База данных: Статьи ППС
Страница 102, Результатов: 1012
Сортировка недоступна
Кол-во результатов более 1000
Отмеченные записи: 0
1011.

Подробнее
81
Д 11
Діни өлеңдердің поэтикалық құбылысы [Текст] / Ә. С. Шегебай, Г. Т. Әметова, А. К. Дүйсенбі, Б. С. Имангалиев // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 81-87
ББК 81
Рубрики: Языкознание
Кл.слова (ненормированные):
діни поэзия -- Джалалуддин Руми -- Құдай ұғымы -- семиотика -- руханият
Аннотация: Бұл зерттеу діни поэзиядағы Құдай ұғымын зерттеуге бағытталған. Зерттеу барысында әлемнің әйгілі ақыны Джалалуддин Румидің поэзиясындағы құдайлық ұғымының семиотикалық тәсілі арқылы діни поэзияның құдіреті және оның постмодерндік руханият контексіндегі өзектілігі сарапталады. XIII ғасырдағы парсы сопысы және ақыны Руми махаббат (ишқ), шарап (мей) және сүйікті (ма'шуқ) сияқты тілдік белгілер арқылы имманентті және трансценденттік құдайлық туралы түсінік білдірді. Ролан Бартестің семиотикалық талдауын және Пол Рикердің герменевтикасын пайдалана отырып, бұл зерттеу Руми шығармаларындағы денотативтік, коннотативтік және мифологиялық қабаттарды қамтитын мағыналық құрылымдарды анықтайды. Зерттеу нәтижелері Руми поэзиясының қызметші мен Құдай арасындағы қарым-қатынастағы субъект-объект дихотомиясын бұзатынын және постмодерндік руханияттың ерекшеліктеріне, мысалы, діндарлық пен рухани бейімділікке, бірақ діни емес екеніне сәйкес келетін жеке рухани тәжірибелерді баса көрсететінін айшықтайды. Теориялық тұрғыдан алғанда, Руми поэзиясы ислам дәстүрі мен қазіргі заманғы философиялық дискурс арасындағы көпір қызметін атқарады, эстетикалық негізделген руханияттың балама моделін ұсынады. Бұл зерттеудің шектеуі аударылған мәтінді пайдалануда жатыр, сондықтан түсіндірмені тереңдету үшін түпнұсқа парсы мәтінімен одан әрі зерттеу ұсынылады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Шегебай, Ә. С.
Әметова, Г. Т.
Дүйсенбі, А.К.
Имангалиев, Б.С.

1012.

Подробнее
63
К 23
Каримов, Қ. С.
Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі: тарихи деректерге негізделген зерттеу [Текст] / Қ. С. Каримов // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 117-125.
ББК 63
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
Өзбекәлі Жәнібеков -- тарихи тұлға -- қоғамдық-саяси қызмет -- архив құжаттары -- деректану -- естеліктер -- мемуарлық деректер -- дереккөздік талдау
Аннотация: Соңғы жылдары отандық тарих ғылымында мемлекет пен қоғамға елеулі еңбек сіңірген тұлғалардың өмір жолын зерттеу басты бағыттардың біріне айналды. Ұлттық мүдде жолында қызмет атқарған қайраткерлердің өмірі мен олардың қоғамдық-саяси қызметі бүгінгі таңда өзекті ғылыми мәселелер қатарында қарастырылуда. Қазіргі таңда Қазақстан тарихында жеке тұлғалардың деректік негізде зерттелуі арқылы жаңа тарихи мәліметтерді ғылыми айналымға енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Солардың ішінде кеңестік кезеңдегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен атқарған қызметін зерттеу айрықша маңызға ие. Осы ғылыми мақалада Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты тарихи деректер жан-жақты қарастырылады.Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты деректерді (мұрағаттық құжаттар, естеліктер, мемуарлар, хаттар, жеке құжаттар және т.б.) кешенді түрде жинақтап, жан-жақты ғылыми талдау жүргізу болып табылады.Материалдар мен әдістер. Негізгі дереккөздер ретінде архивтік материалдар, тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты естеліктер, мемуарлар, хат-хабарлар, жеке құжаттар пайдаланылды. Зерттеу барысында тарихи мәні жоғары, мазмұны терең түрлі деңгейдегі деректерге талдау жүргізілді. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты бұрын белгісіз болып келген тың мәліметтер анықталды. Сонымен қатар, тұлға туралы естеліктерден үзінділер мен архивтік құжаттар ғылыми айналымға енгізіліп, олардың негізінде Жәнібековтің адамгершілік болмысы мен қызмет ерекшеліктері жан-жақты сипатталады.Қорытынды. Бұл зерттеу жұмысында Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты тарихи деректер кешенді түрде қарастырылып, соның нәтижесінде бұрын ғылыми айналымға енбеген жаңа мәліметтер анықталды