Электронный каталог

База данных: Статьи ППС

Страница 2, Результатов: 17

Отмеченные записи: 0

83
К 11

Қыдыршаев, А. С.
    Жыраулар жырын зерделеуші [Текст] / А. С. Қыдыршаев // Өркен. - 2024. - 30 қыркүйек. - №8. - Б. 15.
ББК 83

Рубрики: Литературоведение

Кл.слова (ненормированные):
Əдебиеттанушы -- ғалым -- Қабиболла Сыдиықұлы Сыдиықов -- сөз өнері -- ауыз əдебиеті -- зерттеушілер -- Əдебиет -- ақын-жырау
Аннотация: Əдебиеттанушы ғалым Қабиболла Сыдиықұлы Сыдиықов бар саналы ғұмырын қазақтың сөз өнерін зерделеуге, ғасырлар шаңы жапқан ауыз əдебиеті үлгілерін іздеуге, жинауға, жариялауға, Батыс Қазақстан өлкесінің əдеби-мəдени мұраларын зерттеуге бағыштаған. Қабиболла Сыдиықұлы - ғылыми-əдеби еңбегі, азаматтық өмір жолы өзінен кейінгілерге өнеге, халық қазынасының даналық тағылымдарын ел игілігіне айналдыру мұратына алдыңғы аға буын зерттеушілер əулетіне шын мəнінде ізбасар-сүйеніш бола білген, тып-тыныш тындырған ісі замандастарын қуантар ырысты қалам иелерінің бірі. М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты қабырғасында, мұрағат қорларында өткізген берекелі ізденістер Қабиболла Сыдиықұлының қаламына қуат дарытқан, мұраттас талай əріптестеріне нар жүгін көтертер көмбе көзін о бастан біржола тиянақтап ашып берген. Əдебиеттанушы ғалым ел аузынан халқымыздың əдеби, мəдени мұраларын жинастырушы мақсатымен зерттеуші ретінде əлсін-əлсін қайталап ат ізін салған Орал, Ақтөбе, Маңғыстау, Тарбағатай, Зайсан, Қарақалпақ өңірлері сапарларының игілігі өз алдына, Ғылым академиясының ғалым жетекшілік еткен арнаулы экспедициялары - Өзбекстан, Тəжікстан, Түрікменстан, Атырау, Маңғыстау аймағы сыйлаған қисапсыз əдеби һəм өнер қазынасы ауыз əдебиетінің бұған дейін көпшілігімізге ортақ рухани ордаларға беймағлұм қыруар нұсқалары, шежірелер мен тарихи деректер, əн-күйлер, жыраулар əуендері, ақындық үлгілер ұлттық мəдениет тарихына қатысты деректерге қол жеткізеді.
Держатели документа:
ЗКУ

Қыдыршаев, А.С. Жыраулар жырын зерделеуші [Текст] / А. С. Қыдыршаев // Өркен. - 2024. - 30 қыркүйек. - №8.- Б.15.

11.

63
З-12

Заңәділұлы, Н.
    Алтын орданың мемлекеттік идеологиясы ретінде ясауи ілімі (Қытай зерттеулері негізінде) [Текст] / Н. Заңәділұлы, Б. Сайфунов // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 285-302.
ББК 63

Рубрики: История

Кл.слова (ненормированные):
Алтын Орда -- Ислам діні -- Берке хан -- Өзбек хан -- Кубравийа тариқаты -- Ясауи тариқаты -- Ұлы жосық (Ұлы заң)
Аннотация: Алтын Орда - Жошы ұлысы негізінде құрылған мемлекет. Алтын Орда мемлекетінің хандарынан алғашқы болып Берке хан Ислам дінін қабылдады. Өзбек хан тұсында Ислам діні мемлекеттік дінге айналды. Тарихи тұрғыдан қарасақ, Алтын Орда мемлекетінің исламдану үдерісі мемлекеттік деңгейде өте жүйелі түрде жүзеге асырылды. Бұл үдерісте сопылық бағытты ұстанатын Хорезм мұсылмандарының рөлі ерекше болған. Алайда Қожа Ахмет Ясауи (1041-1166) [1; 2; 3] негізін қалаған Ясауи тариқаты маңызды рөл атқарды. Алтын Орда хандары Ислам дінін мемлекеттік дін етіп, Ясауи мектебінің ұстанымдарын мемлекеттік идеологияға айналдыру арқылы тұтас Жошы ұлысының бірлігін қамтамасыз ете алды. Ясауи ілімін ұстану арқылы көшпелі тұрмыс-салт Исламмен үндесіп ұлыстың негізін құрайтын моңғол-қыпшақ руларының қолдауына ие болды. Алтын Орда мемлекетінің ұзақ уақыт өмір сүруінің және Жошы әулеті билігінің Алтын Ордадан тарған хандықтарда да Ясауи ілімі сәулесін шашып тұрды. Көркейген ислам мәдениетімен Ясауи жолын ұстануының арқасында Алтын Орда мемлекеті парсы, орыс және тағы басқа мәдениеттерге жұтылмай түркілік реңін сақтап қалды. Мақалада Берке хан мен Өзбек хан дәуіріндегі тарихи үдерістер кеңінен қарастырылып, олардың билігі тұсында қалыптасқан саяси, діни және мәдени жетістіктерге назар аударылады. Әсіресе, Ясауи ілімін ұстану Алтын Орда мемлекетінің дамуына тигізген ықпалы ерекше атап өтіледі. Мақалада тақырыбымызға қатысты қытай зерттеулеріне айрықша мән беріліп, осы тақырыпқа қатысты қытай тарихшыларының еңбектері егжей-тегжейлі талданған. Сонымен қатар, салыстырмалы талдау әдісі қолданылып, Берке хан мен Өзбек хан дәуіріндегі исламның таралуы, құқықтық жүйенің өзгеруі және мәдени алмасу үдерістері салыстырылып сипатталады. Бұл тәсіл тарихи деректердің объективтілігін қамтамасыз етіп, Алтын Орда тарихын тереңірек түсінуде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Сайфунов, Б.

