База данных: Статьи
Страница 1, Результатов: 34
Отмеченные записи: 0
1.

Подробнее
80/84
Ж 12
Жүнісов, Қ.
Сәкеннің Сталинге хат жазғаны рас па? [Текст] / Қ. Жүнісов // EGEMEN QAZAQSTAN. - 1 ақпан. - 2019. - №21. - Б. 8.
ББК 80/84
Рубрики: Филологические науки. Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
Сәкеннің Салинге хат жазғаны рас па? -- Жұмажан Сүлеймен -- Ақиқат журналы -- Ғалымдар құрастырған кітапты ғалым оқымаған ба? -- Ақтаңдақтар ақиқаты -- Жүнісов.Қ
Аннотация: Тарих ғылымдарының кандидаты Жұмажан Сүлейменнің "Сәкеннің Сталинге хаты" атты мақаласы "Ақиқат" журналында (№10, 2018ж) үш айдан бері "салтанат" құрып тұр. Автор: "Ерте ме, кеш пе жарияланбай қалмайтын бұл хат төл тарихымыздың бір қызық дерегі. Төменде алғаш рет баспа бетін көргелі отырған Сәкен Сейфуллиннің Сталинге жазған бізге белгілі жалғыз хаты" деп бастайды. Неге алғаш рет? Бұл хат бұдан он бір жыл бұрын 2007 жылы "Алаш қозғалысы" деген кітапқа енген еді ғой. Содан бері бірнеше мәрте талданған. Сонда ғалымдар құрастырған кітапты ғалым оқымаған ба?
Держатели документа:
БҚМУ

2.

Подробнее
80/84(5каз)
A10
Әлпейісова , К.
"Қазақтанудың" қарышты қадамы [Текст] / К. Әлпейісова // AQIQAT . - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 19-23
ББК 80/84(5каз)

қазақтанудың қарышты қадамы -- ақмоладан басталған жол -- қазақтанудың қазығы қағылып тұсауы кесілді -- қазақтану жобасы -- егемен қазақстан -- ақмола облысы, бурабай ауданы -- қасиетті абылайхан алаңы -- болашаққа бағдар -- рухани жаңғыру -- Л.Прокопенко -- Әлпейісова.К -- ақиқат журналы
Аннотация: «Адамды тану үшін онымен жолға шық» дегенді қай-қайсымыз да естіп өстік. Сапарда жүрген аз-кем уақытта жолсерігіңнің өмір жолына, мінез-құлқына қанығып, қарым-қабілетін танисың. Осы ұстаным түрін, нысанын өзгертіп, түрлі салада қолданылады. Билік басына келген әкімнің, министрдің, басқа да биік лауазым иесінің алғашқы үш айдағы қызметін саралайтын «100 күн» деген меженің де мақсаты соған ұқсас. Жаңа басшыны бірі сынап, бірі қуанып, ал, тағы бірі күмәнданып қарсы алған халық оның алғаш қолға алған істерінен ой түйіп, өзіндік тұжырым жасайды. Былтыр Ассамблеяның көктемгі сессиясында ұсынылып, Елбасының, қатысушылардың тарапынан қызу қолдау тапқан «Қазақтану» жобасы халыққа жол тартты. Ақмола облысының Бурабай ауданында, қасиетті Абылайхан алаңында, «Егемен Қазақстан» жазғандай, «Қазақтанудың қазығы қағылып», тұсауы кесілді. Яғни, жоғарыдағы қалыпқа салсақ, жобаның іске асырыла бастауы өзінің 100 күндік межесінен өтті. Бұл кезең қалай өтті?

3.

