Choice of metadata Статьи
Page 6, Results: 75
Report on unfulfilled requests: 0
51.

Подробнее
80
О-53
Олжабай , С.
Жемқорлық - жегі құрт [Текст] / С. Олжабай // Жалын . - 2020. - №3. - Б. 14-20
ББК 80
Рубрики: Филологические науки
Кл.слова (ненормированные):
мемлекет саясаты-ұлттық қауіпсіздік -- өмір -- ақиқат -- Алматы қаласы -- Аркен Әбдіғани
Аннотация: (Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек…) Өмірдің ақиқатын шарқ ұрып іздегенде хакім Абайға соқпай өте алмаймыз. Жан жарасы жазылмай кеткен ұлы ақын бойымыздағы барлық мінді қаз-қалпында бүкпесіз айтып кеткен ғой. Сондықтан ба, кезінде ащы шындықты шімірікпей айтқан абыз ақынды айналасындағылар, айналасында болғанда жақындары жабылып жұдырықтады. Данышпан сонда да айтарынан қайтқан жоқ. Сонда ол өз халқың жек көргеннен осыны айтты ғой деймісіз. Жо-жоқ, қателесесіз, «қайтсем, халқымның бойындағы қыңыр мінезді, жалқаулығын, арамдығын, өсекқұмарлығын, бекерден бекер мал шашатын шайпау әдетін, маңғаз мақтанқорлығын, сарыжамбас жа-тыпішерлігін бойларынан сылып тастаймын» деп жанталаспады ма? Сонда түзелген қазақ қайда? Ғұламаның ғибаратты өсиеттерін құп көріп, дұрыс, таза жолға түскені қайда? Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек,- деп аһ ұрды ары тыныш таптырмаған ақын. Иә, шөлмек мың күнде емес, бір-ақ күнде сынып, жайрап қалмақ. Біздің сырты бүтін, іші түтін кейбір шенеуніктеріміз былайғы жұртқа сырбаз, салмақты көрінуге тырысып баққанымен, қалтарыстағы қойыртпақтары ақтарылып қалып, ел-жұртқа масқара болып жатыр. Осылай бетпердесі сыпырылып, өздерінің шынайы өмірдегі шындығын әйгілеп, бір-ақ күнде қасықтап жинаған абыройларын шелектеп төгіп алады. Сөзуарлығымыз ұстап кетіп немесе әлдекімге қыр көрсеткіміз кеп қыжыртып отырғанымыз жоқ. Абай атаға сүйеніп сөз сабақтағанда санаға салмақ түсірген сорақылықтар көзге шалынған соң шарасыздықтан шырылдап отырған жай бар. Енді сөзіміз шындықтан шығандап кетпеу үшін әңгімемізге тұздық іздеп көрелік. Күні кеше Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппе-ляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Рақымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті. Бұл жөнінде ҰҚК ресми өкілі Аркен Әбдіғани мәлімдеді. Күдікті сотталушының жазасын жеңілдететуге көмектескені үшін елеулі мөлшерде пара алған. Бүгінде оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 366 бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Былтырғы 11 желтоқсан күні Сарыағаш ауданындағы мамандан-дырылған әкімшілік сотының судьясы көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, шетел азаматтарына жағдай жасағаны әшкереленді. Алматы қаласында аудандық соттың төрағасына қатысты іс қозғалғаны белгілі болып отыр. Халықтың соңғы үміті сот деген тұжырым қалыптасқан. Ал, сол соңғы үміттің жалғанар жері былғанышты болса шағымданушылар, жәбір-жапа көрушілер енді кімге барады? Мұндайда дана қазақ «Ет сасыса тұз себесіз, тұз сасыса не себесіз?» деп түңілмей ме? Расында, бұл түңілетін-ақ жағдай. Түңілдіретін, толғандыратын, ті-тіркендіретін түйткілдер тасқындай түсуде. Айталық, адам жанының арашашысы деп ардақтап, Алладан кейінгі құтқарушымыз деп сеніп жүрген ақ желеңді «абзалдарымыз» өміріңізді саудаға салса, кімнен үміт күткендейсіз? Шымкент қаласындағы №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Доңбаев мақтаулы-ақ жан еді. «Алтын қолды дәрігер» атанып жүрген бұл азамат халықаралық қылмыстық топқа қосылып, адам-дардың бүйрек, бауырын алмастырып келген деген күдікке ілікті. Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы Санжар Әділов хабарлады. Ал, Шымкенттегі балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері мемлекет қаржысын (20 миллион) жымқырды деген айыппен үйқамақта отыр. Кешегі Кеңес үкіметі тұсында «милиция-қорғаным» деп ұранда-тушы едік. Бүгінде «полиция-парақорым» деп тіліміз күрмеліп тұр. Мәселен, осыдан бірер жыл бұрын Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары ауызбастырыққа 200 мың теңге алып жатқаны үстінде қолға түсіп, оқасына дақ түсіріп алды. Осы іспен сыбайлас учаскелік инспектор қашып кеткен. Ал Шымкент қаласындағы Қаратау аудандық ішкі істер бөлімінің үш бірдей капитаны есірткі бизнесімен айналысып жүрген қылмыскерді құрықтап, оны жауапкершіліктен құтқарып жіберу үшін 5 мың АҚШ долларын сұраған. Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінің майоры 10 мың теңге алып жатқаны үстінде қолға түсті. Шымкент қалалық полиция департамені өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел уәкілі сотталды. Оған сот шешімімен 8 миллион теңге айыппұл салынған. Оның азаматтық патрульдік бекетте жұмыс істейтін сержанттан тиісті «қамқорлық» жасау үшін ааляқтық жолмен 400 мың теңге пара алғаны және газ тапаншасын заңсыз ұстағаны туралы айтылады. Ал, Атырау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Қайралдапов ұсталған. Әскерилердің де құлқыны жаман болмай тұр. Мәселен, жуырда Қорғаныс министрлігінің жоғары шенді генералы ұсталды. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен аталған министрліктің қызметкерлері қол-ға түсірген. Ол қарамағындағы қызметкерлердің лауазымын өсіріп, қамқорлық жасап отыруы үшін елеулі көлемде пара алған көрінеді. Ақтөбе облыстық қорғаныс жөніндегі департамент басшысы, полковник Ғалымжан Жантөрин әскери-техникалық мектепке курсанттар қабылдауда көз қысты, бармақ бастыға барғаны үшін күдікті ретінде қолға түсті. Әскери прокурор Мейіржан Қашымжанов осы мектептің үш қызметкері бұдан бұрынырақ істі болғанын айтып отыр. Былтыр ҚР Ішкі істер министр-лігінің орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы, полковник Исабеков қолға түскен. Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы да құрықталған деседі. Жемсауы жыбырлап тұратын жебірлер арасында әкімдердің, басқа да лауазым иелерінің жиі кездесетіні ойландырмай қоймайды. ҚР Энер-гетика министрінің орынбасары Ғани Сәдібеков курортты қалалардағы көлдерді тазартуға бөлінген қаржыны үптегені үшін сотты болғаны белгілі. Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынов туралы жайсыз хабар тарады. Оның көмекшісі Төлеген Бәстенов 9 миллион теңге пара алып жатқан жерінде құрықталған. Көп уақыт ұзамай Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов құрықталды. Оның не бүлдіргенін тергеу қорытындысынан соң білеміз. Былтыр Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Саулауоваға қатысты шу шықты. Ол мектеп асханаларына жеткізілуі тиіс жиһаздарды саудаға салған. Осы жиһаздарға 34 миллион теңге қаралған екен. Соның 5 миллион теңгесіне орынбасардың көзі түскен ғой. 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қаражаттан 10 миллион теңгені қымқырған білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев пен оның орынбасары Роза Қабдулова ұсталғаннан кейін Нұрсәуле ханым өз еркімен қызметінен кетіп еді. Жуырда Нұрсәуле Сайлауова 2 жылға, Роза Қабдулова 4 жылға шартты түрде сотталды. