Электронный каталог

База данных: Статьи ППС

Страница 98, Результатов: 976

Отмеченные записи: 0

Қуаныш, Қ. Г.
    Болашақ маманның тұлғалық дамуына құзыреттілік ұғымының әсері [Текст] / Қ. Г. Қуаныш, У. А. Жангазиева // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 21-29.
ББК 74

Рубрики: Образование

Кл.слова (ненормированные):
Тұлға -- студент -- білім беру -- жоғары білім -- құзыреттілік -- кәсіби құзыреттілік -- тұлғалық даму -- жоғары оқу орны -- кәсіби даму
Аннотация: Отандық білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыты - бәсекеге қабілетті, өз бетінше шешім қабылдай алатын жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады. Қазіргі динамикалық қоғамда студенттердің тек теориялық базаны меңгеруі жеткіліксіз; олардан әлеуметтік қатынастардың жаңа жүйесіне тез бейімделу және өмірлік табысқа жету жолындағы икемділік талап етіледі. Осыған байланысты, соңғы жылдары жоғары мектепте білім алушылардың біліктілігін бағалауда құзыреттілік ұғымы орталық орынға ие болды. Мақалада заманауи жоғары мектеп жағдайында болашақ мамандардың тұлғалық және кәсіби өсуіне құзыреттілік тәсілдің тигізетін ықпалы қарастырылады. Автор білім беру нәтижелерін бағалаудағы жаңа парадигмаларды саралай отырып, студенттердің кәсіби ұтқырлығын дамытудағы жеке және әлеуметтік дағдылардың маңызын негіздейді. Зерттеу барысында құзыреттілік ұғымы пәнаралық тұрғыдан зерделеніп, оның маман иесінің ішкі әлеуетін іске асырудағы рөлі айқындалған. Жұмыстың негізгі түйіні ретінде құзыреттілік - бұл тек академиялық білім жиынтығы емес, тұлғаның өзгермелі ортада табысты қызмет етуіне мүмкіндік беретін кешенді қабілеті екендігі дәлелденеді
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Жангазиева, У.А.

Қуаныш, Қ.Г. Болашақ маманның тұлғалық дамуына құзыреттілік ұғымының әсері [Текст] / Қ. Г. Қуаныш, У. А. Жангазиева // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1.- Б.21-29.

971.

32.813
Ж 78

    Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті студенттерінің жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы сандық сауаттылығын қалыптастыру [Текст] / Д. О. Айтенова, Т. Қ. Омар, А. С. Умирзакова [и др.] // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 39-45.
ББК 32.813

Рубрики: Искусственный интеллект

Кл.слова (ненормированные):
цифрлық сауаттылық -- жасанды интеллектті пайдалану -- студенттер -- жасанды интеллект негізіндегі оқыту -- ЖИ
Аннотация: Бұл зерттеу жасанды интеллект (ЖИ) қолдану және оның оқу процесіне әсері тұрғысынан қазақ тілі мен әдебиеті білімі (ЖӘББ) студенттерінің цифрлық сауаттылық деңгейін бағалауға бағытталған. 33 ЖОО студентіне таратылған сауалнамалар арқылы бұл зерттеу студенттердің көпшілігі оқуда ЖИ негізіндегі қолданбаларды қолданғанын және олардың дәріс материалын түсінуде пайдалы екенін анықтады. Дегенмен, ЖИ-ді қолдану бойынша арнайы дайындық және оқытушылардың осы технологияны оқытуға интеграциялауға қатысуы тұрғысынан әлі де олқылықтар бар. Нәтижелер сонымен қатар студенттердің жалпы алғанда цифрлық сауаттылықты тіл үйренуде маңызды деп санайтынын, бірақ ЖИ көмегімен цифрлық платформалар арқылы берілген материалды түсінудегі қиындықтарды жеңуде әлі де қиындықтар бар екенін көрсетеді. Бұл зерттеу тіл үйренуде ЖИ-ді қолдануда үлкен әлеует болғанымен, студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру және тиісті оқытуды қамтамасыз ету үшін қарқынды күш-жігер жұмсау қажет деген қорытындыға келеді
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Айтенова, Д.О.
Омар, Т.Қ.
Умирзакова, А.С.
Рыскелдиева, Г. Д.
Жапишева, Ғ.Қ.

Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті студенттерінің жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы сандық сауаттылығын қалыптастыру [Текст] / Д. О. Айтенова, Т. Қ. Омар, А. С. Умирзакова [и др.] // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1.- Б.39-45.

972.