Подробнее
85(5каз)
С 18
Самет, Н.
Қазақтың моцарты атанған рахат-би [Текст] / Н. Самет // AQIQAT. - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 24-25
ББК 85(5каз)
Рубрики: Искусство. Искусствознание
Кл.слова (ненормированные):
қазақтың моцарты атанған рахат-би -- елбасының мақаласы -- болашаққа бағдар -- рухани жаңғыру -- ұлы даланың жеті қыры -- қазақстанның 100 жаңа есімі -- мәдениет саласы -- егемен елі -- ақиқат журналы -- Самет.Н
Аннотация: 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде «100 жаңа есім» жобасы дүниеге келді. Егемен еліміздің дамуы жолында тың идея, табысты еңбек,прагматизм тәжірибесімен ерекшеленген азаматтардың есімі тізімге енгізілді. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары дауыс беру арқылы таңдалып, іріктеу, сараптама кезеңдерінен өтті. Нәтижесінде «100 жаңа есім» веб-сайтында қатысушылар картасы құрастырылып, алты сала бойынша үздіктер есімі анықталды. Мәдениет саласы бойынша 10405 дауыс жинап, жеңімпаздар қатарынан көрінген Рахат-Би Әбдісағин ерекше есімімен ғана емес, небәрі 18 жасында жоба тізіміне еніп, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лау-реаты атағымен де көпке танылған. Рахат-Би Төлегенұлы кітап оқу, физика, кескіндеме, жүзу жаттығуларымен қатар, музыка өнеріне ерекше ден қойған. Қазақ Ұлттық консерватория-сында сазгерлік, пианистік қабілетін шыңдаған. Әлемге әйгілі Бах, Моцарт туындыларын жинақтайтын Оңтүстік Иллинойс университетінің (АҚШ) «Discography» қорына туындылары енген еліміздің жас әрі жалғыз композиторы. Ол – заманауи музыкаларды орындаушылар мен композиторлардың халықаралық академиясының ең жас қатысушысы: Impuls (Грац, 2013, 2015, 2017), ISA (Мюрцушлаг, 2015), KlangZeitMünster (Мюнстер, 2016), ең жас лектор ICTM 2015 атақтарының иегері. Музыканың математикамен үндестігін зерттеген дарын иесі 14 жасында (2013 жылы) «Математика және заманауи музыка» атты еңбегін жарыққа шығарады. Аталмыш туынды Мәскеу қаласында өткен байқауда алтын медальмен марапатталды. Музыка мен математиканың қатынасы туралы зерттеулері магистрлік жұмысында және ғылыми еңбектерінде жарияланды. Рахат-Би Әбдісағиннің айтуынша: «Бұл қатынас дыбыс деңгейінде қалыптасып, математикалық формуланы түзейді. Математика мен музыкаға ортақ дүние – гармония. Мен үшін математикадағы нөлдік ұғым музыкадағы кідірісті, тыныштықты білдіреді. Әлемдегі бос кеңістік (черная материя) ұғымы да содан туындайды. Өткен ғасырдың Пифагор, әл-Фараби сынды ғалымдары мен әйгілі композиторларының туындыларына музыкалық қырынан емес, математикалық қырынан қарау қажет. «Музыка мен үшін біртұтас әлем» дейді. Жас музыкантты халықтың «қазақтың Моцарты» деп атауына толық негіз бар. Ол үш жыл ішінде Алматы қаласындағы М.Төлебаев атындағы жеті жылдық музыкалық мектепті тәмамдаған. 12 жасында кәсіби композиторлар деңгейіндегі шығармаларды жазған. 13 жасында Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенті атанады. Сонымен қатар Италиядағы Accademia Musicale Santa Cecilia di Bergamo-да білім алып, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде магистратура бөлімін сәтті аяқтады. Жас дарын көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы, жүзден аса музыкалық шығармалардың авторы. Еуропада бұрын-соңды кездеспеген күрделі әрі қызық тілде жазылған симфониялық туындылардың иесі. Бұл пікірге әлемдік дәрежедегі музыкант мамандар да қосылады. Рахат-Бидің ең ізгі армандарының бірі – Қазақстанда жаңа композиторлық мектептің негізін қалап, оны әлемдік дәрежеде таныту. Жүрек пернелерін қозғап, эстетикалық ләззат сыйлайтын музыка өнерімен қатар техникалық ғылымдарды, тіл білімін қатар алып жүрген Рахат-Би Әбдісағин өз болашағынан зор үміт күттірері анық.

4.

Подробнее
63.5(5каз)
И 51
Имамбаева , Д.
Халық санағы: сан арқылы сапаға [Текст] / Д. Имамбаева // AQIQAT. - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 26-28
ББК 63.5(5каз)
Рубрики: Этнография (этнология, народоведение)
Кл.слова (ненормированные):
халық санағы: сан арқылы сапаға -- қоғамның басты байлығы -- қазақстан республикасының конституциясы -- санақ барысы -- мемлекеттік өркендеу -- жалпыұлттық халық санағы -- Имамбаева.Д -- ақиқат журналы
Аннотация: Биыл елімізде жалпыұлттық халық санағы өтеді. Он жылда бір тұрақты түрде өткізілетін ең үлкен әлеуметтік сауалнаманың мемлекетіміз үшін маңызы зор. Қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі – адам, сондықтан әрбір елдің экономикалық өсімі халықтың саны мен сапасына, білімі мен мәдениетіне және өмір сүру деңгейіне байланысты. Мемлекетті өркендетіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін де жалпыұлттық санақтың қорытындыларына сүйенеміз. Биылғы санақ Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері үшінші рет өткізілгелі отыр. Жалпыұлттық халық санағы барысында Қазақстан Республикасында тұратын барлық адамдардың, отбасылар мен үй шаруашылықтарының бір мезгілдегі есебі жүргізіледі. Санақ барысында жинақталған мәліметтердің құпиялығын сақтауға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген.