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары да алдыңғы жылы ұятқа қалып еді. Енді Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында аудан әкімі ұсталды деген хабар тарады. Былтырғы қазан айында Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округінің әкімі үй құрылысына жер телімін бергені үшін 500 мың теңге аламын деп құрықталды. Ал, Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы сауда жасауға рұқсат беру және кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсету үшін бір азаматтан 65 мың теңге аламын деп от басып қалды. Павлодар облысы Қалқаман ауыл-дық округінің әкімі бас маманмен бірігіп, әкімдік ғимаратына төлем терминалдарын қою бойынша келісім-шарт жасасу кезінде 50 мың теңге пара алған. Алматы облысы Байсерке ауылдық округі әкімінің бұрынғы орынбасары қызметін асыра пайдаланған. Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің басшысы мердігерді бопсалап, пара алғаны үшін сотты болды. Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі 300 мың теңге пара алғаны үшін 23,4 миллион теңге айыппұл төлеп құтылған. «Казпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Б.Пірәлі біреуді жұмысқа орналастырамын деп басы бәлеге қалды. Оны Тараз қаласы №2 соты мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырып, 7,5 миллион теңге айыппұл салды. Таяуда Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді табысты етеміз деген шенеуніктер 35 миллион теңге парамен ұсталды. Олар мол қаражатты сүт арасына жасырған. Флягтан сарылдап төгілген сүт арасынан кленкаларға мұқият оралған бума-бума теңге түскенде аспаннан шұға жауғандай таңырқамаған пенде қалмады. Ақтау қаласында Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық қадағалау жөніндегі комитеті қалалық инспекциясы басшысы да нысанға алынып отыр. Оның көп мөлшерде пара алғаны белгілі болған. Былтыр Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлық фактілерімен 73 адам ұсталған. Оның 15-і жымқыру, біреуі қызметін асыра пайдалану, 57-сі парақорлық дерегі ретінде тіркелген. Осы сияқты мысалдарды тізе беруге қалам ұшы да шыдамай бара жатқандықтан, осы жерден үзуге тура келеді. 2019 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев-тың төрағалығымен сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткені белгілі. Осы кеңесте Президент: -Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен екі мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан астам адам жауапқа тартылады. Бұл-батпандап кіріп, мысқылдап шығатын кесел. Осы ауруды шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін, – деп жебірлер мен жегіштердің жолын кесу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Қоғам дертіне айналған бұл кеселдің жолын кесу оңай болмай тұр. Қазір оған қарсы шаралардың бірі ретінде жемқорлық жайлы хабарлаған адамдарды ынталандыру шаралары көзделініп отыр. Мәселен, сіз біреудің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетін байқасаңыз және оның ұсталуына көмек берсеңіз соттың айыптау қорытындысынан соң сыйақы ретінде пара сомасының 10 пайызын аласыз. Бірақ, жуаннан жонып , жіңішкеден жырымдап жеген жырыңдылар сізге оңайлықпен жан алдырар ма? Жемсауы жалмауыз жандарды ұстап берем деп жүріп, құрдымға жұтылып кетпейсіз бе? Өйткені, берерменнің қашан да беделі басым, құрығы ұзын. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің бір жолы ретінде шенеуніктерді түрме тынысымен таныстыру басталып та кетті. Мұндай шаралар Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында көрініс тапты. Десек те, түрменің тыныс-тіршілігімен танысқандардың ішкі тыйымы қаншалықты нәтижелі болатыны алдағы күндердің енші-сінде. Еліміздің экономикалық және қоғамдық ахуалына жемқорлық көп мөлшерде залалын тигізеді. Сондықтан онымен күрестің бұдан да басқа тиімді, ықпалды жолдарын қарастыруымыз керек-ақ. Жебірлердің күздің күні ағаштардан құлаған жапырақтай тым көбейіп кетуін оларға қолданылатын жазаның тым