Электронный каталог

База данных: Статьи

Страница 2, Результатов: 34

Отмеченные записи: 0

87
Б 11

Бірманова , Қ.
    Фарабидің айшықты әлемі [Текст] / Қ. Бірманова // Қазақстан мектебі . - 2020. – наурыз. - №3. - Б. 23-25
ББК 87

Рубрики: Философия

Кл.слова (ненормированные):
Әбу Насыр әл-Фараби -- Әл-Фараби - 1150жыл -- Аристотель -- идея -- ұстаз бен шәкірт арасы -- Сырдың суы
Аннотация: Алты алаш және түркі дүниесінің алақанындағы данышпан әл-Фараби көп оқып, көп ізденді. Дүниенің қызығын іздеу, керегіне жарату дейді. Арада он бір ғасыр қтседе өз мәнін жойған емес. Бүкіл адамзатқа ортақ қайырымды қоғам құру идеясын жандандыра насихаттап, рухани қасиетке бай, қайырымды, ақылды, парасаты мол, білімді ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Толыққанды адам яғни білімі, кәсіби құзыреттілігі ғана емес адамгершілік қасиеттерін әрқашан есте ұстау керек.
Держатели документа:
БҚУ

Бірманова , Қ. Фарабидің айшықты әлемі [Текст] / Қ. Бірманова // Қазақстан мектебі . - 2020. – наурыз. - №3.- Б23-25

11.

84
Д 11

Дәбей , Ы.
    Қоңыз [Текст] / Ы. Дәбей // Жалын . - 2020. - №2. - Б. 90-101
ББК 84