5.

Подробнее
85.3(5каз)
Т 12
Төлеуғалиева, Б.
Наурызды ұйымдастыруға көмек [Текст] / Б. Төлеуғалиева // AQIQAT. - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 29-32
ББК 85.3(5каз)
Рубрики: Музыка и зрелищные искусства
Кл.слова (ненормированные):
наурызды ұйымдастыруға көмек -- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың -- Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласы -- интернет желісі -- ел тарихы -- наурыз мейрамы -- мәдениет -- Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру -- ақиқат журналы -- Б.Төлеуғалиев
Аннотация: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет желісінде жарияланғаны белгілі. Автор ел тарихына жаңаша көзқарас тұрғысынан қарап, халқымыздың ежелгі тарихын қайта зерделеу, түрлі пайымдарды қайта тұжырымдау қажет екендігіне назар аудартады. Қазақ халқының әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін қайта саралап зерттеу жүргізуді ұсынады.

6.

Подробнее
87.7(5каз)
Э 11
Ысқақ, Р.
Қазақ мәдениеті әлемге танылсын десек [Текст] / Р. Ысқақ // AQIQAT. - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 33-36
ББК 87.7(5каз)
Рубрики: Этика
Кл.слова (ненормированные):
қазақ мәдениеті әлемге танылсын десек -- елбасы н.ә.назарбаев -- ұлы даланың жеті қыры атты мақаласы -- ойтүрткі -- Ысқақ.Р -- Ақиқат журналы
Аннотация: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев-тың жақында жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен одан ертерек жарияланған «Рухани жаңғыру» ұлттық жобасымен етене таныса отырып, сол сарынмен үндес келесі ойларыммен бөліссем деймін. Әлбетте, бір күнде жоғарыдағы мақалада айтылған мақсат-міндеттерді орындау мүмкін емес. Оның үстіне, Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, аталмыш жоба бар болғаны қатардағы науқандардың біріне ғана айналып кетпеуі керек. Демек, бұл тұста жүйелі бірнеше жылдық еңбектің меңзеліп отырғаны ұғынықты. Неліктен біздің Қазақстанның атауын білгенмен, мәдениетін, өзіндік болмысын бүкіл әлем әлі де білмейді? Осы бір мәселенің түп-төркініне көз жүгіртсек. Алғашқы әрі негізгі себеп – ол тарихымызда орын алған ірі-ірі трагедиялармен байланысты. Айталық, басты күрделілік – қазақ хандығы толыққанды мемлекет ретінде XV-ғасырда құрылып бітті. Сол кезеңде Еуропа елдерінің дамуының шарықтау шегі белсенді түрде жүріп жатты. Ал, Үнді, Қытай, Парсы елдері өзінің өркениетін біріншіден қалаға негізделген экономикадан бастаса, екіншіден тауар айналымы біздің дәуірімізге дейін басталған-тұғын. Мінекей, осы жағдаяттарды ескере отырып, біздің мемлекеттің бірнеше салалардан кенже қалғандығын осыдан-ақ аңғаруға болатындай. Оған қоса Жоңғар шапқыншылығы біздің бастауымызбен орын алмаған болатын. Дегенмен, елдің мәдени дамуын және өркендеуін едәуір тежеді. Ал, Ресей империясының Орта Азияны отарлау кезеңінің зардаптары турасында тіпті айтпаса да түсінікті. Бұл – бірінші себеп. Енді, екінші себепке келсек, ол – алдымен, тәуелсіздік жылдарында ойымыздағы қарқынмен қазақ тілінің қоғамның барлық құрылымын біріктіруші күшке тиісті деңгейде айналып кете алмауы. Яғни, тым болмаса қазақтар арасында мемлекеттік тілді толыққанды меңгеруге әлі де ұмтылып келеміз. Мінекей, Елбасымыздың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» деген пікірі осыдан туындаса керек-ті. Ал, тіл мәселесі бар жерде, мәдени мәселелер болуы заңдылық. Жоғарыдағы мәдени-әлеуметтік қиындықтарды қалай жылдамырақ шешуге болар еді? Ең алдымен, қазақ тілінің бірыңғай және қалыпқа түсірілген (стандартталған) ресми оқулығы қажет. Сондай-ақ, сол оқулық (оның іргетасы болған бағдарлама) барлық деңгейде барша оқу орындарында белсенді түрде пайдаланылып, кеңінен қолданыла бастауы шарт. Солай ғана бізде біртіндеп ұлттық мәдениетке ыңғайлы тілдік орта қалыптасады.

