База данных: Статьи
Страница 159, Результатов: 1589
Сортировка недоступна
Кол-во результатов более 1000
Отмеченные записи: 0
1581.

Подробнее
74
Д 20
Дарынды білім алушыларды дамытудағы мектептер мен университеттердің желілік өзара əрекеттесу модельдерін талдау [Текст] / А. М. Утилова, Б. Т. Аушахманова, А. А. Жакупов, С.Ж. Кабиева // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 48-61
ББК 74
Рубрики: Педагогика
Кл.слова (ненормированные):
дарынды білім алушылар -- желілік өзара əрекеттесу -- білім беру қызметтерін трансферлеу -- білім беру экожүйелері -- педагогикалық технологиялар -- интегративті тəсіл -- білім беру модельдері -- білім беруді цифрландыру -- мектептер мен университеттердің өзара əрекеттесуі
Аннотация: Мақалада дарынды білім алушыларды дамыту контекстінде білім беру қызметтерін трансферлеу жəне заманауи педагогикалық технологиялар негізінде мектептер мен университеттердің желілік өзара əрекеттесу модельдеріне талдау жасалған. Зерттеудің мақсаты – тиімді өзара əрекеттесу модельдерін анықтау жəне оларды жүзеге асырудың интегративті тəсілін əзірлеу. Зерттеудің əдіснамалық негізі контент-талдау, ғылыми жарияланымдарды талдау, кейс-стади жəне сараптамалық бағалауды қамтитын аралас тəсілге негізделді. Зерттеуге 8–12 білім беру ұйымы мен 15–25 сарапшы қатысты. Модельдерді бағалау интеграция деңгейі, білім алушылардың белсенділігі, технологияларды қолдану жəне білім беру нəтижелері сияқты критерийлер бойынша жүргізілді. Нəтижесінде ресурстық, жобалық, серіктестік жəне цифрлық төрт модель түрі анықталды. Ең жоғары тиімділік білім беру қызметтерін трансферлеудің белсенді формаларына негізделген модельдерде байқалатыны анықталды. Сонымен қатар, тиімділік модельдің құрылымына ғана емес, білім алушылардың оқу іс-əрекетінің сипатына да байланысты екені көрсетілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы трансферлеудің желілік өзара əрекеттесу тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі тетік ретінде негізделуімен айқындалады. Практикалық маңызы алынған нəтижелерді білім беру бағдарламаларын əзірлеуде жəне мектептер мен университеттер арасындағы өзара əрекеттесу модельдерін құруда қолдану мүмкіндігімен байланысты.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Утилова, А.М.
Аушахманова, Б.Т.
Жакупов, А.А.
Кабиева, С.Ж.

1582.

Подробнее
63.3(5Қаз)
П 20
Патша үкіметінің саясаты жəне бөкей ордасындағы молдалар мен қожалар [Текст] / Ж. Ахан, К. Ускембаев, С. Ескалиев, А. Туякова // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 232-246
ББК 63.3(5Қаз)
Рубрики: Қазақстан тарихы
Кл.слова (ненормированные):
Бөкей Ордасы -- Жəңгір хан -- Патшалық Ресей -- қожалар -- молдалар -- ислам -- діни саясат
Аннотация: Бұл мақалада Патшалық Ресейдің діни саясаты жəне Бөкей Ордасындағы молдалар мен қожалардың қоғамдағы орны мен атқарған қызметтері қарастырылады. Автор ислам дінінің бұл өңірде дамуының өзіндік ерекшеліктерін, Жəңгір ханның дінді мемлекеттік саясат құралы ретінде пайдалануын жəне діни элитаның қалыптасу үдерісін сипаттайды. Сонымен қатар, қожалардың əлеуметтік мəртебесі мен сұлтандармен қарым-қатынасы, молдалардың діни-ағартушылық жəне құқықтық функциялары талданады. Зерттеу барысында архивтік жəне тарихи деректерге сүйене отырып, Бөкей Ордасында ислам институттарының қалыптасуы мен қоғамдағы ықпалы анықталған. Исламның əлеуметтік құрылымға енуі Бөкей Ордасының саяси жəне рухани өмірінде маңызды рөл атқарғаны көрсетіледі
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Ахан, Ж.
Ускембаев, К.
Ескалиев, С.
Туякова, А.

1583.

