеу тіл біліміне үлес қоса отырып, тың түсінік арқылы жаңа ғылыми нәтижелер алуға болатынын айғақтайды. Жұмыстың практикалық мәні лингвистикалық интеллекті ұғымының ерекшеліктеріне назар аудара отырып оны қалыптастыру мен дамыту мәселесін белгілеумен айқындалады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Абызова, А.М.
Каримова, Б.Ж.

345.

Подробнее
83
А 90
Асетова, А. Л.
Әдеби карталарды "Өзіндік оқу" курсында мәтінді терең талдау құралы ретінде пайдалану [Текст] / А. Л. Асетова // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 101-106.
ББК 83
Рубрики: Литературоведение
Кл.слова (ненормированные):
әдеби карталар -- мәтінді талдау -- үйде оқу -- ағылшын әдебиеті -- сыни ойлау -- белсенді оқыту -- педагогикалық құралдар
Аннотация: Әдеби карталар - әдебиет курстарында мәтінді талдауды жақсартудың динамикалық құралы. Мақалада әдеби карталарды оқу іс-әрекетіне интеграциялау бойынша практикалық ұсыныстар келтірілген, бұл олардың әдеби талдауды жақсарту және белсенді оқытуды ынталандыру әлеуетін көрсетеді. Әдеби карталар - үйде оқу курсының бөлігі ретінде мәтінді талдауды жақсартудың қуатты құралы. Көрнекі негізді қамтамасыз ете отырып, олар студенттерге ақпаратты жүйелеуге, байланыстарды анықтауға және әдеби мәтінге тереңірек енуге көмектеседі

346.

Подробнее
83
С 11
Сұлтанғалиева, Р. Б.
Мемуарлық прозадағы шығармашыл тұлғаның көркем бейнесі: ой әлемі және портреттер типологиясы [Текст] / Р. Б. Сұлтанғалиева, А. Т. Ибатолла // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 107-119.
ББК 83
Рубрики: Литературоведение
Кл.слова (ненормированные):
проза -- мемуар -- автобиография -- мемуар -- роман -- күнделік -- естелік мемуар
Аннотация: Зерттеудің мақсаты – қазақ әдебиетіндегі мемуар жанрының ерекшеліктерін айқындау, мемуарлық шығармаларды зерделеу, шығармалардың тілі мен табиғатына тоқталу. Мемуар жанрында жазылған шығармалардың баяндау бірлігін талдау, көркем бірлік тұрғысынан зерделеу. Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі мемуарлық жанрдың табиғаты туралы сөз қозғалады. Қазақ әдебиетінде мемуарлық жанр ерте дами бастады. Өз алдына бөлек жанр ретінде өзіндік типологиясымен ерекшеленетін бұл жанрдың тарихы өте ертеден, Орхон-Енисей жазбаларынан бастау алған. Мақалада мемуарлық жанрдың формалары мен жазылу түрлеріне қарай талдау жасалады. Мемуарлық жанрдың түрлеріне естелік, автобиография, естелік мемуар, хат, күнделіктер жатады. Автордың баяндауына қарай мемуарлық жанрдың ерекшеліктерін байқауға болады. Кейбір шығармаларда үзік-үзік естеліктер жазылса, ал кейбіреуінде балалық шағынан бастап автор өзі тоқтаған өмірінің кезеңіне дейін жазады. Өмірінің соңына дейін жазу не жазбауды автор өзі шешеді. Өмірінің белгілі бір кезеңіне дейін жазуды жөн көруі де мүмкін. Мемуарлық шығармалар арқылы біз сол замандағы халық мұраты мен ұлт тағдырын, халық үнін ести аламыз. Тарих жалпылама жазылатын болса, мемуарда біз жеке бір тұлғаның өзіндік ойы мен өзіне аян шындығын білеміз. Мемуар жанры жалаң баяндаудан тұрмайды. Олай болса, оқырманды еліктіре алмас еді. Баяндау шеберлігі, образды жасау тәсілдері, характерді ашатын диалогтар құруы, мінездеме мен портреттерді жазу жолдары ерекше рөл ойнайды. Мемуарлық шығармалардың ішіндегі М.Мағауин, Ә.Нұршайықов, Қ.Жұмаділов сынды жазушылардың романдарындағы шығармашыл тұлғаның бейнесі талқыланады. Аталған авторлардың өзіндік қолтаңбалары мен жазу стильдері айқындалады. Шығармаларға арқау болған өмір шындығы мен көркемдік ізденістері, автор мен кейіпкер өзара байланысы танылады. Мемуарлық жанр мен тарихи романдардың аражігі айқындалады. Мемуарлық шығармада тарихты берудің, шындықты жеткізудің көркемдік тәсілдері, автордың қалай жүзеге асырғандығы жайлы сөз болады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Ибатолла, А.Т.

