База данных: Художественная литература
Страница 3, Результатов: 34

М 91
Мұсабай жырау
Жанқожа батыр толғауы [Текст] / Мұсабай жырау. - Алматы : AmalBooks, 2023. - 172 б. - ISBN 9786010690455 : 4990.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
Мұсабай жырау -- Жанқожа батыр толғауы
Аннотация: Әйгілі жырау Мұсабайдың Шекті руынан шыққан қазақ батыры, 1830-40-жылдары Сырдария қазақтарының Хорезм мен Қоқанға қарсы күресін, ал 1850-жылдары Ресей империясына қарсы көтерілісін басқарған Жанқожа Нұрмұхамедұлына арналған толғауы тұңғыш рет түпнұсқада жарық көріп отыр.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 1
ах (1)
Свободны: ах (1)

Ж 88
Жұмабаев, М.
Мен жастарға сенемін [Текст] / М. Жұмабаев. - Алматы : Мазмұндама қоғамдық қоры, 2022. - 104 б. - ISBN 9786018063411 : 2500.00 тг.
Рубрики: Казахская литература (произведение)
Кл.слова (ненормированные):
Мағжан Жұмабаев -- Мен жастарға сенемін -- ақын -- Алаш қайраткері -- шығармалары -- рухты жырлар
Аннотация: Мағжан Жұмабаев - жай ғана ақын емес, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері. Рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырды.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 1
чз1 (1)
Свободны: чз1 (1)

Ж 27
Жансүгіров, І.
Құлагер [Текст] : поэмалар / І. Жансүгіров. - Астана : Фолиант, 2023. - 168 б. - ISBN 9786012716108 : 1458.24 тг.
Рубрики: Художественная литература (Стихотворные жанры)
Кл.слова (ненормированные):
Ілияс Жансүгіров -- құлагер -- поэмалар -- күйші -- күй -- еркіндік -- құлдық -- махаббат -- зұлымдық -- өлім -- өмір -- пәни тіршілік -- мәңгілік өнер
Аннотация: Бұл кітапқа қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, көркем сөздің хас шебері Ілияс Жансүгіровтің романтикалық сарында шалқыған шабытпен, поэзиялық құдіретті қуатпен жазылған ең таңдаулы поэмалары енді. «Қазақ поэзиясының Құлагері» атанған дүлдүл ақынның «Күй», «Күйші» және «Құлагер» поэмалары қазақ поэзиясын өзгеше үлгілермен байытты. Жинаққа енген жыр-дастандарында еркіндік пен құлдық, махаббат пен зұлымдық, өлім мен өмір, пәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі. Ақынның сюжетті жырлары өмір шындығының қат-қабат шытырман күйлерін тереңдей барлайтын ойшылдыққа құрылған.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

Е 82
Есенберлин, І.
Қаһар. Көшпенділер [Текст] : тарихи роман / І. Есенберлин. - Астана : Фолиант, 2022. - 408 б. - ISBN 9786012715729 : 3186.40 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
Ілияс Есенберлин -- қаһар -- көшпенділер -- тарихи роман -- алмас қылыш -- жанталас -- Кенесары
Аннотация: Көшпенділер – Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма – қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі. Тарихи туындының «Қаһар» атты үшінші кітабы қазақ даласында дербес хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік жолындағы күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен жүргізген келіссөздері жайында баяндайды. Осы азаттық үшін күресте елдің күйзеліске ұшырауы, дұшпандарының Кенесарыға қарсы ұйымдасқан іс-әрекеттерін жазушы ашып көрсетеді.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