Подробнее
28.4(5Қаз)
М 11
Мұратсай су қоймасы суындағы антибиотиктерге төзімді бактериялардың таралуын талдау [Текст] / С. С. Бакиев, М. Г. Какишев, Ə. А. Қабдрахимов [и др.] // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 394-408
ББК 28.4(5Қаз)
Рубрики: Қазақстан микробиологиясы
Кл.слова (ненормированные):
антибиотикке төзімділік -- су экожүйелері -- жерүсті сулары -- грамтеріс бактериялар -- Мұратсай су қоймасы -- микроорганизмдер -- микробиологиялық мониторинг -- антропогендік әсер -- бактериялық штаммдар -- ДНҚ экстракциясы
Аннотация: Су экожүйелеріндегі микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі қазіргі заманның ең өзекті экологиялық əрі медико-биологиялық мəселелерінің бірі болып табылады. Су ортасы антибиотиктерге төзімді бактериялардың жинақталуы мен таралуы үшін маңызды резервуар қызметін атқарады, бұл медицинада, мал шаруашылығында жəне ауыл шаруашылығында антибактериялық препараттардың қарқынды қолданылуымен байланысты. Аталған зерттеудің мақсаты Батыс Қазақстан облысындағы Мұратсай су қоймасы суында антибиотикке төзімді бактериялардың таралу деңгейін жəне олардың биологиялық қасиеттерін бағалау болды. Су сынамалары су айдынының беткі қабатынан жəне тереңдігінен, антропогендік əсері ең жоғары аймақтарда алынды. Бактериологиялық талдау микроорганизмдерді Луриа–Бертани қоректік ортасында өсіруді, морфологиялық жəне физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін зерттеуді, сондай-ақ бөлінген штаммдардың антибиотиктерге сезімталдығын дискті-диффузиялық əдіспен анықтауды қамтыды. Молекулалық-генетикалық зерттеулерге жарамдылығын растау мақсатында тотальды ДНҚ экстракциясы жүргізіліп, гель-электрофорез əдісімен визуализацияланды. Зерттеу нəтижесінде грамтеріс, қозғалғыш, оксидазаға оң, мезофильді типке жататын, β-лактамды антибиотиктердің бірқатарына төзімді жəне көп дəріге төзімділік белгілеріне ие бактериялар бөлініп алынды. Ең тиімді препараттар ретінде хинолондар мен амфениколдар анықталса, пенициллиндер мен цефалоспориндер төмен белсенділік көрсетті. Алынған деректер су қоймасына антропогендік ықпалдың айтарлықтай екенін көрсетеді жəне жерүсті суларында антибиотикке төзімді бактерияларды тұрақты түрде бақылау жүргізудің қажеттілігін айқындайды
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Бакиев, С.С.
Какишев, М.Г.
Қабдрахимов, Ə.А.
Арманов, Т.А.
Дущанова, Д.Н.
Таухаева, Д.С.

1584.

Подробнее
28.080(5Қаз)
Б 54
Беттік ағынды суларды тазалау көрсеткішіне поликомпонентті сүзгілеуіш жүктеменің гранулометриялық құрамының жəне гидравликалық сипаттамаларының ықпалы [Текст] / Б. Б. Алиева, Е. Н. Кочеров, Л. И. Раматуллаева [и др.] // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 437-449
ББК 28.080(5Қаз)
Рубрики: Қазақстанның жалпы экологиясы
Кл.слова (ненормированные):
экологиялық көрсеткіштер -- қоршаған орта -- беттік ағынды сулар -- ластаушы заттар -- көп компонентті сүзгі -- сүзгілеуіш жүктеме -- сүзу жылдамдығы -- гранулометриялық құрам -- гидравликалық сипаттамалар -- тазалау тиімділігі -- көмір қалдығы
Аннотация: Зерттеу жұмыстарында табиғи сорбенттер көмір өндірісінің қалдықтары ішкі қазбалы жыныстардың, вермикулиттің, сонымен қатар құрылыс құмының жекелген гранулометриялық құрамын жəне олардың түрлі қатынасында дайындалған көп компонентті қоспаның гранулометриялық құрамы модельденді. Компоненттер қатынасы ІҚЖ1:В2:Қ7, ІҚЖ2:В2:Қ6, ІҚЖ2:В3:Қ5 түрінде қабылданып, гранулометриялық құрамдары зерттелді. Орнатылған гранулометриялық құрамдағы поликомпонентті қоспаның гидравликалық сипаттамалары зертханалық қондырғыда зерттелді. Гидравликалық сипаттамалары тиімді қоспа түрі ретінде ішкі қазбалы жыныстар – 20%, вермикулит 20%, құм – 60% көп компонентті қоспасы таңдалды. Бұл шарттағы ағынды суды сүзгілеу жылдамдығы 208-354 мм/сағ болатыны анықталды. Көмір өндірісінің ішкі қазбалы жыныстары, вермикулит жəне құрылыстық құм негізінде поликомпонентті сорбенттер кешені беттік ағынды сулардағы ластаушы заттарды тұрақты жəне экологиялық таза жолмен тазартуға мүмкіндік береді. Зерттеулер барысында алынған нəтижелер жəне олардың негізінде жасалған ғылыми тұжырымдамалар Түркістан облысы Кентау қаласының беттік ағынды суларын поликомпонентті табиғи сорбенттер кешенімен тазалау арқылы Қосқорған су қоймасының ластану қауіпін төмендетуге бағытталған келешекті зерттеу жұмыстарында қолданбалы болады
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Алиева, Б.Б.
Кочеров, Е.Н.
Раматуллаева, Л.И.
Колесников, А.С.
Мамитова, А.Д.
Кадирбекова, А.А.

