Choice of metadata Художественная литература
Page 7, Results: 76

М 90
Мұқанов, С.
Аққан жұлдыз [Текст] : роман. 2-кітап / С. Мұқанов. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2021. - 528 б. - ISBN 9786013388908 : 3348.24 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
сәбит мұқанов -- аққан жұлдыз -- роман -- сәтті сапар -- сібірдегі сабақтар -- алысқа аттанарда -- шоқан уәлиханов
Аннотация: Сәбит Мұқанов қазақтың ХІХ ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Романды жазу барысында Қытайдың Шыңжан өлкесіне барып, Шоқан басып өткен елді мекендерді аралап, бастан кешірген оқиғаларына терең үңіліп, зерттеу жасады. Омбы мен Ленинград қаласындағы мұрағаттар мен кітапханаларды ақтарып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. «Тұманды дәуірде» өмір сүріп, өз халқының алдында «болу не болмау» мәселесінің тұрғанын бүкіл болмысымен, жан дүниесімен ұғынған Шоқан Уәлиханов ұрпақтары үшін жарық жұлдыз екенін Сәбит Мұқанов тағы бір дәлелдеді. Ол өз халқын жан-тәнімен сүйген Шоқанды «тамаша ойшыл» ретінде суреттейді.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

А 51
Әлпейісова, К. Ә.
Жүрегімдегі жаз [Текст] / К. Ә. Әлпейісова. - Қарағанды : Форма Плюс, 2018. - 141 б. - ISBN 9786017957223 : 4000.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
камал әлпейісова -- жүрегімдегі жаз -- өмірімнің өрнегі -- сезім елі -- мың құбылған заман -- махаббат елі -- азаттық жыры -- әже сөзі -- ағаға тілек -- жасырын сыр
Аннотация: Жұртжылыққа жазушы, журналист, белгілі аудармашы, еліміздің аударма әлеміндегі жаңа сала - ілеспе аударманың ізашар мамандарының бірі ретінде танылған Камал Әлпейісованың өлеңдері ара-тұра бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанымен, бұрын жеке жинақ боп шықпаған. Бұл кітапта оның әр жылдары жазылған өлеңдері жинақталып ұсынылып отыр.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 1
кх (1)
Свободны: кх (1)

Т 59
Торайғыров, С.
Қамар сұлу [Текст] : романдар, поэмалар, өлеңдер / С. Торайғыров. - Алматы : Атамұра, 2023. - 240 б. - ISBN 9786011002967 : 3000.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
сұлтанмахмұт торайғыров -- қамар сұлу -- роман -- поэма -- өлеңдер -- кім жазықты -- таныстыру -- адасқан өмір -- кедей -- қайғы -- айтыс -- шәкірт ойы -- бір адамға -- өмірімнің уәдесі -- қыз сүю -- гүләйім
Аннотация: Қазақтың аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бұл жинағына әр кезеңдегі баспа бетінде жарияланған шығармалары енгізіліп отыр.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 1
ах (1)
Свободны: ах (1)

А 36
Айтматов, Ш.
Қош бол, Гүлсары. Ғасырдан да ұзақ күн [Текст] : роман, хикаят / Ш. Айтматов ; Ауд. Ш. Мұртаза. - Астана : Фолиант, 2024. - 488 б. - (Әлемдік классика). - ISBN 9786011101097 : 4144.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
шыңғыс айтматов -- қош бол гүлсары -- ғасырдан да ұзақ күн -- роман -- хикаят -- әлемдік классика
Аннотация: Бұл кітапқа Шыңғыс Айтматовтың екі туындысы енгізіліп отыр. Әйгілі жазушының шығармаларында өмірдің ащы шындығы, адамның ішкі арпалысы, сезім күйлері, табиғат пен адам арасындағы көзге көрінбейтін байланыс шебер суреттеледі. Колхозшылардың соғыстан кейінгі өмірін арқау еткен «Қош бол, Гүлсары» хикаятында автор жүйрік жылқының тағдыры арқылы аумалы-төкпелі қиын кезеңнің көрінісін көз алдымызға әкеледі. Ал «Ғасырдан да ұзақ күн» романы қоғам қасіреті мен ұлттық рухани құлдырау мәселесіне жұрт назарын аударады. Тілін, тегін, дінін ұмыта бастаған мәңгүрттердің әрекетін баяндау арқылы оқырманға ой салады.
Держатели документа:
БҚУ
Доп.точки доступа:
Мұртаза, Ш. \ауд.\
Экземпляры всего: 4
чз1 (1), ах (3)
Свободны: чз1 (1), ах (3)

