База данных: Статьи
Страница 1, Результатов: 1
Отмеченные записи: 0
1.

Подробнее
84
Д 11
Дәбей , Ы.
Қоңыз [Текст] / Ы. Дәбей // Жалын . - 2020. - №3. - Б. 72-91
ББК 84
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
Қоңыз -- роман -- Алтай аймағы -- Шық тұнған жолдар -- өлеңдер -- эссе -- әңгімелер -- хикаялар -- жинақ -- газет-журналдар
Аннотация: Мұрат телефонын оң құлағына тақады. Сырылдап, шиқылдағаннан басқа ешбір дыбыс ести алмаған ол: – Алло, алло! Саламат, ештеңе естілмейді. Қайдасыз? – деп сол құлағын бір қолымен басты. Байланыс үзіліп кетті. Ол Саламаттың нөмеріне кері телефон жалғады. Арғы жағынан оператор қыздың «абонент байланыс аясынан тыс жерде» деген дауысы естілді. – Ой, мына кісі қайда жүр, тегі? – деді де Мұрат телефонын қалтасына салды. Алаңдағы шуылдаған, тасырлаған дыбыстан құлақ тұнады. Ол қу ағашын құшақтап, үнсіз қалған жыршыға таң қала қарап тұрған інісін арқасынан қақты. – Не істейсің? Осында боласың ба, үйге қайтасың ба? – Осында біраз жүрейін. Қайтам ғой сосын. Сіз қашан қайтасыз? – Бұл біздің тұрақ қой неше айдан бері, кешірек қайтатын шығармын, – деп Мұрат інісіне күле қарады. – «Неше айдан бері шаршады, шал-дықты» деп тегін концерт қойып беріп жатқан партияға рақмет десеңізші. – Әрине, рақмет. Рақметтен басқа айтар жоқ. Әуелі «жасыл біздің шыршамыз, бақыттымыз мұнша біз» деп шыршаны айналып, билегім келіп тұр. Той тойламағалы көп болыпты. Мұраттың сөзіне інісі ішегі қатардай қарқылдап күлді де, жымиып тұрған ағасын мойнынан құшақтап: – Балалардың тақпағын қайдан жаттап алғансыз? Әлде табан астынан өзіңіз шығардыңыз ба? – деді. – Өзім шығара беретін болдым. Әлгі былтыр жаздағы киелі қоңыздың әңгімесін білесің ғой, содан кейін суырып салма ақындық қабілет бітті ғой маған, – деп Мұрат та қарқылдай күлді. – Иә, білем ғой оны. Бұйырса келесі жазда мен де сол киелі қоңыздарды та-уып, айналысып көрейін. Балалар мереке-мейрамда «тақпақ керек, тақпақ керек» деп әбден зықымды шығарды. Қашанғы елге жалынып, интернет ақтарып, тақпақ іздеймін. Сіздің жолды қуайын. Разы болып күлген інісін иығынан қапсыра құшақтап тұрған Мұрат күлімсірей: – Ол үшін тас жұтардай тәуекел керек. Ол қоңыздардың жыбырлаған түрін көргенде кәдімгідей жүрегің шайлығып қалады. Оңай нәрсе жоқ, бала, – деді. – Ақын боларым анық болса, неден болса да жасқанайын деп тұрғаным жоқ. Міне, қол, – деп інісі Мұратқа оң қолын ұсынды. Екеуі қосыла күлді. Олардың жанына басын түбіт орамалмен тас қып орап алған жас әйел келді. Екі қолына жыпырлатып ұстаған түрлі-түсті шарларын қозғап-қозғап қойды. – Жігіттер, мерекелеріңмен! Балаларға шар алмайсыңдар ма? – Рақмет, мереке өзіңізге де құтты болсын, – деді Мұрат. – Шар алсаңыздаршы! – Оны не істейміз, апа? Қоңыз жоқ па? Қоңыз болса, аламын, – деді Мұраттың інісі. – Қоңызы несі?! Жын ұрған ба мынаны? – деді де әйел ернін бір сылп еткізіп, жолына түсті. Ағайындылар тағы күлді. – Қоңыз жайлы аңызға сеніп, елдің сөзіне ергеніңізге әлі күнге таң қаламын. Мүлде ондайыңыз жоқ еді. – Енді мен де адаммын ғой, жылтыр сөз иландырмай қойсын ба? Сеніп қалдық қой. Денсаулық үшін не істемейсің? – деп Мұрат күле жауап берді. – Өздері тез өсіп-өнетін немелер екен мына біздің «Сумұнайгаз» басшыларының ақшалары сияқты. – Нені айтасың? – деді Мұрат. – Қоңыз. – Иә, тез өседі екен. – Сол кезде көрдім, балкондарыңыздағы тазикте бірдемде шыпырлап, көбейіп кетті ғой. Мұрат басын изеп, күле берді.
Держатели документа:
БҚУ