А 14
Әбдіқадыров, Қ.
Қажымұқан [Текст] : хикаят / Қ. Әбдіқадыров. - Астана : Фолиант, 2023. - 288 б. - ISBN 9786012717181 : 2397.92 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
қалқаман әбдіқадыров -- қажымұқан -- хикаят -- қар күреген бала -- жаяу сүйреген шана -- көптің көмегі -- халықтың ескертулері -- қабанкөлдегі күрес -- батрак-акмолинский -- ұлы петрдің қаласында -- парижде -- алыпсоқ шидем-купінский -- жиб-жица күресі -- мырза -- балуан шолақпен кездесу -- құдалық -- үйлену -- арбакеш -- оңтүстікке сапар -- мінәйім жеңгей -- отан соғысының бір күні -- қазығұрттың баурайында -- қайғысы мен қуанышы -- ұзақ сапарға -- қажымұқан мұайтпасов -- атақты палуан -- классикалық күрестің дүниежүзілік чемпионы
Аннотация: «Қажымұқан» хикаятында қазақ халқының атақты палуаны, классикалық күрестің дүниежүзілік чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы қызықты, тартымды баяндалған. Бұл — жаратылысынан күшті болған, оған өзінің қайсар мінезі қосылып, үнемі алға ұмтыла бергенінің арқасында әлемге танылып, талай мықтылардың жауырынын жер иіскеткен әйгілі палуан Қажымұқан Мұңайтпасов туралы шығарма. Авторы — Қажымұқанның өз аузынан 23 күн бойы бар оқиғасын арнайы тыңдап, жазып алған қазақтың көрнекті жазушысы Қалмақан Әбдіқадыров.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 2
чз1 (1), ах (1)
Свободны: чз1 (1)

Е 82
Есенберлин, І.
Жанталас. Көшпенділер [Текст] : тарихи роман / І. Есенберлин. - Астана : Фолиант, 2022. - 376 б. - ISBN 9786012715736 : 3186.40 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
ілияс есенберлин -- жанталас -- көшпенділер -- тарихи роман -- Абылай хан -- қазақ хандығы -- ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама -- жоңғар шапқыншылығы -- саяси-әлеуметтік ахуал -- ішкі қайшылықтар
Аннотация: «Жанталас» — Абылай кезеңіндегі Қазақ хандығының Жоңғар, Ресей патшалығы, Қытай елдері тарапынан қыспаққа алынып, ел басына қысылтаяң күн туған қиын кезеңді әңгімелейді. Бұл кітап тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атаумен қалған ұлы қырғын — жоңғар шапқыншылығын сипаттаудан басталады. Халықтың осы азаттық жолындағы күресінде алғаш батырлығымен көзге түсіп, кейіннен қалың қазаққа хан болған Абылайдың ғұмыры ел тағдырымен бірге баяндалады. Сонымен қатар қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы XVIII ғасырдағы азаттық күресінің шешуші кезеңдері, қазақ елінің саяси-әлеуметтік ахуалы, ішкі қайшылықтары мен сыртқы жаулары туралы тарихи мағлұмат берілген.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

М 90
Мұқанов, С.
Балуан Шолақ [Текст] : роман / С. Мұқанов. - Астана : Фолиант, 2023. - 288 б. - ISBN 9786012715286 : 3435.00 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
сәбит мұқанов -- балуан шолақ -- роман -- алып анадан туады -- кекті бала -- күйік -- қамбадағы қасқыр -- жағымды жалшы -- күтпеген кесірлік -- балуан шолақ -- каронмен күрес -- қорқыныш -- ақбоз ат -- ғалия -- қауіпті хат -- сынасу -- өлім тұзағы -- алатау аясында -- өз бейнесі -- таудың тағысы -- жасырын қастық
Аннотация: «Балуан Шолақ» — қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәбит Мұқановтың белгілі романы. Бұл роман — XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген, үш жүзге аты кең жайылған балуан, әнші-композитор, танымал тұлға Нұрмағамбет — Балуан Шолақ Баймырзаұлы жайындағы тарихи шығарма. Балуан Шолақтың батырлық бейнесі мен басынан кешкен оқиғалары, жалпы романның қызықты мазмұндалуы Сәбит Мұқановтың ғұмырнамалық туындысын қазақ халқы сүйіп оқитын шығармаға айналдырды.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 3
чз1 (1), ах (2)
Свободны: чз1 (1), ах (2)