7.

Подробнее
74.03(5каз)
Т 12
Төрежан , Қ.
Сыртқы барлау тарихы [Текст] / Қ. Төрежан // AQIQAT. - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 37-45
ББК 74.03(5каз)
Рубрики: История образования и педагогической мысли
Кл.слова (ненормированные):
сыртқы барлау тарихы -- қазақстан республикасы -- егеменді ел -- ұлттық қауіпсіздік комитеті -- шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынастар -- қазақ хандарының құпия қызметшілері "ертуыл" деп атаған -- ақиқат журналы -- Төрежан.Қ
Аннотация: Қазақстан Республикасы егемендік алып, аяғына тұра бастаған алғашқы жылдарда экономикалық, саяси тұрғыдан біршама қиыншылықтарға кездескені белгілі. Бір тудың астында жетпіс жылдан астам уақыт отырған бауырлас он бес республиканың барлығы да осындай ауыр кезеңді бастан өткерді. Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін дербес мемлекеттік басқару жүйесіне көшкен тәуелсіз Қазақстан үшін жас мемлекетімізге тез арада алыс-жақын шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнату, саяси диалогтарды жоғарғы деңгейде жүргізу, саяси, экономикалық ынтымақтастықты жолға қою сияқты кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қажет болды. Мұндай жағдайда біздің елімізге өзіндік барлау құрылымын жасау тиімді еді. Сол тұста, 1992 жылдың 13 шілдесінде Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Ал, 1993 жылдың 15 қазанында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және Қорғаныс министрлігінде барлау бөлімдерін құру туралы» №1372 жарлығына Президент қол қойды. Сол кездерде Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі негізгі құрылымдардың бірі болған, еліміздің тәуелсіздік алуына, аяғына нық тұруына орасан үлес қосқан қазіргі «Сырбар» Сыртқы Барлау қызметінің тарихы осы күннен басталғанмен, қазақ сыртқы барлау қызметінің тамыры тым тереңде жатыр.

8.