Заңәділұлы, Н. Алтын орданың мемлекеттік идеологиясы ретінде ясауи ілімі (Қытай зерттеулері негізінде) [Текст] / Н. Заңәділұлы, Б. Сайфунов // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1.- Б.285-302.

12.

28.088л6
М 12

    Маңғыстау облысында үстірт арқарының (Ovis Vignei Arkal) таралуы мен экологиялық жағдайы [Текст] / Ж. М. Карагойшин, С. А. Бекеева, Д. Т. Утеулиева [и др.] // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 521-533.
ББК 28.088л6

Рубрики: Заповедники. Заказники. Национальные парки

Кл.слова (ненормированные):
фауна -- табиғи қаумал -- популяция -- уриал -- муфлон -- құлжа -- саулық -- қозықа -- көкпек
Аннотация: Мақалада Маңғыстау облысында мекендейтін Үстірт арқарының таралуы мен саны және тіршілік ортасында жүргізілген экологиялық зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Үстірт арқары Қазақстанда тек Маңғыстау облысының аумағында, соның ішінде тау ойпаттарында, тау жоталарының тік беткейлерінде, аласа таулар мен тау бастарында мекендейді. Үстірт арқары немесе Маңғыстау облысындағы Үстірт уриалы Үстірттің шыңдарында; Маңғышлақ түбегінің, сондай-ақ таулы ландшафт сақталған Каспий теңізінің бірқатар жағалау учаскелерінде кең таралған. Жыл сайын Маңғыстау облысы аумағында мекендейтін Үстірт арқарының есебі алынып, мониторинг жүргізілді. 2022 жылғы зерттеулер бойынша тау жоталарында 3019 дарақ Үстірт арқары есепке алынса, 2021 жылмен салыстырғанда бұл жұптұяқтылардың саны 25,17% - ға өскендігін көрсетеді. Үстірт пен Маңғышлақта, оның ішінде Үстірт қорығының аумағында 607, «Қызылсай» өлкелік паркі аумағында және іргелес жатқан жерлерде – 1836, қалған аумақта 576 Үстірт арқары мекендейді. Үстірт арқары Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан аумағында саны жыл сайын азайып бара жатырған 3 санаттағы сирек кездесетін түр ретінде 3 елдің де Қызыл кітабына енгізілген. Үстірт арқары санының жыл сайынғы өсуі, мекендейтін жерлерінде тиісті қорғауды ұйымдастырумен байланысты: тіршілік ету ортасының көп бөлігі республикалық, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіреді. Оларды қорғау мақсатында таралатын аумақтарын қорғауға алып кеңейту және экологиялық жағдайы бұзылған аймақтарды қайтадан қалпына келтіру шараларды жүргізу.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Карагойшин, Ж.М.
Бекеева, С.А.
Утеулиева, Д.Т.
Акимжанов, Д.Ш.
Акоев, М.Т.

Маңғыстау облысында үстірт арқарының (Ovis Vignei Arkal) таралуы мен экологиялық жағдайы [Текст] / Ж. М. Карагойшин, С. А. Бекеева, Д. Т. Утеулиева [и др.] // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1.- Б.521-533.

13.

