База данных: Статьи
Страница 3, Результатов: 69
Отмеченные записи: 0
21.

Подробнее
85.315
А 98
Әшімбаев, М.
"Aya" мәдени құбылыс [Текст] / М. Әшімбаев // Рухани жаңғыру. - Алматы, 2019. - №1-2. - Б. 9
ББК 85.315
Рубрики: Концерт (жанр инструментальной музыки)
Кл.слова (ненормированные):
әнші -- Мақпал Жұмабай -- AYA атты концептуалды шығармашылық кеші -- Нұр Отан -- Мәулен Әшімбаев -- гитара -- концептуалды концерт -- өнерпаздар -- акустика -- рухани демалыс -- рухани жаңғыру
Аннотация: Ақын Мақпал Жұмабайдың Алматыда "Ауа" атты концептуалды шығармашылық кеші өткен еді. Талай жылдан бері жырларын сазды мақаммен өрнектеп, қазақ өнеріне эстетикалық жаңа өріс ашып жүрген замандасымыз соңғы уақытта мүлдем бөлек, оқырман мен тыңдарманнан рухани дайындықты талап ететін биік өреге қанат қағып, бұрын-соңды қазақ сахнасында болмаған өзгеше бірнеше кеш өткізді. "Мақпал шерден" басталған соқпақ "Ауаға" көтерілді. Екі кеште ол тыңдарманды оқырманға, оқырманды тыңдарманға айналдыруға болатынын дәлелдеді десек те болғандай. Мақпал Жұмабай әлемі өзінің жаңашылдығымен, сыршылдығымен әрі шынайылығымен баурайды. Оның кештерін көрсеңіз - сахналық безендіру, группадағы музыкалық топтың шын пейілді ізденісі, сөз бен әуен кеңістігіндегі өзгеше аура - үйлесім мен бір-бірінен ажырағысыз байланыс, тыңдарманын терең ойға жетелей отырып желпіндіретін, желпіндіре отырып терең ойға батыратын айрықша сәттің тұтқыны боласыз. Алдағы уақытта бұл туралы кеңінен толғаймыз. Рухани жаңғыру топтың емес, жекенің әлемінен басталады. Жеке топқа, топ қоғамға әсер етеді. Мақпал ашқан жаңа өріс - қазақ мәдениетінің жаңа баспалдағы болмақ. Осы орайда біз "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың осы кеш туралы қысқа да тұщымды пікірін беруді құп көрдік
Держатели документа:
БҚМУ

22.

Подробнее
76.01(5каз)
Z99
Құттымұратұлы , Қ.
"Ұшқынның" редакторы Тамимдар Сафиев [Текст] / Қ. Құттымұратұлы // EGEMEN QAZAQSTAN. - 20 наурыз. - 2019. - №54. - Б. 10.
ББК 76.01(5каз)
Рубрики: Журналистика
Кл.слова (ненормированные):
Ұшқынның редакторы Тамимдар Сафиев -- Орда мен Оралда -- жолдас тәмем -- кейінгі өмірі -- егемен 100 жыл -- Қ.Құттымұратұлы
Аннотация: Мамыр айында Тамимдар Сафиев қатты сырқаттанып қалады. 10-15 күн төсек тартып жатып, азырақ тәуір болған соң демалысқа сұранып, Бөкейге, Ордаға жүріп кетеді. "Ұшқын" газетін шығарып, менің орнымда Ахметсапа (фамилиясы ұмытпасам Юсупов еді) қалды. Бір қызығы туған жеріне келген Тамимдар Сафиевті жерлестері жібермей қояды. Меңдешевке тікелей хабарласып, "Сафиев Бөкейде кооператив ұйымдастыру жұмысына қажет" деп арнайы сұрап алады. Сөйтіп ол кооператив ұйымдастыру үшін Талөпке,Жаңақала уездеріне уәкіл болды. Бұл кезде оның досы Халел Есенбаев та Талөпкеде уез атқару комитетінің төрағасы болып қызмет етуші еді.