Подробнее
80/84(5каз)
Х 25
Хасан , С.
Пушкинді қызықтырған қазақтар [Текст] / С. Хасан // AQIQAT. - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 46-54
ББК 80/84(5каз)
Рубрики: Филологические науки. Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
пушкинді қызықтырған қазақтар -- александр сергеевич пушкин -- жәңгір бөкейұлы -- орал казак әскері -- покатилов -- ақиқат журналы -- хасан серікқали
Аннотация: Александр Сергеевич сондағы Оралда болған үш тәуліктей уақыттың ішінде Орал Казак әскерінің әскери атаманы Покатиловтың қала орталығындағы қос қабатты сәулетті үйінде жатқан болатын. Ол да бұның бұрынғы кездесіп, талайғы шүйіркелесіп жүрген жоғары шенді әскерилерінің біріндей-ақ ақжарқын, адаммен жұғысқыш жан екен. Оның үстіне, Василий Осиповичтің өзі атақты ақын Александр Сергеевичке де мүлдем бөтен адам емес-ті. Ол кезінде жастай әскери адам болуды армандап, бертінде Екінші Петербург кадет корпусында оқыған еді. Ал, ол бертінде оны сәтімен бітірген соң, Неваның жағалауындағы бір әскери горнизонның артиллерияшылар бөлімшесінде біраз жыл қызмет атқарды. Оның ғасырдың басындағы Отан соғысы кезінде айрықша көзге түсіп, шенді, шекпенді болғандығы тағы бар. Түптеп келгенде, атаманның бұл кездегі Пушкиннің шығармашылығына деген өзіндік бір құрметі де ерекше еді. Покатилов ертеректе Петербургтегі зиялы қауым бас қосқан кештерде Александр Сергеевичтің сондағы қалың көпшіліктің қолқалауымен ортаға шығып, жаңа бір лирикалық жырларын шабыттана оқып, сондағы өзінің отырған ортасының ажары мен көркіне айналғандығына дейін де талай рет көзбен көрді. Па, шіркін, атақты Пушкинмен бір сәт қол берісіп амандасып, өзімен қайтара бір жүздесіп, оңашада бір тіл қатысу оның да көптен бергі іште жатқан бір асыл арманы еді ғой. Сол арманы өзін алдамағандығына шүкір десейші! Орал, шынында да, көне де, сұлу қала екен. Сол жылдың күзінде Орал Казак әскерінің наказной атаманы болып тағайындалатын Орал Казак әскерінің атаманы Покатилов Оралда ұлы ақынды өзі алдынан шығып, тиісінше қарсы алады. Бұндағы қауышу да Пушкиннің Оралға жеткенге дейінгі қауышуларының ешқайсысынан да еш кем болған жоқ. Сол жылдың 2-ші қазанында Пушкиннің өзінің әйеліне «…ондағы атаман мен казактар мені жақсы қарсалады, менің құрметіме екі мәрте қонақасы берді, олар менің денсаулығым үшін тост та көтерді…» деп үлкен толғаныс үстінде хат жазуының бір сыры да осында жатқан еді. Атаман бұл кезде өзінің қала сыртындағы саяжайынан қаладағы үйіне баруға енді ғана жинала бастаған болатын. Соған қарамастан, ол Пушкинді өзінің Шағанның етегіндегі орман-тоғайлы, бір шеті дариямен шектесіп жатқан саяжайына апарып, тиісінше сән-салтанатымен қонақ етті. Иә, сонда ғой, оның Пушкинге осыдан біраз жылдар бұрын ғана аң-құстар ғана мекен еткен бұл жабайы бақтың Орал казачествосы әскерінің саябағына айналдырылып, бұнда әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылып, гүлзар баққа айналдырылғандығын айта келіп, бұл бақтың бертінде оралдықтардың арасында қарапайым ғана Хан тоғайы деп аталынып кеткендігін сөз ете қалғандығы! –Хан тоғайы? – Пушкинге сондағы атаманның әлгі сөздері тым тосын болып та естілген еді. –Иә-иә, Александр Сергеевич! – деді атаман өзінің сондағы қонақжай дастарханның басындағы әңгімесін әрі қарай да қызу түрде жалғастыра түсіп: – Бұл жәйден-жәй қойыла салған атау емес, бұл саялы бақтың ішінде кезінде Еділ мен Жайықтың аралығындағы ұланасыр сардалаға дейін келіп, Бөкей Ордасының негізін қалаған сұлтан Бөкей Нұралыұлы ақ патшаның құзырымен қазақ халқының сонау көне замандардан бергі салт-дәстүрлеріне сай, ақ киізге оралып, хан көтерілген. Бұл – бір, екіншіден, әлгі Бөкей хан өмірден өткен соң, оның орнына Астрахан қаласында, сондағы азаматтық губернатор Андреевскийдің үйінде жатып, орысша білім алған ұлы Жәңгір Бөкейұлы ресми түрде хан тағына отырғанда, әлі күнге дейін Ішкі (Бөкей) Орданы хан лауазымымен басқарып отырған ол да осы тоғайдың арасында тиісінше ақ киізге оралып, қалың елдің алдында хан көтерілген! Бір қарасаң, дәл сол кезде, яғни, осыдан тура он жылға жуық уақыт бұрын, дәл осы қазіргі сіз бен біз тұрған саябақта, бір жағынан, Жәңгір Бөкейұлы, бір жағынан, сондағы жас Жәңгірді хан сайламақ болып, сонау Орынбордан Оралға арнайы келген генерал-губернатор Эссеннің көздерінше, ала таңнан қала көгінен үш дүркін зеңбіректен сан рет оқ атылды. Иә, Александр Сергеевич, бұл тек сондағы Жәңгірді хан сайлау салтанатының тек алғашқы бір бастамасы ғана еді. Соның артынша-ақ, осы саябақтың ішінде халайықтың көз алдында Жәңгір Бөкеев ақ киізге оралып, оған Ішкі (Бөкей) Орданың ханы болып ресми түрде сайланғандығы туралы императордың Грамотасы салтанатты түрде табыс етіліп, үстіне сонау астаналық қаладағы ақ патшаның алтын сарайынан әкелінген бұлғын ішік жабылып, астына ақбоз ат мінгізілді.

9.