Рубрики: Художественная литература

Кл.слова (ненормированные):
проза -- роман -- бесінші тарау -- Алтай аймағы
Аннотация: Мұрат телефонын оң құлағына тақады. Сырылдап, шиқылдағаннан басқа ешбір дыбыс ести алмаған ол: – Алло, алло! Саламат, ештеңе естілмейді. Қайдасыз? – деп сол құлағын бір қолымен басты. Байланыс үзіліп кетті. Ол Саламаттың нөмеріне кері телефон жалғады. Арғы жағынан оператор қыздың «абонент байланыс аясынан тыс жерде» деген дауысы естілді. – Ой, мына кісі қайда жүр, тегі? – деді де Мұрат телефонын қалтасына салды. Алаңдағы шуылдаған, тасырлаған дыбыстан құлақ тұнады. Ол қу ағашын құшақтап, үнсіз қалған жыршыға таң қала қарап тұрған інісін арқасынан қақты. – Не істейсің? Осында боласың ба, үйге қайтасың ба? – Осында біраз жүрейін. Қайтам ғой сосын. Сіз қашан қайтасыз? – Бұл біздің тұрақ қой неше айдан бері, кешірек қайтатын шығармын, – деп Мұрат інісіне күле қарады. – «Неше айдан бері шаршады, шал-дықты» деп тегін концерт қойып беріп жатқан партияға рақмет десеңізші. – Әрине, рақмет. Рақметтен басқа айтар жоқ. Әуелі «жасыл біздің шыршамыз, бақыттымыз мұнша біз» деп шыршаны айналып, билегім келіп тұр. Той тойламағалы көп болыпты. Мұраттың сөзіне інісі ішегі қатардай қарқылдап күлді де, жымиып тұрған ағасын мойнынан құшақтап: – Балалардың тақпағын қайдан жаттап алғансыз? Әлде табан астынан өзіңіз шығардыңыз ба? – деді. – Өзім шығара беретін болдым. Әлгі былтыр жаздағы киелі қоңыздың әңгімесін білесің ғой, содан кейін суырып салма ақындық қабілет бітті ғой маған, – деп Мұрат та қарқылдай күлді. – Иә, білем ғой оны. Бұйырса келесі жазда мен де сол киелі қоңыздарды та-уып, айналысып көрейін. Балалар мереке-мейрамда «тақпақ керек, тақпақ керек» деп әбден зықымды шығарды. Қашанғы елге жалынып, интернет ақтарып, тақпақ іздеймін. Сіздің жолды қуайын. Разы болып күлген інісін иығынан қапсыра құшақтап тұрған Мұрат күлімсірей: – Ол үшін тас жұтардай тәуекел керек. Ол қоңыздардың жыбырлаған түрін көргенде кәдімгідей жүрегің шайлығып қалады. Оңай нәрсе жоқ, бала, – деді. – Ақын боларым анық болса, неден болса да жасқанайын деп тұрғаным жоқ. Міне, қол, – деп інісі Мұратқа оң қолын ұсынды. Екеуі қосыла күлді. Олардың жанына басын түбіт орамалмен тас қып орап алған жас әйел келді. Екі қолына жыпырлатып ұстаған түрлі-түсті шарларын қозғап-қозғап қойды. – Жігіттер, мерекелеріңмен! Балаларға шар алмайсыңдар ма? – Рақмет, мереке өзіңізге де құтты болсын, – деді Мұрат. – Шар алсаңыздаршы! – Оны не істейміз, апа? Қоңыз жоқ па? Қоңыз болса, аламын, – деді Мұраттың інісі. – Қоңызы несі?! Жын ұрған ба мынаны? – деді де әйел ернін бір сылп еткізіп, жолына түсті. Ағайындылар тағы күлді. – Қоңыз жайлы аңызға сеніп, елдің сөзіне ергеніңізге әлі күнге таң қаламын. Мүлде ондайыңыз жоқ еді. – Енді мен де адаммын ғой, жылтыр сөз иландырмай қойсын ба? Сеніп қалдық қой. Денсаулық үшін не істемейсің? – деп Мұрат күле жауап берді. – Өздері тез өсіп-өнетін немелер екен мына біздің «Сумұнайгаз» басшыларының ақшалары сияқты. – Нені айтасың? – деді Мұрат. – Қоңыз. – Иә, тез өседі екен. – Сол кезде көрдім, балкондарыңыздағы тазикте бірдемде шыпырлап, көбейіп кетті ғой. Мұрат басын изеп, күле берді. 2 Таң атып, жерге жарық түсіпті. Мұрат орнынан тұрып, апыл-ғұпыл киіне бастады. – Түнімен мазаң болмады ғой. Асқа-заның ауырса, бүгін жұмысқа бармай-ақ қойсаңшы. Звондап, жағдайыңды айтарсың, – деді Дина ұйқылы-ояу. – Жақсы боп қалған секілді, бара берейін. Тағы ауырып жатса, көрермін, – деді Мұрат. Дина уытты ұйқы құшағынан біржола сытылып шыға алмай, басын көтеріп, көсіліп аз отырды. Жанында пысылдап ұйықтап жатқан кішкентай қызға қарап, еміреніп қойды. Мұраттың таңғы асқа тәбеті тартпады. Бір кесе көк шай ішіп, бетін сипаған оған Дина: – Өңің бозарып тұр, демалсайшы бүгін, – деді. Ол әйеліне қарап басын шайқады. – Жарайды, кеттім. Болмай жатса, қайтып келермін. – Сөйт онда, – деді Дина. Автобекетте адам қарасы көп. Жан-жақтан жиналған мұнайшылар өндіріс алаңына апаратын арнайы автобустарға жайғасып, абыр-сабыр. Мұрат автобусқа кіріп отырды. Мұнайшылардың бірі қалғып, бірі ояу отыр. Бастарын изеп сәлемдескені болмаса, автобус іші жым-жырт. Көлік қозғалды. Ол отырған бойы қалғып кетті. Автобус жиырма шақырымдай жүріп барып тоқтады. Өндіріс алаңының атын айтып айқайлаған жүргізушінің дауысынан селт етіп оянған ол, діттеген жерінен түсіп қалды. Автобус әрі қарай кетті. Қуаң даланың төсінде қаққан қазықтай қарауытқан сансыз электр бағаналары, темір мұнаралар, изектеген скважиналар. Оның күнделікті көретін суреті осы. Мұрат тұрмыстық кешен аталатын ескі вагонға кіріп, операторлар бөлмесіндегі жұмысшы киімін киді. Қапырық вагон іші тынысын тарылтып жіберді. Ол тапсырма алып, тезірек сыртқа шығуға асықты да, шоғырланған сораптар станциясы шеберінің есігін қақты. – Кіріңіз, – деді шебер. Шебермен қол алысып, амандасқан Мұрат: – Бүгін не тапсырасыз? – деді. – Тізе бүксеңші, шай ішейік. Несіне асығасың? – Шайыңызға рақмет, шаруаларымды істей берейін. – Ал, жарайды. 61-02 ұңғысының штуцерін ауыстыру керек болған. Саған айтуды ұмытып кетіппін. Қатып тұрған скважиналар болса, қысымын тексеріп көр. Енді өзің білесің ғой, мен саған не тапсырам? Бәрін білесің, – деді мұртты, қырық жас шамасындағы арық, қара жігіт. – Жақсы, ауыстырайын. 61-02 біраз жерде ғой, көлік бересіз бе? – деді Мұрат. –Ойбу, бүгін көлік болмайды-ау. Өзің білесің, біздің цехқа қарасты елуге жуық скважиналар бар. Аса ауыр заттар болмаса, жаяу бара бергенің дұрыс. Машина керек боп қалса, қайтеміз? – Мейлі. Кешке соғармын сізге. Мұрат далаға шықты да келесі вагонға кірді. Машинистер бөлімінің кіреберісіндегі құрылғы алдына келіп, монитордан агрегаттардың қысымын қарады, температураларды тексерді. Ол монитордан қысым мен температураның күнделікті жұмыс тәртібінде тұрғанын көріп, өз-өзінен күбірледі. – Машина жоқ, күн ыстықта осылай тұра беріңдерші. Сендердің қысымдарың түссе, менікі көтеріледі. Мұрат ауладағы темір сандықтан қажетті құрал-саймандарын алды. Мойнына сөмке, екі қолына зілдей қып ключтер ұстаған ол стансадан шықты. Қарсы алдынан стансаға су жеткізетін водовоз жүргізушісі кездесті. – Ассалаумағалейкум! – Уағалейкумассалам! Халың қалай, Мұрат? – Шүкір, жақсы. Өзіңіз қалайсыз? – Жаман емес. Жаяусың ба бүгін? – Иә, машина бос емес екен. – Тоғыз болмай жатып күнің әліден ысып кетті. Таңдайың кеуіп, тақыр далада қап жүрме, – деп жүргізуші ыржиып, күліп қойды. – Су бар ғой, – деп Мұрат иығын қозғап, сөмкесін бұлғаң еткізді. – Мыналар қайда жүр-ей, есік ашпай?! Водовоз жүргізушісі кейи сөй-леп, Мұратқа оң қолын көтеріп, қоштасқандай ишара жасады. – Жақсы, бауырым. Іске сәт. Мұрат оның бір уыс жүзіндегі терең әжімдерді анық көрді. «Мына кісі де қартайған екен» деп ойлады. – Жақсы, ағасы. Су патшасы Сүлеймен болып жүре беріңіз. Жүргізуші ыржиып күлді де, станса ауласына кіріп кетті. Мұрат сымдай тартылған, жуан трубаны бойлап, 61-02 ұңғысын бетке алды. Машина жүретін топырақ жол бірте-бірте жусаны жайқалған далаға сіңіп, жоқ болды. Аракідік дала өсімдігін жапырып, жердің топырағын шығарған үлкен техникалардың доңғалақ іздері көзге түседі. Ойлы-қырлы осынау өлкенің төсінде изектеген скважиналар, мұнаралар мен бағаналарда қисап жоқ. Жердің сөлін сорып, қаңқиған қалың қаданың бой көтергеніне жарты ғасырға жуық уақыт. Мұрат кейде қуықтай қаланың ойдым-ойдым жолдарымен жүргенде зулап өткен жарты ғасырға өкпесі қара қазандай болатын-ды. – Астың шылқыған май, үстің шұрық тесік жол. Әлгі ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы не болды? Арғы отыз жылымды ақтап-ақ алайын, кейінгі боданнан босаған жиырма жылым ше? Мынау бір сәт тынбай дариядай жүңкіліп аққан қара май кімнің өңешіне құйылып, кімнің асқазанын майлайды? Арқа етің арша, борбай етің борша болғанда алатының жарымаған жалақы… Ауыр ключтер көтеріп, екі шақырымдай жол жүрген Мұраттың діңкесі құрып, отыра кетті. Таңдайы кеуіп, шөл қысты. Ол сөмкесінен бір литрлық баклажканы алып, суды қылқылдатып жұтты. Маңдайының шылқыған терін қолының сыртымен сүртіп, шаңқиған күнге сығырая қарады. Ол кенет бақ еткен дыбыстан селт етіп, орнынан ұшып тұрды. Жайылып, жанына таяп келіп қалған жалғыз түйе күйіс қайырып, жан-жағына маңғаздана қарайды. Мойны сорайып, шудасы түскен жануардың аузынан жыны шашылып, қаужаң-қаужаң етеді. – Жүректі ұшырдың ғой айуан! Мұрат орнына отырды. Есіне үш күн бұрын водовоз жүргізушісінің әңгімесі қалт түсті. – Екі кештің арасында «су жеткізбесең болмайды» деген соң анау ит арқасы қияндағы стансаға су апарғам, – деді водовоз жүргізушісі. – Содан түнге қалдым. Күн бұлт, сондай қараңғы болар ма сол түн. Қараңғы болғанда тастай қараңғы. Асфальтқа түсем ғой деп сормен кесіп өте шықпақшы болып едім, батпаққа баттым да қалдым. Ары жағаластым, бері жағаластым. Машинаның шығатын түрі жоқ. Бір-екі адамға хабарласып едім, түн ортасында бетпақ далаға кім келе қойсын, таңды күтуге тура келді. Үсіп өлем дейтін емес, жаздың күні әйтеуір. Машинаның есігін тас қып жауып, кішкентай пышағымды жаныма қойып қалғып-мүлгіп отырғам. Ұйықтап кетіппін. Бір уақытта біреу машинаны артынан итеріп, қозғап тұр кәдімгідей. Зәре-құтым ұшты. Иманымды үйіріп, отыра бердім. Әлгі машинаны итеріп тұрған адам емес, түйе секілді. Дауысын ет құлағыммен естідім. Біраз уақыттан соң барып бәрі тынышталды. Машина да қозғалмады, түйенің дауысы да естілмеді. Содан қайтіп ұйқым келсеші, көрер таңды көзбен атырдым. Күн шығып, жігіттер келгенде барып машинадан түстім. Олар айтқаныма сенбеді. Машинаны ары айналып, бері айналып түйенің ізін іздедік. Түйе тұрмақ, тышқаның ізі де көрінбейді. Артынан біреулерден естуімше бізде Шимұрын деген құбыжық пайда болды дейді ғой. Түнде иен далада адасып, жалғыз жүрген адамға неше түрлі боп көрініп, алдап шақырып, әрі-бері сандалтып, басын сорға шаншып кетеді екен. – Ол адам өле ме екен сонда? – деді цех асханасында түскі ас ішіп отырған мұнайшының бірі. – Басыңды сорға қадап кетсе, өлмегенде қайтесің?! – деді водовоз жүргізушісі. Бір үстелде отырған бес-алтауы ду күлді. – Халықтың наласы кейде осындай аңыз тудырады, – деп Мұрат суи бастаған шайынан бір ұрттап қойды. – Халықтың наласы? Ол қалай? – деді мұнайшының бірі. – Енді күнде айтып, зарлап жүргеніміз нала емей, не?! Тіпті жалақыны айтпаған күннің өзінде біздің ішетін тамақ пен шетелдік жұмысшының ішкен асы тең бе? Олар емес, бізді шеттен келгендей шеттетеді. Бұл мәселе бүгін болмаса ертең, биыл болмаса ендігі жылы, әйтеуір қашан