23.

Подробнее
63.5(5каз)
Б 48
Бердібай , Ф.
Ұлысты ұйыстыратын ұлық күн [Текст] / Ф. Бердібай // Білімді ел . - 16 сәуір. - 2019. - №15. - Б. 14.
ББК 63.5(5каз)
Рубрики: Этнография
Кл.слова (ненормированные):
ұлысты ұйыстыратын ұлық күн -- мерекенің мәні -- Тәуелсіз ел -- болашаққа бағдар: рухани жаңғыру -- Елбасы Н.Ә.Назарбаев -- Наурыз мейрамы
Аннотация: Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, еліміздің күнтізбесінде қызылмен белгіленіп, жалпыхалықтық демалыс ретінде бұрыннан бар мемлекеттік мерекелердің мәні мен маңызы жойылғаны баршаға белгілі.

24.

Подробнее
26
К 35
Кенжеғалиева, Т.
Қойнауы сырға толы Батыс Қазақстан [Текст] / Т. Кенжеғалиева // NATIONAL GEOGRAPHIC. - 2019. - №11. - Б. 138-148
ББК 26
Рубрики: Краеведение
Кл.слова (ненормированные):
батыс қазақстан -- туризм -- жайық өзені -- орал шаһары -- сулы-нулы жер -- орал өңірі -- стелла -- мәңгілік алау -- демалыс саябағы -- шаған өзені
Аннотация: Еліміздің солтүстік-батысында орналасқан, жалпы аумағы 151,3 мың шақырым құрайтын Батыс Қазақстан облысы өзінің жағырапиялық орналасуы жағынан туризмді дамытуға аса қолайлы өңір болып табылады. Облыс Қазақстанның Атырау және Ақтөбе облыстарымен, Ресей Федерациясының Саратов, Волгоград, Орынбор, Самара, Астрахань секілді бес бірдей губерниясымен шекаралас жатыр. Сондай-ақ, Орал қаласы аумағындағы Жайық өзені Еуропа мен Азия құрлықтарын екіге бөліп тұр. Сондықтан, Батыс Қазақстандағы Еуразия кіндігіндегі облыс деп нық сеніммен айтуға болады.

25.

Подробнее
26.89
Ы 41
Ықылас, М.
Қадыр ақынға құрмет зор [Текст] / М. Ықылас // Oral oniri. - 2020. - Ст. №75.- 22 қыркүйек. - Б. 16
ББК 26.89
Рубрики: өлкетану
Кл.слова (ненормированные):
Қадыр ақын -- Қадыр Мырза Әлидің мүсіні ашылды -- Ақжайық демалыс кешені -- Мәдени шара -- Қали Сәрсенбай -- Қазақтың Қадыры -- Жаңа кітап -- 85 жыл -- Ақын мұрасы
Аннотация: Алматы іргесіндегі Қапшағай қаласындағы "Ақжайық" демалыс кешенінің аумағында аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлидің мүсіні ашылды.
Держатели документа:
БҚУ

26.

