База данных: Статьи ППС
Страница 5, Результатов: 44
Отмеченные записи: 0
41.

Подробнее
63.3(5Каз)
Х 17
Халықтардың Қазақстанға депортациялау мəселесінің тарихнамасы [Текст] / М. А. Ибрагимов, С. С. Исмаилов, А. А. Айтмухамбетов, Т. Т. Жандаулетов // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №4. - Б. 289-303.
ББК 63.3(5Каз)
Рубрики: История Казахстана
Кл.слова (ненормированные):
Халық -- депортация -- қуғын-сүргін -- Орталық Қазақстан -- география -- бейімделу -- құқық -- кавказ -- неміс халқы -- мұрағат -- еңбек
Аннотация: Көрсетілген мақалада XX ғасырдың 30-50-жылдарындағы Кеңестік биліктің жаппай халықтарды Қазақстанға депортациялау мəселесінің тарихнамасы қарастырылған. Мақаланы жазу кезінде үлкен қызығушылық танытып, отандық жəне шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектері қолданылып талдау жасалды. Зерттеу барысында қуғынға ұшыраған халықтардың географиялық орналасуы, əлеуметтік-құқықтық жағдайы, олардың жергілікті жерге бейімделуі талданып, тақырыптың негізгі өзектілігіне негізделді. Сондай-ақ тарихи деректерді сипаттау жəне талдау мақсатында материалдарды кезеңдерге бөлу тəсілдері қолданылды. Зерттеу жұмысының мақсаты – депортация тақырыбындағы материалдармен танысып, арнайы жер аударылған халықтардың тағдыры, бейімделуін, қолданылған материалдарға талдау жасау. Арнайы қоныстанушылар бұл – Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен күштеп көшірілген əртүрлі ұлт өкілдері болатын. Қазақстан аумағына қоныс аударғандардың саны туралы деректердің жүйесіздігі, халықты есепке алу əдістерінің жетілмегендігі немесе мүлде болмауы – Қазақстан аумағына нақты қанша адам келгенін анықтауға мүмкіндік бермейді. Жаппай депортациялар өңірдің демографиялық жағдайын өзгертіп қана қоймай, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өмірдің барлық дерлік саласына əсер етті. Қазақстан жері еріксіз түрде əртүрлі халықтар үшін түрмеге айналды. Мақалада бұл зерттеуге терең талдау жасалды. Бұл еңбек отандық тарих мəселелеріне қызығушылық танытатын кең ауқымды зерттеушілерге бағыт береді.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Ибрагимов, М.А.
Исмаилов, С.С.
Айтмухамбетов, А.А.
Жандаулетов, Т.Т.

42.

Подробнее
63.3(5Каз)
Ш 17
Шайхиев, Т. Т.
«Үш жүз» ұлттық – саяси партиясының отандық тарихта зерттелу аспектілері [Текст] / Т. Т. Шайхиев // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №4. - Б. 322-329.
ББК 63.3(5Каз)
Рубрики: История Казахстана
Кл.слова (ненормированные):
Қазақстан тарихы -- Үш жүз партиясы -- тарихнама -- ұлттық- саяси ұйымдар -- ХХ ғасыр басы -- кеңестік методология -- тəуелсіздік кезеңі -- жаңа ғылыми парадигмалар
Аннотация: Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы саяси үдерістер аясында құрылған «Үш жүз» ұлттық-саяси партиясының отандық тарихнамада зерттелу мəселелері қарастырылады. Кеңестік кезеңдегі марксистік- лениндік методология негізінде жасалған тұжырымдар мен Тəуелсіз Қазақстан кезеңіндегі жаңа əдіснамалық ұстанымдар салыстырмалы түрде талданады. Зерттеу барысында «Үш жүз» партиясына қатысты кеңестік тарихнамада қалыптасқан таптық жəне идеологиялық бағалаулардың шарттылығы ашылып, қазіргі отандық тарих ғылымындағы ұлттық-саяси ұйымдарды ұлт-азаттық қозғалыс контексінде қарастыру үрдісі көрсетіледі. Автор соңғы жылдардағы зерттеулер негізінде «Үш жүз» партиясының идеологиялық-саяси бағдарын, əлеуметтік тірек базасын жəне Кеңес өкіметімен қарым-қатынасын қайта пайымдаудың ғылыми маңызын негіздейді.

43.

