База данных: Статьи ППС
Страница 43, Результатов: 429
Отмеченные записи: 0
421.

Подробнее
82
С 11
Сұлтанғалиева, Р. Б.
Әңгімежанрын талдаудың ғылыми мәселелері [Текст] / Р. Б. Сұлтанғалиева // «Педагогтің кәсіби шеберлігі» Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының арасында өткізілген республикалық байқаудың жинағы. - Орал, 2024. - Б. 185-188.
ББК 82
Рубрики: Филология
Кл.слова (ненормированные):
әңгіме жанры -- көркемдік құрылымы -- жанрлық ерекшеліктер -- бейнелеу тәсілдері -- заманауи қазақ әңгімесінің моделі -- ресурстар -- әдіс-тәсілдер
Аннотация: Мақалада әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін айқындау және классикалық әңгіме жанрындағы оқиғаның баяндау тәсілі, композициялық-сюжеттік құрылысы, кейіпкерлер жүйесі, өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктерін, қаламгердің бейнелеу тәсілдерін саралау және модерндік, постмодерндік бағыттағы әңгіме жанрындағы жаңашыл ізденістерді айқындау, заманауи қазақ әңгімесінің моделін көрсету мақсатына сай жүргізілген сабақ үлгісі талданады. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін ғылыми теориялық зерттеу еңбектеріндегі ғылыми талдаулар мен көркем шығарманың мәтінін толыққанды жан-жақты талдау арқылы классикалық әңгіме жанрындағы оқиғаның баяндау тәсілі, композициялық- сюжеттік құрылысы, кейіпкерлер жүйесі, өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктерін, қаламгердің бейнелеу тәсілдері ашылады және модерндік, постмодерндік бағыттағы әңгіме жанрындағы жаңашыл ізденістер сараланады, заманауи қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының басты ерекшеліктері айқындалып, сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер мен ресурстарға сипаттама беріледі.
Держатели документа:
ЗКУ

422.

Подробнее
66.4
Х 69
Ходжанова, Б. Х.
Қазақстанның геосаяси жағдайы [Текст] / Б. Х. Ходжанова, Н. Қ. Сарсенгалиев, Н. М. Баян // «Иванов оқулары – 2024» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары жинағы. - Орал, 2024. - 10-11 қазан. - Б. 194-195.
ББК 66.4
Рубрики: Внешняя политика. Международные отношения. Дипломатия
Кл.слова (ненормированные):
Геосаясат -- Қазақстан -- геосаяси позиция -- Қазақстан және халықаралық ұйымдар -- Географиялық қыстырылу
Аннотация: Геосаясат-бір-бірімен өзара әрекеттесетін және мемлекеттің стратегиялық әлеуетіне үлкен әсер ететін географиялық, тарихи, саяси және басқа факторлардың кешенін зерттейтін ғылым. Қазақстанның қазіргі әлемдегі рөлі мен орны көбінесе оның геосаяси жағдайымен анықталады. Геосаяси жағдайдың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі-негізгі аумақтар мен географиялық орталықтарды бақылау мүмкіндігі. Қазақстандағы геосаясат әдетте елдің геосаяси жағдайы туралы пікірталастар аясында айтылады. Ел Еуразияның орталығында, ислам, Конфуций және христиан өркениеттерінің түйіскен жерінде және сауда жолдарының қиылысы ретінде орналасқан. Сонымен қатар, аталған артықшылықтарға бай табиғи ресурстарды қосуға болады
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Сарсенгалиев, Н. Қ.
Баян, Н.М.

423.

Подробнее
74
С 32
Серікбек, Ә. Б.
Дуалды оқытудың мәні [Текст] / Ә. Б. Серікбек // «Иванов оқулары – 2024» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары жинағы. - Орал, 2024. - 10-11 қазан. - Б. 286-289.
ББК 74
Рубрики: Образование
Кл.слова (ненормированные):
Дуалды оқыту -- интеграцияланған білім беру жүйесі -- білім -- білім беру -- Қазақстан білім беру жүйесі
Аннотация: Дуалды оқыту дегеніміз оқу орындарыда академиялық оқыту үдерісін практикалық іс-тәжірибемен байланыстыратын интеграцияланған білім беру жүйесі. Бұндай тәсіл кәсіби тапсырмаларды орындауда қажет теориялық білім мен практикалық дағдылары бар білікті мамандарды дайындауға бағытталған. Дуалды оқыту -білім беру ұйымдарында оқыту мен кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибенің міндеттерін үйлестіретін мамандарды даярлау нысаны болып табылады. Екі жүйе, яғни білім мен тәжірибе теориялық және тәжірибелік мамандар дайындауды көздейді. Дуалды оқытуда үштен бір бөлімі оқу орнында базалық білім алса, үштен екі бөлімі кәсіпорындарда білім алады.

424.