осалдығынан көретіндер де бар. Мысалы, Мәжіліс алдында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов жемқорлыққа қолданатын жазаның жеңіл екенін айтып, дабыл қақты. Олар түрлі жолдармен жазаларын мерзімінен бұрын өтеп шығады. Екіншіден, алған парасының елу еселенген көлемінде айып төлеп, түрме табалдырығын аттамай-ақ тайраңдап шыға келеді. Осыдан барып жемесе жұтқыншақтары жыбырлап тұратын жебірлер «е, ұстап алса, құтылудың жолы оңай екен ғой» деп арқаны кеңге салады. Мемлекеттік қызметке қайта орала алмаса, жымқырғандарының бір бөлігіне бизнес ашып алады. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2003 жылдан бері 9 қаңтарды халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні деп белгілеп, атап өтіп келеді. Әлем болып парақорлыққа қарсы күресті күшейтуге күш салып жатқанда Румыния үкіметі Қылмыстық кодекске түзетулер енгізіп, Айды аспанға бірақ шығарды. Министрлер Кабинетінің осы өзгерістерді мақұлдағаны тұрғындардың ашу-ызасын тудырған. Өйткені, қабылданған нормативтік құжат алаяқтық пен жемқорлық әрекеті үшін жауаптылардың бос-тандыққа шығуына жол ашады. Қабылданған құжатқа зейін салайық. 48 мың доллардан төмен пара алған азаматтарды бас бостандығынан айырудың қажеті шамалы екен. Бухарест қаласында 50 мыңға жуық адам рақымшылық шарасы мен заңға өзгеріс енгізуге қарсылық ретінде шеруге шыққанымен, Румыния үкіметі заңды қабылдап жіберген. Олар бұл әрекетін сыбайластықпен түрмеге түскендердің шамадан тыс артып кетуімен түсіндірген. Ақырында, жұртшылықтың жаппай ереуінен қаймыққан үкімет өзгерістер енгізуден бас тартып барып, елді тыныштандырған. Біздің елде де парақорлармен пәрменді күрес жалғасып келеді. Бұл жөнінде тиісті Заңдар да қабылданды. Бірақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, жең ұшынан жалғасатындар көбеймесе, азаймай отыр. Шенділердің алдына мәселесін шештіріп алу үшін баратындар көп. Бүгінде қызметке «көкесіз» кіре алмайсыз. Жұмысқа тұрудың басқа да кедергілері көп. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірнеше жолдары бар. Мәселен, Грузияда шенеуніктердің санын 3 есеге азайта отырып, жалақысын 3 есеге көбейткен. Ал, Сингапур билеушілері 1952 жылдан бері сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу Бюросы арқылы жұмыс істеп келеді. Бюро мемлекеттік шенеуніктер арасындағы жемқорлыққа қатысты жағдайларды тексеріп, тиісті органдарға қажетті шараларды қолдану үшін хабарлап отырады. Қытай мемлекеті парадан бас тарту бойынша «тай-цзи» сабақтарын енгізген. Әрине, әр елдің салты басқа. Бәлкім, олардың тәжірибелері бізде оң жамбасқа келе қоймайтын да шығар. Ең бастысы Сананың тазалығында. Сана тазармай-қоғам тазармайды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықтың зияны мен зардабы туралы отбасыдан бастап мемлекеттік қызметкерлерге дейін саналарына сіңдіре сабақ өту керек шығар. Тағы да данышпан Абайға жүгінуге тура келеді. Абыз ақын не деп еді? Тыңдайық. Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек. Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек,–деп ойлы ақын бекер күйінді ғой деймісіз. «Өзімнің иттігімнен болды» деп бармақ тістейтін ұяты барлар көбейгенде ғана жұлындағы жегіқұрт жұлынып түспек. Ар, Намыс, Ұят ұялаған жер қашанда асылзат күйінде таза тұрмақ. Ендеше бізге Ар сабағы, Намыс сабағы, Ұят сабағы керек-ақ. Бұл сабақтарды ешбір дана, ұлағатты ұстаз адамдардың кеудесіне күштеп ендіре алмайды. Әр адам өзіне-өзі ұстаз бола білгенде, жүрегін таза ұстағанда ғана, ұят оянады. Ендеше, әр кеудеде шындық шамы, намыс оты сөнбесін деп тілейік. Сонда бізді ешбір шайтан жеңе алмайды…
Держатели документа:
БҚУ