болса да үлкен өрт тұтатады. Біздің қабат қысымын сақтау цехымыз бір тонна мұнайын сорып алған жер астына қанша тонна су жіберіп жатыр? Ойлаңыз. Жердің киесі жоқ дейсіз бе? Ана бір ауылда ат тұяқты қыз пайда болғаны туралы жұрт айтып жүр, газеттер де жазыпты. Мен оның шын-өтірігіне бас қатырмадым, бірақ зорланған, қорлыққа ұшыраған әйелдер туралы ойладым. – Ой, Мұрат не айтып кеттің, түсінсем бұйырмасын?! Шимұрыны да, басқасы да құрысын. Жұмысқа шығайық, – деп мұнайшының бірі бетін сипап, орнынан тұрды. Мұрат жанынан жанасалай озып, жалқау басып кетіп бара жатқан түйеге қарап қойды. Тағы бір-екі ұрттап су ішкен ол 61-02 ұңғысын бетке алды. Қара терге малшынып, ұңғы басына жеткен Мұрат бетон плиткаға отыра кетті. Басындағы ақ каскасын шешіп, плитка үстіне тастай салды. Плитка күнге қызып, ыси бастапты. Ол аз-кем отырып, орнынан тұрды. Машина рулі іспетті кранның бірін ключпен босатты. Ключын жерге қойып кран рөлін бар күшімен бұрай бастады. Екі білегі талып, моншақтап аққан тер аузына құйылды. Скважинның коллектордан келетін суы тоқтады. Ол сөмкесіндегі суды алып, жұтып-жұтып жіберді. Жылыған су жүрегін айнытып, құсып жібере жаздады. Асқазан тұсын қолымен басып, бүкшиіп плиткаға отыра кеткен оның таңдайы кермек татыды. Күн төбе тұсқа тартқан сайын шыжыды. Сәл отырып, терін құрғатқан ол ұңғыға жіңішке труба келіп қосылатын тұстағы кранды бұрап жапты. Қосылыстағы тат басқан болттарды шешіп, штуцер ауыстырды. – Қолдың ұшымен істейтін кіш-кентай шаруалардың сонша қинағанын қарашы. Ол күбірлеп жауырынына су болып жабысқан фудболкасын етегінен тартып-тартып қойып, крандарды қосты. Шалбарының қалтасына салған телефоны безілдей жөнелді. – Иә, шебер! – Алло, Мұрат! Қайттың ба? – Жоқ, 61-02-кі жақта жүрмін. – Әлі сондасың ба не? – Аралық біраз жер ғой жаяу адамға. Бір сағаттан көп жүресің. – А-а… Иә. Айтайын дегенім, қайтарда 45-86-ға бұрыла кетсең. Счетчик қою керек екен. – Жақсы, шебер, – деді Мұрат. – Счетчик ала шығып па едің? – Иә, сөмкемде бар. – Давай, тездет енді. Тамаққа үлгермей қаласың. Мұрат түс ауа цехқа құр сүлдерін сүйреп әзер жетті. Өзі секілді түскі асқа кешігіп келген үш жұмысшымен бірге асханаға кірді. Бір стакан су алып, үстелге келіп отырған оған: –Неге тамақ ішпейсің? – деді жұмысшының бірі. – Асқазаным ауырып, тәбетім болмай отыр. – Дәрігерге көрінбейсің бе? – Көрінем. Қазір шеберге кіріп, сұранам. Үйге қайтпасам, қатты ауырып отырмын. – Ол жоқ екен, жаңа барып шықтым. Қайта берсеші, біз айта саламыз, – деді әлгі мұнайшы. Мұрат басын изеді. – Дәрігер, анау-мынау дегенді қой. Мен саған жақсы бір емшіні айтайын. Асқазан, ішек дегенді қоймайды. Қандай ауруы болса да жазады, – деді тағы бір мұнайшы. – Қалада тұра ма? – деді Мұрат. – Иә, соған бар. Дәрігерге барсаң, шлангі жұтқызып, итіңді шығарады. Телефонын жазып ал да, хабарлас. Мекенжайды өзі айтады. Мұрат телефонын алып шығып, емшінің нөмірін сақтап қойды да: – Бопты онда, мен жүрейін. Шеберге айта саларсыздар, өзім де хабарласармын,– деп орнынан тұрды. Емшінің айтқан мекенжайын Мұрат бірден тауып келді. Қаланың шетін ала орналасқан еңселі үйдің алдында төрт-бес көлік тұр. Ол есік алдында қойылған ұзын орындықта тізіліп, кезек күткен адамдардың қатарына келіп жайғасты. Он алты-он жеті жасар қызын қолынан ұстап отырған семіз сары әйел қасындағыларға сампылдап сөйлеумен болды. – Кейде қызымның миы контачить етпей қалатын. Жасыратын несі бар, ондай кезде кіші дәретін жіберіп қоятын. Бұл кісіге көрінгеннен бері жақсы боп кетті. Қазір айына болмаса, бұрынғыдай жиі жіберетін әдетін қойды. Талдырмаш қыз жан-жағына жәутеңдеп қарап, мамасының қолынан тартып-тартып қойды. – Тыныш отыр-ей! Бет моншағың төгіліп, ұяла қалдың ба?! «Ауыруыңды жасырғаныңмен өлімің әшкере» дейді. Мұнда отырғандар естісін, білсін. Сен секілді ауыратын қыздары, балдары, туыстары бар болса, келіп көрінсін деп айтып отырмын. О несі, тартқылап адамды! Семіз сары әйел талдырмаш қызға зекіп ұрсып тастады. Үйдің есігі ашылды. Арғы жақтан бала құшақтаған жас келіншек шықты. – Кімнің кезегі? Кіріңіздер! Бала құшақтаған әйелдің артынан іле-шала есік көзіне келген жас жігіт айқай салды. – Біз, біз! Семіз сары әйел қызын қолынан жетелеп, ішке енді. Бір сағатқа жуық есік алдында тапжылмай отырған Мұраттың да кезегі келіп жетті. Ішке кірген оны жас жігіт емші отырған бөлмеге бастап барды. Дәрігердікі секілді халат киген, елуді еңсерген, қарасұр, түсі суық еркек сәлемін самарқау алып, оған «отыр» дегендей иегін шошаң еткізді. Жанында шыны кеседе балауыз шам жанып тұр. – Қай жерің ауырады? – Асқазаным. – Білегіңді әкел. Емші Мұраттың тамырын ұстап, жүзіне тесіле қарады. – Ауырғалы көп болды ма? – Жоқ, алдыңғы күні түнде бастаған. Кеше жұмыста ауырып болмаған соң, түстен кейін қайтіп келдім. – Тіліңді шығар. Емші оның тіліне қарады да, білегін жіберді. – Мына жерге шалқаңнан жат, – деп емші қасында төсеулі жатқан көрпешені көрсетті. Көрпешеде шалқасынан жатқан Мұрат емшінің темірдей қолы қарнын бүре қысқанда айқайлап жіберді. – Не болды? – деді емші. – Ауырып кетті. – Орныңнан тұр, болды. Асқазан сөлінің қышқылы артып кеткен, басқа дәнеңе де жоқ сенде. Не жұмыс істеуші едің? – деді емші. – Мұнайда істеймін. – Жұмыс ауыр ма? – Оңай жұмыс жоқ қой, – деп күлді Мұрат. – Мұндай ауру қалыпсыз дене әрекеті мен ауыр еңбектен кейін қатты білінеді. Ештеңесі жоқ, жазамыз. Әй, балам! Қоңызды алып келші, – деп емші айқай салды. Жас жігіт сіріңке қорабын әкеліп, емшінің қолына ұстатты. Қорапты ептеп ашқан емші оны Мұраттың жүзіне тақады. – Білесің бе мұны? Қорап ішінде тұрқы екі сантиметрге жуық, көкшіл жасыл, сарғыш қоңыр жәндіктер жыбыр-жыбыр етеді. Мұрат тыжырынып, кейін шегінді. – Қашасың ғой өзі, – деді емші суық жүзі жұмсарып. – Жәндіктерден бойым тітіркенеді. – Онда қайтіп ішесің? – Ішесің? – Иә. Жан керек болса, жыланды болса да жұтасың. Бұл қоңыздың қасиетін білесің бе? Әрине, білмейсің. Білмеген соң да тыжырынасың. Жұрт мұны «Знахарь» атап жүр қазір. Бізше сары қоңыз, көк қоңыз. Жетпіс түрлі ауруға ем болады. Тіпті қатерлі ісік клеткаларын да жойып жібереді, – деп емші қорапшаның аузын жапты. – Мә, мынаны ал. Көп қалған жоқ өзі. Қалай ішетінін түсіндірем қазір. Мұрат қорапшаны ұстап, емшіге аңтарыла қарады. – Түрің мынау, сен мұны қазір тірідей іше алмайсың. Қорапшаның аузын ашпай қойсаң, өздері өледі. Сосын күнге қойып, жел қақтырып кептіріп ал да, таза спиртке салып қой. Бірнеше күннен кейін уатып, талқандап сүтке қосып күніне бір мәрте іш. Сумен ішсең де болады. Түсіндің бе? Мұрат басын изеп қойды. Сырттан күбір-күбір дауыстар естіледі. Ол қолындағы қорапшасын кілем үстіне қойып, жүрелеп отырды. – Мұны өлтіріп, кептіріп жүремін бе? Шынымен сіз айтқандай болса, тірідей іше берейін. Қалай ішетінін айтыңыз. – Енді мен сені алдап тұр деймісің? Қоңызды бір стакан суға салып, жұта салсаң болды. Ешқандай оқу-тоқуы жоқ. Асқазанға түскен соң ол өзінен біртүрлі сұйықтық бөледі. Қабығындағы элементтер қан түйіршіктерін жаңартып, иммунитетті көтереді, ағзаны жасартады. Іштегі зиянды қалдықтарды жойып, әрбір клетканы жандандырып, денсаулықты анадан жаңа туғандай етеді. Мәселен бүгін бір тал қоңыз ішсең, ертең екі, арғы күн үшеу дегендей санын өсіріп отыруың керек. Осылайша санын жетпіске жеткізе алсаң, ауру атаулы сенен айналып өтетін болады. Мұны қазір медицина мамандары да мойындап отыр. Бірақ менен жетпіс қоңыз шықпайды, осыны көбейтіп ал. Болмаса базар жаққа барып, сұрастырып көр. Қоңыз саудасы қызып тұр қазір, – деді емші. – Қайтіп көбейтем? – Қиын ештеңесі жоқ. Тазикке алма, бананның қабығы, нан қоқымын тастап, бес-алтауын жіберіп қойсаң, болды. Өздері өсіп-өне береді. Бірақ ашық жерге қойма, мұны құстар тез тауып алады. Құмырсқа да өш. Қандай үйде тұрасың? Жер үй ме, этаж ба? – Этаж, – деп Мұрат безілдей жөнелген қолтелефонының дауысын басып қойды. – Этаж болса, балкон бар шығар. Сол жер оңтайлы. Мұрат басын болымсыз изеп, орнынан тұрды. – Еміңізге қанша аласыз, аға? – деді ол. – Ем болғанда тамыр ұстау, анау-мынауға ақша алмаймын мен. Оның бәріне ақша ала берсең, мына жұртқа обал. Онысыз да көндерін әрең көріп жүр. Қоңыздың ақшасын тастап кетсең болды, – деп емші есінеп, аузын алақанымен жаба қойды. – Бұл қанша? – деп Мұрат қолына ұстап тұрған қорапшасына қарап қойды. – Он бес мың. – Он бес мың? – деп Мұрат емшінің айтқан бағасын қайталағанын өзі сезбей қалды. – Иә. Андағы қорапшада оншақты қоңыз бар ғой деймін. Мен де ауруға ем болған соң елден сатып алам. Көктемде арзан еді, қазір қымбаттап кетті. Базарға барсаң, бұл қоңыздарды қаншаға сатып тұрғанын өзің көрерсің. Мұрат емшінің айтқан ақшасын қолына ұстатты да, үйден шықты. Есік алдында кезекте тұрған адам қарасы көбейе түсіпті. Ол бірден қаланың солтүстігіндегі қайнаған қан базарға тартты. Күн қайнап тұрса да, базар жағалаған халық көп. Мұрат кішкентай қорапша салған целлофанын қолына ұстап, қайшалысқан машиналар арасынан өтіп, базардың орталық есігі алдына келіп тоқтады. Кіре берістегі шағын асхана алдында алжапқышының қалтасына қолын салып тұрған кішкентай қыз оған: – Ішке кіріп, тамақ ішсеңізші. Бәрі дайын, – деді. – Қарындас, осында қоңыз сатылады дейді ғой. Қайдан тапсам болады? – Ішке кіріңіз, табамыз, – деді қыз. Мұрат асханаға кірді. Қуықтай бөлме лық толы адам, дабыр-дұбыр. Ол есік көзіндегі бос үстелге отырды. Кішкентай қыз жүгіріп барып ас мәзірін алып келді. – Қандай тамақ ішесіз? – Сол ештеңе іше алмай, қоңыз іздеп жүрген жоқпын ба? Жаңа рас айттың ба өзі, қоңыз сататын адам қайда? – деді Мұрат. – Қазір шақырамыз, келеді. Жеңілдеу бірдеңе ішіп алсаңшы, – деді Мұратқа қарама-қарсы үстелде отырған етті-женді ақсары әйел. Алдында тілдей қағаздар ыбырсып шашылып, анда-санда калькуляторын тарсылдатып басып отырған ақсары әйел иығын қозғап-қозғап қойды. – Сорпа бере сал. Сосын бір кесе көк шай, нан керегі жоқ, – деді Мұрат. – Сиыр сорпасы ма? – Иә. Әлгілеріңді тезірек шақырың-даршы. – Қазір келеді. Кішкентай қыз тез алып жеткен жылымшы сорпаны Мұрат татып көрді де, қасығын үстелге қоя салып, шегініп отырды. Кішкентай асханаға кіріп-шыққан адам тынбайды. Ақсары әйел анда-санда тарсылдатып калькулятор басып, добалдай саусақтарымен ақша санап отыр. Асханаға қолына кішілеу пакет ұстаған жас жігіт кіріп келді. – Андағы жерге отыра қал, – деп ақсары әйел Мұраттың қасындағы бос орынды нұсқады. – Қоңыз алатын сен бе? – деп жас жігіт Мұратқа қолын беріп амандасты. – Иә, мен. – Көп аласың ба? – Жоқ, көп керек