Т 51
Тоқаев, К.
Түнде атылған оқ [Текст] : хикаяттар, деректі жазбалар / К. Тоқаев. - Астана : Фолиант, 2024. - 352 б. - (Алтын тамыр). - ISBN 9786011102315 : 2844.80 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
кемел тоқаев -- түнде атылған оқ -- хикаяттар -- деректі жазбалар -- таудағы жаңғырық -- замандастар жыры -- алғашқы кездесу -- қасиетті қала -- жұмбақ қыз -- ала киімді адамдар -- алғашқы адам -- біздің жетекшіміз -- арнаулы тапсырма -- кек алушылар -- қар үстіндегі қан -- ирина операциясы -- жағадағы жалау -- партизандар соқпағымен -- сыр бойында -- асудан асқанда -- тоқты-ака -- болашақ туралы ойлар
Аннотация: Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған көрнекті қаламгер Кемел Тоқаев шытырман оқиғалы көптеген роман-хикаятымен оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Бұл жинаққа жазушының «Таудағы жаңғырық», «Түнде атылған оқ», «Замандастар сыры» деген туындылары енгізіліп отыр. Алдыңғы екі шығармада тәртіп сақшыларының қылмыскерлерді ашудағы табанды қимылдары, ерен істері суреттелсе, «Замандастар сыры» деректі хикаятында сұрапыл соғыс жылдарында Украина жерінде ерлік көрсеткен партизандардың өмірі мен түрлі ұлт өкілдерінің достығы баяндалады. Өз дәуірінің болмысын көркем сөзбен кестелеген қаламгер кейіпкерлерін өмірдің өзінен алады. Шым-шытырық оқиғалар мен ширыққан сюжетке құрылған шығармалардың тілі жатық, оқиғасы тартымды.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (4)

А 36
Айымбетов, М.
Бопай ханым [Текст] : тарихи роман / М. Айымбетов. - Астана : Фолиант, 2024. - 224 б. - (Алтын тамыр). - ISBN 9786012719550 : 2139.20 тг.
Рубрики: Художественная литература (романы, повести, рассказы)
Кл.слова (ненормированные):
мәди айымбетов -- бопай ханым -- тарихи роман -- алтын тамыр -- бибәтима бәтима -- бопай ханша
Аннотация: Аталған тарихи роман он сегізінші ғасырда өмір сүрген қазақтың бас ханы Әбілқайырдың жары Бопай Сүйіндікқызының өмірнамасына арналған. Сол кезеңде қазақ халқын неше түрлі жаугершілік амалымен өзіне тәуелді етуге жанталасқан орыс билігіне қарсы тұрған хан ордасының әскери-саяси өмірі — шығарманың негізгі арқауы. Бодан болып жан сақтауды емес, теріскей көршімен келісім жасау арқылы ынтымақтаса отырып өз елінің бүтіндігін сақтауды көздеген Әбілқайыр ханның тағдырындағы Бопай ханымның орны шынайы да әсерлі бейнеленген. Романның басты көркемдік қағидасы – төл тарихымыздың қалтарысында күні бүгінге дейін бұрмаланып келген шындық пен ақиқатты көрсету.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (4)