Подробнее
63
Б 28
Батырларды ұлықтау - тарихымызды ұмытпау [Текст] // Орал өңірі. - 2025. - 24 маусым. - №51. - Б. 10.
ББК 63
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы -- Ұлы Жеңіс -- 80 жыл -- Мектебім - мақтанышым -- облыстық байқау -- Отан патриоттарын тәрбиелеу -- Кеңес Одағы Батырлары -- ҰОС ардагерлер -- ақболатов айдарбек ахметұлы -- м. өтемісов атындағы батыс қазақстан университетінің доценті
Аннотация: Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай білім беру ұйымдарының арасында «Мектебім - мақтанышым!» атты облыстық байқау өтті. Мақсат – алтын ұя мектебінің тарихын білетін, өз өлкесін ерекше сүйетін, оның салтын қастерлейтін, Отан патриоттарын тәрбиелеу. Сондай-ақ Кеңес Одағы Батырлары мен ҰОС ардагерлерінің есімдерін ұлықтау, ерлігін дәріптеу.

425.

Подробнее
74
А 57
Альменбетова, К. Ж.
Нейрогимнастика – білім беру процесіндегі оқу қызметін оңтайландыру технологиясы [Текст] / К. Ж. Альменбетова, М. Т. Аяджан, Б. Тоқтасынова // БҚУ хабаршысы. - 2024. - №4. - Б. 13-21.
ББК 74
Рубрики: Педагогика
Кл.слова (ненормированные):
нейрогимнастика -- бастауыш сынып -- конгитивті даму -- есте сақтау қабілеті -- психологиякогнитивті гимнастика
Аннотация: Мақалада Пол И. Деннис 1970 жылдары Америкада жасаған нейрогимнастикалық жаттығулар кешенінің ғылыми зерттеу нәтижелері талқыланады. Бұл жаттығулар алғашында ақыл-ой дамуы тежелген, аутизммен ауыратын және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға, соның ішінде жарақаттар мен аурулар салдарынан зардап шеккен балаларға арналған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жаттығулар кешенін қолдану арқылы балалардың психикалық көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсарғаны байқалған. Атап айтқанда, когнитивті қабілеттерді, зейін мен есте сақтау қабілетін, жалпы психофизикалық көрсеткіштерді жақсартуға ықпал еткені анықталды.Мақалада нейрогимнастика ұғымының теориялық негіздері оқушыларға әсері сипатталады. Зерттеу авторларының айтуынша, мұндай жаттығулардың жалпы білім беру ұйымдарында қолданылуы балалардың оқу үлгерімін арттыруға, назар аудару қабілетін дамытуға және сабақтағы белсенділігін арттыруға септігін тигізуі мүмкін. Зерттеушілер когнитивті қабілеттердің дамуы оқу процесіндегі қиындықтарды азайтып, баланың өзіне деген сенімін арттыратынын атап көрсетеді.Сондай-ақ, мақалада нейрогимнастиканы практикалық тұрғыдан енгізу тәсілдері мен әдістемелік ұсыныстар берілген. Әр түрлі жаттығулар мысалдары келтіріліп, олардың орындалу әдістері көрсетілген. Ұсынылған жаттығулар кешені оқушылардың зейінін шоғырландыруға, ойлау қабілетін арттыруға және жалпы психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Мақала жалпы білім беру саласында нейрогимнастиканы кеңінен қолдану арқылы балалардың оқу үдерісін жеңілдету мен олардың психологиялық денсаулығын нығайту қажеттілігін дәлелдейді.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Аяджан, М. Т.
Тоқтасынова, Б.

426.

Подробнее
74.262.4
Ш 64
Шитыбаев, С. А.
Химия пәнін оқытуда тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды қолданудың тиімділігі [Текст] / С. А. Шитыбаев // Академик Евней Бөкетовтің 100 жылдығына және 12 сәуір Қазақстанда Ғылым қызметкерлер күніне арналған 82-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Орал, 2025. - 7-11 сәуір. - Б. 20-24.
ББК 74.262.4
Рубрики: Методика преподавания химии
Кл.слова (ненормированные):
Білім беру ұйымдары -- шығармашылық әлеует -- адамгершілік -- жеке тұлға -- түйінді құзыреттер -- химия пәні -- тәжірибеге бағытталған тапсырмалар -- пәнге қызығушылық -- дүниетаным -- білімдер -- өмірде қолдану -- дағдылар
Аннотация: Білім беру ұйымдары тек білім деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар түлектердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың адамгершілік қасиеттерін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өз қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік беретін атмосфераны қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Бұл мақсат білім беру жүйесінің негізгі бағдарына айналып, келесі жеті жылда жүзеге асырылуы керек. Химия пәнін оқыту барысында тәжірибеге бағытталған тапсырмалар қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтеді. Сонымен қатар, бұл әдіс оқушылардың күрделі мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға және алған білімдерін өмірде қолдана білуге мүмкіндік береді.

427.