26.82
Х 69

Ходжанова, Б. Х.
    Сырдария өзенінің геоэкологиялық проблемалалары [Текст] / Б. Х. Ходжанова, Ж. Ә. Тойғанбай, А. М. Мамбетова // «Иванов оқулары – 2024» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары жинағы. - Орал, 2024. - 10-11 қазан. - Б. 93-96.
ББК 26.82

Рубрики: География

Кл.слова (ненормированные):
Сырдария -- Орта Азия -- өзендер -- геоэкология -- гидрологиялық режимі -- Климат -- Флора -- фауна -- Гидроэнергетика -- Жағалаулардың эрозиясы
Аннотация: Сырдария – Орта Азиядағы ең ірі және ең ұзын өзендердің бірі. Оның ұзындығы шамамен 2212 км, ал су жинау алабы 462 000 шаршы шақырымды құрайды. Бұл өзен төрт мемлекет аумағын: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанды басып өтеді. Сырдария Орталық Азия аймағындағы экономикалық, экологиялық және географиялық маңызды өзендердің бірі саналады. Сырдария өзені Қырғызстандағы Тянь-Шань тауларындағы мұздықтардан бастау алатын Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынан қалыптасады. Нарын өзені бастауын Тәңіртау (Тянь-Шань) тауларынан алып, шамамен 800 км қашықтықта ағады, ал Қарадария өзені Ферғана жазығының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Екі өзеннің қосылуынан кейін, Сырдария Ферғана жазығының ортасынан өтіп, батысқа қарай бағытталады. Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан аумағынан өткен соң, Арал теңізіне құяды. Алайда, Арал теңізінің соңғы жылдардағы тартылуы Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы гидрологиялық режимге үлкен әсер етті
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Тойғанбай, Ж. Ә.
Мамбетова, А. М.

Ходжанова, Б.Х. Сырдария өзенінің геоэкологиялық проблемалалары [Текст] / Б. Х. Ходжанова, Ж. Ә. Тойғанбай, А. М. Мамбетова // «Иванов оқулары – 2024» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары жинағы. - Орал, 2024. - 10-11 қазан.- Б.93-96.

14.

С 76

Стамшалов, Е. И.
    Европадағы Түркістандық эмиграция өкілдері және ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы қазақ босқындарының тағдыры [Текст] / Е. И. Стамшалов // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №3. - Б. 149-166.
ББК 63

Рубрики: История

Кл.слова (ненормированные):
Түркістандық босқындар -- дайындау науқандары -- қазақ босқындары -- халық көтерілістері -- түйешілер керуені -- уәкілетті өкілдер -- реэмигранттар -- саяси эмиграция өкілдері -- қоныс аударушылар -- көмек қоры
Аннотация: Ресейдегі билік большевиктердің қолына көшкеннен кейінгі Европаға кеткен түрік саяси эмиграциясының алғашқы толқыны сапында идеялық тұғырнамаларына орай кеңестік билікті қабыл етпеген саяси қайраткерлер, интеллигенция өкілдері болды. М. Шоқай сияқты қайраткер тұлғалар өз тарихи отанында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді жіті қадағалап отырды. Шаруашылықты кеңестік үлгіде қайта жаңғыртудың солақай тәсілдері салдарынан орын алған аштық, босқыншылық көріністері Европадағы саяси эмиграция өкілдерін әрекетке бастады. Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінен іргелес Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Тәжікстан арқылы алыс шетелдер Иран мен Ауғанстанға ағылған босқындар көші пайда болды. Аштық пен жазалау шараларынан жан сақтауды мұрат еткен қазақ босқындарының шекаралық әскери күштер тарапынан қуғын-сүргінге ұшырады. Архив құжаттары мен естелік деректері босқыншылықтың ауыр зардабынан құтылу мақсатында қоныс аударушылар түрліше айла-тәсілдермен бой тасалап, кеңестік өкімет құрығынан құтылып кетуге жанталаса ұмтылысын сипаттайды
Держатели документа:
ЗКУ

Стамшалов, Е.И. Европадағы Түркістандық эмиграция өкілдері және ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы қазақ босқындарының тағдыры [Текст] / Е. И. Стамшалов // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №3.- Б.149-166.

15.

