Тәуелсіз Қазақстан философиясының қалыптасуы/Нұрмұратов, С.

 

QR-код документа

Оценок: 0

63.3
Н 90

Нұрмұратов, С.
    Тәуелсіз Қазақстан философиясының қалыптасуы [Текст] / С. Нұрмұратов // AQIQAT. - 2021. - №12. - б. 24-26
ББК 63.3

Рубрики: Тарих

Кл.слова (ненормированные):
тәуелсіз қазақстан -- егемен ел -- ұлттық философия -- руханижаңғыру -- қазақ философиясы -- жаңа гуманитарлық білім -- 100 жаңа оқулық
Аннотация: Егемен елдің ұлттық философиясының қалыптасуы мен дамуы қазіргі заман мен жарқын болашағымыз үшін аса маңызды құбылыс. Кез келген ұлттың философиялық жүйесі жалпы адамзаттың ғасырлар бойы қордалаған рухани дүниесінен сусындайды және әрбір қауымдастық өзінің тарих толқынында жинақтаған этникалық философиялық пайымдауларына сүйенеді. Сөйтіп, бұл күрделі мәдени-әлеуметтік, шығармашылық үдерісте зияткерлік дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген даналық үлгілері шешуші рөл атқарады. Қазіргі заманауи кезеңде тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқының тарихи эволюциясында қалыптасқан өзіндік этнофилософиясы біртұтас Қазақстанның ұлттық философиясының өзегін құрай бастады. Еліміздің рухани әлемі өткен кеңестік кезеңде маркстік философияның басымдығының аясында болып келді, енді заманауи кезеңде жаңаша ұлттық философияның жүйесін қалыптастырудың жолына бет бұрғанымыз белгілі. Әрине, кез келген философиялық жүйе қысқа уақытта жылдам жасала салмайды. Ол үшін кәсіби философтарымыз сыни ойлаудың әдіснамасын қолдана отырып қазіргі кезеңдегі жаңа талаптарға сай пәрменді ғылыми ізденістер жолында болуы тиіс. Жалпы даналық үлгілері өзіндік пәрменді дамудың қажетті қозғаушы күшіне айналып қана қоймай, әрбір жеке адамның дербес дүниетанымының, рухани әлемінің қалыптасуына ықпалын тигізіп отырады. Сондықтан өзінің шынайы рухани келбетін, маңызды құндылықтарын жоғалтқан ел де, мемлекетте, жеке адам да дағдарыстар қақпанына түседі. Бұл тарихтың өзіндік шындығы. Тәуелсіздіктің туы желбіреген 30 жылдық тарихи кезеңнен бері егемен елімізді рухани өркендетуші, жаңғыртушы көшбасшылары ретінде Тұңғыш Президентіміз-Елбасы Н. Ә. Назарбаев пен мемлекет басшысы К. Қ. Тоқаев өздерінің көптеген стратегиялық идеялары және әл-Фараби мен Абай даналығынан туындаған философиялық ұстанымдарымен жаңа деңгейде әлем жұртшылығы алдында танылып келді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасымыз ұсынған "Рухани жаңғыру" атты болашаққа сеніммен қарауға негізделген гуманитарлық бағдарламалық жобасы қазіргі тарихи кезеңде кездейсоқ және кенеттен пайда болған жоқ. Оның алдында елімізде халқымыздың руханиятының жүйелі дамуы мен толыққанды болуы үшін маңызды рөл атқарған 2004-2011 жылдары мемлекеттік "Мәдени мұра" және 2013-2016 жылдары "Халық тарих толқынында" атты кешенді мемлекеттік бағдарламалар ретінде табысты жүзеге асырылды.
Держатели документа:
М. Өтемісов атындағы БҚУ

Похожие издания по классификации