347.

Подробнее
63
Т 50
Тойбаев, А. Ж.
Тарихи тұлғатанудың теориялық-методологиялық мәселелері [Текст] / А. Ж. Тойбаев, Д. Сейтжан, М. Әбубәкір // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 137-157.
ББК 63
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
тарих ғылымы -- тарихи тұлғатану -- тұлға -- Отан тарихы -- зиялы -- ұлт тарихы -- тарихи
Аннотация: XXI ғасыр - әлемдік деңгейде ғылымының кемеліне келген кезеңі. Себебі, жаңа технологиялардың қарыштап дамуы барысында жаңа тың технологиялар, мамандықтар пайда болып адамзат баласына қызмет етуде. Сонымен қатар, сан қырлы ғылым салалары өзара байланыста болып, жаңа тың зерттеулер дүниеге келді. Осыған байланысты тарих ғылымы басқа салаларымен етене байланыста болуы арқылы жаңа тың деректер көбеюде және теориялық-методологиялық әдістемелер жасалу үдерісінде. Осы бағытта, тарих ғылымының бір саласы болып табылатын тұлғатану бойынша жаңа ғылыми еңбектер дүниеге келді. Бұл бойынша авторлар Отан тарихындағы тұлғатанудың тарихи маңызын атап көрсеттті. Себебі, өмірдің әр сәті мен әр оқиғасы адамдардың қатысуымен болып, нәтижесінде ол кезеңдер тарихқа айналады. Мақалада, тұлғатану бойынша теоиялық-методологиялық талдаулар жүргізілді. Мақалада тарих ғылымының бір саласы болып табылатын тұлғатану туралы қалам тербеген Отандық ғалымдардың еңбектері тарихи тұрғыда аталып өтіледі. Осыған орай, мақала жүйелелілік, объективтілік және тарихилық принциптер бойынша талдау жасалынды. Тұлға дегеніміз өз ойын нақты және толыққанды, жүйелі жеткізе алатын, озық терең ойымен, білімідлігімен ерекшеленетін адамдар болып табылады. Осы бойынша, мақалада Отан тарихындағы белгілі ғалымдардың еңбектеріндегі тұлға қғымы бойынша ғылыми-тұжырымдар берілді
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Сейтжан, Д.
Әбубәкір, М.

348.

Подробнее
63
Ш 12
Шақшақов, Қ. Ғ.
Ботай мәдениетінің ескерткіштеріндегі кешенді зерттеулер [Текст] / Қ. Ғ. Шақшақов, М. З. Утегенов // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 172-182.
ББК 63
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
Тарих -- археология -- ескерткіш -- Солтүстік Қазақстан -- мәдениет -- Ботай
Аннотация: Мақалада Ботай мәденитетіндегі соңғы археологиялық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы көрнекті ғалым В.Ф. Зайберттің жетекшілігімен 1980 жылы Ботай энеолиттік қонысы ашылды, кейінгі зерттеулер Солтүстік Қазақстан, Көкшетау және Ботай халықаралық экспедициясының ал кейінгі жылдары Ботай қонысына ұқсас болып келген бірқатар ескерткіштер – оның ішіндегі Рощинское, Сергеевка, Красный Яр, Васильковка, Баландино қоныстары ашылды. Солтүстік Қазақстан мен далалық белдеудің энеолиттік ескерткіштеріне қатысты материалдарды талдай келіп, біз мынадай бір заңдылықты байқадық. Ботай мәдениетінің археологиялық нысандар Орал-Ертіс аралығында көп жағдайда классикалық далалық экожүйеде, ал шекаралық аймақтарда – солтүстүгінде орманды-далалық, оңтүстігінде жартылай шөлді өңірлік орналасқан. Ботай мәдениетінің ескерткіштерінің зерттеу жаратылыстану ғылымдары саласындағы отандық, батыстық және ресейлік сарапшылардың зерттеулерінде Ботай қонысының артефактілері және мәдени қабаттарын жан-жақты талдау зерттеу нәтижесінде көптеген автордың жасаған ғылыми жаңалықтарын растайды. Сондай-ақ Ботай мәдениетінің басқа қоныстары. ерте жылқы шаруашылығының құрылымы мен технологиясы Ботай мәдениеті Еуразия және Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Ботай мәдениеті тарихы ескерткіштері ғылыми және жалпы ғылыми әдебиеттерде үнемі талқылануда
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Утегенов, М.З.