52.

Подробнее
80
Б 11
Біләл, Қ.
Терроризмге қарсы күрес - мемлекеттің діни саясатының құрамдас бір бөлшегі [Текст] / Қ. Біләл // Жалын . - 2020. - №3. - Б. 45-62
ББК 80
Рубрики: Филологические науки
Кл.слова (ненормированные):
терроризм -- мемлекет -- саясат -- қоғам
Аннотация: Біз діни құндылықтар туралы білмейінше, халықтың мәдени тұтастығын, құндылықтар рөлін анықтай алмаймыз. Діни құндылықтар – ұлт үшін немесе жеке адам үшін қасиетті сенімдер жүйесі. Дін – бүгінгі күні жалпы адамзат өркениеті мен мәдениетінің дамуына үлкен әсер етіп отырған әлеуметтік феномен деп айтуға толық негіз бар. Біздің еліміздің ерекшелігі біз көпэтностық, көп-тілді және көпконфессионалды болғандықтан, бүкіл посткеңестік кеңістікте сияқты, исламмен қатар басқа діндер де жаңғырып, дами бастады. Сондықтан қазіргі таңдағы дәстүрлі діндер мемлекеттің, елдің тұрақтылығын сақтауына негіз бола отырып, діни конфессиялары арасында рухани келісімді, халықтар арасындағы бірлікті нығайтуға себеп болады. Қазіргі әлемнің, оның ішінде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылық құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалог-ты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің негізгі прин-циптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін, сан алуан этностары мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды. Сондықтан мәселені ұлттық тұрғыда саралағанда «қысқа жіп күрмеуге келмейді.» Оны білеміз. Білген соң ғой «Әттең тонның келтесі-ай» деген әнді өмірге әкелгеніміз. Келтенің аты келте. Олай тарт, бұлай тарт, бәрібір жетпейді. Жетпеген соң… Иә. Тағдырыңа налисың. Жауабы жоқ сансыз сауалдар жаныңды мазалайды. Ол сауалдардың дені «Ол неге олай, бұл неге бұлай?» деген сияқты болып келеді. Әлгіндей сауалдарды қоймасқа тағы да лажың жоқ. Өйткені… Иә. Айналамызда болып жатқан нәрсенің бәрі әділетсіз сияқты көріне береді дә. Егер бәрі әділетті болса ғой… Сол біз күткен күн келді делік. Біз сан сауалдармен мазасын алған Алла (Бұрын бізді мазалаған сауалдардың бәрі Аллаға жолданатын) ақыры әділеттілігін орнатты. Бәрі жауап беруде. Кезек бізге де жетті. Біздікі сол баяғы «қысқа жіп» қой. Қысқа болған соң, жауабы да жеңіл. Ал Алла біз сұраған нәрсенің бәрін бере бергенде не болар еді? Мынандай бір тәмсіл бар. Бір өте кедей кісі Мұса пайғамбарға: «Кедейліктен өлуге айналдым. Қанша ғибадат жасасам да дүние-мүлкім көбеймей-ақ қойды. Сондықтан Аллаға маған көп дүние-мүлік берсін деп дұға жаса» дейді. Мұса (ғс) Тур тауына барып дұға жасайды. Алла Мұсаға: «Ол құлымнан байлықты осы дүниеде берейін бе, жоқ әлде аxиретте берейін бе?» деп сұра дейді. Мұса кедейге келіп, Алланың қалауды өзіне қалдырғанын айтқанда, кедей: «Мен байлықты осы дүниеде қалаймын» деп жауап береді. Мұса оған: «Үш күндік байлықты не қыласың? Бір күні барлығын тастап кетесің ғой. Сен байлықты аxиретте сұра» деп кеңес береді. Кедей: «Таңдау маған берілді, мен байлықты осы дүниеде қалаймын» дейді. Мұса Тур тауына қайта барып, Аллаға кедейдің өтінішін жеткізеді. Алла: «Қалауы сол болса, онда сұраған байлығын осы дүниеде бердім» дейді. Кедей тез-байып шыға келеді. Алайда ол дүниесін мұқтаж адамдарға үлестірумен болады. Кедей-кепшіктерге өзі іздеп барып, қажетті бұйымдарын алып беріп, қарыздарын төлеп, жетімдерге қамқорлық жасайды. Қанша жұмсаса да дүниесі еселеніп көбейе береді. Ал ол өзгелерге қамқорлық қолын созумен болады. Уақыты жетіп, әлгі адам қайтыс болады. Мұса оның жәннатта зәулім сарайлар ішінде жүргенін көріп, оның себебін сұрағанда, Алла: «Ол байлықты дүниеде қалағанымен ол байлыққа дүниеде өзіне сарай салдырған жоқ. Бар байлығын менің ризашылығымды алу үшін кедей-кепшікке таратып, жәннат сарайларын сатып алды» дейді. Білген жөн. Біз қиялымыз арқылы иелік ететін байлықты әлгі кедей тәрізді ойша өзгелерге таратып берсек, сол сауапқа біз де қауышамыз. Себебі, сараң адам қиялындағы байлықтан да бөгде біреуге бір сабақ жіп ұстатпайды. Діндер адамзат тарихында ізгіліктің құралы болғаны анық. Бірақ саяси күштер дінді саясаттың құралы етіп алып, қатыгез саяси мақсаттарын жүзеге асырады. Технология мен ғылым дамыған кезде діни экстремизм деген ұғым жиі қолданылуда. Діни экстремизм дегеніміз – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Соған орай дініміз өтірік айтқанды қоштамайды.