Т 11

Тұяқбаев, М. Қ.
    Түркістан өңірінің байырғы жер-су атаулары [Текст] / М. Қ. Тұяқбаев, Ә. Ж. Шоқпаров, Б. С. Сиздиков // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №3. - Б. 294-311.
ББК 63

Рубрики: История

Кл.слова (ненормированные):
Түркістан -- Ұлы Жiбек жолы -- топонимика -- тарихи-мәдени мұра -- тарих -- туризм
Аннотация: Тарих қойнауында жатқан, отандық тарихымыздың құндылығы мен маңыздылығын одан әрі арттырған, өз заманында тек отандық тарихта ғана емес, күллі түркі халықтарының тарихында маңызды орынға ие, түркі дүниесінің рухани астанасы Түркістан өңірінің байырғы жер-су атауларын зерттеу, талдау және ғылыми айналымға енгізу қәзіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылуда. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңның маңыздылығы қарастырылады. Түркістан қаласы – қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында және дамуы барысында маңызды рөл атқарған тарихи әрі рухани орталық. Оның ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихындағы алар орны ерекше, себебі қала Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, бұл қаланы экономикалық, саяси-әкімшілік және мәдени орталыққа айналдырды. Мақалада Түркістан өңіріндегі байырғы жер-су атауларының этнонимиялық ерекшеліктері мен олардың тарихи тамырлары зерттеледі. Өңірдегі жер-су атауларының көбін халық, ел, тайпа және ру атауларынан тұратынын атап көрсетілді. Зерттеу барысында сақ, үйсін, ғұн, түркі, оғыз және қыпшақ кезеңдерінен бастау алатын, араб, парсы, қазақ және өзбек тілдеріндегі атаулардың араласуы қарастырылады. Сонымен қатар мақалада Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұраларын сақтау мен дамыту жолдары талқыланып, Қазақстанның стратегиялық даму бағыттарының бірі ретінде мәдени туризмді өркендету қажеттілігі атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері тарихи-этнонимиялық және топонимикалық материалдардың өңірдің этникалық құрылымын және тарихи көші-қондар жолдарын түсінуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. Мақала Түркістан өңірінің тарихи-мәдени мұрасын терең зерттеуде этнонимияның маңызды рөлін айқындайды. Түркістанның ерекше мәртебеге ие болуы – оның тарихи мұрасын сақтауға және оны әлемдік деңгейде танытуға үлкен мүмкіндік береді
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Шоқпаров, Ә.Ж.
Сиздиков, Б.С.

Тұяқбаев, М.Қ. Түркістан өңірінің байырғы жер-су атаулары [Текст] / М. Қ. Тұяқбаев, Ә. Ж. Шоқпаров, Б. С. Сиздиков // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №3.- Б.294-311.

16.

К 23

Каримов, Қ. С.
    Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі: тарихи деректерге негізделген зерттеу [Текст] / Қ. С. Каримов // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 117-125.
ББК 63

Рубрики: История

Кл.слова (ненормированные):
Өзбекәлі Жәнібеков -- тарихи тұлға -- қоғамдық-саяси қызмет -- архив құжаттары -- деректану -- естеліктер -- мемуарлық деректер -- дереккөздік талдау
Аннотация: Соңғы жылдары отандық тарих ғылымында мемлекет пен қоғамға елеулі еңбек сіңірген тұлғалардың өмір жолын зерттеу басты бағыттардың біріне айналды. Ұлттық мүдде жолында қызмет атқарған қайраткерлердің өмірі мен олардың қоғамдық-саяси қызметі бүгінгі таңда өзекті ғылыми мәселелер қатарында қарастырылуда. Қазіргі таңда Қазақстан тарихында жеке тұлғалардың деректік негізде зерттелуі арқылы жаңа тарихи мәліметтерді ғылыми айналымға енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Солардың ішінде кеңестік кезеңдегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен атқарған қызметін зерттеу айрықша маңызға ие. Осы ғылыми мақалада Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты тарихи деректер жан-жақты қарастырылады.Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты деректерді (мұрағаттық құжаттар, естеліктер, мемуарлар, хаттар, жеке құжаттар және т.б.) кешенді түрде жинақтап, жан-жақты ғылыми талдау жүргізу болып табылады.Материалдар мен әдістер. Негізгі дереккөздер ретінде архивтік материалдар, тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты естеліктер, мемуарлар, хат-хабарлар, жеке құжаттар пайдаланылды. Зерттеу барысында тарихи мәні жоғары, мазмұны терең түрлі деңгейдегі деректерге талдау жүргізілді. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты бұрын белгісіз болып келген тың мәліметтер анықталды. Сонымен қатар, тұлға туралы естеліктерден үзінділер мен архивтік құжаттар ғылыми айналымға енгізіліп, олардың негізінде Жәнібековтің адамгершілік болмысы мен қызмет ерекшеліктері жан-жақты сипатталады.Қорытынды. Бұл зерттеу жұмысында Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты тарихи деректер кешенді түрде қарастырылып, соның нәтижесінде бұрын ғылыми айналымға енбеген жаңа мәліметтер анықталды
Держатели документа:
ЗКУ

Каримов, Қ.С. Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі: тарихи деректерге негізделген зерттеу [Текст] / Қ. С. Каримов // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1.- Б.117-125.

17.

Все поступления за 
Или выберите интересующий месяц