Подробнее
28.89
И 50
Иманқұл , Ж.
Браконьерлермен күрес-жаңа серпін алуда [Текст] / Ж. Иманқұл // Жалын . - 2020. - №4. - Б. 76-93
ББК 28.89
Рубрики: Краеведение
Кл.слова (ненормированные):
мемлекет саясаты -- ұлттық қауіпсіздік -- табиғат -- айнала -- қор -- мұхит -- су -- жер -- күн энергиясы -- атмосфера -- таза ауа -- таза су -- құнарлы топырақ -- өсімдіктер әлемі -- жануарлар дүниесі -- байлық
Аннотация: Табиғаттың қандай қоры болсын адамзаттың игілігіне арналған, сан алуан қажетін қамтамасыз етеді. Табиғат бізді айналада қоршап тұрған барлық нәрсе: ауа, су, топырақ, тау, орман, қазба байлықтары, өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі, т.б. Сан мыңдаған жылдар бабалар мұра етіп қалдырған табиғат пен оның шексіз байлығын қорғау, оларды тиімді пайдалану мәселесі бұл күндері дүниежүзілік аса маңызды мәселелердің біріне айналды. Адамзат қалауынша пайдаланып келе жатқан барлық табиғи қорлар сарқылмайтын және сарқылатындар екі топқа бөлінеді. Сарқылатын қорлар қайта қалпына келмейтіндер және қалпына келетіндер деп бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға: Күн энергиясы, атмосфера ауасы, теңіздер мен мұхиттардың сулары, жер, т.б. жатады. Бұлардың кейбіреулері адам-ның теріс іс-әрекетінен бүлініп немесе ластанып, сарқылатын қорларға айналып кетуі мүмкін. Мысалы, Арал теңізін алайық. Теңіздің тартылып, тұзы аспанға көтеріліп, климат өзгеріп, экологиялық аймаққа айналуы – тікелей адам баласының әсерінен орын алды. Сарқылатын қорларға таза ауа, таза су, құнарлы топырақ, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі, қазба байлықтар, т.б. жатады. Табиғат қорларының кейбіреулеріне тоқталып өтейік. Судың негізгі қорын Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздер құрап, айналымы заңдылығы бойынша құрлықтағы өзендер мен көлдер үнемі қоректеніп отыратындықтан, су сарқылмайтын қорға жатады. Арал теңізінің тартылуы сияқты басқа да өзендер мен көлдердің құрғауы, тікелей адамның әрекетінен болған және сол аймаққа ғана тән құбылыс болып табылады. Ауа құрамы мен сапасы да улы газдар мен түтіндер өзгерген. Ауаны лас-тайтын – миллиондаған автокөліктер, ұшақтар, өнеркәсіп, зауыт, жылу стансалары, полигондар, зымырандар т.б. Ауыр өнеркәсіп шоғырланған қалалар мен елдімекендер халқының денсаулығы да төмендеген. Өскемен, Риддер, Зырян, Қарағанды, Екібастұз сынды қалалар маңындағы ауа сапасы талай айтылып келе жатқан мәселе. Еліміздің топырақ қорлары да жылдан-жылға сапасы төмендеп немесе құнарсызданып барады. Соңғы деректер республика жерінің 60 пайызы жарамсыз жерлерге немесе шөлге айналып кеткен. Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты топырақ қарашірігінің 25-30 пайызын жоғалтқан. Еліміздің батыс өңірінде мұнай-газ игеру қарқынды дамуы есебінен топырақ қорлары ластанып, бүлініп жатыр. Топырақтың мұнаймен ластануы, топырақтың техногендік бүлінуі 2,5 млн. га жер аумаққа жайылған. Сұмдық көрсеткіш! Сондай-ақ жайылым қоры да бұл аймақта жарамсызданып барады. Азғыр, Тайсойған сынақ полигондарының салдарынан 1,4 млн га жер бүлінген. Республиканың өзге аймақта-рындағы жер қорларының да күйі мәз емес. Егін егіп, көкөніс отырғызып, тез өнім ала салу үшін тыңайтқыштарды мөлшерден артық қосу топырақтың ластауына, тозуына әкелген. Адамның қамқорлығы