емес. Өзімде де азырақ бар. Жас жігіт қолындағы пакетін үстел үстіне шығарып, ішінен екі қорапшаны алып, бірінің үстіне бірін қойды да: – Нақты қанша керек? – деді. – Бір қорапшада қанша қоңыз бар? – Он бес. – Қанша тұрады? – Бір қорапшасы жиырма екі мың бес жүз болады, – деді жас жігіт. – Емшіден жаңа ғана бір қорабын он бес мың теңгеден алдым ғой, сенікі қымбат екен. – Өткен айда бір талын мың теңгеден сатқамыз, қазір мың бес жүз теңге. Қымбат емес. Қазір бұл қоңыздарды таппайсың, сатып жүрген ешкім жоқ мұнда. – Екеуін алайын, он бес мыңнан берсеңші. – Ой, жоқ, – деп жас жігіт шыж-быж болды. – Айтып тұрмын ғой, бұл қоңыз жоқ қазір. – Мұны сонда қайдан әкелесіңдер? Мұрат көп ішілмеген сорпасын алдынан ысырып, кеседегі шайды қолына алды. – Бұл қоңыздарды кез келген жерден таппайсың. Атын есіне түсіре алмай отырмын. Биік жерде өсетін ағаш секілді өсімдік бар, аты Үшқат па, бірдеңе әйтеуір. Астына бірдеңе төсеп, Үшқатты сілкіп-сілкіп қалсаң, қоңыздар топырлап түседі. Сол кезде тезірек жинап алмасаң, бұлар бытырап, жан-жаққа қашып, ұшып кетеді. – Бұлар ұша ма сонда? – деп Мұрат шайдан бір ұрттап, кесесін үстелге қойды. – Әрине, ұшады. Жинап алған қоңыздарыңды шыға алмайтын ыдысқа салмасаң, бір-ақ сәтте жоқ болады. Бұлардың қайдан келіп, қайда кететінін білмедім. Бар-жоғы бір ай шамасында жүреді де, кейін жоқ болып кетеді. Бұлтты күндері мұны өлсең таппайсың. Тек ашық күндері ғана жаңағы өсімдікті сілкіп, жерге түсіресің. Алдыңғы май айында арзан болғаны сол, қазір тау-тасты түгел ақтарсаң да дым таппайсың. Бір ай дәурені өтті де, кетті. Негізі сатпай-ақ, көбейте беруім керек еді. Сәл күтсем бағасы бұдан да шарықтайды. Оған өзіме де ақша керек болып, ана кісілер звондаған соң келіп қалдым, – деп жас жігіт ақсары әйелге бұрылып қарап қойды. – Бұл қоңыздарды сенен алып ішіп, ауруынан айыққандар болды ма? – Өткен айда көп адам алған. Соның бәрі телефонымды біледі, жаман болса хабарласар еді. Ешкім звондап, шағым жасаған жоқ. Бір танысым «аз тамақ ішсем де асқазаныма батып, түнімен ұйықтай алмай жүрмін» деп бірталай қоңыз сатып алған. Ішкен қоңызын әр күні біреуге көбейтіп, он екі күнде жалпы жетпіс сегізін ішіп еді, қазір аттай болды. Содан кейін тамақты да опыратын болды. Мұрат сәл жымиып, саусақтарын бүгіп, әлденені есептеді. – Не санап кеттің? – деді жас жігіт. – Рас, он екі күнде жетпіс сегіз болады екен. Соңғы күні бір стақан суға бір қорабын бір-ақ салып ішкен болып тұр ғой, – деп, Мұрат тұла бойы дір етіп, тітіркенді. – Егер ол жігітке ішкен қоңыздың әсері болмаса, он күн демалып, әрі қарай тағы оншақты күн ішуі керек болған. Бірақ сол он екі күн оған бірден әсер етті. – Жарайды, мен де алайын. Сәл түсші енді, қатты қымбат айтып отырсың. – Жиырма мыңнан берейін, одан артық түсе алмаймын, – деді жас жігіт. Мұрат жас жігітке ақшасын санап беріп, екі қорапшаны пакетке салды. Ақсары әйелмен есеп айырысты. Базардан жеміс-жидек сатып алды да, үйіне тартты. Шағын аудандағы үйіне жетіп, пәтерінің темір есігін тықылдата қақты. Әйелі есік ашты. – Емшіге көрініп келдің бе? – деді Дина. – Иә. Тазиктің кішілеу біреуін бере салшы, – деп Мұрат үйге кірген бойы балконға беттеді. Дина тазик алып жеткенше ол целлофандағы қорапшаларды шығарып, бірінің үстіне бірін жинап қойды. – Не істеп жатсың? Мыналарың не? – деп Дина жасыл палстмасс тазикты Мұратқа ұстатты. – Қоңыздар ғой. Айтпақшы, тазиктің бетін жауып қоятын жұқа мата сияқты бірдеңе бар ма? – Қоңызы несі? – Қазір айтам. Дәке ме, бірдеңе алып келші. Дина жалпақтау оралған ақ дәке алып келді. – Мә, осы жете ме? Қоңызды не істейсің? –Үйде жеміс-пемістердің қабығы бар ма? Болмаса есіктің көзіне қойдым, алма, банандардың қабығын аршып алып келші. Қазір айтам. Естігің келіп өліп барасың ба? – деп Мұрат әйеліне қарап күлді. – Ой, тегі! Құрт-құмырысқаңды сонша жұмбақтадың ғой. Динаның маржан тістері жарқырай көрініп, наздана сөйлеп ас үй жаққа кетті. Мұрат қорапшалардағы қоңыздарды тазике төгіп, бетін бір қабат дәкемен орап жапты. Дина көп күттірмей жеміс қабықтарын алып келді. Ол дәкенің бір жағын ашып, жеміс қабықтарын тазикке салды. Сары, көк түсті жәндіктер жыбыр-жыбыр етіп, жеміс қабықтарының арасына кіріп кетті. – Құрт-құмырысқаларыңды құтты орнынан қондырып болсаң, тамаққа кел. Ас дайын боп қалды, – деді Дина. Мұрат балконнан бір қорапшаны ала шықты. Оны ас үй терезесінің алдына қойды. Жуынып-шайынып келді де, үстелге отырды. Бала көтеріп, түпкі бөлмеден шыққан шешесі оған: – Көрініп қайттың ба, емшің не дейді? – деді. – Иә, көріндім. Тамырымды ұстады. Асқазан сөлінің қышқылы артқан екен. Баланы маған беріп, тамақ ішіп алыңыз. Мен тамақтанып алдым, – деп Мұрат орнынан тұрып, анасының қолындағы кішкентай қызды алды. Алпыстан асқан, қаңылтақ кісі құшағындағы немересін ұлының қолына ұстатты. Ұйқыдан енді оянған бала қыңқылдап, бұлқына берді. Мұрат оның екі бетінен шөпілдетіп кезек сүйіп, еркелетті. – Атасы әлгі екі кішкентай ұлды ертіп, ауылға кеткелі үйдің іші жым-жырт болып қалды. Бұ қыздың жылағаны да білінбейді, – деп анасы Мұраттың қолындағы немересіне қарап, еміреніп қойды. – Бағана әкеммен сөйлестім, бір-екі күнде қайтамыз дейді. – Келетін уақыттары болды, – деді анасы. Дина бір кәстрөл сорпаны үстелге әкеліп қойды да: – «Тамақ ішіп келдім» дегенді қой, асқазаныңа жақсы, бір кесе ішіп ал, – деді. – Мейлі, азырақ құй. Тәбеті болмаса да Мұрат жарты кесе сорпаны зорланып ішті. Орындықтың арқалығына сүйеніп, кеудесін тіктеп отырды. – Әлгі қоңызың туралы айт, мама да естісін, – деді Дина. – Қоңызы несі? Сұраулы жүзбен өзіне аңтарыла қарап қалған шешесіне Мұрат: – Емшінің берген ем-домын айтады ғой, – деді. – Не дейді, қоңызбен емдей ме екен емшің? – Иә, апа. Қазір жұрт емге пайдаланатын қоңыз бар екен, емші маған да берді. – Осынша жасқа келгенде «қоңыз-бен емдейді» дегенді естімеппін. Қарсақ, борсық, тіпті жыланды да емге пайдаланатынын естуші едік, мынаны бірінші рет естіп тұрмын. Мұрат қоңыз емі туралы естігенінің бәрін баяндап шықты. Шешесі мен әйелі кішкентай жәндіктің жетпіс түрлі ауруға ем екенін естіп, сенер-сенбесін білмей, аңтарылып отырып қалды. – Қазір сол қоңыздың біреуін ішейін деп отырмын. Дина, бір стақан салқын су бере салшы, – деді де Мұрат терезе алдындағы қорапшаны алып келді. Қоңызды қанша майын тамызып мақтаса да, су бетінде қалқып жүрген жәндікті көргенде Мұраттың жүрегі шайлығып қалды. Ол стақанды қолына ұстап аз отырды да көзін жұмып, судан сыздықтатып аз жұтты. Мамасы тыжырынып көзін төмен салды. Дина орнынан тұрып, ас үйден шыға жөнелді. Мұрат анда-санда жыбыр-жыбыр етіп, су бетінде қалқыған сары қоңызға қарап отырды да, қайта көзін жұмды. Стақанды аузына төңкеріп, суды қылқылдата жұтып-жұтып жіберді. Қоңыз кеңірдегіне тұрып қалғандай тамағы жыбырлап әкетті. Ол орнынан ұшып түрегеліп, әжетханаға жүгірді. Унитазға жете бере, лақылдатып құсты. Асқазаны аузынан аударылып түсіп қалардай лоқсыды. Қақырынып-түкірініп, әбігерге түскен Мұрат аузын шайып, орнына келіп отырды. Стакан түбінде қалған азғантай суға қарап, тамағын сыртынан сипап қойды. – Жыбырлаған бәлені жұтып қойдың ба не? – деді Дина. – Құсқанда түсіп қалды ма, білмеймін? Бір жұтуы жұттым ғой, – деп күлді Мұрат. – Айналайын, дүние күйіп кетсе де қоңыз жемей-ақ қойшы. Осы жасқа келгенше естімеген сұмдығым екен. Не масқара! Жұртты алдап, ақша тапқысы келген алаяқтардың шығарғаны шығар. Әйтпесе бұған дейін неге білмейміз, неге естімейміз? «Қилы-қилы заман болады, қарағай басын шортан шалады». Не деген тура, тауып айтылған сөз. Жыбырлаған жәндікті сатып, күн көрген қайран ел қайда бара жатыр? «Қоңыз теріп кетіпті» деп естуші едік, сол күнге жеткеніміз бе шынымен? Қой, өкіметтің дәрі-уколымен-ақ емделе бер. Қоңыз жейтіндер өздері жей берсін, – деп шешесі ағарған самай шашын жаулығының ішіне салып, терең күрсінді. Мұрат үнсіз басын изеді. 3 – Аға, мен бір айналып қайтайын. Болмаса, үйге бара берем. Звондаймын, – деді Мұраттың інісі. – Жақсы. Әйтпесе үйге қайта берсеші. Не қызық бар мына берекесі қашқан у-шуда. – Иә, қайтам. Мұрат інісі киіз үйлерді жағалап, қалың көптің ішіне сіңіп, көрінбей кеткенше соңынан қарап тұрды. Сахнада екі иығын жұлып жеп, ән салған әнші қыздың жағы семді. Концерт жүргізуші жігіттің әлдекімге алғыс айтқаны естіледі. Мұрат жыршының мұңлы мақамын естіп, құлағын түре қалды. Қанды жастан кеппейді Көк биенің жанары. Жатсам-тұрсам айналып Қабағыма қарады. Асыр салып шаппайды Арда құнан жабағы. Құлан ішпес тұзды қақ, Тобын жазбай барады, Тобын жазбай қайтады, Ішім өрттей жанады. … – Әй, жігіттер! Топтарыңды жазбай, бытырамай бір жерде болыңдар! – деп айқайлаған дауыс естілді. Мұрат жанына таяп келіп қалған «Плюс» арнасының журналисін көрді. Камера көтерген оператор жан-жағын түсіріп, журналистің соңында келеді. Ол неше айдан бері араларында жүрген журналиске қол беріп амандасты. – Қалайсыздар, Өркеш? – деді Мұрат жас жігіттің шаршаңқы жүзіне қарап. – Біздікі осы ғой. Өздерің? – деді журналист. – Бізде де осында тапжылмай тұра беруден басқа, жұмыс жоқ, – деп күлді Мұрат. – Алда-жалда осы алаңда жұрт дүрлігіп, тәртіпсіздік орын алса, полиция сіздерді күшпен таратып жіберуі мүмкін бе? – деп журналист микрофонын Мұраттың аузына тосты. Оператор таяп келіп камерасын Мұратқа туралады. – Біздікілер осы алаңда бұған дейін қалай тұрса, солай тұрады. Біздің жігіттер ондайға бармайды. – Жоқ, сіздер емес, басқа бір жағдай болып жатса деймін. Алаңда митингіде тұрған сіздерге қаншалықты жауапкершілік жүктелуі мүмкін? – Өзіңіз білесіз, бұл мәселе кеше де айтылған, талқыланған. Әкім өзі уәдесін де берді. Мұнда біз кеше немесе бүгін келген жоқпыз. Жеті айдан бері осында тұрмыз. Біреулердің әдейі арандатуы болса, жауапкершілік те содан қузалуы керек деп ойлаймын. Ондай ойын да жоқ емес секілді. Сүйек лақтырып, мұнайшылардың намысына тиген жағдай бағана ғана болды. Бір қызығы соны тектеп, тексеріп жатқан құқық қорғаушыны көргенім жоқ. Енді тура мұнайшыларды басып-жаншып, парад болмақшы екен. Бұл дұрыс емес. Мұнда адамдар тұр, – деді Мұрат. – Ондай бөтен ниетті адамдарды неге тексермейді? Ол басына шапка киген, өздерін кішкентай камерамен сыртынан түсіріп тұрған бойы ұзын ер адамды қолымен нұсқап: – Мына кісілер қауіпсіздікті қалт жібермей, қатаң бақылап жүрген шығар. Бүгін тексермесе, ертең тексерер, – деді. Алаңның киіз үйге қарама-қарсы жағынан айқай-шу көтерілді. Журналист, ұзын бойлы ер адам солай жүгірді. Мұрат олардың соңынан ерді…
Держатели документа:
БҚУ