83
Т 52

Толепбергенова, А.Б.
    Қазақ балалар әдебиетінің дамуы және негізгі проблематикалары (1960-1980 ж.ж.) [Текст] / А.Б. Толепбергенова, Р.М. Әбдіқұлова, Ж.Ж. Манапбаева // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 55-62
ББК 83

Рубрики: Литературоведение

Кл.слова (ненормированные):
қазақ балалар әдебиеті -- 1960-1980 жылдар -- көркемдік ізденіс -- тәрбиелік мазмұн -- балалар психологиясы -- әдеби эволюция
Аннотация: Мақалада 1960–1980 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы және даму үрдістері қарастырылады. Аталмыш кезеңдегі балаларға арналған туындылар қоғамның рухани өмірін, елдің әлеуметтік-мәдени өзгерістерін менмұндалайды. Сол кездегі ақын-жазушылар мәні зор, маңызы айрықша шығармалары арқылы балаларды еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке, достық пен әділдікке баулуды мақсат тұтты. Мақалада сол кезеңде балалар әдебиетінің жанрлық құрылымы кеңейіп, поэзия, проза, әңгіме, повесть, ертегі жанрларында жаңа көркемдік формалар жан-жақты талданып, тың тәсілдері сарапталады. Сонымен бірге шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік деңгейі арасындағы байланыс, балалардың қабылдау психологиясына сай тілдік ерекшеліктері зерттеледі.Зерттеу нәтижесінде қазақ балалар әдебиетінің дамуына әсер еткен негізгі тенденциялар мен проблемалар айқындалады. Сондай-ақ, дидактизм мен шаблондық бейнелерден арылу, шынайы балалық әлемді бейнелеу тәсілдері жан-жақты зерттеледі.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Әбдіқұлова, Р.М.
Манапбаева, Ж.Ж.

Толепбергенова, А.Б. Қазақ балалар әдебиетінің дамуы және негізгі проблематикалары (1960-1980 ж.ж.) [Текст] / А.Б. Толепбергенова, Р.М. Әбдіқұлова, Ж.Ж. Манапбаева // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1.- Б.55-62

973.

81
Ж 20

    Жазылымға негізделген зерттеушілік оқыту: филология студенттері тәжірибесі [Текст] / П. А. Байтімбетова, Р. С. Рахметова, Ж. М. Жампейісова, Л. А. Нысанова // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 75-80.
ББК 81

Рубрики: Филология

Кл.слова (ненормированные):
жазылым -- филология студенттері -- ғылыми стиль -- ресми құжаттар стилі -- жартылай ғылыми стиль -- іскерлік қарым-қатынас стилі
Аннотация: Жүйелі түрде ғылыми жұмыс жазу дағдысы теориялық біліммен қатар, тәжірибелік білімді ауадай қажет етеді. Академиялық жазу қазақ тілінің дербес саласына айналды. Бұл мақалада біз эмпирикалық зерттеулер жүргізу арқылы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйенеміз. Нәтижесінде осы саланың дамуы мен қалыптасуының тарихын ашамыз. Мақаланың мақсаты - филолог студенттердің жазылым арқылы ғылыми танымын дамыту болып саналады. Мақаланың теориялық маңыздылығы жазудың даму негіздері мен теориясының қалыптасуына, сондай-ақ қазақ ғылымындағы академиялық жазудың қалыптасу тарихына, зерттеуіне мұрындық болады. Сонымен қатар, жазылымды қалыптастырудың алғышарттарын көрсету мақсатында тіл терминологиясы зерттеледі. Мақаланың тәжірибелік маңызы орасан зор. Сәйкесінше, мақалада зерттелген зерттеу нәтижелері университеттердегі үш деңгейлі білім беру жүйесінде (бакалавр, магистр және докторантура), студенттерге жаңа интеграцияланған ортада жазбаша қарым-қатынасқа түсуді үйретуде пайдалануға болады
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Байтімбетова, П.А.
Рахметова, Р.С.
Жампейісова, Ж.М.
Нысанова, Л.А.

Жазылымға негізделген зерттеушілік оқыту: филология студенттері тәжірибесі [Текст] / П. А. Байтімбетова, Р. С. Рахметова, Ж. М. Жампейісова, Л. А. Нысанова // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1.- Б.75-80.

974.