азайған сайын, табиғаттың «өзді-гінен қалпына келу» құбылысы жүріп жатыр. Ұшы-қиыры жоқ даланың қойнауы қазба байлықтарының барлық дерлік түріне бай. Өкініштісі, байлық жеке компаниялар арқылы шет елдерге ағылып жатыр. Әлі күнге қазба байлықтарды игеру ысырыапшылдық, пайдақұмарлық есебінен, жоспарсыз жүргізілуде. Қазбаларды елімізде өңдеу технологияларын жабдықтай алмай, есепсіз шетке айдап, қазір сарқылтуға жақын қалдық. Табиғаттың өкпесі орман қоры елімізде тек 21,8 млн га жер қамтиды. Бұл өлкеміздің барлық жерінің 3,35 пайызын ғана құрайтын, өте аз көрсеткіш. Осы аз қордың өзі жыл сайын азайып жатыр. Басты себеп – қаскерлік жолмен орман ағаштарын отау, орманға демалысқа шығып, өрт шығару, жалынды дер кезінде тоқтата алмау, зиянды заттармен ластау, қоқыс тастау т.б. Орман – ауа сүзгісі, ауа жаңартқыш, дәрілік өсімдіктердің сан түрі өсетін асыл қойма, аң мен құстың мекені. Орманға қаскерлік – тіршілік тынысына қаскерлік болып табылады. Орманды қорғау әркімге міндет. Көшеттерді қала маңындағы елді мекендерге, қала саябақтарына, гүл-зарларына отырғызып, игі істер де атқарылып жатыр. Республикамызда өсімдіктердің 6 мыңға жуық түрі бар екен, Олардың 50 пайызы тікелей адамның қамқорлығын қажет етеді. Халқымыз ежелден-ақ мал шаруа-шылығымен айналысқан, табиғаттың төл баласы. Төрт түлік малдан бөлек жортқан жабайы аңдардың әрбірін халқымыз ерекше бағалаған. Сондықтан түз тағыларының өсіп-өнуі, сақталуы тоқталмаған. Сүтқоректілердің – 155, құстардың – 481, бауырымен жорғалаушылардың – 48, қосмекенділердің – 33, балықтардың – 140 түрі тіршілік етеді. Өкінішке орай, қаскерлік пен пайдақұмарлық осы ен байлықтың басты жауы болып отыр. Сәкен Сейфуллиннің «Киікті қазақ және дейді бөкен, мың-мыңдап баяғыда жүрген екен» деп сайын далада еркін жүрген бөкендерді суреттеген керемет жыры бары. Ақбөкендер, қарақұйрықтар, арқарлар, тау ешкілері, жолбарыстар, қабыландар мен құландар қатары қазір сиреп кеткен. Ал дала сұсы жолбарыстар біржола құрып кетті. Іле бойындағы соңғы жолбарысты 1947 жылы атылған деген дерек бар. Шексіз кеңістікте үздіксіз айналған алып ғаламшарлардың көпшілігінен кішкене болғанымен, жұмыр жеріміз де қайнаған тіршілікке толы алып шар. Бірақ адам баласының қарқынды өсуі мен, ғылым прогресі, жылдам көлік түрлері адам аяғы баспаған жер қалдырмады. Ауа, су, топырақ ластанып, өсімдік пен жануарлар дүниесі дабыл қаға бастады. ХХ ғасырдың бас кезінде жануарларды қорғау мәселелері туралы сөз қозғала бастайды. 1902 жылы Париж қаласында алғаш Құстарды қорғаудың Халықаралық Конвенциясына қол қойылды. 1948 жылы БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) Халықаралық табиғат қорғау одағын (IUCN) ұйымдастыру туралы арнайы шешім қабылдады. Бұдан жарты ғасыр уақыт бұрын, дәлірек 54 жыл бұрын, ғылымда «Қызыл кітап» деген ұғым қалыптасты. Кітаптың қызыл сөзімен тіркесі, кез-келген ұлт пен мемлекет үшін түсінікті еді. Қызыл – қауіп, ескерту, қан, соғыс сынды түсініктерді астарлап тұратын түс екені айтпаса да ұғынықты. Бұл кітапты шығару туралы пікірді алғаш рет ұсынған ағылшын ғалымы – Питер Скотт. «Қызыл кітаптарға» жер бетінде жойылу қаупі бар және бұрыннан өте аз кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері тіркеледі. Оларды сақтап қалудың және қорғаудың қажеттігі