Д 15
Дәлейұлы, Ұ.
Жошы хан [Текст] : тарихи роман / Ұ. Дәлейұлы. - Астана : Фолиант, 2024. - 480 б. - ISBN 9786011101660 : 5364.80 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
дәлейұлы ұларбек -- жошы хан -- тарихи роман
Аннотация: Жазушы Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» тарихи романы Шыңғыс заманы мен оның тұңғыш ұлы Жошы хан жорықтарын сөз етеді. Жошының қым-қиғаш күндерде ғұмыр есігін ашуы, өскен ортасы мен жастық шағы, алғашқы жорық жолы мен өмірінің соңына дейінгі оқиғалар барынша толық баяндалады. Романның құндылығы – сол дәуірге қатысты жазылған ең сенімді дереккөздерді пайдалана отырып, оқиғалар өрісін шынайы фактілермен түйіндеуінде. Таңғұт, шүршіт соғыстары, ғалам тарихында елеулі орны бар Хорезм жорықтары, шайқас орындары сол қалпы көркем тілде хатқа түскен. Жошы хан Хорезм жорығынан қайтып, Шыңғыс қағанның арнайы жарлығымен Дәшті-Қыпшақ даласында «Жошы ұлысын» құрады. Бүгінгі Қазақ Елі сол Жошы ұлысының жерінде Алтын Орданың қарашаңырағын ұстап отыр. Бұл – Жошы хан жайында жазылған тұңғыш роман.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (4)

Т 51
Тоқтаров, Р.
Абайдың жұмбағы [Текст] : роман / Р. Тоқтаров. - Астана : Фолиант, 2024. - 856 б. - (Сөз-маржан). - ISBN 9786011100953 : 5824.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
тоқтаров рамазан -- абайдың жұмбағы -- роман -- толғақ -- жұлдыз құрбандық -- қызғаныш -- хақиқат мекені -- нұрсипат
Аннотация: Танымал жазушы Рамазан Тоқтаров өзінің «Абайдың жұмбағы» атты романында ұлы ақынның туғанынан бастап дүниеден өткеніне дейінгі тұтас бір дәуір панорамасын жасауды мақсат еткен. Романда Абай өмірінің сан салалы қоғамдық, әлеуметтік көріністері кең қамтылып, айшықты көркем тілмен бейнеленген. Автор ұлы Абайдың әдеби бейнесін толымдырақ етіп жеткізу үшін қамтылмай келе жатқан жайттарға, ақын өмірінің әлі ашылмаған қырларына бойлап, уақыт тасалаған шындыққа бүгінгі заман көкжиегінен көз жібереді. Романда оның әйгілі тұстастары, қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов пен ғұлама жазушы Ф.М. Достоевскийдің Семей қаласында бас қосқан жылдары, сондай-ақ Абайдың өз ақын шәкірттерін тәрбиелеу бағытында сіңірген ғибратты істері де баяндалады. Қалың оқырман жылы қабылдаған бұл туындыны зерттеушілер жаңа дәуірдегі әдебиетімізге қосылған сүбелі үлес деп таниды. Шынайы суреткердің шеберлігін танытқан шығарманың көркемдік дәрежесі жоғары, тілі бай.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 4
чз1 (1), ах (3)
Свободны: чз1 (1), ах (3)

Б 41
Бейшенәлиев, Ш.
Ұрпақтар үні [Текст] : роман / Ш. Бейшеналиев. - Алматы : Жазушы , 1985. - 272 б. - 2000.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
шүкірбек бейшенәлиев -- ұрпақтар үні -- роман
Аннотация: Бұл романда қырғыз зиялылары - ғалымдар, артистер, журналистер, партия-комсомол қызметкерлері өмірінен сыр шертеді.
Держатели документа:
БҚУ
Доп.точки доступа:
Бейсенбаев, З. \ауд.\
Экземпляры всего: 3
ах (3)
Свободны: ах (3)

Е 28
Егембердиева, Ж.
Өмірінің өзі дастан [Текст] : роман-эссе / Ж. Егембердиева. - Алматы : Жазушы , 1990. - 320 б. - ISBN 5605007394 : 2000.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
жәмила егембердиева -- өмірдің өзі дастан -- роман-эссе -- көктемдей құбылмалы мінезім бар -- есейіп кетсем де -- елмен жүздесу -- бауыржан-лауреат -- мейлің күл, мейлің илан, мейлің жасқан -- ер шекіспей бекіспейді -- даңқ пен дақпырт -- соңғы сапар
Аннотация: Роман-эссе халқымыздың даңқты батыр перзенті Бауыржан Момышұлы туралы жазылған.
Держатели документа:
БҚУ
Доп.точки доступа:
Құмарова, Ш. \әдеби өңд.\
Экземпляры всего: 3
ах (3)
Свободны: ах (3)
Page 7, Results: 76