Подробнее
80/84(5каз)
С 12
Сәрсембин, Ү.
Өнер-білімге құштарлық адамның кісілік қасиетінен бастау алады [Текст] / Ү. Сәрсембин // AQIQAT . - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 55-59
ББК 80/84(5каз)
Рубрики: Филологические науки. Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
өнер-білімге құштарлық адамның кісілік қасиетінен бастау алады -- қайырымды қала тұрғындары -- әл-Фараби -- өнер - білім -- мұстафа шоқай -- көне заман -- ақиқат журналы -- Сәрсембин.Ү
Аннотация: Әл -Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тектілікке қатысты зерделенген он екі қасиеттің – бірі өнер-білімге құштарлық. Тарихымызға, адамзат тарихына қарайтын болсақ, мемлекеттің, оның мүддесінің дамуы халықтың өнер-білімге деген құштарлығынан бастау алып отырған. Көне заманнан келе жатқан адамзат мәдениетіндегі бұл үрдіс халықтың, жекелеген тарихи тұлғалардың рухани қасиеттерінің бірі болып табылады. Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, зиялы адам, өнер білімге құштар болуы, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болуы шарт. Ойшыл бабамыздың зерделеп отырған өнері мен білімі қандай дүние? Біздің бүгінгі адамзат әлемінен байқайтынымыз өркениет сатысы биіктеген сайын өнер мен білім ұғымының өрісі мен шеңбері тарылу (өзгеру) үстінде. Бұрынғы заманда өнер-білім деп адамның қабілетімен ұштасқан нәрсені айтқан. Адамның өнер мен білімге құштарлығы, осы жолдағы ізденісі мен қажырлы еңбегі даналықпен ұштастырылып отырса, оның болмысының мәдениетпен ажырамас қырлары да айқындала түспек. Соның бірі (адам болмысының төл мәдениетімен ажырамас қырларының негізі) тектілік.

10.

Подробнее
74(5каз)
О-58
Омаров , Д.
Білім алу сырлары [Текст] / Д. Омаров // AQIQAT. - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 60-63
ББК 74(5каз)
Рубрики: Образование
Кл.слова (ненормированные):
білім алу сырлары -- абай ақын -- ақиқат журналы -- жаратушы -- рухани құндылық -- білімнің түрлері -- білім алу сырлары -- білімді жадқа бекіту -- білім алу әдісі -- Омаров.Д
Аннотация: Әрненің ақиқатына тек қана білім арқылы жетуге болады. Ақиқат жан құмары. Ендеше, білім алудың қажеттілігі мен маңызы жаннан шығады. Жан мәңгілікті ғана емес, сонымен бірге, білімге және ләззатқа толы. Фәни әлемде жан материямен қапталып, былғанғандықтан, ол өзінің алғашқы табиғи қасиетіне ұмтылады. Сондықтан, әркім ұзақ, білімі мол және бақытты өмірді армандайды. Бұлардың барлығы жан құмары. Білімге ұмтылудың жан құмары екенін Абай жиі жазады. Жетінші сөзінде ол «Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» деп анық жазады. Жан құмарын қанағаттандыруы үшін білім алу керек. Білім алу екі дүние үшін де маңызды. Мұны ойшыл оныншы қара сөзiнде былай деп түсіндіреді: «Сол малды сарп қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң балаң тапсын, ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды». Ғылымсыз екі дүниеде де ешқандай жетістікке жетуге болмайды. Ғылым, білім әр істің мән-мәнісін біліп, дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу және дұрыс әрекет етуге мүмкіндік беріп, жетілуге жол ашады. Абай осылай екі дүниеде де ғылымның маңызы зор екенін ескертіп отыр. Дәулетке жету үшін ғана емес, рухани жаңғыру да білімсіз болмайды. Рухани жаңғырудың негізгі жолы – Құдайға құлшылық. Бұл туралы Абай жиырма жетінші сөзінде жазады: «Ей, Аристодим! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екендігіңе де ұстаз керек пе? – деді. Аристодим айтты: «Ол менің қамымды жейтұғынын мен қайдан білем?» – деді. «Жә, олай болса һәмма мақұлыққа да қара, өзіңе де қара, жанды бәрімізге де беріпті». Әрі қарай ойшыл Жаратушының адамды басқа жан иелерінен артық жаратқаны туралы дәлел келтіріп, «Ол дәлел болса, адам баласын артық көріп, қамын әуелден Алланың өзі ойлап жасағанына да дәлел емес пе? Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма? – депті». Абай, осылай, Алла тағаланың адамды басқа хайуанаттардан артық және махаббатпенен жаратқанына дәлел келтіру арқылы адамның парызы – Жаратушы Иеге құлшылық жасау екенін көрсетеді.