349.

Подробнее
63
А 15
Абилева, Н.
Орталық Азия елдері қыш ісінің бейзаттық аспектісі: аңыз-әңгімелер мен нанымдар [Текст] / Н. Абилева, С. Рахимжанова, Ж. Аккошкарова // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 219-230.
ББК 63
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
саз -- қыш ісі -- материалдық емес мәдени мұра -- Орталық Азия -- этнография -- тірі мұра
Аннотация: Мақалада қыш ісіне қатысты аңыз-әңгімелер мен нанымдар материалдық емес мәдени мұраның бір бағыты ретінде ғылыми деректер мен этнографиялық материалдарға негізделіп, рухани мұра ретінде қарастырылады. Дала жұмыстары барысында алынған этнографиялық мәліметтер мен ғылыми материалдар негізінде Орта Азия елдері қыш ісінің материалдық емес аспектісін зерттеу. Аталған мәселені зерделеу кезінде этнографияны зерттеудің негізгі әдістері, атап айтқанда сауалнама және анкета әдістері қолданылды. Сонымен қатар, қыш ісі туралы аңыздар мен рәсімдердің даму процесін анықтауға ықпал еткен сарқыншақ әдісінің ерекше маңыздылығын атап өткен жөн. Алынған мәліметтер негізінде қыш ісіне қатысты аңыз-әңгімелер мен нанымдар материалдық емес мәдени мұра ретінде дәстүрлі дінмен өзгеріске ұшырап, немесе жылдан жылға өз өзектілігін жоғалтып барады. Орталық Азия елдері қыш ісінің материалдық емес мәдени мұрасын зерделеу негізінде мәліметтердің мардымсыз екені анықталып, аталған сұрақ жан-жақты зерттеуді қажет ететіндігі, сонымен қатар бар ақпарат негізінде материалдық емес мәдени мұра элементтерін қайта жаңғыртып, артынан тізімдеу жүргізу қажет етеді деген қорытынды жасалды
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Рахимжанова, С.
Аккошкарова, Ж.

350.

Подробнее
63
К 38
Қият, А.
Бопай ханым Қасымқызының тарихтағы бейнесі: деректерді талдау [Текст] / А. Қият // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 231-246.
ББК 63
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
Төре -- сұлтан -- ханым -- Түркістан -- округ -- көтеріліс -- шежіре
Аннотация: Қазақ тарихында қандай оқиға орын алмасын әйелдердің рөлі көріне бермейді. Патриархаттық құрылымда өмір сүрген қазақ қауымында ат жалын тартып тізгін ұстаған жауынгерлердің батырларға айналуы мен қолбасшылардың ерліктері аңыздар мен жыр-дастандарда баяндалып, әйелдер қазан-ошақ пен бала тәрбиесінің айналасында қалып қояды. Хан-сұлтандардан бастап қатардағы жауынгердің тылында отбасының хал-ахуалы әйелдердің қолында болды. Сөйте тұра, отбасында ғана емес, күллі әулетте құрметке ие болып, сөзін өткізе білген қазақ әйелдері аз емес-ті. Біздің мақаламыз осындай сый-құрметтің иесі Бопай ханым Қасымқызына арналып отыр. Зерттеу барысында Бопай ханымның тарихи бейнесі айшықталып, аңыз бен ақиқаттың арасын ажыратуымызға мүмкіндік туды. Оның Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күресіндегі орны айқындалды. Сайып келгенде, Бопайдың елдегі беделі оның бірбетекей ер мінезділігінің арқасында екендігіне көзіміз жетті. Әрине, оның төре тұқымынан шыққан тегі мен «ханым» статусы да рөл ойнады. Мақаланың бір жаңалығы, Бопай ханымның отбасының тағдырынан хабар береді. Оның алты ұлынан тараған немере-шөберелерінің есімдері тұңғыш рет жарияланып отыр