63
О-57

Омирханов, М. Е.
    Мұстақым Малдыбаевтың ағартушылық қызметі [Текст] / М. Е. Омирханов, Б. Ж. Атантаева // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 97-108.
ББК 63

Рубрики: История

Кл.слова (ненормированные):
Мұстақым Малдыбаев -- ағарту қызметі -- Ұлттық білім -- ұлт мұраты -- мәдениет -- қоғамдық даму -- Алаш -- тарих
Аннотация: Мақала ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық интеллигенциясының аз зерттелген өкілдерінің бірі – Мұстақым Малдыбаевтың (1887–1937) педагогикалық және қоғамдық-саяси мұрасын зерттеуге арналған. «Алаш» қозғалысының танымал қайраткерлерімен салыстырғанда, оның есімі жиынтық еңбектерде сирек аталады, сондықтан оның қызметін зерделеу ұлттық жаңғыру үдерістерін түсіну үшін ерекше маңызды. Жұмыста Малдыбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері талданады: ұлттық мектептің қалыптасуына қатысуы, Мамания мектебі мен Семей мұғалімдер семинарындағы педагогикалық тәжірибесі, қазақ балаларына арналған алғашқы оқу құралдарын құрастыруы, сондай-ақ қоғамдық және мәдени ұйымдардағы белсенді еңбегі. Арнайы назар оның ұлттық жазудың дамуына, оқу орындарын ұйымдастыруға және мәдени бастамаларды насихаттауға қосқан үлесіне аударылады. Сонымен қатар, мақалада оның «Алаш» қозғалысындағы ағартушылық және саяси қызметі қарастырылады: съездерге қатысуы, земство мен ұлттық комитеттер құруы, Алаш-Орда қарулы күштерін ұйымдастыруы. Архивтік құжаттарды, мемуарлық деректерді, публицистиканы және жаңа историографияны талдау негізінде Малдыбаевтың қазақ қоғамын жаңғырту үдерісіндегі шығыс білім дәстүрлері мен еуропалық педагогикалық тәсілдерді ұштастырған ірі тұлға болғаны айқындалады. Алынған нәтижелер оның есімін ұлттық ағартушылық пен мәдени жаңғыру тарихының ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Атантаева, Б.Ж.

Омирханов, М.Е. Мұстақым Малдыбаевтың ағартушылық қызметі [Текст] / М. Е. Омирханов, Б. Ж. Атантаева // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1.- Б.97-108.

975.

К 23

Каримов, Қ. С.
    Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі: тарихи деректерге негізделген зерттеу [Текст] / Қ. С. Каримов // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 117-125.
ББК 63

Рубрики: История

Кл.слова (ненормированные):
Өзбекәлі Жәнібеков -- тарихи тұлға -- қоғамдық-саяси қызмет -- архив құжаттары -- деректану -- естеліктер -- мемуарлық деректер -- дереккөздік талдау
Аннотация: Соңғы жылдары отандық тарих ғылымында мемлекет пен қоғамға елеулі еңбек сіңірген тұлғалардың өмір жолын зерттеу басты бағыттардың біріне айналды. Ұлттық мүдде жолында қызмет атқарған қайраткерлердің өмірі мен олардың қоғамдық-саяси қызметі бүгінгі таңда өзекті ғылыми мәселелер қатарында қарастырылуда. Қазіргі таңда Қазақстан тарихында жеке тұлғалардың деректік негізде зерттелуі арқылы жаңа тарихи мәліметтерді ғылыми айналымға енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Солардың ішінде кеңестік кезеңдегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен атқарған қызметін зерттеу айрықша маңызға ие. Осы ғылыми мақалада Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты тарихи деректер жан-жақты қарастырылады.Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты деректерді (мұрағаттық құжаттар, естеліктер, мемуарлар, хаттар, жеке құжаттар және т.б.) кешенді түрде жинақтап, жан-жақты ғылыми талдау жүргізу болып табылады.Материалдар мен әдістер. Негізгі дереккөздер ретінде архивтік материалдар, тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты естеліктер, мемуарлар, хат-хабарлар, жеке құжаттар пайдаланылды. Зерттеу барысында тарихи мәні жоғары, мазмұны терең түрлі деңгейдегі деректерге талдау жүргізілді. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты бұрын белгісіз болып келген тың мәліметтер анықталды. Сонымен қатар, тұлға туралы естеліктерден үзінділер мен архивтік құжаттар ғылыми айналымға енгізіліп, олардың негізінде Жәнібековтің адамгершілік болмысы мен қызмет ерекшеліктері жан-жақты сипатталады.Қорытынды. Бұл зерттеу жұмысында Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты тарихи деректер кешенді түрде қарастырылып, соның нәтижесінде бұрын ғылыми айналымға енбеген жаңа мәліметтер анықталды
Держатели документа:
ЗКУ

Каримов, Қ.С. Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі: тарихи деректерге негізделген зерттеу [Текст] / Қ. С. Каримов // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1.- Б.117-125.

976.

Все поступления за 
Или выберите интересующий месяц