айқындалып жазылады. Әр мемлекеттің «Қызыл кітабы» мемлекеттік заңдық күші бар құжат болып саналады. Халықаралық «Қызыл кітап» (Red Data Book) – Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының (ХТҚО-МСОП-IUCN) – халықаралық деңгейдегі құжаты болып саналады. «Қызыл кітапқа» жойылып кету қаупі төнген, сирек кездесетін, ғылыми тұрғыдан әлі толық зерттелмеген, жылдан-жылға саны күрт азайып бара жатқан, қорғауды қажет ететін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері тіркеледі. Қазіргі уақытта «Қызыл кітаптардың» түрлі нұсқалары бар: Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының (IUCN) Қызыл кітабы, әр мемлекеттің (республикалық) «Қызыл кітаптары», аймақтың (облыстық) «Қызыл кітаптары» деп аталады. Жалпы ережеге сәйкес мемлекеттік «Қызыл кітаптар» әрбір 10 жылда өзгертіліп әрі толықтырылып отырылуы қажет. Қазақстанда алғашқы «Қызыл кітап» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1978 жылғы 16 қаңтардағы №20 арнайы қаулысына сәйкес жарық көре бастады. Қазақстанда шыққан алғашқы «Қызыл кітаптың» 1-бөлімі омыртқалы жануарларға арналды және оған 87 түр (балықтардың – 4, қосмекенділердің – 1, жорғалаушылардың – 8, құстардың – 43 және сүтқоректілердің – 31 түрі) тіркелді. Өсімдіктерге арналған «Қызыл кітап» 1981 жылы жарық көріп, ондағы түрлер 1-ші жойылып кету қаупі төнген түрлер болса, 2-шісі сирек кездесетін түрлер. Қазақстанның өсімдіктерге арналған «Қызыл кітабына» (1981) еліміздің аумағында өсетін 307 түрі тіркелген. Онда жабық тұқымдылардың (гүлді өсімдіктердің) – 288 түрі, ашықтұқымдылардың – 2 түрі, қырықжапырақтардың – 3 түрі, саңырауқұлақтардың – 10 түрі және қыналардың – 1 түрі тіркелді. Олардың 20 түріне жойылып кету қаупі төнген, ал 287 түрі сирек кездесетін түрлерге жатады. Жоғарыда айтып өткендей, Қазақстанның омыртқалы жануарларға арналған «Қызыл кітаптары» (1978, 1991, 1996, 2010), омыртқасыз жануарларға арналған «Қызыл кітабы» (2006) және өсімдіктерге арналған «Қызыл кітабы» (1981) жарық көрді. Алматы облысының «Қызыл кітабы» 2006 жылы жарияланды. Бұл кітаптар – ел аумағында жоғалу қаупі жоғары табиғат байлықтарын сақтау мен қорғауға негіз болатын құжаттар. Қазақстанның омыртқасыз жануарларына арналған «Қызыл кітабын» даярлау өте қиынға соқты. Себебі, елімізде кездесетін омыртқасыз жануарлардың түрлерінің саны және олардың биологиялық әрі экологиялық ерекшеліктері толық зерттелмеген. Сондықтан да омыртқасыз жануарларға арналған Қазақстанның «Қызыл кітабының» алғашқы 1 және 2-басылымдарына тіркелген түрлер мұқият талдап саралауды қажет етті. Сонымен, 2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған «Қызыл кітабының» нақтыланған 3-басылымы жарық көрді. Бұл басылымға омыртқасыз жануарлардың 96 түрі тіркелді. Олардың ішінде буылтық құрттардың – 2, ұлулардың (моллюскалар) – 6, шаянтектестердің – 1, өрмекшітектестердің – 2 және жәндіктердің – 85 түрі тіркелді. Қазақстанның омыртқалы жануарларға арналған «Қызыл кітабының» толықтырылған және өңделген 4-басылымы 2010 жылы жарық көрді. Онда омыртқалы жануарлардың 128 түрі тіркелген. Олардың бір түрі – дөңгелекауыздыларға, 17 түрі – сүйекті балықтарға, 3 түрі – қосмекенділерге, 10 түрі – жорғалаушыларға, 57 түрі – құстарға және 40 түрі – сүтқоректілерге жатады. Бұл «Қызыл кітапта» Халықаралық табиғат қорғау одағының (IUCN) «Қызыл кітабына» тіркелген 20 түр бар. Мұндай түрлерді сақтап қалу үшін Қазақстан бүкіл адамзат алдында аса зор жауапкершілікті сезінуі тиіс. Кітапқа тіркелген түрлердің таби-ғатта сақталу деңгейіне сәйкес 5 санатқа бөлініп берілген: 1.