Дәбей , Ы. Қоңыз [Текст] / Ы. Дәбей // Жалын . - 2020. - №2.- Б90-101

12.

86
Б 11

Біләл, Қ.
    Дәстүрлі дін - мемлекет саясатының құрамдас бір бөлшегі [Текст] / Қ. Біләл // Жалын . - 2020. - №7. - Б. 2-25
ББК 86

Рубрики: Религия

Кл.слова (ненормированные):
дәстүрлі дін -- мемлекеттік саясат -- діни бірлестік -- мұсылман -- иман -- өзге ұлт -- Адам - Алла
Аннотация: Мемлекетіміздің жүргізіп отырған дін саясаты дәстүрлі дінімізге негізделген. Қазақстанда қазіргі уақытта 4551 діни бірлестік әрекет етеді, оның 2815-і исламдық, 306-ы православтық, 1283-і протестанттық, 118-і католиктік, 25-і иудейлік және 4-і буддистік. Дербес аналитикалық орталық болып табылатын Саяси шешімдер институтымен жүргізілген зерттеулердің деректері бойынша қазақстандықтардың 93%-дан аста- мы қандай да бір дінді ұстанады екен. Бұл ретте исламды қа-зақстандықтардың 64% ұстанса, христиан дінін ұстанатындардың пайызы 29, ал 6% қала тұрғындары өздерін атеист санайды. Өзін мұсылманмын деп танитындардың басым бөлігі қазақтар (94%). Осыған орай біз дәстүрлі дініміздің өзіндік ерекшеліктерін ұдайы насихаттай беруге міндеттіміз. Мұсылман деп кәлима шаhадатты, яғни «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөзді жүрегіне өткізген адамды айтамыз. Ал сіздер оның жүрекке қалай өтетінін білесіздер ме? Басын ашып айтайық. Білмейсіздер. Білмегеннен бұрын мойындамайсыздар. Себебі Алла тілде емес, жүректе болады. Құранды тілің сайрай берсін, ол ешқашан Аллаға жетпейді. Иман дегеніміз – қазақ болу. Ешқандай өзге ұлт өкілі қазақ тілін білгені үшін, не домбыра тартқаны үшін, тіпті қазы-карта мен қымызды жақсы көргені үшін қазақ бола алмайды. Себебі оның Анасы қазақ емес. Егер ол «Ана» болмаса ешкім де қазақ бола алмағаны сияқты ешқандай ұлт өкілі, тіпті ол араб болсын, ешқашан мұсылман бола алмайды. Ислам дінінде ол «Ананы» пайғамбар деп атайды. Егер ол «Ана» тірі болмаса, ешкім де мұсылман бола алмайды. Соған орай: «Ислам дінінен шыққан дін ғұламалары, Жақып (ғс) әулетінен шыққан пайғамбарлармен дәрежесі тең болады», — деген хадис бар. Себебі анасыз иман ешқашан жүрекке өтпейді. Ол Ананың бүгінгі аты – Ишан мен Пірлер. Бұл – біздің дәстүрлі дініміз. Ендеше ата-баба дініне қайта оралайық. Егер дәстүрлі діннен ауытқысақ, онда діни ұстаным өзгереді. Ал діни өзгеріске түскен адам міндетті түрде заңды аттайды. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер кодекісінің 174 бабында: «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру 1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiм-дерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айыр-машылығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желі- лерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса, екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі» – деп көрсетілген. Баршамызға белгілі адам — Алланың Халифасы. Халифа – шексіз билік иесі. Шексіз билік иесі болатыны, Ол — Аллалық мүмкіндікке ие. Соған орай Інжілде: «Құдай адамды өзіне ұқсатып жаратқан», – делінеді. Бірақ кім де болсын осы «ұқсастықты» материалдық тұрғыда түсінсе, діннен шығады. Алайда Адамның Алланың Халифасы екендігі Құран аятымен бекітілген. Демек, Адамның Аллаға «ұқсас» жаратылғанына біз де иман келтіреміз. Сәл-пәл түсінік. Шынтуайтына келгенде, біз Інжіл «аятынан» да алға озып кетеміз. Онда: «Құдай Адамды өзіне ұқсатып жаратқан», – десе, біз ол «ұқсастықты» бір ұғым деп түсінеміз. Яғни, Адам – Алла. (Кей діни танымдық кітаптарда «Халифа» сөзі осылай тәпсірленеді). Соған орай, енді Адам Алланың өзі, сәл-пәл жұқартып айтсақ, Аллалық мүмкіндікке ие болғаннан кейін, ойына келген барлық арман-тілегін жүзеге асыра алады. Нақтыласақ, Алла сияқты Адамның да «Бол!» деген нәрсесі бола кетеді. Ол «Бол!» деген сөзді пайғамбарлар, не өмірін исламға арнаған дін ғұламалары емес, кез-келген мұсылман айта алады. Және де айтып қана қоймайды, сол айтқанын Халифа болғандықтан жүзеге асыра алады. Тағы да қайталап айтайық. Біздің бұл айтқанымызды кез-келген мұсылман жүзеге асыра алады. Енді сауал. Сіз осы біздің айтқанымызға сенесіз бе? Сенсеңіз, мұсылмансыз. Біздің ата-бабаларымыз соған сенген. Ал бүгінгі дін иелері, Қазақстандық қана емес, әлемдік тұрғыда, бұндай «ертегіге» сенбейді. Соған орай олар: «Өзіңді танысаң, Алланы танисың», – деген хадисті қабылдай алмайды. Себебі, өзінің Алла екендігін ешқашан мойындамайды. Тағы да сауал. Өзіңіз ойланып көріңіз. Осыдан кейін: «Жер бетінде мұсылман бар», – деп айта аламыз ба? Бұл – «Мұсылмандар неге ауырып жатыр?», – деген сауалға жауап. Білген жөн. Алла ауырмайды. Соған орай Адам да ауырмайды. Бірақ шындық олай емес қой. Себебі, біз өзіміздің Халифа екенімізді мойындамаймыз. Дұрысы — Халифаның мәнін түсінбейміз. Егер түсінсек бар ғой, бір ғана: «Аллаhу акбар! — деген дұғамен барлық ауруларды жазып алар едік. Солай бола тұра сол сөзді бүкіл діндәрлар күніне мың рет қайталаса да дұғалары неге қабыл болмайды? Жауап айқын. Өздеріне сенбейді. Оған ауырып жатқандар да сенбейді. Біз оған тек дәстүрлі дінге қайта оралғанда ғана сенетін боламыз. Дәстүрлі дініміздің өзіндік ерек-шелігін мына жайттан да аңғаруға болады. Бәрімізге белгілісәби дүниеге жұдырығын түйіп келеді. Ал өмірден озған адамның алақаны ашық қалады. Бұл — жазылмаған заңдылық. Алайда оған мән беріп жатқан адам аз. Бәрімізге белгілі жәйт. Адам баласының өмірге келуі арқылы руx заттанады. Яғни, материямен тұтасады. Соған орай руx өзінің бастапқы негізінен ажырап, материяға байланады. Ол үрдіс өмірге келген сәбидің жұдырық түйуі арқылы көрініс береді. Жұмылған жұдырық сәбидің меншік иесі екендігін айғақтайды. Ол меншік иесінің аты — Мен. Ол «Мен» діни тілде нәпсі деп аталады. Адам болмысындағы руx туылған сәттен бастап сол жұмылған жұдырыққа, яғни «Мен»-ге қызмет етеді. «Мен»-нің, яғни нәпсінің тағы бір аты — құлқын. Сондықтан да ол ешқашан тойым дегенді білмейді. Өмірге келген сәби алақанының өлгенше ашылмайтындығы сондықтан. Бұл «ашылмауды» шамалы кеңдеу түсінген жөн. Адамның меншік иесі екендігі, яғни кіндігі жерге байланғандығы мәлім болғаннан кейін оның ұдайы жұдырық түйіп жүруі шарт емес. Себебі, оның өзі тұтастай «жұдырыққа» айналып кетеді. Діни тілде сол «жұдырық адам» кәпір делінеді. Адамның мұсылман болу қажеттілігі осы жерден келіп туындайды. Себебі, адам мұсылман болған кезде жұдырығы жазылады. Яғни, мұсылман адам ғана материядан ажырай алады. Осы жерде кілтипан бар. Себебі, өздерін мұсылмандар санатына қосатын 73 тармақтың тек біреуі ғана сәби кезінде түйілген жұдырығын өлмей тұрып аша алады. Себебі ол өз руxына иман келтіртуге қол жеткізеді. Ал қалғандарының иманы да, жасаған ғибадаттары да «Мен»-нің меншігінде қалып қояды. Оның басты себебі — адам баласы өзінің өмірге келуінің мәнін түсіне алмауында. Сәл-пәл түсінік. Адам баласы жұдырығы түйілген сәттен, яғни туылған сәттен бастап Алламен байланысын үзеді. Тіпті өмірге пайғамбарлар келмесе Оны бар деп те білмейді. Пайғамбар деп біздің бастапқы руxымыз тәрізді Алламен ұдайы байланыста тұратын адамды айтамыз. Адам баласы пайғамбарды мойындаған сәтте біздегі руx өзінің бастапқы негізімен үндеседі. Сол кезде руx «Мен»-ен ажырайды. Пайғамбарымыздың (сғс) «Өлмей тұрып өліңдер» деген xадисі соған орай айтылады. Себебі қалғандарда ол «жұдырық» тек өлген кезде ғана ашылады. Әңгіме шамалы қоюланыңқырап кетті. Енді барынша жеңілдетіңкіреп айтайық. Сонымен, сәбидің жұмылған жұдырығын материя, яғни мына әлем дедік. Біз соған туған сәттен бастап байланып қалады екенбіз. Біз одан өлгенше ажырамаймыз. Себебі, ол біздің отбасымыз, Отанымыз, бала-шағамыз, дүние-мүлкіміз, дос-жаранымыз… Осылай соза беруге болады. Енді осы айтқандарымызды қаперге алғанымыз үшін бізді ешкім де дүниеқоңыз деп айыптай қоймас?! Солай ма? Иә, айыптамайды. Бірақ мойындауға тура келеді. Біз тілге тиек еткен нәрселердің бәрі бізді мына әлемге байлап тұрған бір-бір жіптер. Шынтуайтына келгенде, біз сол жіптерді үзбейінше түйілген жұдырығымызды жаза алмаймыз. Осы жерде Пайғамбарымыздың (сғс) «Сендер дүние-мүліктеріңнен, әке-шеше, бала-шағаларыңнан мені артық жақсы көрмейінше кәміл мұсылман бола алмайсыңдар» дегенге саятын xадисінің мәні ашылады. Соңғы түсінік. Маймыл аулайтын аңшыларда мынандай бір тәсіл бар. Олар іші тазартылған кактустың бір шетін тесіп, арнайы ширатылған жіптің бір ұшын сол тесілген кактусқа, екінші ұшын екі-үш метрдей жердегі ағашқа байлап қояды. Сосын әлгі кактустың екінші шетін дөңгелете теседі де ішіне маймылдың сүйсіне жейтін жеміс-жидегін салып қояды. Маймыл байғұс ашылған алақаны ғана сиятын әлгі тесікке қолын салғанымен жемісті алған түйулі жұдырығын қайтадан суырып ала алмай қалады. Сөйтіп өзінен-өзі дүние қақпанының тұтқынына айналады. Мұны базбіреулер май-мылдың ақымақтығына балауы мүмкін. Ал сонда біздікі не жорық?! Неге түюлі алақанымыз жазылмайды? Оған тағы да дәстүрлі дін жауап береді. Мәселен, сіз Алланы көрдіңіз бе? Жалпы Алланы кімдер көреді? Жауап айқын. Алланы тек мұсылмандар көреді. Себебі оларда иман бар. Сонда иман дегеніміз не? Ол бәрімізге белгілі: «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі», – деген кәлима шаhадат. Біз осы кәлиманы жүрегіне өткізген адамды мұсылман дейміз. Сол мұсылман – Алланы көреді. Кейін, жәннатқа барған соң емес, қазір көреді. Егер Алланы көрмесеңіз, онда мұсылмандығыңызда кәкір бар. Себебі сіз Алладан басқа ешнәрсе жоқ екендігіне иман келтіріп отырсыз. Сонда қалай, Бар нәрсені көрмей, жоқты көргеніңізге және соған сенгеніңізге біз кінәліміз бе? Неге сіз біздің Алланы көретінімізге күмән келтіресіз? Жалпы сіз Алланы көре алмағаныңызға неге қорықпайсыз?! Себебі ол – иман ғой. Ол иман діни тілде Ихсан деп аталады. Барлық діндәрлар біледі, Ихсан дегеніміз: «Сен Алланы көріп тұрғандай сенімде бол. Егер сен Алланы көрмесең, онда Алланың сені көріп тұрғанына сен». Бұл — ислам дінінің — Иман, Ислам, Ихсан деген үш тағанының бірі. Осы үшеуі тұтас болмаса иман кәміл болмайды. Солай бола тұра Ихсан ислам дінінің әлемдік деңгейдегі қолданысынан шығып қалған. Өздерін мұсылман санатына қосатындардың Алланы көре алмайтындықтары сондықтан. Басы ашық жәйт. Ихсан – қолданыста жоқ. Демек бізде: «Мен Алланы көріп тұрмын», не болмаса «Алла мені көріп тұр», – деген сенім жоқ. Енді сіз Алланы көрмейтін иманмен жасаған ғибадатыңыздың қабыл болатынына сенесіз бе? Жалпы сіз өзіңіздің мұсылман екендігіңізге сенесіз бе? Күмәнсіз жәйт. Алла сіздің намаз оқығаныңызды да, өзге ғибадатыңызды да көрмейді. Себебі сіз ол сенімді (Ихсанды) иманның құрамдас бөлшегінен алып тастағасыз. Білген жөн. Алланы тек тірі адамдар ғана көреді. Алла да тек тірі адамдарды көреді. Рас, Алланың көру мүмкіндігіне шек келтіруге болмайды. Бірақ Ихсансыз көруде Алланың назары болмайды. Қазақ — иманды халық. Сондықтан да біз барлық уақытта Алламен біргеміз. Білген жөн. Ол иман біздің қанымызда әу бастан бар. Себебі біз әлмисақтан мұсылманбыз. Сондықтан кей «оқыған қуларға» иманымызды ұрлатуға жол бермейік. Діндарлар әлемнің жаратылуын «Алла жасырын қазына еді. Өзін танытқысы келді…» деп басталатын тәмсіл арқылы түсіндіреді. Алайда адамның жаратылуындағы мақсат — Алланы таныту екендігі көп айтыла бермейді. Рас, адам мен жынның Аллаға құлшылық етуі үшін жаратылғандығы туралы аят бар. Сонда біз жаратылу мәні деп ұғындырылатын құлшылықты қалай түсінеміз? Егер Аллаға жасауға лайық ең басты құлшылықты сәжде деп қабылдасақ, онда біз өмір салтымызды соған лайық етіп құруға тырысқан болар едік. Пайғамбарлар да бізге сондай өмір салтын қалыптастырған болар еді. Демек біз құлшылық мәнін толықтай ұғына қойған жоқпыз. Себебі ғибадатқа бөліп жүрген уақытымыз тым аз. Яғни, біз түсінген Құран аятына үйлеспейді. Сондықтан біз құлшылықты қызмет деп қабылдаймыз. Жай қызмет емес, Аллалық қызмет. Мән берсек, мына әлем Алланың Әмірі арқылы жүзеге асатын қалтықсыз қызметке бағындырылып тұр. Адамға тән барлық іс — әрекеттің негізі — Алла. Оны аталарымыз бір ауыз сөзбен «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген. Біз құлшылық деп осы Аллалық қызметтің адамға алмасуын айтамыз. Адамның жаратылыстық табиғаты Раxман Раxимге лайықталған. Дәлел қажеттілігі үшін айтарымыз, Алланың адамды өзіне ұқсастыра жаратқандығы туралы аят. Қош, сонымен адам Аллалық ол сипатқа қашан қол жеткізеді? Дұрыс. Кәміл иxсан болған кезде. Ал оған біз қалай қол жеткіземіз? Тағы да дұрыс. Нәпсіміз мұсылман болған кезде. Соңғы сауал. Нәпсі мұсылмандығы қалай айқындалады. Иә, Алланың бізді не үшін жаратқанын білген кезде. Ғибадатымызды құл-шылық деп қабылдасақ, оны ұдайы жасап жүрмегендігіміз өзімізге мәлім. Ал басқа тіршілік қамы үшін жасап жатқан іс-әрекеттеріміз жоғарыда біз келтірген аятқа сәйкес келе бемейді. Ол аятты басқаша өз ыңғайымызға орай тәпсірлеуге, кім де болсын тәуекел ете қоймайды. Сондықтан бізге жүктелген міндет Аллалық қызметті атқару екендігін қабылдауымызға тура келеді. Ұғынықтылық үшін айтайық. Ана баласы үшін отқа да, суға да түседі. Ананың баласына деген осы адами болмыс бүкіл адамзатқа мейріммен қарауға алмасқанда ол Аллалық қызметке ұласады. Ол сипаттардың негізі біздің бойымызда бар. Ол тек біздің жеке мүддемізге қызмет атқарады. Біз тек соны бүкіл адамзатқа жақсылық жасауға лайықты етіп қайта құра алсақ болды. Құлдық қызмет дегеніміз сол. Ислам діні бұл түсінікті кәлима шаxадатқа кіргізіп жіберген. Қайталап көрейік: «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұxаммед оның құлы, әрі елшісі.» Біз осы кәлиманың тек құлы деген сөзінің мәнін ашуға тырыстық. Ондай құл болудың үлгісін бірінші xалифа Әбубәкір көрсеткен. Ол барлық адамға ананың баласына деген мейрімінің Аллалық сипатқа алмасқан кезде қандай болатындығын ұғындыру үшін » О, Алла мені тозаққа өзге адам кіре алмас үшін барлық тозақты жалғыз өзім толтыратындай етіп үлкейтші» деп дұға жасаған. Бұл — адамның Аллаға орынбасарлық сипатының көрінісі. Сол деңгейге көтерілген кезде бүкіл жаратылыс адам қамқорлығының аясында тұрады. Біздің адамды тану қажеттілігі туралы айта беретіндігіміз сондықтан. Жалпы әр адам не айтса да өзін айтады. Дұрысы — көргенін айтады. Әзірге мен олардан біреуге жақсылық жасай қояйын деген ниетті байқай қоймадым. Бәрінде кезенген бір-бір мылтық. Ал ол заңдылық. Соңғы шек жақындаған сайын жең ішінде жасырынған жұдырықтар сыртқа шыға бастайды. Менің оппоненттерім бұдан бір нәрсе түсіне қояды деп ойламаймын да. «Оларға айттың не, айтпадың не, олар түсінбейді. Себебі, жүрек көздері бекітілген» дегенге саятын аят бар. Біз тек соның ашылуын тілеп Аллаға қол жайып дұға жасап қоямыз. Бұл үрдіс тек Қазақстан үшін емес, сондай-ақ әлемнің басқа да елдері үшін қалыпты жағдай және қазіргі қоғам өмірінің қарқынымен байланысты. Қазақстанда 1992 жылдан бастап «Діни сенім бос-тандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы қолданылып келеді. Жаңа заң жобасын жасап шығарудың қажеттігі неде? «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы біздің еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін бір айдан соң, яғни 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған. Қазақстан 20 жыл бойында дінаралық, ұлтаралық толерант- тылықты насихаттап келді. Қазақстан өзін ұлт пен діни нанымға қарамастан, барлығы үшін тең мүмкіндіктері бар ел ретінде танытады. Соған орай Аза тұту күні біз де өз үйімізде жеті шелпек пісіріп, беймезгіл дүниеден озған барша бауырларымыздың әруақтарына құран бағыштадық. Өліге иман, тіріге салауатты өмір тіледік. Сосын жеті шелпектен дәм таттық. Дәм татып отырып үйреншікті әдетпен: «Тие берсін!», — деп қойдық. «Құдай біледі», — деп айтайық, біздің осы іс-әрекетімізді ата-баба жолын ұстанған барша қазақ қайталады. Басын ашып айтсақ, мемлекет тұтастығын сақтап отырған сол қазақ. Қол жайып, әруақтардан медет тілеп отырған да сол қазақ. «Әруақ жоқ», — деп күнде уағыз айтып жүрген діндәрларға кешіріммен қарап отырған да сол қазақ. Ең бастысы, ол қазақ әруақты еске алар кезде міндетті түрде жеті шелпек пісіреді. Дінге қатысты өзге ғұрыптары да осы тақылеттес. Енді сауал. Сол қазақты осы ұстанған «дінінен» ажыратуға бола ма? Сол діни дәстүрін тәркі еткізуге күш салған діни мекеменің маңына қазақ ұйи ма? Басын ашып айтайық. Ондай дінді қазақ ешқашан мойындамайды. Біздің «Дәстүрлі дінге оралайық» деп қайталай беретініміз сондықтан. Соған орай бүкіл мұсылмандарды бір шаңырақ астынан көргісі келіп отырған Діни басқарма да өз ұстанымдарын әйгілеп, әруақты ардақ тұтатын көпшілік жаққа ойысу керек. Біз қасаң, рухсыз, құрғақ уағызға құрылған «діннен» шаршадық. Бізге дуалы ауыз, баталы қария керек. Ал ол бата жеті шелпек пісірілген кезде міндетті түрде жасалады. Ал жеті шелпекке тыйым салсақ, баталы қарт қайдан шықсын?! Бұл жерде біз дәстүрлі дінімізге тән нәрсенің бәрін жеті шелпекке теліп отырмыз. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын, жеті шелпекті алдына қойып қол жайған ағайын! Мына зұлматқа біз назар салып, дұға жасаған жеті шелпек қорған болсын! Біз ата-баба жолымен дұғасын да, қорғанын да жасадық. Қабыл болуы – Алладан. Дұрысы – дуалы ауыздан, батагөй қариялардан. Ал ондай қазақтар бізде әлі бар. Себебі, біздің дастарқанымыздан жеті шелпек ешқашан үзілген емес. Жат діни ағымдар қанша күш салса да. Бұл игі істі біздің Мүфтиіміз Наурызбай қажы да барша имамдарымен осыдан бірнеше күннен бері бастап кетті. Енді олар бүгінгі күні сол дұғасын жеті шелпек үстінде тағы да жасауда. Ендеше, қабыл болсын! Біздің Мүфтиіміз дәстүрге байланған сондай дуалы ауыздың бірі. Демек, барша қазақтың дұға-тілегі қабыл! Қазақ даласын торлаған мына зұлмат жеті шелпекпен бірге көшті. Соған сенейік. Себебі, ол – иман. Басы ашық жәйт. Барлық мұсылман иман келтіретін ақиқат — Алла жалғыз. Оны жер бетіндегі барша мұсылман айтады. Оны бүгінгі күні 73 тармаққа бөлінген ислам дінін ұстанушылардың ешқайсысы да жоққа шығармайды. Бірақ осы жерде өз сырын ішіне бүккен құпия бар. Соған орай кім де болсын таптаурын болған қағидаттарды көлденең тарта бермей, өз иманын сақтап қалу үшін Алла берген ақыл-ойына шамалы ерік беріп үйренгені жөн. Егер мән берсек, біз тілге тиек еткен мәселелерге барша мұсылман қаперге алатын «Ықылас» сүресі жауап беріп тұр. Ол — таухид, ол — Алланың жалғыз екендігіне негіз. Ол — кәлима шаhадат. Соны мойындаған адам өзін қалайша «Бармын», — деп айта алады?! Жалпы Алладан өзге біреудің бар болуға қақысы бар ма? Жауап айқын. Алайда солай бола тұра барлық мұсылман тілге тиек ететін бір-ақ жауап бар. Ол: «Алла жаратылмаған, өзгелер жаратылған», — деген жаттанды жауап. Басын ашып айтайық. Қай жаратылған жаратылыс та Алладан тыс болса, яни оған байланбаса, өз алдына Құдай болып кетеді. Осыдан келіп шығатын басты мәселе мынау: Құран Кәрімде Алла: «Мен жер бетінде Халифа жаратамын», — дейді. Ол — Халифаның аты — Адам. Бұл аяттың мәні, бүкіл жаратылысты Адамға байлауда тұр. Оған негіз: «Адамға бас иіп, сәжде жасаңдар», – деген аят. Бұдан, дін ғұламалары мойындағандай, Алланың мына әлемді бір адамның «жүрегі» арқылы басқаратыны мәлім болады. Енді сауал. Сонда Алла өзінен өзге Адамға неге сәжде жасатты? Себебі, Ол – Өзі болатын. Қазақ бұл ұғымды: «Құдайсыз қурай да сынбайды», – деп түсіндіреді. Бұл деген кез-келген жаратылыста Алла болатындығына кепіл болады. Себебі ол жаратылыста Алла болмаса, ол да өз алдына Құдай болар еді. Ал өзге жаратылыстардан Адамның үстем болатыны, онда Аллалық сегіз субути сипат бар. Біздің «Аллалық болмыс» деп отырғанымыз сол. Адамды Аллаға балап отырғанымыз да сондықтан. Адам баласы соған иелік еткендіктен де Халифа болады. Жалпы ұғымдағы рух пен әруақ та сол. Басын ашып айтсақ, рух – әруақтың бір тамшы бөлшегі. Ал әруақ – жалпы жаратылыстық негіз. Адам – сол әруақтың қожасы. Себебі, Халифа. Алланың: «Мен өзіме орынбасар жараттым», — деуі сондықтан. Қазақ әруақ қуатын: «Әруақ Құдай емес, Құдайдан былай да емес», — деп түсінеді. Сонымен қатар сол Құдайға баланып отырған әруақтың иесі (Халифасы) Адам екенін білгендіктен Оған тірі кезінде де, өлгенде де құрмет білдіреді. Басын ашып айтайық. Әуелгі жаратылыс – Адам атамыз. Алла мақтан тұтқан Халифа сол. Одан кейінгі халифалар – Пайғамбарлар. Бүгінгі Халифаның аты – Пір. Бұл — жаратылыстық жүйе. Біз қиямет-қайымның соңғы мұсылман көз жұмғанда басталатынын жақсы білеміз. Соңғы мұсылман