53.

Подробнее
80
В 39
Ветчинова, М. Н.
Об идее создания всемирного языка науки и культуры (XIX век) / М. Н. Ветчинова // Филологические науки. - 2019. - №4. - С. 51-56
ББК 80
Рубрики: Филологические науки
Кл.слова (ненормированные):
искусственный язык -- всемирный язык -- международное общение -- XIX век -- уилкинс -- дон синибальдо де мас -- шлейер -- липтей -- волапюк -- эсперанто -- lengua catolica
Аннотация: Проанализирована идея создания всемирного языка международного общения. Отмечено, что прогрессивное человечество в едином языке видело средство продуктивного взаимодействия, быстрого доступа к научным открытиям и мировым культурным ценностям. Показаны социокультурные условия, способствовавшие появлению искусственных языков. Приведены высказывания интеллектуалов второй половины XIX в. о значимости владения иностранными языками для взаимодействия людей разных стран и культур. Дан ретроспективный анализ разработки языков, которые претендовали на роль всемирного средства общения. Обращено внимание на личности создателей искусственных языков, их основные идеи, выявлены преимущества и недостатки искусственных языков. Указаны возможные варианты создания всемирного языка. Представлены математические расчеты, благодаря которым уже на рубеже XIX-XX вв. ученые смогли предположить, какой язык может претендовать на роль международного в XXI столетии.
Держатели документа:
ЗКГУ

54.

Подробнее
80
С 12
Сабыр , М. Б.
Профессор, түркітанушы Б. Сағындықұлының ғылыми тұжырымдарының маңызы [Текст] / М. Б. Сабыр , Н.К. Жуматаева // БҚМУ Хабаршысы. - 2019. - №3. - Б. 225-231
ББК 80
Рубрики: Филологические науки
Кл.слова (ненормированные):
түбір -- архесиллаб -- архетип -- дыбыс -- дауыссыздар -- силлабология -- фонология -- негіз -- қосымша -- аффрикат
Аннотация: Мақалада профессор, түркітанушы ғалым Б.Сағындықұлының зерттеулерінің маңызы жан-жақты сараланған. Ол ұлы ғалым Ә.Нәжіптің шәкірті болып, өмір бойы ғылымға адал қызмет етіп келе жатқан көрнекті ғалым. Ғылыми тұжырымдары түркологияға қосылған тың жаңалықтар екендігі терең талданған. Сонымен қатар орта ғасырлық жазба мұраларды, тіл тарихын індете зерттеудің тұтас әдіснамалық негізін және силлабология ілімі қалыптастырғаны толық дәлелденген.
Держатели документа:
БҚМУ
Доп.точки доступа:
Жуматаева , Н.К.