1585.

Подробнее
28.082(5Қаз)
С 31
Сенбаева, Х. С.
Коловертное көлінің су түбі омыртқасыздарының таксономиялық құрамы мен сандық көрсеткіштері [Текст] / Х. С. Сенбаева, А. Е. Сарманов // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 450-457
ББК 28.082(5Қаз)
Рубрики: Қазақстанның гидробиологиясы
Кл.слова (ненормированные):
Коловертное көлі -- макрозообентос -- қауымдастықтардың түрлік əртүрүрлілігі -- таксономиялық құрамы -- Батыс Қазақстан облысы -- су түбі омыртқасыздары -- зообентос -- су экожүйесі -- гидробиология -- шаянтәрізділер -- жәндіктер
Аннотация: Бұл мақалада Коловертное көлінің 2024–2025 жылдардағы су түбі омыртқасыздарының түрлік құрамы, сандық көрсеткіштері зерттелді. Зерттеу барысында көлден барлығы 14 таксон тіркелді, олардың құрамына аз қылтанды құрттар, шаянтəрізділер жəне жəндіктер топтары кіретіні анықталды. Маусым бойынша түрлік əртүрліліктің өзгеруі байқалып, ең жоғары көрсеткіштер күз (2168,7 дана/м², 1,4 г/м²) жəне көктем (580 дана/м², 6,01 г/м²) мезгілдерінде тіркелді. Бұл жағдай көлдің Жайық өзенімен толығуы жəне жауын-шашын мөлшерінің артуымен түсіндірілуі мүмкін. Сонымен қатар, алынған нəтижелер əдеби деректермен салыстырылып, БҚО-дағы бірқатар көлдермен түрлік ұқсастық деңгейі анықталды. Коловертное көліндегі таксономиялық əртүрліліктің Батыс Қазақстан облысының бірқатар су айдындарымен салыстырғанда орташа деңгейде екені анықталды. БҚО-дағы жүргізілген зерттеулерге сəйкес бентос үлгілерінен Oligochaeta, Hirudinea, Bivalvia, Gastropoda, Crustacea жəне Insecta топтарына жататын барлығы 82 таксон организмдері анықталды. Олардың ішінде олигохеталар – 2 түр, сүліктер – 1 түр, қосжақтаулы жəне бауыраяқты моллюскалар – əрқайсысы 3 түрден, шаянтəрізділер – 7 түр, ал жəндіктер – 66 таксонды құрады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Сарманов, А.Е.

1586.

Подробнее
28.082(5Қаз)
Т 12
Таңатарова, Қ. Т.
Брусянное көліндегі Rotatoria класы өкілдерінің түрлік құрамы мен сандық көрсеткіштері [Текст] / Қ. Т. Таңатарова, Е. С. Султанов // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 475-482
ББК 28.082(5Қаз)
Рубрики: Қазақстан гидробиологиясы
Кл.слова (ненормированные):
Брусянное көлі -- Rotatoria -- коловраткалар -- зоопланктон -- гидробиология -- су экожүйесі -- түрлік құрам -- таксономиялық әртүрлілік -- сандық көрсеткіштер -- биомасса -- маусымдық динамика -- таксономиялық жіктелу
Аннотация: Бұл мақалада Брусянное көліндегі Rotatoria класы өкілдерінің түрлік құрамы мен сандық көрсеткіштері қарастырылған. Зерттеу барысында көлден 16 таксон анықталды, олардың негізін Transversiramida отрядының өкілдері құрады. Таңдалып алынған үш стационарлық станция бойынша, əр жыл мезгілдерінде орташа биомассасы мен саны есептелінді. Қыс мезгілінде орташа биомассасы 40,03 мг/м³, ал орташа саны 78,98 мың дана/м³ деңгейінде тіркелді. Көктемде биомасса 162,25 мг/м³, саны 163,03 мың дана/м³ болып, Keratella cochlearis, Keratella quadrata, Polyarthra longiremis, Polyarthra luminosa жəне Asplanchna sieboldi түрлері басым болды. Жазда биомасса 150,77 мг/м³, саны 102,02 мың дана/м³ деңгейінде сақталып, сандық басымдықты Keratella cochlearis, Branchionus angularis жəне Branchionus calyciflorus түрлері құрады. Күзде биомасса 156,63 мг/м³, саны 165,61 мың дана/м³ деңгейінде тіркелді, ал басым түрлер Transversiramida өкілдері болып қалды. Алынған деректер Rotatoria қауымдастығының маусымдық динамикасын жəне жетекші түрлердің экологиялық бейімделуін көрсетеді
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Султанов, Е.С.