А 14
Әбдіқадыров, Қ.
Қажымұқан [Текст] : повесть және әңгімелер / Қ. Әбдіқадыров. - Алматы : Атамұра, 2007. - 240 б. - (Атамұра кітапханасы). - ISBN 9965346402 : 2397.92 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
қалмақан әбдіқадыров -- қажымұқан -- атақты палуан -- күрес -- чемпион -- қажымұқан мұңайтпасов -- повесть -- әңгімелер -- ақтұяқ -- амантай -- колхоз шалы -- тау елінің данышпан баласы -- тапқыш
Аннотация: «Қажымұқан» повесінде қазақ халқының атақты палуаны, классикалық күрестің дүниежүзілік чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы қызықты, тартымды баяндалған.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 1
ах (1)
Свободны: ах (1)

О-80
Отарбаев, Р.
Қыз Данайдың қырғыны [Текст] : роман, хикаяттар / Р. Отарбаев. - Астана : Фолиант, 2024. - 184 б. - (Сөз-маржан). - ISBN 9786011100090 : 3124.80 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
рахымжан отарбаев -- қыз данайдың қырғыны -- роман -- хикаяттар -- шыңғыс ханның көз жасы -- дүние ғайып -- бесқасқа беріштің хикаясы -- төрттаған -- сөз-маржан
Аннотация: Қазақ прозасының көрнекті өкілі, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың бұл кітабына «Қыз Данайдың қырғыны» романы және «Шыңғыс ханның көз жасы», «Дүние ғайып», «Бесқасқа Беріштің хикаясы», «Төрттаған» хикаяттары еніп отыр. Қаламгер шығармаларында өмірдегі қайшылықтар мен күрестерді рухани ішкі қайшылықтармен астастырып береді. Тарихи һәм бүгінгі заман кейіпкерлерінің табиғатын, мінезін шебер суреттей отырып, бәріне ортақ «мәңгілік мәселелер» жайлы терең ой қозғайды.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 4
чз1 (1), ах (3)
Свободны: чз1 (1), ах (3)

Т 51
Тоқаев, К.
Соңғы соққы [Текст] : роман / К. Тоқаев. - Астана : Фолиант, 2024. - 400 б. - (Алтын тамыр). - ISBN 9786011102285 : 3035.20 тг.
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
кемел тоқаев -- соңғы соққы -- роман -- алтын тамыр -- оқшау хабарлар -- түнгі көлеңке -- ұтыс шытырдың тұзы -- қаптағы қан -- арпалыс -- дәуір тынысы -- ауыр күндер -- қанды кек -- махмұд -- дүрбелең -- жұмбақ жандар -- ұрланған өлік -- қызыл командир -- қарлығаштар -- жолбарыс асуы -- ораз -- уездік милиция бастығы -- тұтқынның жауабы -- құлжаға сапар -- кездесу -- арбасу -- алғашқы тапсырма
Аннотация: Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған көрнекті қаламгер Кемел Тоқаев шытырман оқиғалы көптеген роман хикаяттарымен оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Жазушының «Соңғы соққы» романында өткен ғасырдың жиырма сыншы жылдарындағы Жетісу өңірінің от-жалынға оранған күреске толы күндері баяндалады, ел мен жер үшін аянбаған тұлғалардың ішкі және сыртқы жаулармен күрестегі ерлік істері шынайы сипатталады. Адам тағдырына терең бойлай білетін қаламгер шығармасында дәуір мен дерек сипаты, замана шындығы кең қамтылады. Ширыққан оқиғаларға құрылған туындыда жазушы қылмыскерді тығырыққа тіреудің сан қилы әдіс-тәсілдерін шебер меңгерген кейіпкер болмысын боямасыз суреттеп, көркем тілмен өрнектеп жеткізеді.
Держатели документа:
БҚУ
Экземпляры всего: 5
чз1 (1), ах (4)
Свободны: чз1 (1), ах (4)
Страница 3, Результатов: 34