Жойылып кету қаупі төнген түрлер. Мұндай түрлерді сақтап қалу үшін міндетті түрде арнайы шаралар (табиғи қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, табиғи резерваттар және т.б.) ұйымдастыру қажет. 2. Саны күрт азайып бара жатқан түрлер. Ондай түрлердің саны әзірше мол, бірақ қарқынды түрде азаюына жол берілмеуі қажет. 3. Сирек кездесетін түрлер. Ондай түрлердің санының азаюын қадағалап отыру қажет. 4. Толық зерттелмеген түрлер. Ондай түрлер туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мұқият түрде жүргізілуі қажет 5. Қалпына келтірілген түрлер. Табиғатты қорғаудың басты шарты – оның ресурстарын тиімді пайдалану және сақтау. Жабайы жануардың біраз бөлігінің жер бетінен жойылып кету қаупі бар екенін ескертіп, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтап қалу үшін қанша дабыл қағылып, айтылып жатса да, жойылып кету қауіпі бар жабайы аңдарды қаскерлік жолмен аулау әрекеті тоқталар емес. Мемлекет тарапынан қаскерлікке тоқтау салу үшін әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. 2004 жылы 9-шы шілдеде «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану» туралы заң қабылданды. Осы заң киік аңын 2020 жылға дейін аулауға қатаң тиым салған. Аң аулауға қатысты талаптар мен ережелер жаңадан бекітілді. Бірақ бұған қарамастан қаскөйлер броконьерлікті жалғастыруда. Сол себепті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлар дүниесін қорғау, сақтау, пайдалану, өсімін молайту және саласына келтірілген зиянды әрекеттің орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы бұйрықтар мен заңдық күшке ие шешімдерді де шығарып, іске асырып жатыр. Маңғыстау өңірінің табиғатты қорғау инспекторы С.Байталасов: «Сөзіміз дәлелді болу үшін мысал келтіре кетейік. Жабайы аңдардың басым бөлігі қорық аумағы не ерекше қорғалатын аумақта болатындығын ескеріп, заңсыз аң аулау фактісі аталған аймақтардың бірінде болса деп алайық. 1 (бас арқар) х2405х1500 х1,5х3х3=48 701 250 теңге. 1 (бас қарақұйрық)х2405х400х1,5х3х3=12 987 000 теңге. 1 (бас қоян) х 2405х5 х1,5 х3 =54 112 теңге. 1 (бас үйрек) х2405 х5 х1,5 х 3 = 54 112 теңге. 1 (бас киік) х 2405 х500 х1,5 х3 х3= 16 233 750 теңге. Шығын мөлшерінің есептелуіне түсінік бере кетейік, 2405 (АЕК) айлық есептік көрсеткіш, 1,5 заңсыз ауланған аңға қосылатын коэффицент, 3 ерекше қорғалатын аймақта болған үшін қосылатын коэффицент, 3 жойылып кету қаупі бар не «Қызыл кітапқа» енген аң үшін қосылатын коэффицент. 1500, 400, 5, 500 сандары – әрбір дараққа АЕК ретінде салынатын шығын мөлшерінің сандық көрсеткіші. Мүмкін осыншама шығын мөлшерін халық арасында екінің-бірі біле бермеуі мүмкін. Жоғарыда көрсетілген қыруар соманы төлеу кез-келген адам қолынан келе бермейтіні белгілі, мүмкін қаскерлер осыдан сескеніп, қылмыстан аяғын тартар ма екен деген ойдамыз» деп, халықтың табиғатқа келтірілген зиян үшін қанша айыппұл салынатынын нақты сандар мөлшерімен таныстырып өткен. Естіген, оқыған жан тым болмаса, осындай көп мөлшердегі айыппұлдан сескенер.