1587.

Подробнее
28.080(5Қаз)
Б 34
Баялдыр қалдық қоймасына жиналған, түсті металл кендерін байытуынан қалған техногендік қалдықтардың қоршаған ортаға əсерінің тəуекелдерін басқаруды модельдеу [Текст] / А. Е. Донаев, А. С. Колесников, Г. С. Кенжибаева [и др.] // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 586-596
ББК 28.080(5Қаз)
Рубрики: Қазақстанның жалпы экологиясы
Кл.слова (ненормированные):
Баялдыр қалдық қоймасы -- Кентау -- Түркістан облысы -- байыту қалдықтары -- түсті металдар -- өндірістік қалдықтар -- қоршаған ортаның ластануы -- экологиялық тәуекел -- тәуекелдерді басқару -- оқиғалар ағашы -- экологиялық модельдеу -- мырыш -- қорғасын -- кремний диоксиді -- шаңдану -- шаңды басу -- гидросуару -- пульсациялық желдету -- қалдықтарды қайта өңдеу -- құрылыс материалдары -- қоршаған ортаны қорғау
Аннотация: Мақалада Баялдыр қалдық қоймасында (Кентау қ. жəне Баялдыр кентіне жақын, Түркістан облысы, Қазақстан) жиналған түсті металдар кендерін байыту қалдықтарының өңірдің қоршаған ортасына əсері кезіндегі тəуекелдерді басқаруды жүйелі талдау жəне модельдеу нəтижелері келтірілген. Қалдықтардың химиялық жəне фазалық құрамы (мырыш мөлшері ~3.77%, қорғасын ~4.47%, кремний диоксиді 54.06%) туралы мəліметтер негізінде «оқиғалар ағашының» абстактілі моделі құрылып, қоршаған орта компоненттерінің тозу қаупіне сапалық жəне сандық талдау жүргізілді. Бастапқы оқиғалардың минималды өткізу жəне кесу комбинациясы анықталды, негізгі оқиғаның ықтималдығын екі жолмен сандық бағалау жүргізілді (кезең-кезеңмен есептеу жəне минималды өткізу комбинация əдісі). Қоршаған ортаның кешенді ластану ықтималдығы 78.15% құрайтыны анықталып, қоршаған ортаға қатысты қауіптің критикалық деңгейін көрсетті. Шаң басудың аралас əдісі (пульсациялық желдетумен ұсақ дисперсті гидро суару) жəне түсті металдарды ілеспе алу арқылы құрылыс материалдарын өндіруде байыту қалдықтарын кешенді қайта өңдеу технологиясын қамтитын тəуекелдерді азайту бойынша ұсыныстар əзірленді.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Донаев, А.Е.
Колесников, А.С.
Кенжибаева, Г.С.
Мамитова, А.Д.
Куракбаева, С.Д.
Колесников, О.Г.
Гаппаров, Ж.У.
Колесникова, В.А.
Жумагалиев, И.К.

1588.