Подробнее
63
К 23
Каримов, Қ. С.
Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі: тарихи деректерге негізделген зерттеу [Текст] / Қ. С. Каримов // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 117-125.
ББК 63
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
Өзбекәлі Жәнібеков -- тарихи тұлға -- қоғамдық-саяси қызмет -- архив құжаттары -- деректану -- естеліктер -- мемуарлық деректер -- дереккөздік талдау
Аннотация: Соңғы жылдары отандық тарих ғылымында мемлекет пен қоғамға елеулі еңбек сіңірген тұлғалардың өмір жолын зерттеу басты бағыттардың біріне айналды. Ұлттық мүдде жолында қызмет атқарған қайраткерлердің өмірі мен олардың қоғамдық-саяси қызметі бүгінгі таңда өзекті ғылыми мәселелер қатарында қарастырылуда. Қазіргі таңда Қазақстан тарихында жеке тұлғалардың деректік негізде зерттелуі арқылы жаңа тарихи мәліметтерді ғылыми айналымға енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Солардың ішінде кеңестік кезеңдегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен атқарған қызметін зерттеу айрықша маңызға ие. Осы ғылыми мақалада Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты тарихи деректер жан-жақты қарастырылады.Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты деректерді (мұрағаттық құжаттар, естеліктер, мемуарлар, хаттар, жеке құжаттар және т.б.) кешенді түрде жинақтап, жан-жақты ғылыми талдау жүргізу болып табылады.Материалдар мен әдістер. Негізгі дереккөздер ретінде архивтік материалдар, тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты естеліктер, мемуарлар, хат-хабарлар, жеке құжаттар пайдаланылды. Зерттеу барысында тарихи мәні жоғары, мазмұны терең түрлі деңгейдегі деректерге талдау жүргізілді. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты бұрын белгісіз болып келген тың мәліметтер анықталды. Сонымен қатар, тұлға туралы естеліктерден үзінділер мен архивтік құжаттар ғылыми айналымға енгізіліп, олардың негізінде Жәнібековтің адамгершілік болмысы мен қызмет ерекшеліктері жан-жақты сипатталады.Қорытынды. Бұл зерттеу жұмысында Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты тарихи деректер кешенді түрде қарастырылып, соның нәтижесінде бұрын ғылыми айналымға енбеген жаңа мәліметтер анықталды

44.

Подробнее
63
У 84
Утемис, Н. У.
ХХ ғасырдың I жартысындағы Қаратөбе өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы: тарихи сабақтастықтар мен өзгерістер [Текст] / Н. У. Утемис, Б. С. Боранбаева // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 184-193
ББК 63
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
Қаратөбе өңірі -- байларды тәркілеу -- ұжымдастыру -- кеңестік аграрлық саясат -- дәстүрлі мал шаруашылығы -- ашаршылық -- әлеуметтік құрылым -- демографиялық апат -- аймақтық тарих -- қуғын-сүргін
Аннотация: Бұл мақалада ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қаратөбе өңірінің әлеуметтік-саяси және экономикалық даму ерекшеліктері аймақтық деректер негізінде талданады. Зерттеу барысында 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, 1917-1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өзгерістер, кеңестік биліктің орнығуы және 1928 жылғы әкімшілік реформалар кезеңіндегі қоғамдық үдерістер қарастырылды. Соналы болысындағы көтеріліс жергілікті халықтың отарлық саясатқа қарсылығының көрінісі ретінде бағаланып, оның өңірдің саяси белсенділігінің артуына тигізген ықпалы айқындалды. 1928 жылғы әкімшілік-аумақтық негізде қайта құру нәтижесінде Қаратөбе ауданы құрылып, кеңестік басқару жүйесіне енгізілді. Архив құжаттары мен статистикалық деректер негізінде ауданның демографиялық ахуалы, шаруашылық құрылымы, сауда айналымы мен әлеуметтік инфрақұрылымы сараланды. Мал шаруашылығының басымдығы, егіншіліктің нашар дамуы және кооперативтік жүйенің енгізілуі экономикалық трансформацияның негізгі бағыттарын көрсетті. 1928 жылғы байларды тәркілеу науқаны мен күштеп ұжымдастыру дәстүрлі шаруашылық жүйесін күйретіп, әлеуметтік жіктелуді күшейтті және ашаршылықтың алғышарттарын қалыптастырды. Сонымен қатар саяси қуғын-сүргін мен соғыс жылдарындағы демографиялық ахуал өңірдің дамуына ұзақ мерзімді зардап әкелді. Қаратөбе ауданы мысалында кеңестік аграрлық реформалардыңаймақтық деңгейдегі салдары ғылыми тұрғыда тұжырымдалды
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Боранбаева, Б.С.