деп отырғанымыз – ең соңғы Халифа. Сол бақиға көшкенде мына әлем өзінен-өзі ыдырап кетеді. біздің: «Рухани әлемге байлан», — деп айта беретінігіміз сондықтан. Ал оған Алланың Халифасынсыз ешқашан байлана алмайсың. Тағы да қайталайық. Ол Халифаның бүгінгі аты – Пір. Соған орай аталарымыз: «Пірсіздің пірі — шайтан», – деген. Солай бола тұра бүгінгі «оқыған» діндәрлар Пірді бар деп білмейді. Ишандарды қабылдамайды. Ал «тірі әулие болады» деген ой тіпті саналарына да кірмейді. Сонда ол қандай дін? Сол дін барша тарихы Пірлерге байланған қазақ жанын баурай ала ма? Әрине, жоқ. Біздің: «Діни басқарма өз ұстанымын айқындағаны жөн», – деп қайталай беретініміз сондықтан. Басы ашық жәйт. Ібіліс Адам атамызды Алланың Халифасы деп мойындамағаны үшін қарғыс қамытын киді. Әйтсе де діндәрлардың дені осы тұрғыдағы Құран аятын сәл басқашалау тәпсірлейді. Тәпсір де емес. Олар үшін әлгі аяттың айтар ойы тәпсірді тіпті қажет етпейді. Бәрі айқын. Айқын болатыны, Құран Кәрімде Алла Тағала барша періштелерге: «Адамға сәжде жасаңдар!», – деп әмір етеді. Ібіліс сол әмірге мойынсұнбай Адам атаға сәжде жасамағаны үшін қарғыс қамытын киіп, шайтанға айналады. Алайда Құран Кәрімнің Ібіліске қатысты аятын осылайша ашық түсіну және солай деп қабылдау діни танымды басқа бағытқа бұрып жіберді. Соның салдарынан ислам діні өзінің рухани негізінен ажырап қалды. Бәлкім сәл қатқылдау айттық. Сондықтан нақтылай түсейік. Соған орай ислам дінін «Руханиятқа қосылған» және «Руханиятқа қосылмаған», — деп екіге бөліп қарастырып көрелік. Біз: «Ислам діні өзінің рухани негізінен ажырап қалды», — дегенде осы «Руханиятқа қосылмаған» ислам дінін қаперге алдық. Басын ашып айтсақ, ислам дінінің бұл ағымы, (73-ті қаперге алайық), барлық уақытта басымдыққа қол жеткізді. Ұдайы «Мемлекеттік дін» мәртебесіне ие болды. Сол тұғырынан әлемдік деңгейде әлі күнге дейін түсе қойған жоқ. Енді сауал. Сонда олар руханиятқа қалайша қосыла алмады? Жауап айқын. Айқын болатыны, біз бұл сауалды осының алдында Ібіліске қатысты қойғанбыз. Рас, сәл басқашалау. Осы «басқашалауды», басын ашып айтсақ, Ібіліс те, руханиятқа қосыла алмаған діндәрлар да түсіне алмады. Нақтыласақ, олар Алла Тағаланың Ібіліске Адам атаға сәжде жасатуының мәнін түсіне алмады. Басын ашып айтсақ, Адам атаға сәжде жасау, яғни оны Алланың Халифасы деп мойындау руханиятқа байлануға негіз болады. Ал руханиятқа байланбағандар Алла назарынан тыс тұрады. Соған орай Алла назарынан тыс жасалған ғибадаттың ешқайсысы да қабыл болмайды. Болмаса Алланы Ібілістей таныған, Аллаға Ібілістей ғибадат жасаған ешкім жоқ. Міне, тура осы жерден бастап ислам діні, ислам діні ғана емес, Алла тарапынан жіберілген барша дін, «Руханиятқа қосылғандар» және «Руханиятқа қосылмағандар», – деп екіге жарылады. Байыбына барсақ, Ібіліс үшін руханиятқа қосылу — Адам атаны Алланың Халифасы деп мойындауда тұрады. Онсыз ол өзіне кигізілген қамыттан ешқашан құтыла алмайды. Мынандай бір тәмсіл бар. Бірде Мұса пайғамбар Алламен тілдесуге Тур тауына бара жатқан сапарында шайтан малғұнға жолығады. Оның өзіне көрсеткен қызметіне орай оған Алладан кешірім алып беруге сөз береді. Мұса пайғамбар өзінің осы тілегін Аллаға жеткізгенде Жаратушы Иеміз оған: «Ібіліс Адам атаның қабыріне барып кешірім сұрап, оны Халифа деп мойындаса, менің ризалығыма қол жеткізеді», — дейді. Алайда Мұса пайғамбар Алла тарапынан өзіне білдірілген уахиды шайтан лағынетке жеткізгенде ол: «Мен Адамды тірі кезінде мойындамағанмын. Сондықтан қабіріне де бас имеймін», — деп Аллаға деген иманын жүрекке бекітуге тағы да қарсы болады. Бұл тәмсілде пайғамбарлардың, әулие-әмбиелердің қабірін зияраттау қажеттілігі де көрініс береді. Себебі, олар — тірі. Соны білген халықтың бірі — бізбіз. Бір сөзбен айтқанда, әулие қабірін зияраттау мәні — руханиятқа байлануға деген құрметте тұр. Ал шынтуайтына келгенде, ол байлану – әр дәуір Халифалары арқылы жүзеге асады. Алайда ол Халифалар өз заманына орай әрқилы аталады. Мәселен, әуелгі Халифалық міндетті Пайғамбарлар атқарды. Кейін ол міндетті Пірлер жалғастырды. Басы ашық жәйт. Пір мен Халифа бір ұғым. Мәселе мәнін осылай түсінсек, сонда ғана біз Адам атаның алғашқы Пір екенін қабыл аламыз. Ал оны Пір деп қабыл алмаған Ібіліс — алғашқы малғұн. Соған орай біз: «Пірсіздің пірі – шайтан», – деп қоямыз. Егер мән берсек, сол үрдіс, яғни шайтан салған жол күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Ұғынықтылық үшін айтайық. Еврейлердің діни ұстанымында қате жоқ. Олардың өздері мойындаған, яғни руханиятқа байлаған пайғамбары бар. Ол – Мұса (ғ.с). Кітабы бар. Ол – Тәурат. Бекітілген шариғаты, қалыптасқан ғибадаты бар. Тақуалықта олармен шендесетін ешкім жоқ. Солай бола тұра біз оларды адасқандар деп білеміз. Адасқан соң, әрине, кәпір қауым. Енді сауал. Неге кәпір? Сонда қателік қай жерде? Жауап айқын. Барлық кезде бір ғана қателік қайталанып отырады. Ол – шайтанның қателігі. Яғни, олар да өз дәуірінің Халифасын (Пірін) мойындамайды. Ол Пірдің аты – Иса пайғамбар. Еврейлер өз пайғамбарын алға шығарды да Исаны (ғ.с.) қабыл алмады. Олардың қателігі – руханиятқа қосатын Халифа- ның (Пірдің) барлық уақытта тірі болуы керектігін түсінбеуінде. Соған орай біздің аталарымыз: «Өлі арыстаннан, тірі тышқан артық», – деп қояды. Енді былай салыстыра қарасаң, бұрынғы Пайғамбарлардың қасында бүгінгі Пірлер, аталарымыз айтқандай, тышқан тақылеттес. Бірақ Халифалық қызметі бір. Оның үстіне – тірі. Келесі қателік. Бұл қателікті христиандар жасады. Олар да мәселе мәніне түсіне алмағандықтан шайтан қателігін қайталап, Иса пайғамбардан өзгені, яғни жаңа дәуір Халифасын, Пайғамбарлардың Мөрі – Мұхаммед Мұстафа саллалаhу ғалейки уәссәләмді мойындаудан бас тартты. Сондықтан да руханиятқа байлана алмады. Енді ең басты қателікке келейік. Ол қателікті мұсылмандар жасауда. Ислам діні ғұламаларының түсінігінше Адам атадан бері жалғасып келе жатқан Халифалық міндетті тек Пайғамбарлар ғана жүзеге асыра алады. Ал біздің Пайғамбардың соңғы Пайғамбар екендігі Құран аятымен бекітілген. Демек, Халифалық мектеп өз есігін жабады. Ал Пір атауы өзінің бастапқы мәнінен ажырайды. Ол тек «ұстаз», «ақсақал», «рухани жетекші» деп түсіндіріледі. Бұл негізінен руханиятқа байланбаған, тіпті оны (әруақты) бар деп білмейтін мұсылмандардың түсінігі. Біз сөз басында олардың барлық уақытта басым болып келгенін айтқанбыз. Соған орай билік те солардың қолында болды. Ал Халифалар (Пірлер) өз міндеттерін халық арасында елеусіз ғана жалғастырып келді. Әлі күнге дейін солай. Болмаса: «Менің үмбетімнен шыққан дін ғұламалары (мүштаhидтер) Жақып пайғамбар әулетінен шыққан Пайғамбарлармен дәрежесі тең болады», – деген хадисті барша діндәрлар жақсы біледі. Сол сияқты мүштаhидтерді де мойындайды. Мүштаhид – Алламен байланыста тұрған дін ғұламасы. Негізі — Халифа. Бүгінгі атауы – Пір. Енді сауал. Осы Пірді мойындамаған адамның шайтаннан айырмашылығы бар ма? Оған аталарымыз: «Жоқ», – деп жауап берген. Соған орай бізге: «Пірсіздің пірі – шайтан», – деген даналықты мұраға қалдырған. Демек, Пірсіз адам болмайды. Бар гәп – оның кім екендігінде. Оның үстіне діни бірлестіктердің қызметі мемлекеттен бөлінген деп бұрыннан айтылады. Бірақ, діни бірлестіктермен және әртүрлі конфессия өкілдерімен өзара іс-қимыл жасаудың тәжірибесі біздің елде миссионерлік қызметті, діни сипаттағы өнімдердің таратылуын, діни оқу орындардың қызметін лицензиялауда құқықтық регла-менттеу жеткіліксіз қолданы-латынын және діни тәжірибемен айналысуға құқығы бар заңды тұлғалар үшін бір қатарлы өлшемдердің жоқ болуын дәлелдеді. Осы жылдары мемлекеттің конфес-сияаралық келісім, діни ортамен өзара іс-қимыл жасау мәселелерінде жинаған тәжірибесі 1992 жылғы заңға өзгерістер енгізу қажеттігін дәлелдеді. Бұл заңның қолданылу кезінде өзгерістер жеті рет енгізілген, бірақ олар қағидашыл сипатта болмай жеке мәселелерге қатысты болды. Осыдан барып елдегі діни ахуалды ескеріп, осы саладағы заңнаманы кешенді жетілдіру міндеті қойылады. Басы ашық жәйт. Адам баласы ғылым-білімге қол жеткізгеннен кейін діннен алшақтай бастады. «Бізге дін емес, білімді, ғылыми жетістікке қол жеткізген адамдар керек», – деп жүргендер де солар. Жалпы білімдар адамдар бізге ұдайы Батыс елдерін үлгі тұттырумен келеді. Ал олардың мұсылман емес екендігі белгілі. Сонда бізді діннен айыратын ол қандай ілім? Бұл – бір. Екіншіден, біз қол жеткізуге талпынып жүрген тағы бір білім бар. Ол — діни ілім. Бәлкім Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қытайда болсаңдар да білім алыңдар», — деген хадисті соларға қарата айтқан болар?! Әлде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқан «Қытайды» жай сөздің салты деп қабылдаймыз ба? Себебі Қытайда мұсылман қауымын өзіне баурайтын діни мектеп жоқ. Тіпті ол ел дінді әу бастан құрсауда ұстаған. Алайда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сондай жерге тап болсақ та білім алу қажеттілігін ескертіп отыр. Сонда ол қандай білім? Басы ашық жәйт. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сауатсыз болды. Сол сияқты сахабалар да медресе табалдырығын аттаған емес. Рас, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сәкісінде бір-біріне уағыз айтатын бір қауым қалыптасты. Құран жатқа оқыла бастады. Бірақ діни оқулықтар болған емес. Солай бола тұра сахабалардың рухани деңгейі жоғары болды. Себебі Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткен рухани білім – жүректен жүрекке өтті. Біз Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқан хадис мәнін осылай түсінеміз. Демек, білім иесі – адам. Оған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі кепіл бола алады. Одан кейінгі білім иелері – сахабалар. Міне солар әлемге ислам дінін таратты. Одан кейінгі білім иелері – мүштаhидтер, бүгінгі тілмен айтсақ – Пірлер. Демек біз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай, қайда болсақ та сол білім иелерін табуға міндеттіміз. Себебі, олардан өзге жерде білім жоқ. Ал білім жоқ жерде иман болмайды. Басын ашып айтайық. Білім кітапта емес, адамда. Кітаптағы білім – өлі болады. Оны тірілтетін соған үндескен адам.
Держатели документа:
БҚУ