55.

Подробнее
80
Г 12
Габидуллина , А.Р.
К вопросу о типах педагогического дискурса [Текст] / А.Р. Габидуллина // Вестник ЗКГУ. - 2019. - №3. - С. 231-240
ББК 80
Рубрики: Филологические науки
Кл.слова (ненормированные):
педагогический дискурс -- учебно-педагогический дискурс -- академический дискурс -- воспитательный дискурс -- методический дискурс -- образовательный дискурс
Аннотация: В статье дана классификация типов педагогического дискурса: учебно-педагогического, академического, воспитательного, методического. В основу типологии положены статусно-ролевые характеристики участников общения, цель, коммуникативные стратегии и тактики, основные коммуникативные события и связанные с ними речевые жанры, хронотоп. Показано сходство и различие таких терминов, как педагогический и образовательный дискурсы, учебно-педагогический и школьный. Подчеркнута многозначность понятий «академический дискурс», «воспитательный дискурс», «дидактический дискурс».

56.

Подробнее
80
Н 90
Нургали, К. Р.
Чеховские традиции в творчестве М.О.Ауэзова [Текст] / К. Р. Нургали, А. Т. Жумсакбаев // Вестник ЗКГУ. - 2019. - №3. - С. 240-246
ББК 80
Рубрики: Филологические науки
Кл.слова (ненормированные):
Ауэзов -- казахско-русские литературные связи -- чеховские традиции -- «новая драма» -- казахский театр -- классификация Р.Нургали -- компаративистика
Аннотация: В статье рассматривается взаимодействие известного казахского писателя и драматурга Мухтара Ауэзова с чеховскими традициями на новом этапе изучения. Особое внимание уделено новаторству пьес А.П. Чехова и основным признакам «новой драмы». Показаны традиции чеховской драмы, их влияние на творчество многих писателей XX века, в том числе и на творчество М.О. Ауэзова
Держатели документа:
ЗКГУ
Доп.точки доступа:
Жумсакбаев , А.Т.

57.

Подробнее
80
Х 24
Хасанова , И. У.
Этномәдени бірліктердің тілдік табиғаты [Текст] / И. У. Хасанова , Т. Е. Байгелдиева // БҚМУ Хабаршысы. - 2019. - №3. - Б. 253-262
ББК 80
Рубрики: Филологические науки
Кл.слова (ненормированные):
Этнографизмдер -- лингвомәдени бірліктер -- этнолингвистика ғылымы -- сөз мағынасы -- этнографиялық лексика -- тарихи лексикология -- қазақтың мәдени лексикасы -- материалдық мәдениет -- рухани мәдениет -- ұлттық психология -- таным -- өнер атаулары -- қаазақ лингвомәдениеттану ғылымы
Аннотация: Мақалада этномәдени бірліктердің тілдік табиғаты сөз болады. Қазақ этнографизмдеріне ғылыми тұрғыдан түсінік беріледі. Этномәдени бірліктердің ерекшеліктері мен лексика-семантикалық топтары қазақ жазушыларының шығармаларындағы мысалдар бойынша талданады.
Держатели документа:
БҚМУ
Доп.точки доступа:
Байгелдиева , Т.Е.

58.