Подробнее
85.313(2Тат)
М 92
Мухамбетжанова, А. А.
Татар халықтарының музыкалық фольклоры мен ғұрыптарын зерттеу мəселелері [Текст] / А. А. Мухамбетжанова // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 622-640
ББК 85.313(2Тат)
Рубрики: Татар халқының музыкалық мәдениеті
Кл.слова (ненормированные):
татар музыкалық фольклоры -- татар халқы -- этномузыкатану -- этнография -- дәстүрлі музыка -- музыкалық мәдениет -- түркі халықтары -- қазақ музыкалық мұрасы -- ноғай музыкалық мұрасы -- тұрмыс-салт жырлары -- бесік жыры -- балалар әндері -- ғұрыптық музыка -- Астрахань татарлары -- ноғай-қыпшақ мәдениеті -- музыкалық дәстүр -- импровизация
Аннотация: Бұл мақалада татар халқының музыкалық фольклоры мен салт-дəстүрлері этномузыкалық жəне этнографиялық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – татар музыкалық мəдениетінің жанрлық ерекшеліктерін анықтап, оның түркі халықтарының, əсіресе қазақ жəне ноғай халықтарының дəстүрлі музыкалық мұрасымен байланысын салыстырмалы əдіс арқылы талдау. Зерттеу барысында тарихи-этнографиялық деректер, музыкалық-фольклорлық материалдар жəне экспедициялық жазбалар пайдаланылды. Мақалада татарлардың тұрмыс-салт жырлары, жоқтау дəстүрлері, бесік жырлары, балалар əндері, тақмақтар, сондай-ақ үйлену жəне жерлеу рəсімдеріндегі музыкалық үлгілер талданады. Сонымен қатар Астрахань татарларының музыкалық фольклоры, олардың диалектілік ерекшеліктері мен ноғай-қыпшақ мəдени кеңістігімен байланысы қарастырылады. Зерттеу барысында татар əуендерінің поэтикалық-музыкалық құрылымы, ладтық жəне ырғақтық ерекшеліктері, орындаушылық дəстүрлері мен импровизациялық сипаты сипатталады. Еңбекте татар хореографиялық фольклоры да қарастырылып, «Кияусы», «Акчатыр» сияқты ғұрыптық билердің мазмұны, құрылымы жəне əлеуметтік-мəдени қызметі талданады. Сонымен қатар мерекелік дəстүрлер, ұлттық тағамдар, шай ішу мəдениеті, үйлену рəсімдері жəне диаспора жағдайында сақталған этномəдени тəжірибелер сипатталады. Зерттеу нəтижесінде татар музыкалық фольклорының көне қабаттары салт-дəстүрлік рəсімдерде сақталғаны жəне оның түркі халықтарының ортақ мəдени негізімен тығыз байланыста дамығаны анықталды. Сондай-ақ қазіргі жаһандану жағдайында татар музыкалық жəне хореографиялық мұрасын сақтау, жүйелеу жəне ғылыми тұрғыдан зерттеу этномузыкатану ғылымының маңызды бағыттарының бірі екендігі көрсетілді. Сонымен, татар этностарының музыкалық фольклоры халықтың тарихи жолын, дəстүрін, дүниетанымын көрсететін маңызды мəдени мұра болып табылады. Оны зерттеу ұлттық бірегейлік пен мəдениетаралық байланыстардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл дəстүрлерді сақтау жүйелі зерттеуді, мəдени бастамаларды қолдауды, білімді жаңа ұрпаққа жеткізуді қажет етеді.

1589.

Подробнее
81 (5Қаз)
У 14
Уәлиұлы, Н.
Ұлттық жазудың атасы [Текст] / Н. Уәлиұлы // EGEMEEN QAZAQSTAN. - 2026. - №168. - 5 қыркүйек. - Б. . 1-5
ББК 81
(5Қаз)
Рубрики: Лингвистика
Языкознание
Кл.слова (ненормированные):
ахмет байтұрсынұлы -- әліпби -- жазба тілі -- халықтық тіл -- графикалық жүйе -- мақал-мәтелдер -- тұрмыс-салт жырлары -- тұңғыш фонолог
Аннотация: ХХ ғасыр басында қазақ жазуына реформа жасаушылардың алдында негізінен мынадай басты міндеттерді шешу күн тәртібінде тұрды: қазақ жазу-сызуы қай әліпбиді қолдану керек? Графикалық жүйенің мазмұн межесі түркі жазба тіліне тән архаикалық элементтерді, қарлұқ, оғыз-қыпшақ (қыпшақ-оғыз), таза қыпшақтық, қазақтық белгілерден тұратын құрылымдық жүйені белгілеуі керек пе, әлде бірыңғай таза халықтық тілдің (сөйлеу тілін) жүйесін тірек етуге тиіс пе? Жазу жүйесі жалпы халықтық тілдің құрылымын арқау етсе, қай әліпбиге (араб әліппесі, әлде орыс әліпбиіне) негізделуге тиіс? Тілдегі фонемалардың құрамы дұрыс анықтала ма?
Держатели документа:
БҚУ