27.

Подробнее
77
А 39
Акимбаева, Ғ. Т
Көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастыру [Текст] / Ғ.Т Акимбаева // Педагогика және өнер = Педагогика и искусство. - 2014. - №2. - Б. 22-25
ББК 77
Рубрики: Мәдени-ағарту жұмыстары
Кл.слова (ненормированные):
мәдени-ағарту -- клуб ісі -- демалыс -- көркемөнерпаздар -- үйірме -- көркемөнер -- клуб жұмысы
Аннотация: Көркемөнер - қоғамдық саланың көркемдік ойлау тәсіліне негізделген үлкен бір саласы,өмір құбылыстарын бейнелеп,көрсету құралы. Клуб жұмысы - бұл педагогикалық әрекет. Оның нәтежесі тұлғаның жетілуіне бағаланады. Мәдени - тынығу мекемелері, оқушылар үйлері мен сарайлары ұжымдарының міндеті - балаларды рухани байытып ,олардың шығармашылық белсендіктерін дамытуға көмектесу екендігі айтылған.

28.

Подробнее
77
К 11
Көпбаев, А. М.
Мәдени -демалыс қызметін қалыптастырудың ерекшеліктері мен жолдары [Текст] / А. М. Көпбаев // Педагогика және өнер = Педагогика и искусство. - 2014. - №3. - Б. 8-10
ББК 77
Рубрики: Мәдени-ағарту жұмыстары
Кл.слова (ненормированные):
мәдени -- демалыс -- ағарту -- ұлттық -- шығармашылық -- ұрпақ -- мекеме -- жұмыс -- тәрбие
Аннотация: Мәдени демалыс мекемелеріндегі тәрбие жүйесіндегі жұмыстар салт-дәстүрлерді, төл өнерді жаңғырту арқылы болашақ ұрпағымыз, балалар мен жасөспірімдерге имандылық-эстетикалық тәрбие берілуі керек. Мақала мәдени демалыс мекемелері қызметінің балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру туралы.
Держатели документа:
БҚМУ
Доп.точки доступа:
Аманқұлова, Л.Ә.

29.

Подробнее
85.338
Ж 79
Жолданова, Б. Ш.
Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың ой-өрісін, тілін дамыту. [Текст] / Б. Ш. Жолданова // Мектептегі технология = Технология в школе. - 2014. - №10. - Б. 27-28
ББК 85.338
Рубрики: Балалар театры
Кл.слова (ненормированные):
театр -- бала -- дамыту -- қойылым -- қуаныш -- әсер -- сыйлайды -- шығарма -- ертегі -- мұғалім -- мектеп -- бастауыш сынып
Аннотация: Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеумен қиялын дамытады. Театр - балалар үшін мереке, демалыс орны. Театр балалардың көркем қабілеттіліктерін жетілдіріп қана қоймай, оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, ойын жинақтап айту, көркем сөйлеу қабілеттері артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады.

30.

Подробнее
71(5Қаз)
Д 11
Ділманова, Г
Достық үйі - киелі шаңырақ [Текст] / Г Ділманова // Мәдениет. - 2015. - №5. - Б. 58-59
Рубрики: Мәдениет
Кл.слова (ненормированные):
мәдениет -- достық -- киелі -- шаңырақ -- этнография -- ассамблея -- этнос -- этномәдени
Аннотация: Ақтөбе облыстық Достық Үйінде әкімшілік бөлімі, Халық шығармашылығы және демалыс қызметі бөлімі, Этностардың тілдері мен мәдениетін дамыту бөлімі,Кіші қызмет бөлімі, 19 ұлт этномәдени бірлестіктері, "Халықаралық қазақ тілі қоғамы" қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді.
Держатели документа:
М.Өтемісов атындағы БҚМУ

| УДК |