Подробнее
80
Х 18
Хамзина , Г. С.
А.Сейдімбеков повестеріндегі теңеулердің стильдік қызметі [Текст] / Г. С. Хамзина , М. Т. Есматова , Ж. С. Кулибекова // БҚМУ Хабаршысы. - 2019. - №3. - Б. 262-269
ББК 80
Рубрики: Филологические науки
Кл.слова (ненормированные):
теңеу -- троп -- эпитет -- метафора -- метонимия -- синекдоха -- авторлық теңеу -- көру теңелері -- сезім теңеулері
Аннотация: Мақала көркем әдебиетте, оның ішінде А.Сейдімбеков повестерінде актив қолданылатын троптардың бірі – теңеудің стильдік қызметін қарастыруға арналады. Автор теңеудің жасалу жолдарына, түрлеріне жан-жақты тоқталады. Тіл білімінде және әдебиеттануда теңеуге берілген анықтамалар келтіріледі. Жазушы повестерінен жиналған теңеулік қолданыстар жүйеленіп талданады. Бұл мысалдар арқылы теңеудің көркем шығарма тілінде маңызды стильдік қызметімен қатар ана тіліміздің баюына, толысуына өз үлесін қосатыны анықталады.
Держатели документа:
БҚМУ
Доп.точки доступа:
Есматова , М.Т.
Кулибекова, Ж.С.

59.

Подробнее
80
С 20
Каримсакова, Б.А.
Б.Момышұлы – көркемдікті көздеген кемеңгер [Текст] / А. Саркенқызы // БҚМУ Хабаршысы. - 2019. - №3. - Б. 269-276
ББК 80
Рубрики: Филологические науки
Кл.слова (ненормированные):
тіл -- антоним -- қарама-қарсылық -- контекстік антонимдер -- қанатты сөздер -- шеберлік -- тілдік қолданыстар -- ғалымдар -- зерттеу -- пайымдау
Аннотация: Мақалада Б.Момышұлының қанатты сөздері қарастырылады. Халқымыздың бай, әрі көркем тілін, рухани қазынасын Бауыржан Момышұлы көркемдікпен қолданғаны сөз болады. Өмір тәжірибесінен туындаған ой толғамдарын Б.Момышұлы салыстыру арқылы ұсынып, көркем сөздермен жеткізе білгендігі сараланады. Ғылыми пікірлерге сүйене отырып, қарама-қарсылықтың ерекшелігі айқындалады.

60.

Подробнее
80
К 23
Каримсакова, Б.А.
Шынайы баллада шебері [Текст] / Б.А. Каримсакова // БҚМУ Хабаршысы. - 2019. - №3. - Б. 276-283
ББК 80
Рубрики: Филологические науки
Кл.слова (ненормированные):
Қ.Жармағанбетов -- баллада -- қазақ әдебиеттануы -- әдебиеттанушы -- әдебиет теориясы -- ғалым -- сыншы -- табиғи дарын -- әдебиеттің өзекті мәлелері
Аннотация: ХХ ғaсыpдың eлуiншi, aлпысыншы жылдapы ұлттық әдeбиeттiң дaмуынa, қaзaқ пoэзиясының, oның iшiндe бaллaдa жaнpының бepiк қaлыптaсып, opнығуынa eлeулi үлeс қoсқaн қaлaмгep Қaйнeкeй Жapмaғaмбeтoвтың opны epeкшe eкeнi сөзсiз. Қaйнeкeй Жapмaғaмбeтoвтың apтындa қaлғaн aуқымды әдeби мұpaсы тұтaсымeн, түгeлдeй қaмтылып, oның шығapмaшылығы хaқындa әдeбиeт сыншылapы aйтқaн пiкipлep сaлмaқтaлып, тapaзылaнды. Әдeбиeттaну ғылымының тeopиялық ұстaнымдapы нeгiзгi бaғыт peтiндe пaйдaлaнылды. Жaзушының сөзбeн суpeт сaлудaғы шeбepлiгiнe, pухaни сұлу әлeмiнe, тaбaнды тaлғaмпaздығынa жaн-жaқты тaлдaу жaсaлынып, қaлaмгepдiң тaбиғи тaлaнты сaн қыpынaн aшып көpсeтiлдi.