Подробнее
63
С 95
Сырымқызы, А.
Кеңес өкіметі жылдарындағы Батыс Қазақтандық жастардың белсенді қызметтері [Текст] / А. Сырымқызы // Академик Евней Бөкетовтің 100 жылдығына және 12 сәуір Қазақстанда Ғылым қызметкерлер күніне арналған 82-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Орал, 2025. - 7-11 сәуір. - Б. 162-167.
ББК 63
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
Батыс Қазақстан -- жастар -- комсомол -- Кеңес өкіметі -- қоғамдық қызмет -- саяси ұйымдар -- партиялық басқару -- ХХ ғасыр -- Тайпақ ауданы -- жастар саясаты
Аннотация: Мақала Кеңес өкіметі жылдарындағы Батыс Қазақстандық жастардың қоғамдық және саяси қызметін қарастырады. ХХ ғасырдың басында қазақ жастарының ұйымдары жойылып, комсомолға біріктірілген, бұл кезең жастарды әлеуметтік және қоғамдық құрылысқа тартуда қайшылықтар мен қиындықтарды тудырды. Зерттеу комсомол мүшелерінің аудандық ұйымдардағы құрылымы мен қызметін, олардың өндірістегі қатысуын, сондай-ақ жастар саясатын жүргізудегі партиялық және мемлекеттік басқару рөлін талдайды. Мақалада 1970-ші жылдары Тайпақ ауданындағы комсомол ұйымдарының саны, мүшелер саны және сапалық құрамы көрсетіліп, жастармен жұмыс жүргізудегі КПСС шешімдері мен қаулыларының маңыздылығы атап өтіледі. Зерттеу қазіргі жастар саясатын тарихи контексте түсіну үшін маңызды болып табылады.

428.

Подробнее
63.3(5Каз)
Ш 17
Шайхиев, Т. Т.
«Үш жүз» ұлттық – саяси партиясының отандық тарихта зерттелу аспектілері [Текст] / Т. Т. Шайхиев // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №4. - Б. 322-329.
ББК 63.3(5Каз)
Рубрики: История Казахстана
Кл.слова (ненормированные):
Қазақстан тарихы -- Үш жүз партиясы -- тарихнама -- ұлттық- саяси ұйымдар -- ХХ ғасыр басы -- кеңестік методология -- тəуелсіздік кезеңі -- жаңа ғылыми парадигмалар
Аннотация: Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы саяси үдерістер аясында құрылған «Үш жүз» ұлттық-саяси партиясының отандық тарихнамада зерттелу мəселелері қарастырылады. Кеңестік кезеңдегі марксистік- лениндік методология негізінде жасалған тұжырымдар мен Тəуелсіз Қазақстан кезеңіндегі жаңа əдіснамалық ұстанымдар салыстырмалы түрде талданады. Зерттеу барысында «Үш жүз» партиясына қатысты кеңестік тарихнамада қалыптасқан таптық жəне идеологиялық бағалаулардың шарттылығы ашылып, қазіргі отандық тарих ғылымындағы ұлттық-саяси ұйымдарды ұлт-азаттық қозғалыс контексінде қарастыру үрдісі көрсетіледі. Автор соңғы жылдардағы зерттеулер негізінде «Үш жүз» партиясының идеологиялық-саяси бағдарын, əлеуметтік тірек базасын жəне Кеңес өкіметімен қарым-қатынасын қайта пайымдаудың ғылыми маңызын негіздейді.

429.

Подробнее
63
О-57
Омирханов, М. Е.
Мұстақым Малдыбаевтың ағартушылық қызметі [Текст] / М. Е. Омирханов, Б. Ж. Атантаева // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №1. - Б. 97-108.
ББК 63
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
Мұстақым Малдыбаев -- ағарту қызметі -- Ұлттық білім -- ұлт мұраты -- мәдениет -- қоғамдық даму -- Алаш -- тарих
Аннотация: Мақала ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық интеллигенциясының аз зерттелген өкілдерінің бірі – Мұстақым Малдыбаевтың (1887–1937) педагогикалық және қоғамдық-саяси мұрасын зерттеуге арналған. «Алаш» қозғалысының танымал қайраткерлерімен салыстырғанда, оның есімі жиынтық еңбектерде сирек аталады, сондықтан оның қызметін зерделеу ұлттық жаңғыру үдерістерін түсіну үшін ерекше маңызды. Жұмыста Малдыбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері талданады: ұлттық мектептің қалыптасуына қатысуы, Мамания мектебі мен Семей мұғалімдер семинарындағы педагогикалық тәжірибесі, қазақ балаларына арналған алғашқы оқу құралдарын құрастыруы, сондай-ақ қоғамдық және мәдени ұйымдардағы белсенді еңбегі. Арнайы назар оның ұлттық жазудың дамуына, оқу орындарын ұйымдастыруға және мәдени бастамаларды насихаттауға қосқан үлесіне аударылады. Сонымен қатар, мақалада оның «Алаш» қозғалысындағы ағартушылық және саяси қызметі қарастырылады: съездерге қатысуы, земство мен ұлттық комитеттер құруы, Алаш-Орда қарулы күштерін ұйымдастыруы. Архивтік құжаттарды, мемуарлық деректерді, публицистиканы және жаңа историографияны талдау негізінде Малдыбаевтың қазақ қоғамын жаңғырту үдерісіндегі шығыс білім дәстүрлері мен еуропалық педагогикалық тәсілдерді ұштастырған ірі тұлға болғаны айқындалады. Алынған нәтижелер оның есімін ұлттық ағартушылық пен мәдени жаңғыру тарихының ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Атантаева, Б.Ж.