Біләл, Қ. Дәстүрлі дін - мемлекет саясатының құрамдас бір бөлшегі [Текст] / Қ. Біләл // Жалын . - 2020. - №7.- Б2-25

13.

83(5каз)
Д 21

Дәутбайұлы, Н.
    Алтын балық [Текст] / Н. Дәутбайұлы // Juldyz. - 2020. - №7.-шілде. - Б. 51-65
ББК 83(5каз)

Рубрики: Әдебиеттану

Кл.слова (ненормированные):
хикаят -- алтын балық
Аннотация: Бұл хикаят қоныс аударып келіп, алақандай айнакөлді көрген күннен баланың түсіне не тілесең тілегіңді беретін ғажайып Алтын балық жиі-жиі кіретіндігі, ұзындығы сала құлаштығы, көгілдір көлді көпіршітіп көз жауын алған көркем бітім дәл бір көк жиектен көтеріліп шыққан күндей қызыл жалқылданып жағалауға таяп, бала соған қарай жанталаса қармақ лақтырып, кейін жоқ болып кетуімен басталып, хикаят әрі қарай өрбиді.
Держатели документа:
ЗКУ

Дәутбайұлы, Н. Алтын балық [Текст] / Н. Дәутбайұлы // Juldyz. - 2020. - №7.-шілде.- Б.51-65

14.

63
У 47

Ұлықбек, Б.
    Шыңғыс хан кім? [Текст] / Б. Ұлықбек // Жас алаш. - 2020. - №21. - Б. 6
ББК 63

Рубрики: тарих

Кл.слова (ненормированные):
Шыңғыс хан -- Моңғолия -- қытай -- қыпшақтар
Аннотация: Мақала Ұлы даланың алмас қылыштай жарқылдаған ру, тайпаларының басын қосып , ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған әрі аспанасты империясын бағындырған , Орта Азия және басқа да көптеген елдердің тізесін бүктірген Шыңғыс хан туралы .
Держатели документа:
М. Өтемісов атындағы БҚУ

Ұлықбек, Б. Шыңғыс хан кім? [Текст] / Б. Ұлықбек // Жас алаш. - Алматы, 2020. - №21.- Б.6

15.

88
С 89

Султанкубиева, А. М
    Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс [Текст] / А.М Султанкубиева // Қызықты пссихология. - 2016. - № 5-6. - Б. 30-31
ББК 88

Рубрики: Психология

Кл.слова (ненормированные):
психология -- отбасы -- ата-ана -- әке -- бала -- мектеп -- оқушы -- адам -- тұлға -- қарым-қатыныас -- білім -- тәрбие
Аннотация: Мақалада ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу мақсатында тренинг жаттығулар берілген.
Держатели документа:
БҚМУ

Султанкубиева, А.М Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс [Текст] / А.М Султанкубиева // Қызықты пссихология. - 2016. - № 5-6.- Б.30-31

16.

83.3 (5Қаз)
Ш 36

Мұртаза, Ш.
    Дуананың жирен қасқасы [Текст] / Ш. Мұртаза // Өзін-өзі тану. - 2018. - №12. - Б. 88-92
ББК 83.3 (5Қаз)

Рубрики: Әдебиеттану

Кл.слова (ненормированные):
Халық жазушысы -- Шерхан Мұртаза -- Бір кем дүние -- Құр алақан -- мектептің тұғыртасы
Аннотация: Бұл мақалады Шерхан Мұртазаның өлеңдеріне қысқаша сипаттама бергені туралы баяндалады.
Держатели документа:
М.Өтемісов атындағы БҚМУ

Мұртаза, Ш. Дуананың жирен қасқасы [Текст] / Ш. Мұртаза // Өзін-өзі тану. - 2018. №12.- Б.88-92

17.

74.2
К 36

Кенжебай, М
    Білімге баулитын жаңа оқулық [Текст] / М Кенжебай // Мәдениет. - 2020-қырккүйек. - №9. - Б. 28-30
ББК 74.2

Рубрики: Педагогика

Кл.слова (ненормированные):
көңілді оқу -- аяулы алақан -- өмірлік мораль тәрбиесі -- мағыналы уйрену
Аннотация: Мақалада жақында Орхон баспасынан Ақылды ана аттыжаңа оқулық жарық көргендігі сол кітаптын екінші тарауындағы Баланы білімге баулу атты отбасылық тәжірибесін оқырманға ұсынғандығы айтылады
Держатели документа:
М.Өтемісов атындағы БҚУ

Кенжебай, М Білімге баулитын жаңа оқулық [Текст] / М Кенжебай // Мәдениет. - 2020-қырккүйек. - №9.- Б.28-30

18.

Е 73

Ермекқалиева, Ж
    Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынасты жақсарту [Текст] / Ж Ермекқалиева // Мектептегі психология. - 2021. - №10. - Б. 37-38
ББК 88

Рубрики: Психология

Кл.слова (ненормированные):
көңілді шеңбер,құм терапиясы,тас,қайшы,қағаз жаттығуы,баға,алақан жаттығулары
Аннотация: Мақалада өзін-өзі тану,ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру,мәдени сөйлеу білігін дамыту,өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру,парасаттылыққа,ұйымшылыққа тәрбиелеу бағытында айтылған
Держатели документа:
М.Өтемісов атындағы БҚУ

Ермекқалиева, Ж Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынасты жақсарту [Текст] / Ж Ермекқалиева // Мектептегі психология. - 2021. - №10.- Б.37-38

19.

83
А 11

Айтбайұлы, Т.
    Ақанның алақаны [Текст] / Т. Айтбайұлы // Ана тілі. - 2022. - №13.-31наурыз-6сәуір. - Б. 5
ББК 83

Рубрики: Әдебиеттану

Кл.слова (ненормированные):
ақселеу сейдімбек -- 80жыл -- қазағым,халқым деп соққан жүрегі -- ой салған әсерлі кездесу -- төрткілеуіш төтен күш -- желтоқсан:қолдан жасалған қасірет -- сендер қазақсыңдар ма?
Аннотация: Мақалада А.Сейдімбектің шығармашылығы туралы баяндалған.
Держатели документа:
БҚУ

Айтбайұлы, Т. Ақанның алақаны [Текст] / Т. Айтбайұлы // Ана тілі. - 2022. - №13.-31наурыз-6сәуір.- Б.5

20.

Все поступления за 
Или выберите интересующий месяц